Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Маған қарсы шыққандарға: «Сен кешірімшіл және



Pdf көрінісі
бет2/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Маған қарсы шыққандарға: «Сен кешірімшіл және 

рақымдысың»... Сол сияқты Хазіреті Исаның ойы да 

осы орайдан шыққан: «Егер азап етсең, олар Сенің 



құлдарың, егер кешірсең, Әзиз және Хәким Сенсің»

Менде иман еткендерді қуатын күш жоқ. Осы кезде ха-

рижиттер қаруларын тастады

7

.



Әбу Ханифа өскенде кәламнан фиқһ саласына көшті. 

Фиқһқа  ауысуы  жайында  түрлі  көзқарастар  бар.  Ол 

ұстазы көз жұмғанша қасында болған. Өзі былай дейді: 

«Бірде Басра қаласына келдім. Онда жұрттың кез-

келген сұрағына мүдірмей жауап беремін деп ойладым. 

7

  Мухаммед Әбу Зәһра. Әбу Ханифа, Станбул. 1966. 10-15.



21

Ислам ғылымхалы

Бірақ небір қиын сұрақтарға тап болып, жауап беруім 

қиынға түсті. Сонда ұстазым Хаммадтың қасынан 

өле-өлгенше кетпеуге ант еттім. Он сегіз жыл оның 

шәкірті болдым».

Имам Ағзам ұстазы қайтыс болғанда, қырық жаста 

еді. Осы уақыттан бастап ол дәріс беруді қолға алған. 

Кейде Мекке мен Мәдина қаласына да зияратқа баратын. 

Екі қалада да табииндер (сахабаларды көргендер) көп еді. 

Сол жерде олар хадис тыңдап, фиқһ жайлы пікірлесіп 

әрі үлкен ғұлама кісілерден дәріс алды.

Имам Ағзамның ата-бабалары саудагер болғандықтан 

ол дәулеті мол отбасында өсті. Тарих қойнауына көз 

тастасақ, ата-бабалары жүн, жібек, мата саудасымен 

айналысқан. Әбу Ханифа жастайынан ата-бабасынан 

қалған осы істі жалғастырды. Кейіннен Шағби деген кісі 

ілім жолына ынталандырғаннан кейін өзін фиқһ саласы-

на толықтай берді. Бірақ бақиға аттанғанға дейін сауда 

ісін тастамады. Кейбір мағлұматтарға назар аударсақ, 

оның саудада серіктесі бар-тын. Имам Ағзамның фиқһ 

пен хадис іліміне қызмет етуінде осы серіктесінің көмегі 

көп тиген. Ғылым мен сауданы бірге алып жүру оңайға 

соқпайды. Негізінде ілім мен сауданы қатар алып жүрген 

ғалымдардың жағдайы қашан да осылай болған.

Ол аса жомарт, кеңпейіл кісі еді. Көпшілік оның 

сауда-саттықтағы сипатын көбіне Хазіреті Әбу Бәкірге 

қатты  ұқсататын.  Саудада  ол  әрқашан  адалдық  пен 

сенімділіктен таймады. 

Бірде  оған  бір  әйел  сатуға  жібек  киім  әкелді. 

Әбу Ханифа бағасын сұрады. Әйел оның жүз дирхам 

тұратынын  айтты.  Әбу  Ханифаның  «Жоқ,  бұл  одан 

қымбат тұрады» – деген жауабына әйел:



22

Ислам ғылымхалы

–  Сен мені мазақ еткің келе ме? – деді.

–  Жоқ,  мазақ  еткені  несі.  Сенбесеңіз,  біреуді 

шақырып бағасын сұраңыз, – деді. Әйел жөн білетін 

біреуді шақырып, матаның қанша тұратынын сұрап білді. 

Сөйтіп, Әбу Ханифа матаны жүз емес бес жүзге сатып 

алды.

Ол дүниені ойлап, өзгелердің аңғалдығын пайда-



ланбайтын. Өз пайдасын қалай қорғаса, өзгелердікін де 

солай қорғаштайтын. Кедейлерге мейлінше көмектесуге 

тырысты.

Әбу Ханифа харамнан барынша сақ еді. Егер бір 

нәрседен шүбәланса, заттарын дереу садақаға таратып 

жіберетін. Бірде серіктесі Хафыс ибн Абдуррахманға 

заттарын тапсырып, сатуға жіберді. Заттарының ара-

сында бір киімде ақау бар  екенін ескертіп, осы киімді 

сатқанда, кем жерін айт деді. Серіктесі киімдерді сатуын 

сатқанмен, әлгі киім жайлы ескертпені мүлдем ұмытып 

кетеді. Алған адамның кім екені де есінде қалмаған. 

Кейін осы мәселені Әбу Ханифа білгенде, сол заттардан 

түскен барлық қаржыны садақа ғып таратты.

Сондықтан дәулетінде береке бар еді. Ғалымдардың 

тұрмыс  жағдайларына  көп  көмектесті.  Жылдың 

соңында табысынан артылған ақшаларды ілім жолында 

жүргендерге таратып: «Мына қаражатты керекті жерге 

жұмсаңдар. Бірақ Аллаһ Тағалаға шүкір етіңдер, өйткені, 

бұл дәулет менікі емес, Аллаһтың рақым етіп, менің 

қолым арқылы сендерге жіберген несібесі»

8

 – дейтін.



Әбу Ханифа өмірінің 52 жылын Омияттар зама-

нында, 18 жылын Аббаситтер дәуірінде өткізді. Бұл 

екі династия Пайғамбарымыздың ұрпақтарын жақсы 

8

  а.а.е.



23

Ислам ғылымхалы

көрмеді. Пайғамбар ұрпағы үнемі қуғынға ұшырады. 

Олардың  бұларға  соншалықты  қысым  жасауының 

басты себебі – қолдағы биліктен айрылып қалмау. Имам 

Ағзам  қашанда  Аллаһ  Елшісінің  (с.а.у.)  ұрпағының 

жанында болып, оларға қолдау көрсетіп отырды. Бұл 

әділеттілікті жақтағандығы мен Пайғамбарымызға деген 

зор сүйіспеншілікте болғандығын көрсетеді

9

.

Әбу Ханифа екі ерекшелігі үшін ылғи да екі ди-



настиядан  қорлық  көріп  өтті.  Бірде  Омияттардың 

ең  соңғы  халифасы  Мәруан  ибн  Мұхаммедтің  Ирак 

әкімі  Язид  ибн  Омар  ибн  Хубайра  Әбу  Ханифаның 

сейіттерге жақтасқанын біліп, шақырып алып, әдейі 

сынады. Қазылық жұмысын ұсынды. Ол қабылдамады. 

Одан кейін мемлекеттегі әр түрлі лауазымды орындарға 

шақырды. Имам Ағзам бұлардың ешқайсысын қабыл 

етпеді. Ибн Хубайра Әбу Ханифаны қапасқа қамап, жапа 

шектірді. Ауыр азаптан басы жарылып, күп болып ісіп 

кетті. Қанша дүре соқса да, бас тартып тұрып алды. 

Көзінен жас шықпады. Кейін анасының баласына жаны 

ашып, қамыққанын естігенде, анасын аяп жылады. Нағыз 

қуатты да қайратты адам осындай болар. Өзі үшін қандай 

қиындықтың бәріне шыдап, бірақ өзгенің өзегін жалын 

шарпығанда  шыдай  алмай  көз  жасына  ерік  берген. 

9

  Пайғамбарымыз: «Мен сендерге екі нәрсе қалдырамын: «Бірі 



–  Құран,  бірі  –  Сүннетім»,  басқа  хадисте:  Бірі  –  Құран,  бірі 

– менің ұрпағым», – дейді. Өйткені, хазіреті Әлиден тараған 

ұрпағы (әһли бәйт) қияметке дейін Пайғамбарымыздың дінін 

жандандыруға,  адамзаттың  иманды  болуын  қалап,  мәңгілік 

бақыттылық  мекеніне  қол  жеткізіп,  Ұлы  Жаратушысына 

қауышуларына  себепкер  болуды  өмірінің  негізі  санап, 

өзгелердің бақыты үшін күресе келген қаһарман жандар.


24

Ислам ғылымхалы

Әлбетте, оның мемлекеттік лауазымды істерді қабыл 

етпеуінің бірнеше себептері бар:

1.  Аббаситтер көтеріліп, Омияттардың көптеген 

жерлерін  басып  алған.  Егер  ол  Омияттардың  саяси 

істерін қабыл етсе, өзін таныған халық арасында дау 

туып кетер еді.

2.  Омияттардың басқару жүйесі бұрыс. Әділеттілікті 

терістеп, олардың айтқанын екі етпеуге тырысу нағыз 

елге жасалған зұлымдық емес пе? Олар жазықсыз жанның 

қанын төгетін. Бұл – ханифтік негіздегі  Исламға қайшы 

іс-әрекет.

Кейіннен  Аббаситтер  дәуірінде  де  Әбу  Ханифа 

әділеттілігі  үшін  көп  азап  шекті.  Аббасит  Мансұр 

қазылық жұмысын ұсынды. Ол тағы да жөн көрмеді. 

Ақырында  Мансұр  оны  қапасқа  қамап,  ауыр  жапа 

шектірді. Оның зындандағы халін Рашид Уасиди былай 

баян етеді: «Күнде зынданнан шығарып, қамшымен он 

мәрте ұратын. Тіпті 110 дүре соғып, қазылықты қабыл 

ет» деп күштейтін. Ол болса: «Мен бұған лайық емеспін» 

– деуден таймайтын. Дүре соғылып жатқанда: «Я, Аллаһ 

Тағалам!  Құдіретіңмен  мыналардың  жамандығынан 

сақта!» – деп дұға ететін. Қазылықты қабылдамайтынын 

білген соң тамағына у қосып өлтірді».    

Осылайша алып кемеңгер Имам Ағзам әділеттілікті 

жақтағаны үшін залым халифаның қолынан (һижри 150) 

қаза тапты. Нағыз «Әбу Ханифа» Исламның бейбітшілік 

байрағын адамзаттың жүрек-әлеміне тігуге тырысты. Ол 

барша жұрттың арасында шындықты жасырмай қатесін 

айтатын. Оның шамамен 40 мыңға жуық, кейбір хабарда 

бес мың мүштәһид шәкірттері болды. Ең мықтылары 

төртеу: Әбу Юсып Яқуб ибн Ибраһим әл-Куфи (ө.182/798), 



25

Ислам ғылымхалы

Имам Мұхаммед ибн Хасан әш-Шәйбани (ө.189/805), 

Имам Зуфәр ибн әл-Хусәйл бин Қайс (ө.158/775), Хасан 

ибн Заид әл-Лу´луи (ө.184/800).

Ол  күн  сайын  шәкірттерімен  фиқһ  жайлы 

пікірлесетін. Шәкірттері өзіндік пікір-көзқарастарын 

жасырмай, қысылмай айтушы еді. Кейде Әбу Ханифа 

бір мәселе жайлы фәтуа беріп, үйіне келгенде түні бойы 

Құранды түгелдей қарап шығып, өз үкімінің дұрыс яки 

бұрыстығын қайта тексеретін. Хадистерге қарап, ойын 

саралап, нақыл мен ақыл таразысына тартатын. Егер 

берген үкімінде қателік кетсе, дүйім шәкірттерінің алдына 

шығып,  қателігін  мойындап,  дұрысын  дәлелдейтін. 

Ақиқатқа келгенде еш нәрседен қаймықпады. Оның дәріс 

алқасы «ақиқаттың ауылы» еді.

Имам  Ағзам  мәзһабы  тек  өзінің  көзқарастарын 

білдірмейді.  Жоғарыда  айтқандай,  оның  шамамен 

бес мыңдай мүштәһид шәкірттері болған. Мүштәһид 

– фиқһ саласындағы білгір жаңа заман талаптарына 

сай үкім шығаруға шамасы жететін адам. Сондықтан 

Имам Ағзам мәзһабы – осындай ғұламалардың ислами 

көзқарастарынан туған ақиқат жолы.

Имам  Ағзам  өте  діндар  кісі  болғандықтан, 

кішіпейілділік пен тақуалықты бәрінен жоғары санай-

тын. 

Бірде  оған  біреу:  «Сен  менің  иемсің»,  –  дейді. 



Сонда ол: «Аллаһ Тағалаға ант етейін, мен сенің берген 

абыройыңнан әлдеқайда беделдімін», – деп жауап береді. 

Мен Аллаһтың пендесімін. Бұдан өзге биік лауазым 

болар ма?! Оның тақуалығы жайлы ғибратты әңгімелер 

көп айтылады. Бірде ол базарда жүргенде екі адамның 

әңгімесін құлағы шалады. Әлгі екі адамның бірі жол-



26

Ислам ғылымхалы

дасына: «Мынау – Әбу Ханифа. Өте тақуа адам. Тіпті 

құптан намазының дәретімен бамдат намазын оқиды 

екен», – дейді. Осыны естігенде қатты таңданып, өз-өзіне 

былай дейді: «Мен ондай жан емеспін. Бірақ халықтың 

мен жайлы жақсы пікірлерін жоққа шығаруға қандай 

ақым бар?». Осыдан кейін ол қырық жыл бойы құптан 

намазының дәретімен таң намазын оқыған.

Түнімен Құран оқып, кейде бір аятты таңға дейін 

қайталап  жылаушы  еді.  Оның  қатты  жылағанын 

көршілері де естіп, жаны ашитын.

Әбу Ханифа дәулетті адам болса да, жүрегінде еш 

уақытта дүниеге деген сүйіспеншілік болмаған. 

Бірде шәкірттерінің арасында отырған оны сынамақ 

оймен  бір  адам  (яһуди)  келіп:  «Сенің  пәлен  жерден 

қайтып келе жатқан керуенің қарақшыларға жем болды. 

Енді не істейсің?» – дейді. Әбу Ханифа аз уақыт үнсіз 

отырып: «Әлхамду-лиллаһ» (Құдайға шүкір), – дейді. Әлгі 

адам аздан соң қайтып оралып: «Әбу Ханифа, сүйінші! 

Керуенің табылды. Қарақшылар қолға түсіпті. Малың дін 

аман жолда келе жатыр», – дейді. Әбу Ханифа тағы біраз 

үнсіздікке беріліп: «Әлхамду-лиллаһ», – дейді. Сонда 

әлгі адам таңырқап: «Сен неге дүние-мүлкің жоғалғанда 

да, табылғанда да бір сөзді қайталаумен болдың?», – 

дейді. Сонда Имам Ағзам: «Керуенің жоғалды дегенде, 

қиналып сыздар ма екен деп жүрегіме құлақ салдым. Түк 

болмағандай жүрегімнің бір қалыпты соққанын көріп, 

«Әлхамду-лиллаһ», – дедім. Кейін «Малың табылды» де-

генде қуанар ма екен деп, жүрегіме қайта құлақ салдым. 

Жүрегім сол баяғыша соғып тұрды. Мен сонда жүрегімде 

дүниеге  деген  сүйіспеншіліктің  болмағанын  біліп, 

қатты қуанып: «Әлхамду-лиллаһ», – дедім». Құранда 



27

Ислам ғылымхалы

Аллаһ Тағала: «Сендерді мал-мүлкің мен дүниелерің 



қабірге (өлгенге) барғанға дейін көз жауын алып 

(жалғандығы шындықтай көрініп) алдандырды»

– дейді. Яғни, малым, дүнием күймесін деп жүргенде 

өмірдің өтіп, қабірге түскендеріңді білмей қалдыңдар. 

Сонда ғана бұрылып қарадыңдар. Бірақ арттағы күйреген 

ғұмырларыңнан күйген күлше де таба алмай, қайраңдағы 

балықтай қалқып қала бердіңдер.

Бірақ алып тұлға Имам Ағзам Әбу Ханифа қашан да 

ғұмырымен қоса бар мал-мүлкін бұл дүние мен ақырет 

үшін  жұмсап,  келер  ұрпаққа  өшпес  жол  қалдырды. 

Абайдың «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын 

артына  сөз  қалдырған?!»  дегені  де  осындай  дара 

тұлғаларға арналғандығы сөзсіз.

Аллаһ Тағала бәрімізге Исламның ақ жолынан ада-

спай жүруді нәсіп етсін! Әмин!



* * * 

Мәзһабтар арасындағы айырмашылық 

себептері

Мәзһабтар арасындағы айырмашылықтар негізгі 

мәселелерден тыс шариғат тармақтарында кездеседі. 

Мысалы, намаздың, оразаның, зекет, т.б. міндеттердің 

парыздығында,  тіпті  намаздың  тәкбір,  қиям,  рүкүғ, 

сәжде, ақырғы отырыс және жалпы рәкат сандары сияқты 

негізгі бөлімдерінде барлық мәзһабтар ортақ көзқараста. 

Ал намазда «Фатиха» сүресін оқудың парыз яки уәжіп 

болуы сияқты тармақ мәселелерде айырмашылықтардың 

туындауының  өзіндік  әр  түрлі  себептері  бар.  Бұл 

себептердің бәрін бұл жерде толықтай қамтып, жазудың 


28

Ислам ғылымхалы

мүмкін  еместігін  ескертіп,  мысал  ретінде  кейбір 

себептерін қысқаша жазуды жөн көрдік.

Құранды түсінуден туындаған 

айырмашылықтар

а) Құран аяттарының астарлы мағынада яки 

сөздіктегі негізгі мағынасында қолданылуына бай-

ланысты. 

Мәзһабтар арасында айырмашылық туындауындағы 

себептердің бірі – кейбір аяттардың астарлы мағынада 

яки тілдегі негізгі мағынасында қолданылғандығына 

байланысты әр түрлі көзқарастардың болуы. Мысалы, 

«Маида» сүресінің алтыншы аятында былай делінеді: 



«Егер науқастанып қалсаңдар, яки сапарда болсаңдар, 

не болмаса біреу түзге отырып келсе, яки әйелдеріңе 

тисеңдер  (жақындассаңдар),  су  таба  алмасаңдар, 

таза жерге тәйәммүм соғып, беттеріңді, қолдарыңды 

сипаңдар».

Ханафилер бұл аяттағы тию мағынасын білдіретін 

«ләмс» сөзі негізгі емес, астарлы мағынада қолданылған 

деп қабылдайды. Аллаһ Тағала құлдарына әдептілікті 

үйрету мақсатында жыныстық қатынасты – жақындау, 

тию  сөздерімен  білдірген  деген  тұжырымға  барған. 

Сондықтан ханафиларда ер кісінің денесі әйел адамға 

тисе дәреті бұзылмайды. Ер кісінің әйел адамға тию 

арқылы дәретінің бұзылмайтынына Айша анамыздың 

риуаят еткен бір хадисін дәлел ретінде алға тартады. 

Бұл хадисте әйеліне қолы яки басқа бір денесі тие тұра 


29

Ислам ғылымхалы

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәретін жаңаламастан намаз 

оқығаны айтылады

10



Ал  Шафиғилар  болса,  аяттағы  тию  мағынасын 

білдіретін «ләмс» сөзінің астарлы мағынада емес, тілдегі 

негізгі  мағынасында  қолданылды  деген  көзқарасты 

таңдағандықтан, ер кісінің әйеліне яки басқа әйелдерге 

қолы  немесе  кез-келген  денесі  киімсіз  жалаң  күйде 

тиген жағдайда дәреті бұзылады (анасы, қызы сияқты 

үйленуіне болмайтын адамдарға тисе дәреті бұзылмайды). 

Ханафилардың дәлел ретінде келтірген хадисіне былай 

деп жауап береді: «Пайғамбарымыз әйеліне қолын яки 

басқа денесін тигізгеннен кейін дәретін жаңаламаса, 

әйелінің денесіне емес, киіміне тигізген шығар».

Екі  мәзһабтың  да  көзқарастары  дәлелдерге 

сүйенгендіктен екеуі де дұрыс.

ә) Бір сөздің астарлы мағынасынан тыс негізгі 

бірнеше мағынасының болуы: Аяттардағы бір сөздің 

бірнеше мағынаны білдіруі де бір мәселеде мәзһабтар 

арасында әр түрлі көзқарастардың туындауына себеп 

болған. 


б)  Аятта  анық  белгілеудің,  шектеудің  болма-

уы: Аятта істелінетін істің толық белгіленіп, шектеу 

қойылмауына байланысты бір мәселеде мәзһабтар ара-

сында әр түрлі көзқарастар пайда болған. Мысалы, басқа 

мәсіх тартуды немесе шашты сулап сипауды әмір еткен 

«Маида» сүресінің 6-аяты: «Ей, иман еткендер! Намазға 

тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін 

жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды екі 

тобыққа  дейін жуыңдар» – дейді. Бұл аятта басқа мәсіх 

тартудың көлемі нақты белгіленгендіктен, Шафиғиларда 

10

  Бухари, Хайз/24.



30

Ислам ғылымхалы

бастың  кішкентай  бөлігіне  мәсіх  ету,  тіпті,  су  себу 

жеткілікті. Ал Ханафиларда, кем дегенде, бастың төрттен 

біріне мәсіх ету парыз болса, Малики және Ханбалиларда 

басты түгел мәсіх ету парыз. Әр мәзһаб өзінің ұстанған 

көзқарасын  қолдап,  шариғи  дәлел  келтіргендіктен, 

бәрі дұрыс. Себебі, барлығы берген пәтуаларын аятта 

қолданылған «бастарыңды» деген мағынаны білдіретін 

«руусикум» сөзінің алдына қосылып жазылған «ب» яғни, 

«б» әрпінен шығаруда. Араб тілінде «б» әрпі әр түрлі 

мағынада келеді:

1.  Ешқандай мағынасы жоқ, тек өзінен кейінгі сөзді 

әдемілеу үшін келеді.

2.  «Кейбір» мағынасын білдіреді.

3.  «Тигізу, жанастыру, бітістіру» мағыналарында 

келеді. 


Міне, сондықтан Имам Ахмед пен Имам Малик: 

бастың барлық жерін мәсіх ету керек дейді. Себебі, бұл 

жердегі «б» әрпі тек қана сөзді әдемілеу үшін келген 

(зайд) яғни жеке тұрғанда мағынасы жоқ артық әріп 

дейді. 

Ал Әбу Ханифа болса, бұл жердегі «б» әрпі «кейбір» 



деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, бастың кейбір 

жерін мәсх етсе жетіп жатыр дейді. 

Ал имам Шафиғи болса, бұл жерде «б» әрпі «тидіру, 

біріктіру,  жабыстыру,  жанастыру»  мағынасында 

келгендіктен, тек қана қолдың басқа жанасуы, бірнеше 

шашқа  тиюі  мәсіх  ету  болып  саналады  деп  пәтуа 

берген. 

Аяттардың  кейбір  мәселелерді  анықтап,  белгілі  

шектеу қоймауында көптеген хикметтер бар.


31

Ислам ғылымхалы

Негізгі хикметі мен себебі, – дініміздің ақыл-ойға 

берген еркіндігі мен бостандығында. Ұлы Жаратушымыз 

құлдарының ақыл-ойын қолдануын қалайды. Құранда 

көптеген аяттарда «Ақылға салмайсыңдар ма?» делініп, 

мұсылмандарды  ойлануға,  толғануға,  ой  еркіндігіне 

шақырады. Міне, сондықтан ғұламалар бір аяттан ақиқат 

шеңберінде көптеген үкімдер шығарып, үкімдерін хади-

стермен қуаттаған.

Хадистерге байланысты туындаған 

айырмашылықтар

1.  Араб  тілі  грамматикасының  ерекшелігіне 

байланысты:

Хадистердің бір мәселеде әр түрлі көзқарастарға 

себеп болуы, араб тілінің өте ерекше тіл құрылымына ие 

болуында. Мысалы, бір сөз араб тілінде әр түрлі қалыпта 

оқылғандықтан, мағыналары да оқылған формаға сай 

өзгеріп отыруына байланысты ғұламалар бір сөзден әр 

түрлі үкімдер шығарған.

2.  Бір мағынадағы хадистің әр түрлі сөздермен 

риуаят етілуіне байланысты: Хадистердің Пайғам-

барымыздың дәл сөзбе-сөз айтқанындай емес, мағынасы 

бойынша риуаят етілу салдарынан бір хадис түрліше 

сөздермен жеткізіліп, бір мәселеде әр түрлі көзқарастар 

пайда болған.

3.  Бір мәселеде Пайғамбарымыздың әр түрлі 

хадистерінің болуы.

4.  Пайғамбарымыздың іс-әрекеті мен сөздерінің 

әр  келкі  жорамалдануы.  Мысалы,  пайғамбарымыз 

(с.а.у.) Ахзаб күні сахабаларына «намаздарыңды тек 

Бәни құрайзаға барып оқыңдар» деді. Аср намазының 


32

Ислам ғылымхалы

уақыты жолда кірді. Сөйтіп кейбіреуі: «Намазды бар-

майынша оқымаймыз» – десе, енді біреулері: «Жоқ, 

керісінші оқимыз. Өйткені, пайғамбарымыз бізге бұны 

айтқысы келмеді деді. (яғни, тезірек бәни құрайзаға бару-

ымызды қалады). Кейіннен бұл жағдай пайғамбарымызға 

білдірілген  уақытта  олардың  ешқайсысын  кінәлаған 

жоқ»


11



5.  Имамдардың хадис іліміндегі дәрежелерінің 



әр түрлі болуы.

6.  Хадис дәрежелерін белгілеудегі тәсілдердің әр 

түрлі болуы.

7.  Аят-хадистерді түсінуде имам дәрежелерінің 

әр түрлі болуы.

8.  Кейбір білдірілген хадис үкімдерінің күші жой-

ылып (мәнсұх болып), орнына жаңа насих үкімдер 

келген.  Осындай  хадистердің,  хадисте  білдірілген 

оқиғалардың қайсысының бұрын,  қайсысының кейін 

болғанын, яғни, насих пен мәнсұх хадистерді  бір-бірінен 

ажыратуда ғұламалардың бір көзқараста болмауы – әр 

түрлі мәзһабтардың шығуына түрткі болған. 

Аят, хадистерден тыс басқа себептер

1.  Үкімдерде әдет-ғұрыптың әсері.

2.  Сахаба  пәтуаларының  негізге  алынып-

алынбауына байланысты.

3.  Пәтуа шығару тәсілдерінің, ережелерінің әр 

қилы болуы.

Жоғарыда  мәзһабтардың  бір  мәселеде  әр  түрлі 

көзқараста  болуының  негізгі  себептерін  қысқаша 

11

  Хадисті ибн Омар риуаят етті. Бухари, Муслим.



33

Ислам ғылымхалы

талқыладық.  Демек,  дініміздегі  тармақталған  ішкі 

мәселелерде  әр  түрлі  көзқарастардың  тууы  табиғи 

нәрсе.  Тіпті,  періштелерде  де  әр  түрлі  көзқарастар 

болған.  Мысалы,    Бұхари,  Муслим  тәрізді  хадис 

кітаптарында  білдірілгеніндей,  рақым  періштелері 

мен  азап  періштелерінің  жүз  кісіні  өлтірген  кісінің 

тәубесінің  қабыл  болып-болмауына  байланысты  та-

ласулары    періштелердің  де  кейде  түрлі  көзқараста 

болатындықтарын білдіруде. Бухари мен Муслим сияқты 

үлкен хадис ғұламаларының өзі хадисті қабылдау шарт-

тарында әр түрлі көзқараста болған. Адам бар жерде әр 

түрлі көзқарастың болатыны заңдылық. Әр адам – жеке 

бір әлем. Оның ойлау қабілеті, түсіну дәрежесі – бәрі-

бәрі бөлек болмақ.

 Сахабалардың да одан кейін келген табиғиндардың 

да  арасында  діннің  кейбір  мәселелерінде  әр  түрлі 

көзқарастар болмай тұрмайтын. Мысалы, олардың ара-

сында пайғамбарымыздың (с.а.у.) миғражқа рухымен бе, 

жоқ әлде, рухымен қоса тәнімен шыққандығы, ол жерде 

Аллаһ Тағаланы көріп-көрмеуіне байланысты әр түрлі 

көзқарастар бар болатын. Бірақ бұл әр түрлі көзқарастар 

олардың бірліктері мен ынтымақтарына зәредей де кері 

әсерін тигізбейтін. Кейінгі мәзһаб ғұламалары да бір-

бірін қатты сыйлаған. Мысалы, ханафи ғұламасы әл-Қади 

Әбу Усам Шафиғи ғалымы Қаффалдың мешітіне барады. 

Әбу Усамды көрген Қаффал муәззинге азанды ханафи 

мәзһабы бойынша оқылуын тапсырады. Әбу Усам намаз 

оқытады. Бірақ өзі ханафи мәзһабын ұстанатындығына 

да қарамастан «бисмиллаһты» шафиғи мәзһабы бойын-



34

Ислам ғылымхалы

ша жария оқыған

12

. Міне, ғұламалардың арасындағы әр 



түрлі көзқарас ұстануы  мен мәзһаб ерекшелігі бір-біріне 

деген сый-құрмет, ықыластарына кері әсерін тигізбеген. 

Сондықтан біздер де ортақ мәселелерімізде бір-бірімізді 

қолдап, әр түрлі келіспейтін мәселерде бір-бірімізге кең 

түсінікпен қарай білуіміз қажет.

Бір мәселеге байланысты бір ғана  хадисті оқып, 

асығыс шешім қабылдауға болмайды. Мен бұл жайлы 

сахих  хадис  оқығанмын,  олай  болса  басқаша  болуы 

мүмкін емес деп, мұсылмандар арасында бүлік шығару 

жөн емес. Жоғарыда айтып өткеніміздей,  оның оқыған 

хадисін  ғұламалар әр түрлі түсінуі мүмкін. Екіншіден, 

пайғамбарымыздың (с.а.у.) ол мәселеге байланысты басқа 

да хадистері болуы мүмкін. Мысалы, жұма намазының 

сүннетіне байланысты хадисті алып көрелік. Ибн Омар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет