Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Тәйәммүмді бұзатын нәрселер



Pdf көрінісі
бет51/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   309
Тәйәммүмді бұзатын нәрселер
Дәрет пен ғұсылды бұзатын нәрселер тәйәммүмді 
де бұзады. Өйткені, тәйәммүм – сол екеуінің уақытша 
өкілі. Бірақ жүніп адам тәйәммүм алғаннан кейін дәреті 
бұзылса, оның тек дәреті ғана бұзылады.
Тәйәммүм соғуды қажет еткен себептер жоғалғанда. 
Яғни, дұшпанның кетуі, науқастың айығуы, т.б. сумен 
дәрет алу мүмкіндіктерінің пайда болуы.
Суды көру яки бір дәретке болсын жететін су табыл-
са, тәйәммүмнің қызметі аяқталады. Намаз оқып тұрған 
адам суды көрсе, тәйәммүм намазбен бірге бұзылады.
95
Зуһайли, 1, 442.


92


93
ІІ БӨЛІМ
НАМАЗ
«(Ей, Мұхаммед!) Саған уахи 
етілген кітапты оқып, намазды 
орында. Күдіксіз, намаз арсыздық пен 
жамандықтан тыяды»
«Анкабут» сүресі
«Үлкен күнә жасамаған адамның бес 
уақыт намазы мен жұма намазы
келесі жұмаға дейінгі жасаған 
күнәларынан арылтады»
Хадис шәриф
«Иман мен намаз – егіз. Бірақ иман 
намаздан бұрын дүниеге келген»
Қанатты сөз


94


95
Намаз және оның дәлелдері
Аллаһтың бар екендігі мен даралығын біліп растау 
– ең үлкен парыз. Осыдан кейінгі парыздардың ең үлкені 
және ең маңыздысы – намаз. Намаз – жүректің нұры, 
рухтың күші, мұсылманның кереметі.
Намаз – сөздікте «дұға ету», «жақсы дұға ету» деген 
мағынаны білдіреді. Аллаһ Тағала Құранда: 
«Оларға 
дұға ет. Сенің дұғаң оларға рақымшылдық»
, – дейді
96

Шариғатта намаз – тәкбірмен басталып, сәлеммен 
аяқталатын, ерекше қимыл-қозғалыстар мен сөздерден 
тұратын ғажайып ғибадат.
Намаз Исламнан бұрынғы илаһи (құдайлық) діндерде 
де парыз-ды. Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) бес уақыт 
намаз парыз етілмей тұрып, тек қана таң мен ақшам 
уақытында екі рет намаз оқылған. Кейін Миғраж түнінде 
бес уақыт намаз парыз болды. Намаздың парыздығы 
Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған. 
Құранның көптеген жерінде «Намаз оқыңдар және зекет 
беріңдер» – деп намаздың өте маңызды парыз екендігі 
білдірілген. Олардың кейбірі мыналар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет