Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет249/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   309
Ислам ғылымхалы
төбесіне шықты. Бірақ ешқандай тірі жанның қарасы 
көрінбегеннен кейін Сафа мен Мәруа төбешіктерінің 
арасында алқынса да, «үмітсіз шайтан» дегендей ерсілі-
қарсылы жүгіре бастады. Мәруа төбешігіне жетінші рет 
шыққан кезінде құлағына беймәлім бір дауыс естіліп, 
қалт тоқтайды. Ажар анамыз: 
«Ей, дауыс иесі! Бізге 
даусыңды естірттің, егер бізге көмектесе алатындай 
күшің болса, көмектес»
, – деді. Ажар анамыздың осы 
мінәжаты бітісімен Зәмзәм бұлағының жанында періште 
Жебірейіл (а.с.) көрінді. Жебірейіл (а.с.) жерді қазып 
жатыр екен. Әне-міне дегенше су көрініп, аға бастады. 
Бұл құбылысқа қатты қуанып кеткен Ажар анамыз су 
ақпасын деген мағынада «зәм-зәм» дейді. Судың алдын 
бекітіп, кішігірім хауыз жасады. Ыдысына су алған 
сайын, орнына су қайнап шыға берді. Ыдысты суға 
толтырғаннан кейін мүбәрак судан қанып ішіп, ұлы Ис-
майылды емізе бастады. Жебірейіл (а.с.) Ажар анамызға 
былай деді: 
«Жоқ болып құрып кетеміз деп қорықпаңдар. 
Міне, мына жер – Бәйтуллаһтың (Қағбаның) орны. Оны 
мына сәби мен әкесі салады. Аллаһ Тағала бұл үйді са-
латындарды зиянға ұшыратпайды».
Міне, Зәмзәм суының шығу тарихы осылай. Қазіргі 
кездегі қажылардың Сафа мен Мәруа төбелерінің ара-
сында жүгірулерінің хикметі – Ажар анамыз бен ұлы 
Исмайылдың басынан өткен осы бір ғибратты оқиғаны 
сезіну және жандандыру.
Зәмзәм суы – мүбәрак және киелі су. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) зәмзәм суының қасиеттері жайында:
 
}ُهَل َبِِر ُش اَمِل َمَزْمَز ُءاَم{
 «Зәмзәм суын қандай мақсатпен 
ішетін болса, сол мақсатқа пайдалы»
424
– деген. Яғни 
424
Кутубу-ситта, 923/6910.


425
Қажылық
ауруыма шипа болсын деп ішсе ауруына шипа, азық 
болсын деп ішсе, азық болады. Ажар анамыз бен ұлы 
Исмайыл ұзақ уақыт басқа азық жеместен зәмзәм суымен 
қоректенген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет