Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет258/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
бұл тауапта «изтиба»
436
және «рәмәл»
437
жасалады. 
Әйелдер изтиба жасамайды.
Қадум тауабынан кейін қажылық сағиі жасалмай-
тын болса, тауапта изтиба және рәмәл жасалмайды. 
Тауап жасаған соң намаз оқи алатындай орын тапса, 
Ибраһим мақамында, ал, егер қатты тығыз болып
орын болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат 
тауап намазы оқылып, артынан тауап дұғасы жаса-
лып, зәмзәм суы ішіледі. Сосын қаласа тәматтуғ және 
қиран қажылығын орындаушылар умра сағиін, ифрад 
қажылығын орындаушылар қажылық сағиін жасаулары-
на болады. Ифрад қажылығын орындайтындар қажылық 
сағиін жасау арқылы ихрамнан шықпайды. Ихрамды 
күйде қажылықтың қалған амалдарының орындалатын 
күндерін күтеді.
Тәматтуғ қажылығын орындайтындар миқатта тек 
қана умра үшін ниет еткендіктері үшін: 
«Аллаһым, мен 
сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет 
еттім, умра тауабын маған жеңілдет және менен 
қабыл ал»
, – деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, екі 
рәкат тауап намазын оқығаннан кейін зәмзәм суын ішеді. 
Сосын умраның сағиін жасау үшін Сафа төбесіне барып, 
умра сағиін жасап, шашын алғызып яки қысқартып их-
рамнан шығады. Қажылыққа ниет етіп, қайтадан ихрамға 
кіретін зилхижжаның сегізінші күніне дейін Меккеде их-
рамсыз күйде болады. Зилхижжаның сегізінші күнінде: 
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қажылық ғибадатын 
436
Изтиба: Дененің үстіңгі жағындағы жапқыштың бір ұшын 
оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң қолды 
иықпен бірге ашық тастау.
437
Рәмәл: Тауаптың алғашқы үш айналымында иықтарды сілтіген 
бойда, қысқа адымдармен жылдам-жылдам жүру.


439
Қажылық
орындауға ниет еттім. Қажылықты маған жеңілдет 
және оны менен қабыл ал»
, – деп ниет етіп, тәлбия 
айтып, қайтадан ихрамға кіреді. Нәпіл тауап жасап
артынан зиярат тауабынан кейін жасалатын қажылық 
сағиін жасауға болады. Нәпіл тауаптан кейін қажылық 
сағиі жасалған жағдайда зиярат тауабынан кейін екінші 
рет жасалмайды.
Қиран қажылығын орындайтындар миқатта ихрамға 
кірер кезде умрамен бірге қажылық ғибадатын да 
орындауды ниет еткендіктері үшін: 
«Аллаһым, сенің 
ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім. 
Умраны маған жеңіл жаса және оны менен қабыл ал»

– деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, артынан тауап 
намазын оқиды. Сосын зәмзәм суын ішіп, Сафа және 
Мәруа төбелеріне барып, умраның сағиін жасайды. Умра 
сағиін жасаған соң шаштарын алғызуға, қысқартуға бол-
майды. Ихрамнан шықпайды.
Біраз уақыт дем алғаннан кейін қадум тауабын 
жасап, тауап намазын оқыған соң қаласа, қажылық 
сағиін жасауларына болады. Тамматтуғ және қиран 
қажылықтарында умра тауаптарынан кейін умраның 
сағиі орындалатындықтан тауапта изтиба және алғашқы 
үш айналымында «рәмәл» жасалады.
Қажылықтың ифрад, тәматтуғ, қиран түрлерінің 
қайсысын орындаса да, барлық қажылар зилхижжаның 
сегізінші күні Меккеден шығып, Минаға барып түнеп, 
ертесі Арафатқа барады немесе сегізінші күні тікелей 
Арафатқа барады. Бұдан кейін барлық қажылардың 
орындайтын амалдарында еш өзгеріс жоқ.


440


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет