412
Ислам ғылымхалы
және уәжіп тауаптарында әурет деп саналатын кез келген
мүшенің төрт те бірі ашылса, жаза ретінде құрбан шалу –
уәжіп. Төрт те бірінен аз болса, құрбан шалу уәжіп емес.
Нәпіл тауаптарда әурет мүшелерінің біреуінің төртте
бірі ашылса, жаза ретінде садақа беріледі. Әйелдің қолы,
жүзі және аяқтарынан басқа барлық жерлері әурет жері
саналады. Ал еркектің әурет жері – кіндігі мен тізесінің
арасындағы тұс.
3. Тауапқа Хажарул-Әсуәддің (қара тастың)
қарсысынан
бастау
4. Тауап еткен уақытта Қағбаны сол жаққа алып,
оң жақпен жүру
5. Тауапты «Хатим» деген жердің сыртынан жасау.
Өйткені «Хатим» деген жер Қағбаның бір бөлігі сана-
лады. Хатимнің сыртынан
жасалмаған айналымдар
(шауттардың) қайтадан жасалуы тиіс.
6. Алғашқы төрт айналымы парыз болған Ифада,
Умра, Уадағ тауаптарын жеті айналыммен (шаутпен)
тәмамдау – уәжіп.
7. Тауапты жаяу жасау. Ауруына немесе кәрілікке
байланысты жүре алмайтындар арнайы зембілдер арқылы
тауап еттіріледі.
8. Барлық тауап түрлерінен (парыз,уәжіп,нәпіл)
кейін екі рәкат намаз оқу. Мәкрүһ уақыттардан тыс барлық
уақыттарда екі рәкат намазды тауаптан кейін дереу оқу
– абзал. Кейін оқыса да болады. Бір тауаптан (Қағбаны
жеті рет айналу бір тауап) кейін, екінші тауапты екі рәкат
намаз оқымастан жасау – мәкрүһ. Мүмкін жағдайда атал-
мыш екі рәкат намазды Ибраһим мақамында оқыған жөн.
Мүмкін болмаған жағдайда, Мәсжидул-Харамның кез-
келген жерінде оқуға болады. Ибраһим мақамында ғана