167
Намаз
177-бет, Мәктабатул-исламия, Дарур-райа лин-нашр,
2-басылым, 1988 ж).
Бұл – бүгінгі таңда мәзһаб ұстанбайтындардың
шейхы саналатын Насруддин Әлбанидің өз сөздері.
Оның ойынша, пайғамбарымызбен (с.а.у.)
қосылып
сахабалардың да әминді жария айтқандығына байланыс-
ты нақты сахих хадис жоқ.
Ал хазреті
‘
Атааның (р.а.):
لاق اذإ دجسملا اذه يف ةباحصلا نم نيتئام تكردأ : ءاطع لاقو
نيمآ ةجر مهل تعمس نيلاضلا لاو : ماملا
«Осы мешітте екі жүздей сахабаны көзім көрді.
Имам «әмин» деген кезде олардың «әмин» деген
дауыстарының жаңғырғанын естідім»
–
деген
риуаятқа
келер болсақ, Шәйх Әлбани бұл риуаятқа
«әлсіз» деп баға берген. (Нәсруддин Әлбани, «Тәмамул-
минна» кітабынан).
Пайғамбарымыздың ешбір хадисінде «әминді жария
айтыңдар» деген тікелей бұйрығының жоқ екенін ескере
отырып, Ханафи ғұламалары пайғамбарымыздың өзінің
ғана әминді дауыстап айтқанына байланысты кейбір
хадистерді былай түсінген:
1. Пайғамбарымыздың намазда «фатихадан»
кейін «әмин» деп айтуын артында яки жанында Оған
(с.а.у.) жақын тұрған сахабалар ғана естіп, сол кісілер
«әминді дауыстап айтты» деген хадисті риуаят еткен
болуы мүмкін. Ал жанындағы адамдардың ғана естуін
«Құран оқығандай дауыстап айтты» деп түсінбеуіміз
керек. Себебі, кейде іштей күбірлеп айтылғанды жа-
нында тұрғандар да естуі мүмкін. «Дуррул-мухтар»
атты кітапта былай делінген:
Достарыңызбен бөлісу: