Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Ораза ырыс-берекенің қадірін білдіреді



Pdf көрінісі
бет179/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   309
4. Ораза ырыс-берекенің қадірін білдіреді
Негізі адам баласы өзіне берілген нығмет пен 
ырыс-берекенің қадірін біле бермейді. Сый-сияпат 
етіп берілген ырыс-берекені бейне бір тегін дүниедей 
төгіп-шашады. Әр түрлі тәтті тағамдарды да бейпіл жей 
берген соң, ауыздан дәмі кетіп, бал бал болудан қалады. 
Мұндай күйге түскен кісі ешуақытта тамақтың қадірін 
сезе алмайды. Ал адам баласы ауыз бекітіп, күні бойы 
аш жүргенде, тағамның Ұлы Жаратушының құлына 
жайған дастарқанындағы үлкен ырыс-берекесі екенін 
аңғарады. Ол күні бойы аш қалып, кешқұрым ауыз 
ашқанда, аузына салған қатқан нанның да қаншалықты 
қадірлі екендігін сезеді. Атам қазақ «Аштықта ішкен 
ашыған қымыранның дәмі қырық жыл ауыздан кетпес» 
деуінің сыры осында жатыр. Тоқ адамның дәл солай сезуі 
әсте мүмкін емес. Мұндай қоғамның экономикасы да 
оңайлықпен құлдырамайды. Аштықты көп көргендіктен 
атам қазақтың нанды қатты қадірлейтіндіктері де содан. 
Иә, аштықты сезбеген, мастықтан айыға алмас.
5. Ораза сабырлылық пен төзімділікке 
үйретеді
Адам баласы өмірге жылап келіп, жылап кетеді. 
Неге? Өйткені, өткінші фәниде діттеген мақсатына қолы 
жете бермейді. Кейде жылдар бойы өз мақсатына қарай 


305
Ораза
қадам басады да, орта жолда болдырып, күдерін үзеді. 
Кейде шыдамы таусылып, қолын бір-ақ сілтейді. Міне, 
ораза жүйрік пойыздай жүйткіген ғұмырда асқақ арма-
нына асыққан адамның иығына сабырдан садақ асады. 
Ай бойы аш қалып, күндіз аузын ашпауға бекініп, 
әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен 
шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяды. Аштық пен 
құмарлық сезімге сабыр қылған, өзгеге де сабыр ете 
алады. Бойдағы ашу мен жеңілдігіне сабыр-тізгінін 
салып, жанарында ойлылық пайда бола бастайды. Бұл 
ғұмырда нағыз сабыр – өз нәпсісін жеңе біліп, Аллаһ 
Тағаланың ақ жолында жүруге бел байлау. Ақырет 
әлеміндегі асқақ шыңнан көз айырмау. Оразаға төзе 
білген өзге ғибадаттарға да шыдамдылық таныта алады. 
Сабырлылық күшіне ие болған жан ғана, діттеген 
мақсатына жете алады. Құранда жетпіске жуық аятта 
сабыр мадақталған. Мысалы: «Аллаһ сабыр еткендер-
мен бірге», – дейді. «Аср» сүресінде де Аллаһ Тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет