Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Қандай жолдармен аң ауланады?



Pdf көрінісі
бет284/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Қандай жолдармен аң ауланады?
1. Аңды жаралап, қансырататын мылтық, садақ 
сияқты қару арқылы.
Аңның терісін жыртып немесе тесіп қанын ағыза 
алмайтын шоқпар, таяқ сияқты құралдармен ұрып
тоқпақтап өлтірілген аңдардың етін жеуге болмайды.
2. Үйретілген бүркіт, қаршыға сияқты құстар мен 
үйретілген ит арқылы.
Аңшылыққа жарайтын ит, құстардың 
үйретілгендіктерінің белгісі аңға жібергеннен кейін 
иесінің шақырған уақытында дереу келулері және ұстаған 
аңдарының етінен ұстаған уақытта жемеулері.
3. Тұзақ, қақпан құру арқылы.
463
Тирмизи, Фитан/69.


485
Аңшылық
Ауланған аңның етінің халал болуы үшін 
керекті шарттар
1. Ауланған аңның шариғатта етін жеуге болатын 
аң болуы.
2. Аңшының мұсылман немесе кітап иесі (хрис-
тиан немесе еврей) болуы. Кітап иелерінің аулаған 
аңдары – Аллаһтың атын айтып, ауланған жағдайда 
ғана халал. Иләһи кітап түспеген пұтқа, отқа, жұлдызға 
табынушылардың аулаған аңдарының етін жеуге бол-
майды.
3. Аңға оқ атқан уақытта немесе үйретілген ит, 
құстарды жіберген уақытта «Бисмиллаһ» деп, Аллаһ 
Тағаланың атын айту. Құран Кәрімде:
اوُل ُكَف ,ُلا ُمُكَمَّلَع اَّمِم َّنُهَنوُمِّلَعُت َنيِبِّلَكُم ِحِراَو َجْلا َنِم ْمُتْمَّلَع اَمَو{
}ِهْيَلَع ِلا َم ْسا اوُرُكْذاَو ْمُكْيَلَع َن ْكَسْمأ اَّمِم
«Аллаһ Тағаланың сендерге үйреткен ілімі 
арқылы үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштардың 
сендер үшін аулаған аңдарын жеңдер және оларды аңға 
жіберген уақытта Аллаһтың атын айтыңдар...»
464

«Бисмиллаһ» сөзі әдейі айтылмаса, ауланған аңның 
етін жеу – харам. Ұмытылып айтылмай қалған жағдайда 
жеуге болады.
4. Ауланған аң тірідей қолға түссе, «Бисмиллаһ» 
деп бауыздау керек. Тірідей қолға түсіп, кешіктіру 
себебімен бауыздаусыз өліп кетсе, ол аңның етін жеуге 
болмайды. Бірақ қатты қансырап өлейін деп жатса, ба-
уыздамаса да болады. Тірідей қолға түскен аңды міндетті 
түрде бауыздау шарт емес, үшкір, қырлы тас немесе 
464
Мәида, 5/4.


486


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет