Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа



Pdf көрінісі
бет20/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34

иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа 

жетулерің  үшін  сендерге  бұрынғыларға  парыз 

етілгендей ораза парыз етілді»

313


.

313


 Бақара,2/185.

300

Ислам ғылымхалы

Бұл  аятта  айтылғандай  оразаның  мақсаты– 

мұсылманды тазартып, тақуалық дәрежеге жеткізу. Бірақ 

тақуалық деген не өзі? Осыны әуелі ұғынып, тұшынып 

алайық.  Тақуа  дегеніміз  –  сақтану,  қорқу,  сыйыну, 

Ұлы Жаратушының қорғанына кіру. Тақуалықтың үш 

дәрежесі бар:

Мәңгілік  өлімнен  сақтану.  Яғни,  өзін  жаратқан 

Аллаһ Тағалаға сену, иман ету. Ұлы Жаратушыға иман 

етпеген адамның басына бақ, қолына құс қонғанмен 

қашан да жан-сарайы қараңғы болмақ. Өйткені, ертеңгі 

күн өлімге басы тігілгелі тұрған жанның бүгінгі татқан 

балы да у болып келеді. Ендеше, бүгіні жоқтың ертеңі 

де жоқ. Алайда, тілін кәлимаға келтіріп, Аллаһ Тағалаға 

иман етіп, мойынсұнған жан мәңгілік жаһаннам отынан 

құтылып, мәңгілік бақыттылық сарайы жәннатқа қарай 

қадам басады. Яғни, иман еткен өзін мәңгілік өлімге 

деген соқыр-сенім мен күпірліктен сақтайды.

Ұлы Жаратушыға қарсы келуден сақтану. Аллаһ 

Тағаланың көптеген бұйрықтары бар. Осы әмірлерді 

орындау – парыз. Және Оның көптеген тыйымдары да бар. 

Олардан алыс тұру – парыз. Оның тыйым салғандарына 

қол жүгірту – Оған қарсы келу деген сөз.

Тікелей Аллаһ Тағаланың қорғанына кіріп, Одан 

өзгені жүрекке алмау.

Ендеше, тақуалық – иманды, көркем мінезді, пара-

сатты жан болып, Аллаһ Тағалаға мойынсұнып, «толық 

адам» шыңына қарай «нұрлы ақылды» шырақ, «жылы 

жүректі» пырақ етіп, ыждаһаттылықпен қадам басып 

қайраттану. Демек, оразаның мақсаты – жанды рухани 

кірден  тазартып,  көркем  мінезге  тәрбиелеу,  нәпсіге 

ауыздық  салып,  тізгінді  қолға  алу.  Аса  ойшыл  Ибн 



301

Ораза

Рушд былай дейді: «Егер кімде-кім еркі мен нәпсісіне 

ие болса, онда ол өзін әлемнің ең бақытты адамымын 

деп санасын».

Бірақ ораза, аузы берік жанды тақуалық-тауына 

қалай жеткізеді? Жалпы адам баласының толық адам 

шыңына жетуі мен көркем мінезді болуының негізі – 

нәпсіге ие болуында жатыр. Нәпсі – бойдағы құмарлық 

сезім.  Ол  өзіне  ұнамды  келетін  барлық  нәрсеге  қол 

сұққысы, татқысы келеді. Оның өлшемінде шек жоқ. 

Бүгінін, тіпті бір сәттік ләззатын ертеңі мен мәңгілік 

бақытына  айырбастап  яки  сатып  жіберуге  қашан  да 

құмбыл тұрады. Асылында, ол үшін ертең жоқ. Міне, 

осы кезде ақыл рөл ойнай бастайды. Ақыл – жақсы мен 

жамандықты айыра білетін адамның негізгі құралы. Бірақ 

сол ақылдың да өлшемі шектеулі. Оның бүгінгі жақсы 

дегені ертең жаман, жаман дегені жақсы болуы әбден 

ықтимал. Міне, осы кезде ақылға бүгіні мен ертеңінде 

жаңылыспайтын өлшем қажет. Бұл – илаһи өлшем. Егер 

адам баласы нәпсісіне ие бола алмаса, нәпсі адамның 

еркін қалаған жағына бағыттай алады. Кей кезде илаһи 

өлшемді білген ақылды тұтқындап тастап, еріксіз өзіне 

мойынсұндырып, тыйым салған нәрсеге қол сұқтырады. 

Сондықтан ақыл жүрекпен бірігіп, Аллаһ Тағаланың 

бұйрығын  орындап  ауыз  бекітеді.  Нәпсінің  барлық 

күш-қуаты  осы  ауыз  арқылы  өтеді.  Нәпсі  қаншама 

ақыл мен ерікті ауыз ашуға қинаса да, ол екеуі Ұлы 

Жаратушының  бұйрығынан  аса  алмайды.  Ашыққан 

нәпсінің  құмарлық  сезімі  әлсіреп,  деңгейі  төмендеп 

кетеді. Осы сәтте адам бойына рухани қарқын жүре бас-

тайды да, жүректің түпкірінде, нәпсінің қалтарысында 

қалған ар-ождан күллі адамгершілік сезімдерді оятып, 



302

Ислам ғылымхалы

туралыққа бастайды. Яғни, негізгі рөл мен тізгінді ар-

ождан қолға алып, адам жаны рухани ләззатқа шомыла 

бастайды. Бәлкім, ол сонда ғана құмарлық сезімдердің 

татқан ләззатынан, рухани сезімдердің алған ләззаттары 

әлдеқайда басым екенін аңғарып, оның бұдан кейінгі бар 

арман-тілегі – толық адам шыңы бола бастайды. Толық 

адам шыңы – адамның Ұлы Жаратушы мінезіне ұқсауы. 

Яғни, рақымды, мейірімді, кешірімді болу секілді. Міне, 

оразаның осындай хикметтері бар.

Нәпсіні тәрбиелеп, жолға салуда аштық пен шөл 

өте үлкен рөл ойнайды. Бірақ бұл Аллаһ Тағала үшін 

болуы керек. Кісі өздігінен аш қалып, діттеген мақсатына 

жете алмайды. Өйткені, ораза – Аллаһ Тағалаға жаса-

латын ғибадат. Толық адам болу жолындағы барлық 

қадам Ұлы Жаратушы үшін арналуы керек. Қасиетті 

(қудси) хадисте Аллаһ Тағала: «Аузы берік адам ішіп-

жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның 

арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана 

өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен 

сусағандықтан шыққан ауыз исі мен үшін миск әтірінен 

де тамаша», – дейді.



3. Қоғамдық пайдасы

Оразаның аузы берік адамға ғана емес, сонымен 

қатар қоғамдық пайдалары бар. Ораза – елдегі дәулетті 

адам  мен  жоқ-жітік  арасында  байланыс  жасайды. 

Көбінесе ауқатты адам жасынан өмірдің ауыр тіршілігін 

көріп, тауқыметін арқаламай өскендіктен, жанашырлық 

сезімнен мақұрым қалады. Қазақ «аш бала тоқ баламен 

ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» деп дәл 

тауып айтқан. 


303

Ораза

Жарықтық Абай атамыздың:

«Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?

Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,

О да қылған кедейге үлкен сыйы.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы», – дегенінде үлкен 

мән жатқан жоқ па? Кейде адам байлыққа батқан соң, 

айналасын ұмыта бастайды. Бірте-бірте аңғалдықтың 

құрығына түседі. Осы сәтте оның өмірге деген көзқарасы 

өзгереді. Нәпсісі аттан салып, бойдағы жанашырлық 

сезімін тұншықтырып тастайды. Дәулетті адамы осын-

дай күй кешкен елден берекет кетеді. Бір мемлекетте 

өмір сүрсе де, бай басқа әлемде, тұрмысы нашар халық 

басқа бір әлемде жүреді. Мұндай қоғам ауыр дертке 

душар болып, елде жүйе бұзылады. Ауқатты адамдар қол 

астындағы жұмыс істеген адамдарына төбеден қарайды. 

Алауыздық  осындайдан  туады.  Байлыққа  мастанған 

қашан да бас пайдасын ойлайды. Мұндай кісі ешуақытта 

жоқ-жітіктің халін ұға да, сезе де алмайды.

Адам ораза ұстап, сәресіден кешке дейін аш қалғанда 

ғана айналасына басқаша қарай бастайды. Өйткені, ауыз 

бекіткен ол күні бойы аш қалмақ. Аш адамның бой-

ында тасыған нәпсі бірте-бірте әлсірейді де, жүректің 

тереңіндегі мейірім-шапағат сезімі оянады. Ол сонда 

ғана аштықтың қандай екенін аңғарады. Өзінің де жай 

ғана пенде екенін сезінеді. Ал оянған мейірім-шапағат 

жалпы адамзатқа, тіпті әлемге деген сүйіспеншілікті 

өзімен бірге ала келеді. Сонда әлгі кісі адам тұрмақ, жан-



304

Ислам ғылымхалы

жануарға да сүйспеншілікпен қарай бастайды. Рамазан 

айының – рақым айы болуының сыры да осында жатыр. 

Адам мен адамның, адам мен әлемнің арасында достық, 

махаббат байланысы құрылады. Міне, адамның бойында 

мейірім-шапағат туып, оны айналасына нұрлы шашу 

етуі – Ұлы Жаратушыға арнаған нағыз шүкірі.

4. Ораза ырыс-берекенің қадірін білдіреді

Негізі  адам  баласы  өзіне  берілген  нығмет  пен 

ырыс-берекенің  қадірін  біле  бермейді.  Сый-сияпат 

етіп берілген ырыс-берекені бейне бір тегін дүниедей 

төгіп-шашады. Әр түрлі тәтті тағамдарды да бейпіл жей 

берген соң, ауыздан дәмі кетіп, бал бал болудан қалады. 

Мұндай күйге түскен кісі ешуақытта тамақтың қадірін 

сезе алмайды. Ал адам баласы ауыз бекітіп, күні бойы 

аш жүргенде, тағамның Ұлы Жаратушының құлына 

жайған дастарқанындағы үлкен ырыс-берекесі екенін 

аңғарады.  Ол  күні  бойы  аш  қалып,  кешқұрым  ауыз 

ашқанда, аузына салған қатқан нанның да қаншалықты 

қадірлі екендігін сезеді. Атам қазақ «Аштықта ішкен 

ашыған қымыранның дәмі қырық жыл ауыздан кетпес» 

деуінің сыры осында жатыр. Тоқ адамның дәл солай сезуі 

әсте мүмкін емес. Мұндай қоғамның экономикасы да 

оңайлықпен құлдырамайды. Аштықты көп көргендіктен 

атам қазақтың нанды қатты қадірлейтіндіктері де содан. 

Иә, аштықты сезбеген, мастықтан айыға алмас.

5. Ораза сабырлылық пен төзімділікке 

үйретеді

Адам баласы өмірге жылап келіп, жылап кетеді. 

Неге? Өйткені, өткінші фәниде діттеген мақсатына қолы 

жете бермейді. Кейде жылдар бойы өз мақсатына қарай 



305

Ораза

қадам басады да, орта жолда болдырып, күдерін үзеді. 

Кейде шыдамы таусылып, қолын бір-ақ сілтейді. Міне, 

ораза жүйрік пойыздай жүйткіген ғұмырда асқақ арма-

нына асыққан адамның иығына сабырдан садақ асады. 

Ай  бойы  аш  қалып,  күндіз  аузын  ашпауға  бекініп, 

әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен 

шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяды. Аштық пен 

құмарлық сезімге сабыр қылған, өзгеге де сабыр ете 

алады.  Бойдағы  ашу  мен  жеңілдігіне  сабыр-тізгінін 

салып, жанарында ойлылық пайда бола бастайды. Бұл 

ғұмырда нағыз сабыр – өз нәпсісін жеңе біліп, Аллаһ 

Тағаланың  ақ  жолында  жүруге  бел  байлау.  Ақырет 

әлеміндегі асқақ шыңнан көз айырмау. Оразаға төзе 

білген өзге ғибадаттарға да шыдамдылық таныта алады. 

Сабырлылық  күшіне  ие  болған  жан  ғана,  діттеген 

мақсатына жете алады. Құранда жетпіске жуық аятта 

сабыр мадақталған. Мысалы: «Аллаһ сабыр еткендер-

мен бірге», – дейді. «Аср» сүресінде де Аллаһ Тағала: 

«Заманға ант етейін. Шынында адам баласы сөзсіз 

қасіретте. Бірақ иман етіп, ізгі іс істегендер, бір-біріне 

ақиқатты айқындап, сабырлықты насихаттағандар 

ондай күйге душар болмайды», – деп баян етеді.

Заманының үлкен ойшылы Имам Ғазали оразаның 

үш түрі бар екендігін айтады:

Жалпыға тән ораза. Яғни, ішіп-жеуден, жыныстық 

қатынастан аулақ тұру.

Аллаһ Тағаланың елден ерек құлдарына тән ораза. 

Бұл – көз бен құлағын, аяқ-қолы мен өзге де мүшелерін 

күнәдан сақтауы.

Аллаһ Тағалаға жақын адамдардың оразасы. Жүрегі 

мен ой-сана әлемі Аллаһ Тағаладан өзге нәрседен пәк 



306

Ислам ғылымхалы

болуы. Осылай ораза ұстағанға Аллаһ пен ақыреттен 

өзге ой келсе, оразасы бұзылады. Бірақ діннің байрағын 

желбіретіп, көкке қадау үшін дүниені ойласа болады. 

Бұл – толық адамның бейнесі.

Оразаның_түрлері'>Оразаның түрлері

Ораза – парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ болып 

төртке бөлінеді.

Парыз ораза

Парыз ораза екіге бөлінеді:

1.  Тағайындалған ораза: Рамазан оразасы.

2.  Тағайындалмаған ораза: Қазаға қалған ораза мен 

«кәффарат» ретінде ұсталған оразалар.

Уәжіп ораза

Бұл да екіге бөлінеді. Атау (нәзір) оразасы сияқты. 

Белгілі бір уақытта тұтамын деп, уақыт белгілеп тұтқан 

ораза  –  тағайындалған  уәжіп  ораза.  Нақты  уақыт 

белгілемей кез келген бір күні немесе айда тұтамын деп 

атаған ораза – тағайындалмаған уәжіп ораза.



Нәпіл ораза

Бұл  –  сүннет,  мұстахап,  мәндүп  болып  үшке 

бөлінеді.

Нәпіл оразалар мына күндерде ұсталады:



Күн ара тұту

Бұл ең жақсы ораза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай 

дейді: «Ең сауапты ораза – Дәуідтің (а.с.) ұстаған ораз-

асы. Дәуід бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын». 

Абдуллаһ  ибн  Омар  (р.а.)  «Мен  одан  да  көп  ұстай 


307

Ораза

аламын», – деген кезде Аллаһ Елшісі: «Бұдан жақсысы 

жоқ», – деп жауап қайтарды

314


.

Әр айда үш күн ораза ұстау

Әр айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күні 

ораза ұстау – мұстахап. Әбу Зәрдың (р.а.) риуаяты бой-

ынша, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Әр айда үш 

күн ораза ұстағың келсе, айдың 13, 14, 15-ші күндерінде 

ұста»


315

.

Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері 



ораза ұстау

Усама  ибн  Зәйдтің  риуаят  етуі  бойынша, 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүйсенбі және бейсенбі күндері 

ораза ұстайтын. Одан «Неге бұл күндері ұстайсыз?» деп 

сұрағанда: «Адамдардың істері Аллаһқа дүйсенбі мен 

бейсенбі күндері тапсырылады», – деді. Басқа бір риуаят-

та «Ұлы Раббыма менің істерімнің ораза ұстаған кезімде 

ұсынылуын қалаймын», – деген қосымша сөзі бар

316

.

Шәууәл айында алты күн ораза ұстау



Бұл оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей 

бірінен кейін бірін немесе үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ 

айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал. 

Қаза, атау, т.б. оразаны осы күндерде ұстаса дәл сол 

сауапты ала алады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 

«Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі 

шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза 

ұстағанмен бірдей

317

.

314



 Муслим, Сиам, 192.

315


 Бухари, Әнбия, 377.

316


 Әбу Дәәуд, Саум, 60.

317


 Ибн Мажә, Сиам, 33.

308

Ислам ғылымхалы

Арафа күнінде ораза ұстау

Қажылықта  болмаған  адамның  Зилхижжаның 

тоғызыншы  күнінде  ораза  ұстауы  –  мұстахап. 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  былай  дейді:  «Арафа  күні 

ұсталған оразаның бұрынғы және келешектегі бір жылдық 

күнәлардан арылтатыны Аллаһтан үміт етілген

318

.

Мухаррам айының тоғызыншы, оныншы 



(ашура) және он бірінші күндері ораза 

ұстау мұстахап немесе сүннет

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  Мәдинаға  келген  кезде 

яһудилердің  (еврей)  ашура  күні  ораза  ұстағанын 

көріп, «Бұл қандай ораза?», – деп сұрады. Оған: «Бұл 

– ұлы күн. Аллаһ бұл күні Мұса мен Исрайл ұрпағын 

дұшпандардан құтқарған. Сондықтан осы күні Мұса (а.с.) 

ораза ұстайтын» – деп жауап қайтарды. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) сонда: «Мен Мұсаға сендерге қарағанда әлдеқайда 

жақынмын», – деді де, осы күні ораза ұстауды әмір 

етті


319

.

Харам айларда ораза ұстау

Зилқағда,  Зилхижжа,  Мухаррам  және  Рәжап 

айларының бейсенбі, жұма, сенбі күндері ораза ұстау 

– мәндүп.

Шағбан айында ораза ұстау

Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) 

Шағбан айында ұстағандай Рамазаннан басқа ешқандай 

318


 Ахмед ибн Ханбәл, V, 196.

319


 Бухари, Саум, 69.

309

Ораза

айда ораза ұстамайтын. Ол Шағбан айының бәрін ораз-

амен өткізетін»

320


.

Мәкрүһ оразалар

Мәкрүһ  оразалар  «тахриман»  және  «тәнзиһан» 

мәкрүһ болып екіге бөлінеді.

1.  Тахриман мәкрүһ ораза. Рамазан айтының бірінші 

күні мен құрбан айтының төрт күнінде ұсталған оразалар 

тахриман мәкрүһ. Өйткені, ол күндер – Аллаһтың бізге 

ұсынған сый-сыяпатты, қуанышты күндері. Бұл күндері 

ораза ұстаған адам күнәкар болумен қатар оразасы жа-

рамды. Мұндай ораза бұзылса, қазасы өтелмейді.

2.  Тәнзиһан мәкрүһ. Тек қана ашура күні ораза ұстау, 

жұма күні ғана ораза ұстау және сенбі күні ғана ораза 

ұстау, наурыз күндерінде ораза ұстау – тәнзиһан мәкрүһ. 

Бірақ әдет етіп, ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес 

келсе, ештеңе етпейді. Жұма күні жайлы Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) былай дейді: «Түндер арасында тек қана жұма 

түнін ғибадатқа бөлмеңдер. Бірақ кімде-кім әдет етіп 

ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес келсе, бұдан тыс 

нәрсе


321

. Екі күн қатарынан ауыз ашпай ораза ұстау да 

мәкрүһ. Бұл – уисал оразасы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 

үмбетіне жаны ашығаны үшін бұлайша ораза ұстауға 

тыйым салған. «Сен осылай ораза ұстайсың ғой» деп, 

сұрағандарға Ол: «Мен сендер секілді емеспін. Мені 

Раббым ішіп-жегізеді», – дейді

322


. Күмәнді күні де ораза 

ұстау – мәкрүһ. Яғни, Шағбан айының отызыншы күнін 

Рамазан күні ме, әлде Шағбан айы ма деп аспан бұлт 

320


 Муслим, Салат, 176.

321


 әш-Шәукани,ІV, 249.

322


 Бухари, Саум,49.

310

Ислам ғылымхалы

болғандықтан күмән пайда болса, бұл күн «күмәнді күн» 

деп аталады. Бұл күні ораза ұстау – мәкрүһ. Тіпті екі 

күн бұрын да ораза ұстау – мәкрүһ. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.)  былай  дейді:  «Рамазанды  бір  немесе  екі  күн 

бұрын оразамен қарсы алмаңдар. Бірақ кімде-кім әдеті 

болғаны үшін ұстаса (ұстап жүрген оразасы осы күнге 

сейкес келіп қалса) ұстасын

323

. Кімде-кім осы күмәнді 



күнді рамазан оразасынан деп ұстаса, ұстаған оразасы 

мәкрүһ болумен қатар, кейіннен бұл күннің Рамазан 

күні екені анықталған жағдайда, бұл ораза – Рамазан 

оразасы  саналады.  Әйелдің  күйеуінен  рұқсат  алмай 

нәпіл ораза ұстауы – мәкрүһ. Ері оған бұзғыза алады. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ері жанында бола 

тұрып, рұқсатсыз ораза ұстаған әйелдің оразасы адал 

болмайды»

324

. Қажылардың әлсіреп қалулары ықтимал 



болғандықтан «тәруия» және арафа күні ораза ұстаулары 

– мәкрүһ. Хайыз немесе нифас кезіндегі әйелдің ораза 

ұстауы харам болып, оразасы іске аспайды. Қазасын 

өтейді.


Оразаның уақыты мен Рамазан айының 

анықталу жолы

Оразаның уақыты

Ораза уақыты – екінші шапақтан басталып, күннің 

батуына  дейінгі  уақыт.  Кейбір  фақиһтер  бойынша, 

сақтық үшін алғашқы шапақта ішіп-жеуді тоқтатқан 

жақсы. Кімде-кім шапақ жайында күмәнданса, сәресіні 

тоқтатқан абзал. Бірақ кімде-кім тоқтатпай ішіп-жеп, 

323

 Бухари, Саум,5-14.



324

 Бухари, Никах, 84-85.



311

Ораза

кейіннен уақыты шығып кеткенін білсе, оразасын қаза 

етуі керек. Рамазан айы – ашық аспанда жаңа туған айды 

көрумен немесе бұлтты күнде Шағбан айын отыз күнге 

толтыру арқылы білінеді. Құранда Аллаһ: «Кімде-кім 

ораза айында болса, ораза ұстасын»

325


. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.): «Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар, 



екінші жаңа туған айды көрген кезде оразаларыңды 

тоқтатыңдар.  Егер  аспан  бұлтты  болса,  Шағбан 

айын отызға толықтырыңдар»

326

, – деген. Басқа бір 

хадисінде: «Ай жиырма тоғыз күн. Жаңа туған айды 

көрмейінше, ораза ұстамаңдар. Егер аспан бұлтты болса, 

Шағбан айын отызға толықтырыңдар», – дейді.

Аузы  берік  кісі  күннің  батып-батпағаны  жайлы 

күмәнданса, аузын ашпағаны дұрыс. Ораза ұстаған адам 

анық уақытты білмесе, шамалаумен сәреге тұрып, шама-

лаумен ауыз аша алады. Шапақтың атқанын біле алмаған 

адам ерте бастан қам жасап, аузын ертерек бекітіп, ал 

күннің батқанын біле алмаған кезде, кештеу ашқан абзал. 

Бұл – сақтық үшін жасалған шара. Бірақ қазіргі таңда 

арнайы жасалған күнтізбелер бар.

Рамазан айының анықталуы

Шағбан айының жиырма тоғызыншы күнінен бастап, 

жаңа туған айды іздеу – уәжіп. Рамазан оразасының 

аяқталуы үшін де Шәууәл айын іздеу – уәжіп. Егер Ра-

мазан айы көрінсе, ертеңіне Рамазан оразасы бастала-

ды. Егер де аспан бұлтты болса, Шағбан күндері отызға 

толтырылады. Одан кейін барып, ораза тұтылады. Сол 

секілді Рамазан айының жиырма тоғызыншы күнінде 

325

 Бақара, 2/185.



326

 Бухари, Саум,5; Муслим, Сиям, 4.



312

Ислам ғылымхалы

де Шәууәл айы көрінуін қадағалайды. Жаңа ай көрінсе, 

ертеңіне Рамазан айты басталады. Ал егер көрінбесе, 

онда Рамазан отыз күнге толықтырылады. Яғни, ораза 

ұсталады. Жаңа ай көрінген кезде тәкбір айтылуы керек. 

Бұл – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жаңа айды көргенде 

былай деп дұға ететін: «Аллаһым! Мына айды бізге бе-

рекет, иман және амандық пен тыныштыққа арқау ет. 

Ей, жаңа ай. Сенің де, менің де Раббым – Аллаһ»

327


Біздің данышпан ата-әжелеріміздің жаңа ай туғанда – 

«Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» – дейтін дұғалары 

осы Пайғамбар дұғасының мағынасы емес пе? Яғни, 

Аллаһым!  Жаңа  айда  жарылқап,  ескі  айда  жасаған 

қателіктеріміз бен күнәларымызды кешір. Дана ата-

әжелеріміз ешуақытта айдан бір нәрсе тілеген емес.

Рамазан айы немесе ораза айты аспан ашық болған 

кезде  бірнеше  адамның  айды  көруімен  анықталады. 

Әбу Ханифаның кей сөзі бойынша, екі әділ адам куә 

болуы жеткілікті. Егер күн ашық болмай бұлт, тұман 

секілді кедергілер кездессе, тек қана бір әділ, парасатты, 

шыншыл адам ғана көрсе, оның куәсі жеткілікті. Бұл 

адам әйел де, ер де болуы мүмкін.

Кейбір  ислам  ғалымдары  астрономия  ғылымы 

арқылы  жаңа  айдың  кіргенін  анықтауға  болады  деп 

фәтуа берген.

Оразаның шарттары

Оразаның парыз болу шарттары

1.  Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. 

Сондықтан  жаңа  мұсылман  болған  жандарға  өткен 

327


 Бухари, Саум,11.

313

Ораза

жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек 

емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық 

күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) 

«Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйыл-

са, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, 

сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де»

328


.

2.  Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: 

Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас 

адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық 

болмағандықтан,  мұндай  әмір  оларға  жүктелмейді. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам 

жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-

есі түзу болғанга дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін 

ұйқыда  жатқан  адамға

329


.  Яғни,  сана  аса  маңызды. 

Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа 

кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер 

балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат 

– балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен 

танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз 

емес. Ақылға орнына келсе, қазасы өтелмейді.

3.  Ораза  ұстауға  күші  жету  және  тұрғын  болу: 

Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ 

ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа 

күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай 

дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса 

яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін»

330


. Кәрілік 

жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға 

ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі 

328


 Әнфал, 8/38.

329


 Бухари, Талақ, 11. Әбу Дәәуд, Худуд, 17.

330


 Бақара, 2/184.

314

Ислам ғылымхалы

әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиуі ықтимал 

екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз 

емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар 

оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 

шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы 

саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған 

күндерінің қазасын өтейді.



Оразаның дұрыс орындалу шарттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет