Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

ІІ кІтаП

ҚҰраН баҚтары

(ҚЫСҚА СүРЕЛЕР ТӘПСІРІ)

 


242

ӘУЕЛГІ СөЗ

 و هلآ ىلع و دمحم ىلع ملاسلاو ةلاصلا و نيملاعلا بر لل دمحلا

نيعمجا هبحص

 Күллі мадақ пен мақтау – мынау ғаламзатты ұлы 

құдіретімен  жаратып,  таспиықтың  тасындай  бір  жіп-

ке  тізіп,  жүйе  орнатқан  һәм  жұмыр  басты  пендесін 

соның  ең  ардақтысы  етіп,  құзырынан  кітап  түсірген 

Рақымды Аллаһ Тағалаға тән. Оның адамзатқа айрықша 

рақымдылық  көрсетіп,  Құранды  жеткізуші  етіп  жі-

берген  ақырғы  пайғамбары,  ғаламның  Рақым  нұры  – 

хазіреті Мұхаммедке сәлем жолдап, салауат айтамыз.  

Аллаһ  Тағала  Құранды  ақырғы  елшісі  (с.а.с.) 

арқылы қияметке дейінгі жалпы адамзаттың мәселелерін 

шешіп, екі дүниеде де бақытты ету мақсатымен түсірген. 

Пайғамбарымыз (с.а.с.) – Құранды адамзатқа әрі жет-

кізуші,  әрі  түсіндіруші.  Өйткені,  Ол  Хақ  Тағаланың 

Елшісі,  сол  себепті  Құранды  бәрінен  де  терең  біледі. 

Задында,  Оның  (с.а.с.)  міндеті  де  –  тәблиғ

259

  және 


түсіндіру.  Құранда  бұл  жайлы  аяттар  көп.  Мысалы: 

«Ей,  Пайғамбар!  Раббың  тарапынан  түсірілгенді 

баршаға жеткіз. Егер мұны жасамасаң, пайғамбарлық 

уазипаңды  толық  орындамағаның.  Аллаһ  сені  адам-

дардан  қорғайды»

260


.  Осы  аятта  Құранды  халыққа 

жеткізуі  оның  негізгі  міндеті  екендігі  айтылып  тұр. 

Ендеше,  Құранды  ең  алғашқы  тәпсірлеуші  –  хазіреті 

Мұхаммед  (с.а.с.)  пайғамбар.  Басқа  аятта:  «Саған  да 

259

 Тәблиғ  –  жеткізу.  Яғни,  Хақ  Тағаланың  дінін  адамдарға 



дәлме-дәл жеткізу.

260


 «Маида» сүресі, 5\67.

243

адамдар ұғуы үшін түсірілгенді ашық баян етсін деп, 

Құранды  түсірдік.  Әрине,  олар  түсінер»

261


.  Атақты 

ғұлама Ибн Тәймия осы аятқа сүйеніп: «Пайғамбардың 



(с.а.с.)  сахабаларға  Құранның  мағынасын  түсіндіріп, 

тәпсірлеуі  парыз»,  –  дейді

262


.  Аллаһ  Елшісі  (с.а.с.) 

пайғамбарлықтың  алғашқы  күнінен  бастап,  Аллаһтан 

түскен уахиды сахабаларға түсіндірген. Құранды терең 

түсінуге сол кітаптың өзі әмір етуде. Мысалы: «Саған 



ақыл иелері аяттарын түсініп үгіт алсын деп, мүбәрак 

бір кітап түсірдік»

263


Құран тәпсірінің қайнар көзі – Пайғамбарымыздың 

(с.а.с.) сүннеті екені айтпасақ та түсінікті. 

Бұл  жерде  халыққа  кеңінен  түсінікті  болу  үшін 

екі  негізгі  терминнің  астарына  үңілуіміз  қажет.  Ол  – 

«тәпсір» мен «тәуил» сөзінің этимологиясы. Тәпсірдің 

түбірі    «фәсәрә»  –  баяндау,  жаңалық  ашу,  айқындау 

және  жасырын  нәрсені  ашу  тәрізді  мағыналарға  сая-

ды

264


. Діни терминде – мән-мағынасы айқын білінбеген 

сөзден мақсат етілген мағынаны айқындау. Яғни, бұл сөз 

араб тілінің «тәфил» бабы арқылы жасалған. Ғұламалар 

бұл  сөзді  Құран  аяттарының  мағыналарын  айқындау 

үшін  пайдаланғанымен,  бұл  Құран  ауқымында  ғана 

шектелмей, басқа да ілім салаларында қолданылған. 

«Тәуил»  –  «әуәлә»  сөзінен  шыққан,  «кері  қайту, 

оралу»  мағынасын  береді

265

.  Осы  сөздің  «тәфил» 



бабы  –  «түсіндіру,  айқындау  және  баяндау»  тәрізді 

261


 «Нахыл» сүресі, 16\44.

262


 Жәләуддин әс-Сиуити. әл-Итқан фи Улумил-Қуран. Бәйрут, 

1996, 2 том. 208-бет.

263

 «Сад» сүресі 38/29.



264

 Ибн Манзур. Лисануль-араб, 15-том. «Фәсәрә» бөлімі.

265

 Лисануль-араб, 11-том. «Әуәлә» бөлімі.



244

Мәңгі мұғжиза

мағыналарға саяды

266

. Терминдік мағынасы – «сырттай 



ұқсас  екі  ықтимал  мағынаның  біріне  қайтару».  Яғни, 

аяттағы ықтимал мағыналардың бірін таңдау. 

«Тәпсір» мен «тәуил» сөздері кей замандарда бір-

бірінің орнына қолданылса да тәпсір сөзі термин ретін-

де тәуилден бұрын пайдаланылған. 

Жалпы  тәпсірлер  «риуаят»  және  «дираят»  болып 

екіге бөлінеді. 

1. Риуаят тәпсірі – Сәләфи, Исламның алғашқы 

ғұламаларының  еңбектеріне  сүйенген  тәпсір.  Ри-

уаят  тәпсірі  кейбір  аяттарды  түсіндіргенде,  алды-

мен  тікелей  Құранның  басқа  аяттарын  және  Хазіреті 

Пайғамбарымыздың  (с.а.с.),  сахабалардың  сөздерін 

дәлелге  келтіреді  және  бұған  кейде  табиғиндердің 

сөздерін де жатқызады. 

Риуаят тәпсірінің атақтыларының кейбіреулері.

1. Мухаммәд ибн Жәрир әт-Табәри. Жамиул-баян 

ан тәуилил-Қуран.     

2.  Әбу  Ләйс  әс-Самарқанди.  Тәфсирул-Қуранил-

азим. 


3.  Әбу  Исхақ  әс-Саләби.  әл-Кәшф  уәл-бәян  ан 

тәфсирил-Қуран.

4. Әбу Мухәммәд әл-Хусәйн әл-Бәғәуи. Мәалимут-

тәнзил. 


5. Ибн Кәсир. Тәфсирул-Қуранил-азим. 

2. Дираят тәпсірі – «рәй» және «мақул» тәпсірі 

деп аталады. Бұлар риуаят тәпсірлермен ғана шектеліп 

қоймай,  тіл,  әдебиет,  дін,  т.б.  әр  түрлі  мағлұматтарға 

сүйеніп жасалған тәпсірлер. Яғни, өздерінің иштиһады 

(ой-пікірі) арқылы жасалады.  

266


 Сол жерде.

245

Құран бақтары

Дираят тәпсірлерінің мәшһүрлері:

1. Фахруддин әр-Рази. Мәфәтихул-ғайб.

2. әл-Бәйдауи. Әнуәрут-тәнзил уә әсрәрут-тәуил. 

3. ән-Нәсәфи.  Мәдәрикут-тәнзил  уә  хақаиқут-

тәуил.


4. Әбу Хайән. әл-Бахрул-мухит.

5. әл-Алуси.  Рухул-мәани  фи  тәфсирил-Қуранил-

азим. 

Құран жер бетіне түскелі он бес ғасыр өтті. Содан 



бері Ислам ғұламалары Құранға қатысты атан түйеге жүк 

болар кітап жазса да мұсылмандар Құранды әлі күнге 

дейін толық түсінді дей алмаймыз.  Құранның мағынасы 

шексіз.  Ол  –  Ұлы  Жаратушының  жаратылмаған  сөзі. 

Бұл  –  адамдар  Құранды  түсінбейді  деген  сөз  емес. 

«Адам өз заманының төл перзенті» демекші, әр толқын 

өз  уақытының  қажеттілігіне  қарай  дәріс  алған.  За-

ман  өткен  сайын  Құран  жаңара  түседі.  Сол  себепті 

бұрынғыларға  қарағанда  қазіргілердің  Құранды  терең 

түсінуіне мүмкіндік мол. Әлемде ашылған жаңалықтар 

арқылы Құранды жаңа қырынан оқуына әбден болады. 

Адамзат  Құранды  сол  жетістіктері  арқылы  енді  ғана 

оқи бастады. Адамзат осы күнгіден де маңызды ғылыми 

жетістіктерге қол жеткізсе, Құранның Хақ Тағаланың 

кітабы екендігін көп аңғарар еді. Құранда: «Болашақта 

дәлелдерімізді  ғаламзат  және  өз  жаратылыстарын-

да көрсетеміз. Сол кезде Құранның ақиқат екендігіне 

олардың анық көздері жетеді»

267


 дейді. 

Қолыңыздағы  кітапта  әзірге  Құранның  алғашқы 

сүресі  және  ақырғы  парасының  «Шәміс»  сүресінен 

«Нас»  сүресіне  дейін  тәпсірледік.  Жалпы  көпшілікке 

арналғандықтан  жеңіл  әрі  жатық  тілмен  жеткізуге 

267


 Фуссилат сүресі. 41/53.

246

Мәңгі мұғжиза

талпындық.  Терең  жазылған  тәпсірдің  бәрін  түсіну 

қиынға соғады. Атақты тәпсіршілердің Құранға қатысты 

тәпсір  кітаптары  бойынша  әуелі  Құран  сүрелерінің 

арабша мәтінін бердік, содан соң қазақша мағынасында 

түрік, қазақ тіліндегі аудармаларға, арабша тәпсірлерге 

сүйендік.  Сүренің  қайда  түскендігін,  түсу  себептерін, 

аяттарының санын қоса көрсеттік. Аяттарды жеке кел-

тіріп,  тәпсіршілердің  ойларын  айтып,  соңынан  сол 

сүренің  қазіргі  таңдағы  адамдарға  да  қатысты  жағын 

өзімізше  түсіндіруге  талпындық.  Сондай-ақ,  әлбетте 

сол  аяттарға  қатысты  Пайғамбарымыздың  (с.а.с.),  

сахабалардың сөздерін келтірдік. Қандай да бір аятты 

талдағанда  оның    кириллицадағы  нұсқасын  қоса  кел-

тірдік.  

Құранның  қысқа  сүрелері  көбінесе  намазда 

оқитын  сүрелер.  Намазда  Құранды  түсініп  оқыған 

мұсылманның Хақ Тағалаға деген құлшылығы тереңдей 

түседі. Біздің мақсатымыз – халықтың Құранды түсініп 

оқып, тақуалыққа жетуіне қызмет ету. Құран оқу, оны 

өзгеге жеткізу – нұр үстіне нұр. Іске сәт, оқырман! 

Мұхитдин ИСАҰЛЫ,

     Теология (тәпсір) ғылымының докторы 

 


247

Құран бақтары

ةحتافلا ةروس



«фАТИхА» СүРЕСІ

  ِنـم ْحَّرلا }2{ َنيِمَلاَعْلا  ِّبَر ِ ّلل ُدْم َحْلا }1{ ِِمي ِحَّرلا ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب

 }5{  ُنيِعَت ْسَن َكاَّيِإو ُدُبْعَن َكاَّيِإ }4{ ِنيِّدلا ِمْوَي  ِكِلاَم }3{ ِمي ِحَّرلا

 ِريَغ ْمِهيَلَع  َتمَعنَأ َنيِذَّلا  َطاَر ِص }6{ َميِقَتسُملا  َطاَر ِّصلااــــَنِدها

}7{  َنيِّلا َّضلا َلاَو ْمِهيَلَع  ِبو ُضغَملا

Мағынасы: 

1.  Рахман да Рақымды Аллаһтың атымен.

2.  Барлық хамд, мадақ пен мақтау әлемдердің Раббы 

Аллаһқа.


3.  Ол Рахман да Рақымды.

4.  Дін күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.

5.  Саған  ғана  ғибадат  қылып,  Сенен  ғана  жәрдем, 

көмек сұраймыз.

6.  Бізді  тура  жoлға  (Саған  қас-қағым  сәтте  бoл-

сын ауытқымай, адаспай тура апаратын жoлға) 

сал!  (Тура  жoлыңда  тұрақты  ет!  Діттеген  ме-

жемізге, Саған жеткенге дейін бізді қoрғаныңнан 

шығарма!).

7.  Бізді әрқашан ырыс-береке мен жақсылықтарыңды 

берген  салиқалы  құлдарыңның  жoлымен  жүргіз! 

Ашуыңа, қаһарыңа ұшырағандар мен тура жoлдан 

тайып, адасқандардың жoлына түсірме!»

«Фатиха»  сүресі  Аллаһ  Елшісіне  (с.а.с.)  Меккеде 

пайғамбарлық келген алғашқы жылдарда түскен. Жеті 

аяттан тұрады. Тұтас күйінде түскен ең алғашқы сүре. 

Құран  Кәрімнің  «кіріспесіндей»  болғандықтан,  «бір 


248

Мәңгі мұғжиза

нәрсені ашушы, бастаушы» мағынасына сай – «кітаптың 

Фатихасы», «әл-Фатиха» деген ат берілген. 

Бұл сүренің бұдан басқа да атаулары бар, солардың 

кейбіріне тоқтала кетейік:

1.  Намазда  оқылуы  уәжіп  болғандықтан  «Су-

ратус-салат»  (Намаз  сүресі)  деп  аталған.  Өйткені, 

Пайғамбарымыз:  «Фатиханы  оқымағанның  намазы 



қабыл болмайды»

268


,  – деген. 

2.  (Аллаһ  Тағаланың  «Аршының»  астындағы 

қазынасынан  түсірілгендіктен)  «Кәнз,  қазына»  деген 

атау да берілген. 

3.  Күллі  Құран  сүрелерінің  негізі,  дақылы 

болғандықтан,  «Уммул-Китаб»,  «Уммул-Қуран», 

«Кітаптың анасы», «Құранның анасы» деп те аталған.

4.  Құран  дұға,  тілек,  бата  болғандықтан,  «Дұға» 

сүресі деген де аты бар. 

5. Адамның рухани және психикалық дертіне бір-

ден-бір ем-дауа болғандықтан «Шипа» сүресі деген аты 

бар. 


Бұдан басқа да «Фатиха» сүресінің жиырмадан аса 

атауы кездеседі. 

«Фатиха» сүресі – Құранның негізі. Яғни, Құранның 

барлық мағынасын қамтығандықтан, оның мынадай не-

гізгі тақырыптары бар: 

1. Тәухид (Аллаһ Тағаланың дара екендігі).

2. Пайғамбарлық.

3. Ақырет.

4. Құлшылық пен туралық. 

Ислам  ғұламалары:  «Құранның  мағынасы  мен 

мазмұны «Фатиха» сүресінде бар. «Фатиха» сүресінің 

268


 Муслим.  Әбул  Хусәйн  ибн  Хажжаж.  Сахих.  Станбул,  1973. 

Салат 34-36.



249

Құран бақтары

мағынасы 

«Бисмиллаһир-Рахманир-Рахимде» 

қамтылып,  ондағы  мағына  сол  «бәсмәләнің» 

ب

  «б» 


әрібінің ноқатында бар», – дейді. 

«Фатиха»  сүресінің  мағынасы  ұшан-теңіз.  Мыса-

лы,  Фахруддин  әр-Рази  отыз  екі  томдық  «Тәфсирул-

кәбир»    еңбегінің  толық  бір  томдығын  «Фатиха» 

сүресіне арнаған. 

«фатиха» сүресінің шағын тәпсірі 

«Фатиха»  сүресінің  тәпсірін  бастамас  бұрын 

Құрандағы  «қуылған  шайтаннан  Аллаһ  Тағалаға 

сиынуға» қатысты аятты тәпсірлейік. Өйткені, Құранды 

оқығанда  Аллаһ  Тағалаға  осылайша  сиынып  бастау 

қажет.  Бұл  –  Аллаһ  Тағаланың  бұйрығы.  Құрандағы 

«Нәміл»  сүресінде: 

ِنا َطْيَّشلا   ْنِم  ِ َّللاِب  ْذِعَت ْساَف  َنآْرُقْلا   َتْأَرَق  اَذِإَف 

ِمي ِجَّرلا

  –  «Құран  оқыған  кезіңде  қуылған  шайтаннан 



Аллаһ Тағалаға сиын»

269


 дейді. Ендеше бұл –

نم ِ َّللاِب ُذوُعَأ  

ميجرلا ناطيشلا

« 

ذْوع – »ذوعا



 сөзінен шыққан. Үш түрлі мағынасы 

бар.  Біріншісі,  «илтижә»  –  «Аллаһ  Тағалаға  сиыну»

Екіншісі,  «истижәр»  –    «Хақ  Тағаланың  от  азабынан 

қорқу».  Үшіншісі,  «илтисақ»  –  «бекем  ұстану».  Ен-

деше 


ِ َّللاِب  ُذوُعَأ

  сөзінің  мағынасы: 

ُريجتسا  هنم  و  ُءيجتلا  هيلا 

ُقصتلا  هب  و

    біріншіден,  Аллаһтың  рақымдылығы  мен 

жәрдеміне сиынамын. Оны пана тұтамын. Одан басқа 

ешбір  пана  да,  күш-қуат  та  жоқ.  Екіншіден,  Аллаһ 

Тағаланың  рақымдылығына  сиынумен  қатар,  Оның 

азабынан  қорқып,  Оған  және  сиынамын.  Үшіншіден, 

269


 «Нахыл» сүресі, 98.

250

Мәңгі мұғжиза

Аллаһ Тағалаға сүйеніп, Оны ғана тірек етіп, Оның жо-

лынан  тістей  қатып  айырылмаймын.    Өзгенің  бәрі  де 

өткінші, жалған.  

للاِب

 сөзі – Аллаһ Тағаланың ұлы есімдерінің бәрін 



қамтиды.  «Аллаһ»  сөзі  –  кемшіліктен  ада,  кәміл  де 

толық  сипаттарды  қамтыған  адам  баласының  ақылы 

жетпейтін ұқсасы мен серігі жоқ Ұлы Жаратушы деген 

мағынаны  береді.  «Аллаһ»  деген  кезде  пенде  осылай 

ойлайды. 

نطش


   нeмeсe 

ط اش


 алыс, ұзақ деген мағынаға келеді. 

Құранда:  

ِّن ِجْلاَو  ِسنِ ْلا  َنيِطاَي َش اًّوُدَع  ٍّيِبَن  ِّلُكِل اَنْلَع َج  َكِلَذَكَو

 «Осы-



лайша Біз әр пайғамбарға адам мен жын шайтандары-

нан дұшпан жасадық»

270


, – дейді.  Мейлі адам, мейлі 

жын  болсын,  илаһи  рақымдылықтан  қуылған  барлық 

нәрсе «шайтан» деп аталады. 

ميجرلا


    мағынасы  – 

موجرم


  мaғынaсына  саяды, 

«лағынет етілген, малғұн» деген сөз. Бұл аятта Аллаһтың 

рақымынан қуылған – шайтан. Кейде қауқарсыз пенде 

шайтанның  өзін  жағалап  жүріп  іштей  азғырылғанын 

сезбей қалады. Құдды шайтан адамның жүрегіне арнайы 

қондырғы қойып, өзі соны басқарып тұрғандай. Яғни, 

шайтан адамды жақыннан да, қашықтан да азғыра ала-

ды. Адамның жүрегінде шайтанның азғырынды ойын 

қабылдайтын осал тұсы да, сондай-ақ, Хақ Тағаланың 

«илаһи  нұрын»  сіңіретін,  қуат  алатын  рухани  жағы 

да  бар.  Міне,  шайтан  пенденің  жүрегіне  ұзақтан  ра-

дио  толқындары  тәрізді,  «уасуасаларын»  (азғыру)  жі-

бергенде  әлгі  адам  қалай  басы  айналғанын  сезбей  де 

қалады. Пайғамбарымыздың сөзімен айтсақ, «Ханнас» 

270


 «Әнғам» сүресі, 112.

251

Құран бақтары

шайтан  аузын  адамның  жүрегіне  тақап  үрлеген  кезде 

адам  өзінің  қандай  күйге  түскенін  білмей  де  қалады. 

Білген  күннің  өзінде  желімдей  жабысқан  азғырынды 

ойды қууға күші жетпей, шайтанның айтқанына көніп, 

айдауына жүреді. Міне, осы кезде адам Аллаһ Тағалаға 

сиынып: 

ميجرلا ناطيشلا نم ميلعلا عيمسلا للاب  ذوعا

  – деуі қажет. 

Яғни,  «шайтанның  азғырғанын  естіп,  білетін  және 



оны қууға құдіреті шексіз Аллаһ Тағалаға сиынамын»

Адамға өзгеде жоқ сана мен ерік беріліп, ғаламзат 

оған бағындырылғандықтан ертеңгі сұрауы да өте ауыр 

болмақ. Жұмыр басты пенде күні ертең мақшарда Хақ 

Тағалаға есеп беріп тұрып, «міндетімді толық атқардым, 

жәһаннамға кіруге ешқандай құқым жоқ» дей алмайды. 

Олай болса, адамды сол тозақ отынан кім құтқара ала-

ды? Тіпті өзінің бұл өмірден мұсылман болып өтеріне 

кім кепілдік ете алады? Бүгіні мен ақырының не бола-

рын  білмей  дағдарған  пенде  Жаратушы  Жаппар  Иеге 

сол азабынан сиыну арқылы ғана жұбана алады. 

Ғарыштан  үңілгенде  тозаң  түйіріндей  жер  бетін-

де  қыбырлап  тіршілік  еткен  адам  баласына  қаскүнем 

қаскөй күштерді санап тауыса алмайсың. Жердегі ма-

садан бастап көктегі метеориттер, яки, жұлдыздардың 

жерге соқтығуына дейін әрбір қатер адамға кез келген 

сәтте  зиянын  тигізуі  мүмкін.  Әлсіз  пенденің  бұларға 

қалай  шамасы  келмек?  Ендеше,  ол  осылардың  бәріне 

күш-құдіреті  жететін,  соларды  жаратқан  Ұлы  Иесіне 

сиынуы  қажет.  Сол  ғана  оны  әрбір  қадамында  кезде-

сетін қауіп-қатерден аман сақтай алады.

  Сонымен  қатар,  адам  баласының  бұл  өмірдегі 

қажеттілігін айтып, тауысу мүмкін емес. Оның жүрегінде 

мәңгілікке ұмтылған арман тілектері бар, бірақ соларға 

қол жеткізуге өзі соншалық қауқарсыз. Өзіне салса, сол 


252

Мәңгі мұғжиза

тілектерінің ешбіріне де қол жеткізе алмас еді. Өзінің 

дәрменсіздігін  сезінген  кезде  қайғырып,  өмірден  опа 

таппай кетеді. Адам баласы осындай шақта ғаламзаттың 

Ұлы Жаратушысына ғана арқа сүйеуі қажет. Адамның 

рухына мәңгілік өмірге деген сезімді салған Хақ Тағала 

пендесінің сол тілегін кері қайтарып, аяқ асты етпейді. 

Аллаһ Тағалаға сиынудың үшінші мағынасы осы.      

Сөз түйіні, Құран – Аллаһтың сөзі. Құран оқығанда 

пенде  Раббысымен  сөйлеседі.  Онымен  сөйлескен 

адамның  жүрегі  таза  болуы  қажет.  Мұсылман  Құран 

оқырда  Хақ  Тағалаға  сиыну  арқылы  ғана  жүрегін 

шайтанның барлық азғыруынан тазарта алмақ. 

1.  ِ


ِمي ِحَّرلا   ِنم ْحَّرلا  ِللا  ِم ْسِب

    –  «Рахман  да  Рақымды 



Аллаһтың  атымен».  Араларында  Имам  Әбу  Ханифа 

да бар бір топ фиқһ (құқық) ғалымдарының көзқарасы 

бойынша,  «бәсмәлә»  аяты  –  «Фатиха»  және  басқа 

сүрелердің бір аяты емес, тек қана «Нәміл» сүресінің 

30-аяты.  Басқа  сүрелердің  басында  тәбәрік  етіп 

жазылғандықтан намазда оны дауыстап оқымайды

271

.

Имам  Шафиғи  бастаған  басқа  бір  топ  фиқһ 



ғалымдарының  көзқарасы  бойынша,  «бәсмәлә»  аяты 

Фатиха және өзге сүрелердің алғашқы аяты. Сондықтан, 

«Фатиханы» Шафиғилар намазда дауыстап оқиды

272


271


 Толығырақ  мәлімет  алғыңыз  келсе,  қараңыз;  әл-Имам 

Алауддин Әбу Бәкр ибн Мәсғуд әл-Кәсәнил-ханафи, Бәдәиус-

Санаии, Бәйрут. 1996. 1 том. «Китабус-салат» бөлімі. (Кәсәни; 

Ферғана  аймағының  үлкен  қалаларының  бірі  саналған 

Кәсәнда  туған.  Алаууддин  әс-Самарқандидің  ең  мықты 

шәкірті. 587 жылы 10 режеп айында қайтыс болған.)

272

 Мухаммәд  Али  әс-Сабуни,  Рәуәиул-бәян    тәфсиру  әяәтил-



ахкәм минәл-Қуран, Станбул. 1-том. 43-бет; Төрт мәзһәбтың 

«бәсмәлә»  хақында  көзқарастарына  қатысты  кеңірек 

мағлұмат үшін қараңыз; Уәһбә Зухәйли, әл-Фиқһул-Исләмия 


253

Құран бақтары

2. َ


نيِمَلاَعْلا  ِّبَر ِ ّلل ُدْم َحْلا

 – «Барлық хамдтар, мадақ пен 



мақтаулар әлемдердің Раббы Аллаһқа».

د ْم َحْلا

 – «Хамд»: мадақ пен шүкірді қамтыған ере -

ше мадақтау түрі. Мадақ жанды мен жансызға да айты-

лады. Жансызға хамд етілмейді. Мадақ жақсылықтың 

алдынан да, соңынан да айтылады. Хамд жақсылықтан 

кейін  айтылады.  Оның  хамд  етушіге  жеткен  бір 

жақсылық  болуы  шарт  емес.  Ал  шүкірде  бұл  шарт. 

Шүкір берілген бір нығметке сөз бен іс арқылы, болма-

са, жүрекпен нығметті сыйлағанға құрмет ретінде оған 

жасалған қайтарым

273


. Берген сыйы, жақсылығы үшін 

рахметін жаудыруы мен алғысын білдіруі.  

ِّ

ِ ّلل  ُدْم َحْلا



  –  «әл-Хамду»  сөзінің  басында  «анықтық 

хал»  бар.  Бұл  да  «хамд»  сөзіне  мынадай  мағына  бе-

реді. Әзәлден әбәдке (бастаусыз, мәңгі) дейінгі барлық 

хамд  –  Аллаһ  Тағалаға  тән.  Өйткені,  барлық  мекен, 

күллі  заман,  жалпы  жаратылыс  пен  нығметтер  Оныкі 

болғандықтан, барлық хамд Оған айтылуы қажет

274

.

уә әдилләтуһу, Димашқ. 1996. 1-том. 646-650-беттер. 



273

 Қараңыз;  Хафизуддин  Әбул-Бәрәкәт  Абдуллаһ  ибн  Ахмәд 

ибн  Махмуд  ән-Нәсәфи,  Мәдәрикут-тәнзил  уә  Хақаиқут-

тТәуил, (Тәфсирун-Нәсәфи) Станбул, 1991. 1 том, 5 бет. (ән-

Нәсәфи; Өзбекстандағы Соғд аймағының Нәсәф шаһарында 

туған. Қайтыс болған жылы белгісіз. Ислам әлеміндегі атақты 

тәпсіршілердің  бірі.  Сондай-ақ  ханафи  фиқһында  атақты 

ғұлама.  Ұстазы  Шәмсул-Әиммә  (Имамдардың  шырағы) 

Мұхаммед  ибн  Абдуссәттәр  әл-Кердери  (Кердерлі).  Атақты 

шәкірттері «Мәжмәул-Бахрәйнның» авторы Музаффәруддин 

ибн  әс-Сағати  (ө.  694/1294-1295)  және  әл-Һидаяға  шарх 

жазғандардың  бірі  Хусамуддин  әл-Хусәйн  ибн  Али  ибн 

Хажжаж әс-Сығынақи (ө. 714/1314-1315).

274


 әл-Имам  Фәхруддин  әр-Рази,  әт-Тәфсирул-кәбир  әу 

мәфәтихул-ғайб,  Бәйрут,  1990.  1-том,  148-149-беттер.  (әр-



254

Мәңгі мұғжиза

للا


    –  «Аллаһ»  –  нағыз  илаһ,  Құдайдың  өзіне  тән 

есімі. Қалған барлық көркем есімдерінің мағыналарын 

сыйдырған  құдайлығының  жеке-дара  атауы.  Кейбір 

ғұламалардың  көзқарасы  бойынша,  бұл  сөз  басқа  бір 

сөздің  түбірінен  шыққан,  десе  де,  жалпы  көзқарас 

бойынша  бұл  сөз  басқа  сөздің  түбірінен  шықпаған. 

Әуелден өз алдына бөлек есім болған

275


.

ِ

ّبَر



 – «Рабб» – негізінен «тәрбие» мағынасындағы 

сөз  болғанымен,  тәрбие  етушіге  есім  болып  берілген. 

«Ие», «қожайын» мағыналарына да саяды

276


.

َنيِمَلاَعْلا

 – «Аламин» сөзі – «аләм» сөзінің көпше түрі, 

Аллаһ Тағала білетін шексіз, түпсіз барлық әлем деген 

сөз. Атомдар әлемінен жұлдыздар әлеміне дейін әрбір 

әлем, рухтар әлемі. Түс әлемі, қабір әлемі, өсімдік, жан-

жануарлар, дауыстар, түрлер, барлығы да өз алдына бір 

төбе жеке әлем. Көктегі әрбір жұлдыз өзінше әлем. Ас-

Рази;  Мұхаммед  ибн  Омар  ибн  әл-Хусәйн  ибн  Али  әл-

Қурайши әт-Тәйми, әл-Бәкри, әт-Табәристаи 543/1149 жылы 

рамазан айының 25-інде Рәй шаһарында дүниеге келген. Лақап 

аты  Әбу  Абдиллаһ  яки  Әбул-Фадл.  Ілім  алу  үшін  Хорезм, 

Бухара, Самарқанд, Хожкент, Бенақит, Ғазнә және Хинд т.б 

шаһарларды аралаған. Ол тек қана тәпсірші емес, сонымен 

қатар кәләм, құқық методологиясы, фәлсәфә салаларын терең 

білген. Ең атақты кітабы отыз екі томнан тұратын аталмыш 

тәпсір кітабы.

275


 «Аллаһ»  сөзінің  этимологиясы  жайлы  тереңірек  мағлұмат 

үшін  қараңыз;  Мухаммәд  Али  әс-Сабуни,  Рәуәиул-бәян  

тәфсиру әяәтил-ахкәм минәл-Қуран, 1-том. 19-бет.

276


 әл-Имам  Мухис-Суннә  Әби  әл-Хусәйн  ибн  Мәсууд  әл-

Бәғәуи, Тәфсирул-Бәғәуи, Рияд, 1993. (әл-Бәғәуи; Мәрв пен 

Херат арасындағы «Бағ» яки «Бағшур» деп аталатын ауылда 

433/1041 яки 436/1044 жылы туылған. Ол тәпсірші ғана емес, 

сондай-ақ  фиқһ  және  сүннет  ілімдерін  терең  меңгерген); 

Сайд Қутуб, Фи зилалил-Қуран, Бәйрут. 1995. 1-том. 22-бет. 



255

Құран бақтары

трономия  мамандарының  шамалауынша,  әлемде  жүз 

миллиард  галактика  бар  және  бұл  галактикалардың 

бірінен  саналған  Құсжолы  галактикасында  екі  жүз 

миллиард жұлдыз бар. Бұл да әлемдердің Раббы болған 

Аллаһтың  ұлылығы  мен  құдыретінің  шексіздігін 

көрсетеді.

Кейбір тәпсіршілер: 

َنيِمَلاَعْلا  ِّبَر ِ ّلل ُد ْم َحْلا

 – «Барлық 



хамд,  мадақ  пен  мақтау  әлемдердің  Раббы  Аллаһқа»   

сөзінен  бұрын 

اولوق

  –  «Қулу»  –  «Айтыңдар!»  сөзінің 



мағынасы бар екендігін айтады. 

3. 


ِمي ِحَّرلا  ِنـم ْحَّرلا

    –  «Рахман  да  Рақымды».  Рахман 

–  жақсы  болсын,  жаман  болсын,  оларды  мұсылман 

болсын, кәпір болсын бөліп-жармай нығметін дүниеде 

бәріне  берген  Аллаһ  деген  сөз.  «Аса  Рахымды»  деп 

тәпсір етуге де болады

277

. Кейбір тәпсірші ғалымдардың 



көзқарасы бойынша, бұл аятта 

نـم ْحَّرلا

 – «Рахман» сөзі 

–  «Раззақ»  мағынасында.  Яғни,  Аллаһ  Тағала  әрбір 

тіршілік  иесіне  ризығын  жіберуде.  Құмырсқаның 

асқазанына лайық ризық жібергені тәрізді, алып китті 

де аш қалдырмайды. Сондай-ақ, кәпірге де, мұсылманға 

да еңбегінің жемісін береді. Яғни, Аллаһ Тағала Өзін 

жоққа  шығарған  бір  кәпірдің  де  төккен  бейнетінің 

зейнетін  бұл  өмірде  береді.  Яғни,  Рахман  сипаты-

мен  қараған  Аллаһ  Тағала  ешбір  пенденің  еңбегін 

алаламайды.  Өз  ісінде  ықыласты  болса,  кәпірдің  де 

тілегін  қабыл  етеді.  Өйткені,  кәпірдің  жүрегі  күпірге 

толғанымен, оның еткен еңбегі мен жұмсаған қажыр-

қайратындағы  ықыласы  –  мұсылман  сипатына  жата-

ды. Ал, қандай да бір мұсылман өз ісіне салғырт қарап, 

277

 әр-Рази, әт-Тәфсирул-кәбир, 1-том, 155-бет.



256

Мәңгі мұғжиза

Аллаһ  Тағалаға  қанша  жалбарынса  да  дұғасы  қабыл 

болмайды. Өйткені, жалқаулық – кәпір сипаты. Оның 

осы  жалқаулық  деп  аталатын  кәпірлік  сипаты,  оның 

дұғасының қабыл болуына кері әсер етеді. Қазіргі таңда 

мұсылмандардың  артта  қалып,  кәпірлердің  өркендеуі 

осының белгісі. Андалусия арқылы ғылымға қол жет-

кізген европалық христиандар мұсылмандардың жара-

тылыс ғылымдарын өрбітіп, талай-талай іс тындырды. 

Соның  арқасында  олар  мұсылман  елдеріне  үстемдік 

жүргізуге  мүмкіндік  алды.  Керісінше,  мұсылмандар 

көп ғасыр бойы ғылымнан қол үзді. Жалқаулыққа са-

лынды.  Соның  салдарынан  кәпірлерге  кіріптар  бо-

лып  қалды.  Ендеше,  әрбір  мұсылманның  сипатының 

барлығы  мұсылман  сипаты  болмағаны  тәрізді,  әрбір 

кәпірге  тән  сипаттың  бәрі  кәпір  сипаты  болуы  шарт 

емес.  Кейбір  мұсылмандар  бар:  жалқау,  өтірікші,  сөз 

берсе  уәдесінде  тұрмайды,  аманатқа  қиянат  жасай-

ды.  Араққұмар,  зинақор,  залым,  рақымсыз.  Кейбір 

кәпірлер бар: бейнетқор, адал, өтірік айтпайды. Сөзіне 

берік.  Міне,  алғашқының  жүрегінде  болмашы  иманы 

бар демесеңіз, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы кәпірдің 

қылығы.  Екіншісі  имансыз  демесеңіз,  жүріс-тұрысы 

түгелдей мұсылман қарекеті. Міне, 

نـم ْحَّرلا

 – «Рахман» 

Аллаһ  Тағала  бұлардың  қайсысының  дұғасын  қабыл 

етеді?.. Бірақ, кәпір сол істерінің қызығын бұл өмірде 

ғана көреді. Ақыретіне еш нәрсе қалмайды. Мұсылман 

жамандығының жазасын көбінесе бұл өмірде тартады. 

مي ِحَّرلا

  –  Рахим.  «Аса  рақымшылдық  етуші»  деген 

сөз.  Ақыретте  нығметтерін  тек  қана  мұсылмандарға 

беруші мағынасына келетінін айтқандар да бар. Аллаһ 

Тағала  пәни  дүниеде  барлығына  нығмет  бергенімен 


257

Құран бақтары

ақыретте Өзіне сеніп, сол молшылықтың қадірін біліп, 

Оған шүкіршілік еткендерге арнайы жағдай жасайды. 

Яғни,  мақшарда,  Хақ  Тағала  осы  Рақым  сипатымен 

мұсылмандарға  ғана  рақымшылдық  етіп,  жәннатына 

кіргізеді. Ендеше иман келтіргендер Оның рақымымен 

ғана жәннатқа кіре алады. Мұсылмандар тек амалының 

сауабымен  оған  қол  жеткізе  алмайды.  Неге  десеңіз, 

жәннат  шексіз  нығметтерге  толы  мекен.  Ал  адамның 

сауабы шектеулі һәм санаулы ғана. Болмашы дүниеге 

бағалы  затты  сатып  алу  мүмкін  бе?  Жәбир  ибн 

Абдуллаһтың бізге жеткізген бір хадисінде мақшарда са-

уаптары таудай болған бір мұсылман есепке тартылуға 

шақырылады.  Сонда  Аллаһ  Тағала  оған  «Құлым,  сен 

менің  рақымыммен  жәннатқа  кіргің  келе  ме,  әлде 

өзіңнің амалыңмен бе?» деп сұрайды. Өзінің амалының 

сауабына  көңілі  толған  әлгі  пенде  «Өзімнің  амалым-

мен» деп жауап қатады. Сонда Аллаһ Тағала оның екі 

көзі  мен  амалдарының  сауабын  тартыңдар  деп  пері-

штелерге әмір етеді. Өлшеген кезде оның бұл дүниеде 

жасаған  амалдарының  сауабы  «көз»  деген  нығметтің 

шүкіршілігін  де  өтей  аймайды

278

.  Яғни,  ол  амалда-



рымен  жәннатты  сатып  алмақ  тұрмақ,  бұл  дүниедегі 

көзінің де ақысын өтей алмаған. Алайда, Аллаһ Тағала 

адам  баласына  бұл  дүниеде  көзден  басқа  да  қаншама 

нығметтер  берген.  Ендеше  адам  баласы  бұл  өмірде 

мың  сан  рет  басын  сәждеге  қойып,  құлшылық  қылса 

да Аллаһ Тағаланың бұл дүниеде берген нығметтерінің 

шүкіршілігін  өтей  алмайды.  Ендеше  мұсылманның 

осы өмірдегі жасаған құлшылықтары жәннаттың өтеуі 

емес, керісінше бұл дүниедегі алған нығметтің алғысы 

болып табылады. Бірақ, Аллаһ Тағаланың рақымының 

278

 Хаким. Мустәдрәк.



258

Мәңгі мұғжиза

кеңдігі сол – осы өмірде берілген нығметке айтылған 

шүкіршілікті  бейне  бір  жәннаттың  өтеуіндей  санап, 

рақым етеді.  Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір сөзінде: «Аллаһ 



Тағала рақым етпей ешбір құл жәннатқа кіре алмай-

ды», – дейді. Бір сахаба:«Сен де ме Пайғамбарым?» – 

дегенде, «Иә, Мен де»

279

  – деп жауап қатады.     



ِمي ِحَّرلا

  –  Рахим»  –  мейірім-шапағат  мағынасын 

береді.  Аллаһ  Тағаланың  күллі  ғаламды  қамтыған 

рақымдылығы бар. «Әлемнің жаратылысының негізі – 

махаббат.  Рақымдылық  пен  шапағат.  Ұлы  Жаратушы 

бұл ғаламды жаратқанда, барлық жаратылысқа махаббат 

пен мейірім-шапағаттың ұрығын сепкен. Аллаһ елшісі 

(с.а.с.): «Аллаһ тағала көктер мен жерді жаратқан күні 



жүз рақымдылық жаратты. Рақымдылықтың біреуін 

жерге таратты. Сол арқылы ана баласына, жан-жа-

нуарлар,  құстар  бір-біріне  сүйіспеншілікпен  қарайды. 

Тоқсан тоғызын қиямет күніне сақтады. Қиямет күні 

Аллаһ  оны  осы  рақымдылықпен  толықтырады»  дей-

ді. Жер бетінде сәбиі үшін түн ұйқысын төрт бөлсе де, 

кейімейтін  аналық  махаббат;  құстың  балапаны  үшін 

шырылдап өзін жыланға құрбан етуі, тіпті жыртқыш аш 

қасқырдың тапқан азығын өзі жемей бөлтірігіне беруі 

– сол рақымдылық пен сүйіспеншіліктің белгісі. Бұлар 

–  туа  бітті  қасиет.  Абайдың  «Махаббатпен  жаратқан 

адамзатты, сен де сүй сол Аллаһты жаннан тәтті» де-

гені, әлемге көкірек көзімен қарап, сол сүйіспеншілікті 

танығаны. Осы рақымдылық пен махаббаттың тоқсан 

тоғызын  Аллаһ  ақыретте  мұсылман  достарына 

сақтаған. Негізінде ақыреттің бар екенін жер бетіндегі 

махаббат іздеріне қарап сезе аламыз. Ақырет болмаса, 

бұл ғұмырдағы махаббаттың ешқандай мән-мағынасы 

279

 Хаким. Мустәдрәк.



259

Құран бақтары

қалмай, рақымдылық зұлымдыққа, махаббат қасіретке, 

ләззат уға, достық дұшпандыққа айналар еді.

ِمي ِحَّرلا   ِنـم ْحَّرلا

  –  Рахман  да  Рақым  аятынан  кейін    

ِنيِّدلا  ِمْوَي   ِكِلاَم

  –  «Дін  күнінің,  ақырет  күнінің  жалғыз 

Иесі»  аятымен  өз  жалғасын  табуында  мынадай  сыр 

бар. Рақымды рақым еткен ақыреттің болуы. Нығметті 

нығмет жасаған да мәңгілік бақыттылықтың бар екені. 

Аллаһтың рақымы болмаса ең үлкен нығмет саналған 

ақыл мен сана адам үшін қасіреттің нақ өзі болар еді. 

Өйткені ол ақылымен болашағын ойлаған сайын алдын-

да қабірін көріп, өмірінің ләззатын у мен заһарға айнал-

дырар еді. Сондай-ақ рақымдылықтың ең нәзік жемісі 

саналған махаббат пен шапағат та адамдар қимасынан 

айырылған сәтте ауыр қасіретке айналар еді.

ِنيِّدلا ِمْوَي  ِكِلاَم

   –  «Дін күнінің, ақырет күнінің жалғыз 



Иесі».                     

ِنيِّدلا  ِمْوَي

  –  «Иаумид-дин»  –  «жаза,  қайтарым 

беру күні» деген сөз. Басқа да мағыналарды қамтыған 

«дін»  сөзінің  «Фатихада»  екі  негізгі  мағынасы  бар. 

Бірі  –  «істердің  қайтарымы»,  бірі  «білінген  күн»

Дін  күні  істердің  қарымының  берілетін,  дін  білдірген 

жағдайлардың жүзеге асатын кезең. 

Кейбір  тәпсіршілер  «дін  күнін»  –  қиямет  деп 

тәпсірлеген.  Сол  күні  Сұр  үрленіп,  жын  мен  адамзат 

қайта тіріліп, амал дәптерлері иелеріне беріледі. Осы-

дан кейін ізгі іс істегендер сый-сияпатын алып, ал жа-

мандар жамандықтарының жазасын көреді

280

.

280



 Ибн Кәсир. Тәфсирул-Қуранил-азим, Бәйрут, 1997. 1-том. 27-

бет. (Ибн Кәсир; Имадуддин Әбул-Фида Исмайыл ибн Умар 

ибн Кәсир Димашққа жақын Бусраның ауылдарының бірінде 

701/1301  жылы  дүниеге  келген.  (Оның  700/1300  жылы  яки 



260

Мәңгі мұғжиза

Дін күнінің басқа бір мағынасы – діннің атқан таңдай 

анық білінетін күн. Иісі мұсылман Аллаһ Тағалаға, пе-

ріштелерге, қайта тірілуге, кітаптарға, пайғамбарларға, 

тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһ Тағаладан 

болатындығына  сенеді.  Намазға,  оразаға,  қажылыққа, 

зекетке мойынсұнады. Міне, барлық осы сенгендері сол 

жерде негізгі мағынасымен және негіздерімен көрінеді. 

Иә,  сол  күні  аят  пен  хадистерде  айтылған  ақиқаттар 

Құдайлық ақиқатына дейін дін тұтастай көрінбек.

Аллаһ дүние мен ақыреттің Раббы бола тұрса да, 

бұл жерде арнайы түрде: 

ِنيِّدلا ِمْوَي  ِكِلاَم

  – «Дін күнінің 



Иесі» деуінде мынадай ұғым бар:

1. Сол күні діннің хабар берген ақиқаттары толық 

мағынасымен көрінетіндіктен әрі Аллаһтың ұлылығына 

перде болған сыртқы себеп заңдылықтар ғайып болып, 

әр нәрсенің шынайы түрі мен мәні көрінетіндіктен, «дін 

күнінің жалғыз Иесі» деп айтылған.

2. Мақсат  –  сол  күннің  маңыздылығына  көңіл 

аударту.


3. Дүниеде  адамдардың  түрліше  меншігі  болады. 

Яғни,  адамдар  менің  үйім,  менің  бау-бақшам,  жерім 

дүнием, т.б. демей ме. Негізінде бұның бәрі де – Аллаһ 

Тағаланыкі. Сол күні осылардың бәрі жоғалып, Аллаһ 

Тағаланың патшалығы анық білінеді.

одан  бұрынырақ  туған  деген  де  мағлұмат  бар.  Қараңыз; 

Исмайыл Паша әл-Бағдади, Һәдиятул-арифин, Станбул 1951, 

1-том.  215-бет;  әз-Зәрқани.  Мәнәһилул-Ирфән  фи  Улумил-

Қуран, Бәйрут, 1995; Мәннәнул-Қәттән. Мәбәһис фи Улумил-

Қуран 1997). Фиқһ, хадис, тәпсір ілімдерін терең меңгерген. 

Тәпсірде ең атақты кітабы аталмыш тәпсірі. Ислам әлеміндегі 

ең мәшһүр екі «риуаят тәпсір» кітабының бірі саналады.)



261

Құран бақтары

ِنيِّدلا  ِمْوَي   ِكِلاَم

  аятындағы  «Иәум»  сөзі  –  «күн»  д -

ген  сөз.  Адам  өмірінің  бір  күніндей  жамағат  пен 

ұлттардың да бір күні бар. Бұдан басқа бір күн бар, ол 

да дүние өмірінің күні. Бұдан өзге бір күн тағы бар, ол 

дәл  осы  дүние  күнімен  тең  ақырет  күні.  Бүгін  дүние, 

ертең ақырет дегеніміз – осы екі күн. Дүние – бір күн, 

ақырет те – бір күн. Аллаһ Тағаланың мына ғажайып 

патшалығында дүние мен ақырет бар-жоғы – екі күн. 

Бірақ, Аллаһтың заманы жоқ. Заман жаратылған нәрсе. 

Иә, адамзат өз күнін аяқтаған кезде осы күннің есебін 

ақырет күні бермек. 

Сүренің басында 

َنيِمَلاَعْلا  ِّبَر ِ ّلل ُد ْم َحْلا

  – «Барлық хамд 



мен  мақтау  Аллаһ  Тағалаға  лайық»  деген  мағынасы 

терең үкім бар. Мұның астарына бойлай алмаған кей-

біреулерде:  «Неге  Аллаһ  Тағалаға,  неге  басқаларға 

емес?» деген сұрақ тууы мүмкін. Міне, ойына осындай 

сұрақ  туатын  адамдарға  жауап  ретінде  «Барлық  хамд 

мен  мақтау  Аллаһ  Тағалаға  лайық»  деген  соң  дереу 

илаһи сипаттар берілген. Күллі мадақ Аллаһ Тағалаға. 

Өйткені,  Ол  – 

َنيِمَلاَعْلا   ِّبَر

  –  «Әлемдердің  Раббы»

Барлық болмыстарды жаратып, жетілдіріп, бар болуын 

жалғастырған. 

مي ِحَّرلا ِنـم ْحَّرلا

  –  «Рахман  да  Рақымды»

Ғажайып  ғаламзатты  рақымдылығымен  көркейткен, 

күндерді, айды, жалпы ғаламзатты өсімдіктер мен жан-

жануарларға  қызмет  еттірген,  жанды-жансыз  барлық 

болмыстың бәрін адамға бағындырып, қызметші етуші 

Аллаһ  –  

ِنيِّدلا ِمْوَي  ِكِلاَم

 – (Мәлики иаумид-дин) ақыреттің 

де жалғыз Иесі. Ендеше, барлық хамд мен мадақ әлемнің 

жаратылысынан қияметке дейінгі барлық жақсылықтар, 


262

Мәңгі мұғжиза

адамдар мен қоғамдар арасында жасалған ізгіліктердің 

бәрі де Аллаһ Тағалаға лайық. 

5. 


ُنيِعَت ْسَن   َكاَّيِإو  ُدُبْعَن   َكاَّيِإ

  –  «Саған  ғана  ғибадат 



қылып,  Сенен  ғана  жәрдем,  көмек  сұраймыз».  Бейне 

бір  сүренің  осы  жеріне  дейінгі  бөлімінде  Хақ  Тағала 

жайында  толғану  нәтижесінде,  Аллаһ  Тағаланың  си-

паттарын  түсініп,  тұшынып,  зікір  етіп  ойлануымыз, 

бізді  Оның  құзырына  шақыруға  дайындады.  Осы 

дайындықтан  кейін  Аллаһ  Тағаланың  ұлы  құзырына 

кіріп,  Оны  көріп  тұрғандай,  Онымен  сөйлесу  биігіне 

шығып, құлдығымызды ұсынғымыз келеді. Сондықтан 

ُنيِعَت ْسَن   َكاَّيِإو

 

ُدُبْعَن   َكاَّيِإ



  дейміз.  «Намаз  –  мұсылманның 

миғражы», – деген Пайғамбарымыз (с.а.с.), міне, осы 

тұсқа ерекше назар аударады. Құл бейне бір миғражға 

көтеріліп:  «Саған  ғана  ғибадат  қылып,  Сенен  ғана 

жәрдем сұраймыз» дейтін биікке көтеріледі. 

Мұсылман  намазындағы  осы  мағыналарға  терең 

ой тастаса, өзін Аллаһ Тағаланың құзырында тұрғанын 

сезе алады. «Раббыңа Оны көріп тұрғандай құлшылық 



қыл.  Сен  Оны  көрмесең  де  Ол  сені  көруде»

281


  хадисін 

аңғарады. 

Жалпы  бұл  аят 

َكاَّيِإ  ُدُبْعَن

  –  «Саған  құлшылық 

қыламыз» – деуге болатын еді. Бірақ, 

ُنيِعَت ْسَن  َكاَّيِإو ُدُبْعَن  َكاَّيِإ

 

– деу арқылы «Өзгеге емес, тек Саған ғана құлшылық 



қыламыз және тек Сенен ғана жәрдем тілейміз» деп, 

тек  қана  Аллаһ  Тағалаға  құлшылық  қылатынымызды 

һәм бұның ең маңызды мәселе екендігін көрсетуде

282


281


 Муслим, Иман, 1.

282


 Мухаммәд  Али  әс-Сабуни.  Сафуәтут-тәфәсир,  Станбул, 

1-том. 25-бет.



263

Құран бақтары

ُنيِعَت ْسَن   َكاَّيِإو

  –  «Я,  Раббымыз!  Біз  Саған  жасаған 

құлшылық пен мойынсұнуымызда, барлық істерімізде 

тек қана Сенен жәрдем тілейміз. Сенен өзге ешкімнен 

жәрдем сұралмайды»

283


Осы  аятта  етістіктер 

ُنيِعَت ْسَا   َكاَّيِإو  ُدُب ْعا   َكاَّيِإ

    –  «Мен 



құлшылық  жасаймын,  мен  жәрдем  сұраймын»  деп 

жекеше  түрде  емес,  «құлшылық  етеміз,  жәрдем 

сұраймыз»  –  деп  көпше  түрде  айтылған.    Сөзсіз 

жамағатқа имамдық етіп, намаз оқыған имам осы сүрені 

оқығанда  жамағатты  да  меңзеп  «құлшылық  етеміз, 

жәрдем сұраймыз»  дей отырып, көпше түрде оқығаны 

дұрыс болады. Яғни, имам жамағаттың атынан дұға ет-

кені үшін «біз» дей алады. Бірақ, әрбір мұсылман жеке 

қалып осы аятты оқығанда неге «Біз» деуіміз керек дей-

тін сұрақ тууы мүмкін. Ғұламалар бұл сұраққа жауап 

берген. Аятта: «біз құлшылық қыламыз, жәрдем тілей-

міз» деп мыналарды меңзейді: 

1. Денеміздегі  барлық  көрінген  және  көрінбеген 

мүшелер мен жасушалардың барлығының, яғни, адам 

өзінің  барлық  болмысының  атынан  құлшылығын  біл-

діреді. Өйткені, адамның барлық мүшелері өз тілі мен 

болмысына  сай  Хақ  Тағаланы  дәріптеп,  құлшылық 

етеді. 

2. Періштелер мен жындар да Аллаһ Тағаланың бар 



және бір екеніне иман келтірген саналы болмыстар. 

3. Аллаһ  Тағаланың  жалпы  ғаламзаттың  Раббы-

сы  болуы  тұрғысынан  барлық  әлемдердегі  жанды, 

жансыз нәрселер. Құранда: 

يِف اَمَو  ِتاَواَم َّسلا يِف اَم ِ َّ ِلل  ُحِّبَسُي 

ِضْرَ ْلأا

 – «Көктердегі және жердегі нәрселер Аллаһты 

283


 әр-Рази. әт-Тәфсирул-кәбир, 1-том, 196-бет.

264

Мәңгі мұғжиза

дәріптейді»

284


,  –  дейді.  Намазын  жалғыз  оқыған 

мұсылман  күллі  ғаламзаттың  атынан  Аллаһ  Тағалаға 

тағзым етіп, құлшылығын білдіреді. 

Бұдан басқа да осы аят бізге – жамағат рухын бе-

реді. Өйткені, осы аятта «Мен» деуді алып тастап, «Біз» 

дейді. Намаз біздің қоғамдық өміріміздің екі тізгін, бір 

шылбырын тең ұстауға мүмкіндік беретін жүйе секілді. 

Намазда осылай ұғынсақ, жамағат, қоғам болып тату-

тәтті өмір сүреміз. «Біз» қара көбейтетін жай әншейін 

қарақұрым жамағат емес,  рухымен біртұтас, мызғымас, 

ажырамас алып қоғамбыз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ай-

тып  кеткен:  «Мұсылмандар  бір-біріне  иық  тірескен 



ғимараттар  тәрізді»  деген  нағыз  идеал  қоғам  сонда 

іске аспақ. Осыны ойлап намазға тұрған адам, өмірде де 

жалғыздықтан құтылып, бейне бір жәннатта жүргендей 

күй кешпек.

Аллаһ 

Тағала 


пайғамбарының 

тілімен 


мұсылмандарға  айтқызған  осы  дұғаны  қабыл  ететінін 

және  «Фатиха»  сүресімен  құлы  мен  Өзінің  арасында 

екіге бөлгенін айтады.

Әбу Һурайраның риуаят еткен бір хадисінде Аллаһ 

пен құл арасындағы осы байланыс былайша өрнектелген: 

«Фатихада Аллаһ Тағала құлымен сұхбаттасып былай 

дейді: «Фатиханы екіге бөлдім. Жартысы – Менікі, жар-

тысы – құлымдікі. Және құлыма қалағаны беріледі. Құл 

َنيِمَلاَعْلا  ِّبَر ِ ّلل ُد ْم َحْلا

 – деген кезде, Аллаһ Тағала: «Құлым 



Маған мадақ, хамд етті», – дейді. Құл 

ِمي ِحَّرلا  ِنـم ْحَّرلا

 – 

деген кезде, Аллаһ: «Құлым Мені мақтады» дейді. Құл  



نيِّدلا ِمْوَي  ِكِلاَم

 деген кезде, Аллаһ Тағала: «Құлым Мені 



ұлықтады», – дейді. Міне, осы жерге дейін Менікі. Құл 

284


 Жұма сүресі, 62/1.

265

Құран бақтары

ُنيِعَت ْسَن  َكاَّيِإو ُدُبْعَن  َكاَّيِإ

 деген кезде Аллаһ Тағала: «Бұл Мені 

мен  құлымның  арасындағы  нәрсе»,  –  дейді.  «Сүренің 

ақыры  болса,  тек  қана  құлымдікі.  Құлыма  қалағаны 

беріледі»

285


, –  дейді. 

Міне,  адам  «Фатиха»  сүресін  оқыған  кезде  осы 

байланысқа  айрықша  көңіл  бөлгені  дұрыс.  Құл: 

«Аллаһым, мені тура жолға сал. Астамдық пен кемшілік-

тен  сақта.  Нәпсіқұмарлыққа  түсірмейтін,  ашуың  мен 

қаһарыңа ұшырамайтын жолға баста. Санасыз өмірден 

мені  сақта.  Пайғамбарлар,  сыддықтар,  шейіттердің 

жолына  сал.  Ашуыңа  ұшыраған  мен  адасқандардың 

құлдилатып құрдымға апарар жолынан сақта!» – дей-

ді. Аллаһ: «Бұл құлыма тиіс нәрсе, құлыма сұрағаны 



беріледі» – деген жауабын береді.   

ُ

دُبْعَن   َكاَّيِإ



  –    «Саған  ғана  құлшылық  қыламыз»  а -

тында мынадай бір ой бар: Аллаһым, өзгеге емес, тек 

қана жариялап, растап, жалғыз Саған бет бұрып, Саған 

мойынсұнамыз. Көңіл тыныштығын Сенен ғана іздеп, 

Сенің  құзырыңда  ғана  жүрегіміз  жай  тауып,  бақытты 

ғұмыр кешетінімізге нық сенеміз. 

Бұл жерде айта кетер тағы бір мәселе бар. Ол да 

ُ

دُبْعَن



  –  «нағбудудың»  өткен  шақта  келмей,  осы  шақта 

айтылуы.  Егер  ол  өткен  шақта  келсе  «құлшылық 

жасадық,  орындадық»  мағынасына  келер  еді.  Бұл 

құлшылықтың  рухына  теріс.  Адам  жасап  қойған 

құлшылығын мақтан тұтып, тәкаппарланғандай көрінер 

еді.  Бірақ,  ُ

دُبْعَن

  –  «нағбуду»  сөзінде  бұндай  қателікке 



апаратын мағына жоқ. Өйткені, осы шақ етістік адам-

ды Ұлы Жаратушының құзырындағы әлжуаздығы мен 

285

 Муслим, Салат 38, 40.



266

Мәңгі мұғжиза

қауқарсыздығын сезіндіріп, Оның алдындағы айнымай-

тын ниетінің тұрақтылығын меңзейді. Яғни: «Раббым, 

мен  Сенен  басқасына  азаттығымды  құрбан  етпеуге 

және ешбір пенденің, яки, ешбір жаратылыстың алдын-

да  кішірейіп,  кіріптар  болмау  ниетіндемін.  Сол  үшін 

де  терең  құлшылығыммен  және  ғибадат  ниетіммен 

Саған  бет  бұрып,  Саған  ғана  назар  аударамын.  Саған 

ғана мойынсұнып, харамнан бойымды аулақ саламын. 

Ниетім – ең үлкен амалым. Ниетімді амал санауым да 

менің  үзілмес  үмітім.  Жасағандарымның  салмағына 

қарай  емес,  жасауға  ниет  еткенімнің  өлшеміне  қарай 

баға беруіңді тілеймін».

Міне, пенде осы биіктен өзіне мүмкіндік берілгенін 

сезінгендей болады. Ендеше, осындай мүмкіндікті аб-

зал жолмен пайдалана білуі тиіс. Сондықтан, ең лайық, 

ең қажетті нәрсені сұрау абзал. Олай болса, көп уақыт 

өткізбей тура жолға салуды, одан айырмауды тілеп,

َميِقَتس ُملا  َطاَر ِّصلااــــَنِدها

 – «Һидаят ет, бізді тура жолға» 

– деп, Раббысынан өзін тура жолға салуын қалайды. 

6. 


َميِقَتس ُملا  َطاَر ِّصلااــــَنِدها

 –  Бізді тура жoлға (Саған қас-

қағым  сәттің  өзінде  адастырмайтын  тура  жoлға)  сал! 

(Тура жoлыңда тұрақты ет! Діттеген межемізге, Саған 

жеткенге дейін бізді қoрғаныңнан шығарма!). «Иһдинә» 

– бізді тура жолға сал, һидаятымызды арттыр, бізді хақ 

жолдан айырма деген сөз. 

Бұл аятты оқыған адам егер тура жолда болмаса, 

оның тура жолға түсуіне бірден бір дұға болады. Бірақ, 

тура жолға түскен мұсылман үшін осы аяттың мағынасы 

қандай? Өйткені, ол онсыз да тура жолға түскен адам 

ғой. Тәпсіршілердің тұжырымы бойынша, бұл дұға: 1. 



267

Құран бақтары

Біздің һидаятымызды арттыр, 2. Бізді тура жолдан тай-

дырма, тұрақты ет – мағынасын береді.

َميِقَتس ُملا   َطاَر ِّصلا

  –  «Сират  мустақим»  –  Құран 

жолы,  Аллаһ  елшісі  мен  оның  сахабаларының  жолы, 

жәннаттың жолы, ақиқат жолы, Ислам, негізгі жол де-

ген сөз.


«әс-Сират»: Осы сөздің басында анықтық хал бар. 

Бұл  да  «сират»  сөзінің  мынадай    мағынаға  келетінін 

көрсетеді: Бұл жол – бізден бұрынғы салиқалы кісілер 

мен пайғамбарлар, әулиелердің жүрген жолы.

Міне,  пенде  Аллаһ  Тағаланың  разы  болған 

құлшылығын іске асырып «дұға» биігіне шыққан кезде 

ең маңызды тілегін білдіреді. Осы аятта сан қилы діндер 

мен  қандай да бір идеологиялардың бұрыстығын біл-

діретін ишарат жатыр. Тура жол – ақиқатты біліп, оны 

барлық нәрседен артық көруді және оған мойынсұнып, 

шамасына  қарай  оны  үстем  ету  үшін  қажыр-қайрат 

жұмсауды білдіреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет