306
Ислам ғылымхалы
болуы. Осылай ораза ұстағанға Аллаһ пен ақыреттен
өзге ой келсе, оразасы бұзылады. Бірақ діннің байрағын
желбіретіп, көкке қадау үшін дүниені ойласа болады.
Бұл – толық адамның бейнесі.
Оразаның түрлері
Ораза – парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ болып
төртке бөлінеді.
Парыз ораза
Парыз ораза екіге бөлінеді:
1. Тағайындалған ораза: Рамазан оразасы.
2. Тағайындалмаған ораза: Қазаға қалған ораза мен
«кәффарат» ретінде ұсталған оразалар.
Уәжіп ораза
Бұл да екіге бөлінеді. Атау (нәзір) оразасы сияқты.
Белгілі бір уақытта тұтамын деп, уақыт белгілеп тұтқан
ораза – тағайындалған уәжіп ораза.
Нақты уақыт
белгілемей кез келген бір күні немесе айда тұтамын деп
атаған ораза – тағайындалмаған уәжіп ораза.
Нәпіл ораза
Бұл – сүннет, мұстахап, мәндүп болып үшке
бөлінеді.
Нәпіл оразалар мына күндерде ұсталады:
Күн ара тұту
Бұл ең жақсы ораза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай
дейді: «Ең сауапты ораза – Дәуідтің (а.с.) ұстаған ораз-
асы. Дәуід бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын».
Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) «Мен
одан да көп ұстай