Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Зубайр және артындағылар



Pdf көрінісі
бет94/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Зубайр және артындағылар 
әминді айтқанда мешіт жаңғырып кетті»
 делінген 
дәлелдерінен басқа дәйектері жоқ. Бірақ мұның өзі 
«әминді» жамағаттың да дауыстап айтуына дәлел емес. 
Себебі, бұл Пайғамбарымызға (с.а.у.) жетпей қалған 
(марфуғ болмаған) сөз. Пайғамбарымыздың дауыстап 
айтқанына байланысты бірқатар хадистер бар. Бірақ 
ешбірінде Аллаһ Елшісінің артындағы сахабалардың 
да қосылып әминді жария айтқандығы айтылмаған. 
Әминнің дұға екені белгілі. Негізінде, дұға іштей айты-
лады. Өйткені Аллаһ Тағала 
«Раббыларыңа жалбары-
нып, іштей (құпия) тілеңдер!»
 деген. Ал бұдан айну 
үшін оған сахих дәйек керек». (Мухаммад Насруддин 
Әлбани, Тәмәмул-минна фит-та'лиқ ала фиқһус-сунна, 


167
Намаз
177-бет, Мәктабатул-исламия, Дарур-райа лин-нашр, 
2-басылым, 1988 ж).
Бұл – бүгінгі таңда мәзһаб ұстанбайтындардың 
шейхы саналатын Насруддин Әлбанидің өз сөздері. 
Оның ойынша, пайғамбарымызбен (с.а.у.) қосылып 
сахабалардың да әминді жария айтқандығына байланыс-
ты нақты сахих хадис жоқ.
Ал хазреті

Атааның (р.а.): 
لاق اذإ دجسملا اذه يف ةباحصلا نم نيتئام تكردأ : ءاطع لاقو
نيمآ ةجر مهل تعمس نيلاضلا لاو : ماملا
«Осы мешітте екі жүздей сахабаны көзім көрді. 
Имам «әмин» деген кезде олардың «әмин» деген 
дауыстарының жаңғырғанын естідім»
деген 
риуаятқа келер болсақ, Шәйх Әлбани бұл риуаятқа 
«әлсіз» деп баға берген. (Нәсруддин Әлбани, «Тәмамул-
минна» кітабынан).
Пайғамбарымыздың ешбір хадисінде «әминді жария 
айтыңдар» деген тікелей бұйрығының жоқ екенін ескере 
отырып, Ханафи ғұламалары пайғамбарымыздың өзінің 
ғана әминді дауыстап айтқанына байланысты кейбір 
хадистерді былай түсінген:
1. Пайғамбарымыздың намазда «фатихадан» 
кейін «әмин» деп айтуын артында яки жанында Оған 
(с.а.у.) жақын тұрған сахабалар ғана естіп, сол кісілер 
«әминді дауыстап айтты» деген хадисті риуаят еткен 
болуы мүмкін. Ал жанындағы адамдардың ғана естуін 
«Құран оқығандай дауыстап айтты» деп түсінбеуіміз 
керек. Себебі, кейде іштей күбірлеп айтылғанды жа-
нында тұрғандар да естуі мүмкін. «Дуррул-мухтар» 
атты кітапта былай делінген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет