Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29

УАхИДЫҢ АЛЫНУЫ

Құран  Кәрім  уахидың  үш  түрлі  болатынынан  ха-

бар береді: «Аллаһ бір адамға уахи жолымен ғана не-

месе  перде  артынан,  не  болмаса  бір  елші  жіберіп 

рұқсатымен оған қалаған нәрсесін уахи етеді. Ол ұлы 

да хаким»

170


Осы аятқа байланысты уахиды үшке бөлуге бола-

ды:

1. «Аллаһ бір адамға уахи жолымен» аятына қарай 



Аллаһ Тағала уахиды тікелей пайғамбардың жүрегіне 

салады. Мысалы, хазіреті Ибраһимге түсінде балаңды 

құрбан  шал  деп  уахи  етуі

171


.  Бірақ  уахидың  осы  түрі 

арқылы  Құраннан  ешқандай  сүре  не  аят  түспеген

172



Құран басынан ақырғы аятына дейін Жебірейіл арқылы 



түскен. Хазіреті Мұхаммедтің (с. а.с) жүрегіне салу, не-

месе түсі арқылы ешбір уахи келмеген

173

.

168



 «Ниса» сүресі, 4\163.

169


 «Юсып» сүресі, 12\3.

170


 «Шура» сүресі, 42\51.

171


 Қараңыз; «Саффат» сүресі, 37\99-103.

172


 Мәннәнул-Қаттан, Мәбәһис, 37 бет.

173


 Суат Йылдырым, Кураны Керим ве Куран илимлеріне гириш, 

Ыстанбұл, 1983, 24-25 беттер.



164

Мәңгі мұғжиза

2.  «Перде  артынан»  пайғамбарына  уахи  етуі. 

Аллаһ хазіреті Мұсаға (а.с.) Тұр тауында перде артынан 

сөйлескен. Құранда: «Оған Тұр тауында оң жағынан 



дауыстап,  сөйлесу  үшін  Өзімізге  жақындаттық»

174


 

дейді.  Бұдан  басқа  да  хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.с.) 

Мекке  кезеңінде  алдымен  Ақса  мешітіне,  содан  сол 

жерден Миғражға көтеріліп, Аллаһ Тағаламен тілдесуі 

осы перде арты уахиына жатады

175


.

3. «Бір елші жіберіп өз рұқсатымен оған қалаған 



нәрсесін уахи етеді». Аллаһ Тағала уахиды адамдарға 

жеткізу  үшін  бір  періштені  пайғамбарына  елші  етіп 

жібереді.  Ақырғы  кітаптың  уахи  түрі  осы.  Құран 

Жебірейіл арқылы ғана түскен. 

Сонымен қатар хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) «сүннет 

уахи» да келген. Бірақ Құран бұдан бөлек түскен. Яғни, 

Құран бейне бір жарлық секілді түссе, «сүннет уахи» 

оны қалай іске асыруды білдірген.  



УАхИДЫҢ КЕЛУ МӘРТЕБЕЛЕРІ

Уахидың келуі хақында Құранда нақты мағлұмат 

жоқ. Бірақ бұл мәселені хазіреті Мұхаммед пайғамбар-

дың (с.а.с.) сөздерінен байқауға болады. Хазіреті Елші-

ге (с.а.с.) уахи мынадай мәртебелермен келген:

1.  Уахидың  алғашқы  мәртебесі  түсінде  көрген 

ақиқат  түстері.  Ол  алдын  ала  болатын  жайттарды 

түсінде көре бастаған. Бұл жайлы хазіреті Айша: «Аллаһ 



Елшісінің көрген түстерінің бәрі таңғы шапақтай ап-

анық келетін»

176


, – дейді.

174


 «Мәриям» сүресі, 19\52.

175


 Мәбәһис, 38 бет.

176


 Бухари,  Бәдул-уахи:  3;  Муслим,  Иман:  231;  Ахмәд  ибн 

Ханбәл, 6, 153.



165

Құран кімнің сөзі?

2.  Жебірейілдің  Аллаһ  Елшісінің  ояу  кезінде 

жүрегіне уахиды салуы

177


3.  Жебірейіл  періште  жас  жігіттің  түрінде  Аллаһ 

Елшісіне уахиды әкелуі. Кейде аса көркем, сымбатты 

Дихия деген сахабаның түрінде келген. Бұл уахидың ең 

жеңіл келген түрі болған

178


4. Қоңырау үніне ұқсайтын түрде келген уахи. Бұл 

уахидың ең ауыр мәртебесі еді. Уахидың осы түрі ес-

керту мен қорқытуды қамтыған аяттарға тән. Мұндай 

уахи  келгенде  хазіреті  Мұхаммед  (с.а.с.)  уахи  келіп 

біткенге  дейін  қатты  дірілдеп,  сөздің  салмағынан 

қорыққан.  Уахи  аяқталғанда  Құран  сөздері  жүрегінен 

орын  алған

179

.  Бір  хадисте  Аллаһ  Елшісі  уахидың  ең 



ауыр түрін былайша баяндайды: «Кейде маған қоңырау 

үніне ұқсас үнмен келеді. Бұл маған ең ауыр тигені. Ол 

уахиды жеткізіп қайта кететін еді».

5.  Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.с.)  Миғраж  түнінде 

Аллаһ  Тағаламен  тілдесуі  түріндегі  уахи.  Аллаһ  Ел-

шісі Миғражда бес уақыт намаз бен «Бақара» сүресінің 

ақырғы екі аятын тікелей Ұлы Жаратушыдан алған

180


6.  Жебірейілдің  нағыз  өз  түрімен  көрініп,  илаһи 

жарлықты  жеткізуі.  Ол  осы  түрімен  екі  рет  көрінген. 

Біріншісі, пайғамбарлықтың басталған жылдары Хира 

үңгірінде көрінгені. Ол заман алғашқы уахидың келіп, 

тоқтап  қалған  кезі  еді.  Кейіннен  Аллаһ  Елшісі  Хира 

177

 Жәләуддин  әс-Суюти,  әл-Итқан  фи  Улумил-Қуран,  Бәйрут, 



1996, 1 том, 128 бет.

178


 Нисаи,  әл-Хафиз  Әбу  Абдиррахман  ибн  Шуайб,  Сунән, 

Матбатул-Халәби, Египет, 1964, Ифтитах: 924.

179

 Бухари, Бәдул-уахи: 2.



180

 Мухаммәд Тахир ибн Абдилқадир әл-Курдил-Мәккил-Хаттат, 

Тарихул-Қуран уә Ғараибу Рәсмиһи уә Хукмиһи, 29-31 бет; 

Жаррахоғлу, Тәфсир усулу, 49 бет.



166

Мәңгі мұғжиза

үңгірінде  жүргенде,  кенеттен  көктен  жаңғырған  да-

уыс  естіген.  Аспанға  қарағанда  Жебірейілдің  көк  пен 

жердің арасында тақта отырғанын көрген. Мұншалық 

аспан мен жер арасындағы орасан зор келбетін көрген 

ол  шыдай  алмай  талып  құлаған

181

.  Кейіннен  екінші 



рет Миғражда көрген. Бұл уақытта хазіреті Мұхаммед 

(с.а.с.) бұрынғыдай қорықпаған

182

.

УАхИДЫҢ БАСТАЛУЫ



Осы тақырыпты ең жақсы толыққанды түрде жет-

кізген  хазіреті  Айша  былай  баяндайды:  «Аллаһ  Ел-

шісіне  алғашқы  келген  уахи  түсінде  көрген  «ақиқат 

түстерімен»  басталған.  Оның  көрген  түстері  таңғы 

шапақтай дәл келетін. Кейіннен ол елден бөлек оңаша 

қалуды қалады. Осыдан кейін ол Һира үңгіріне барып, 

Аллаһ  Тағалаға  құлшылық  қылатын.  Азық  алу  үшін 

ғана үйге келіп, көп кідірмей қайта кететін. Ақырында 

Аллаһ  Елшісі  Хира  үңгірінде  болған  сол  күндердің 

бірінде уахи келді. Оған періште келіп «Оқы!» – деді. 

Ол,  «Мен  оқи  алмаймын»,  –  деп  жауап  қайырады. 

Аллаһ Елшісінің өзі былай дейді: «Сол уақытта періш-

те мені қапсыра құшақтап алып, тынысым тарылғанға 

дейін қысты. Содан мені қоя берді де: «Оқы!» – деді. 

Мен  «Оқи  алмаймын»,  –  деп  жауап  бердім.  Ол  мені 

қайта  құшақтап  «оқы»  деді.  Мен  қайта  оқи  алмай-

мын» дедім. Ол үшінші рет қысып тұрып қоя берді де 

«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды 

ұйыған  қаннан  жаратқан.  Оқы!  Қаламмен  үйреткен 

Ол  Раббың  аса  ардақты.  Ол  адамзатқа  білмеген 

нәрсесін  үйреткен»  аятын  оқыды».  Осы  аятты  алған 

181


 Бухари, Бәдул-халқ: 2-4, Бәдул-уахи: 3; Муслим, Иман: 233.

182


 Жерраһоғлу,

167

Құран кімнің сөзі?

Аллаһ Елшісі жүрегі дірілдеп Хадиша әйелінің жаны-

на келіп: «Жамылғы әкеліп үстімді жап», – деді. Оның 

қорқуы басылғанға дейін үстін жауып қойды. Кейіннен 

ол  тұрып,  әйеліне  болған  жайды  баян  етіп:  «Өзімнен 

қорқамын», – деді. Сол уақытта әйелі: «Аллаһ тағаламен 

ант етейін! Раббың сені ешқашан ұятқа қалдырмайды. 

Өйткені  сен  туыстарға  қарасып,  әлсіздерге  болысып, 

жарлыға жәрдем еткен һәм қонақтарды күтіп, хақ жо-

лында халыққа көмектескен адамсың», – деп оған дем 

берді. Осыдан кейін хазіреті Хадиша Аллаһ Елшісін ер-

тіп, немере ағасы Уарақа ибн Нәуфалға барды. Ол хрис-

тиан дініне кірген, ибрани тілін білетін және Інжілден 

кейбір нәрселер алып жазған адам еді. Ол уақытта әбден 

қартайған, екі көзі көр еді. Хазіреті Хадиша: «Аға, мына 

бауырыңның не дегеніне құлақ сал?» – деді. Аллаһ Ел-

шісі басынан кешкендерін түгелдей баян етті. Уарақа 

сонда: «Бұл көргенің Аллаһ Тағаланың Мұсаға жібер-

ген  Намус  Әкбар  (Жебірейіл).  Әттең-ай!  Сенің  елді 

дінге  шақырған  кезіңде  жас  жігіт  болып,  халқыңның 

сені  елден  шеттететін  кезіңді  көрсем  ғой  шіркін»,  – 

деді. Аллаһ Елшісі! «Олар мені елден шеттете ме?» – 

деп сұрады. «Иә, бауырым. Сендей адамдардың елінен 

дұшпандық көрмегені жоқ. Егер сенің дінге шақырған 

күндеріңе өмірім жетсе, саған көмектесемін» деп жауап 

берді. Алайда көп ұзамай Уарақа бақилық болды. Сол 

заманда уахи да аз уақыт келмей тоқтап қалған еді»

183


.

Алғаш  уахи  келгенде  хазіреті  Мұхаммед  (с.а.с.) 

қырық жаста болған (б.э. 610). Құран аяттарынан алған 

түсінігімізге  қарай,  бұл  Рамазан  айының  Қадір  түні 

еді.  «Бақара»  сүресіндегі:  «Рамазан  айы  адам  бала-

сына  тура  жол  және  ақиқат  пен  жалғанды  айыра-

183


 Бухари, Бәдул-уахи; 3.

168

Мәңгі мұғжиза

тын Құран түсірілген ай» аятында оның Рамазан айы 

екенін анық баян еткен. «Қадір» сүресінің: «Расында, 



Құранды Қадір түні түсірдік» аятында да оның Рама-

зан айының Қадір түні түскенін анық білеміз Ол күннің 

дүйсенбі  екендігі  бірауыздан  мақұлданған.  Бірақ  Ра-

мазан  айындағы  Қадір  түнінің  қай  түні  болғандығы 

беймәлім.  Ғалымдар  арасында  бұл  Рамазан  айының 

жиырма жетісі деген көзқарас басым. 

Осы  жерде  қозғай  кетер  мынадай  мәселе  бар. 

Құран Рамазан айында Қадір түні түскені анық. Бірақ 

әуелі  Құран  қайда  түсті?  Өйткені,  Ибн  Аббастан  мы-

надай  хабар  жеткен:  «Құран  Қадір  түні  тұтастай 



бір уақытта аспан әлеміне түсті. Содан кейін жиыр-

ма  жылда  (жерге)  түсті»

184


.  Басқа  бір  хабарында: 

«Құран  «Зікірден»  бөлініп,  аспан  әлеміндегі  «бәйтул-

иззаға»  (іззет  үйі)  түсірілді.  Содан  кейін  Жебірейіл 

оны  жайлап  Аллаһ  Елшісіне  түсіре  бастады».  Енде-

ше, Құрандағы Рамазан айындағы қадір түні Құранның 

түсуі жерге түсу ме, әлде аспан әлеміне тұтастай түсуі 

ме?  Һәм  Құранның  бес  аяты  ғана  Хирада  түскеніне 

қарағанда,  аспан  әлеміне  Құранның  тұтастай  түсуі 

аяттың мағынасына толықтай сай келмей ме? Бірақ осы 

екі  түсу  мәселесін  біріктіруге  болады.  Бұлар  бір-бірі-

не  қарама-қайшы  емес,  қайта  бір-бірін  толықтырады. 

Жалпы Құранның екі тұрмақ, үш түсу түрі бар.

1. Құран әуел баста тұтастай «Ләухул-Махфұзға» 

түсірілген.  Құранда:  «Әлбетте,  ол  ұлы  Құран.  Ләухы 

Махфұзда сақтаулы»

185


184


 әз-Зәркәши,  Мухаммәд  Бәдруддин,  әл-Бурһан  фи  улмул-

Қуран, Бәурут, 1958, 1 том, 228-230бет; Суюти, Итқан, 1 том, 

89 бет, Зәркәни, Мәнәһил, 1 том, 40 бет.

185


 «Бүруж» сүресі, 21\22.

169

Құран кімнің сөзі?

2. Одан кейін Рамазанның Қадір түні аспан әлемін-

дегі  «бәйтул-иззаға»  түскен.  Бірақ  біз  үшін  аспан 

әлеміндегі «бәйтул-иззаның» қандай және қайда екені 

беймәлім. 

3. Жебірейіл арқылы тағы да сол Рамазан айынының 

Қадір түні хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) түсіп, дүниені 

нұрға  бөлей  бастауы.  Бұл  Хира  үңгірінде  басталғаны 

мәлім.  Құраннның  «Расында,  Құранды  Қадір  түні 

түсірдік» аятындағы бір мағына Құранның жер бетіне 

тұтастай емес, түсе бастау мәселесі. Негізінде әрбір аят 

– Құран. 

Негізінде, ескерте кетер тағы бір жайт Жебірейілдің 

Құранды қалай алу мәселесі. Жебірейіл Ибн Аббастың 

хабары  бойынша,  жиырма  жыл  бойы  аспан  әлемінен 

біртіндеп әкеліп, хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) жеткізді 

десек, Аллаһ Тағаладан Құранды алу мәселесін қалай 

түсінеміз? Әрі Жебірейіл Құранды Ләухы Махфұздан 

алып,  Аллаһ  Елшісіне  жеткізіп  отырған  деген  де 

көзқарас бар. Ойлап қарағанға бұл жерде де қисынсыз 

нәрсе жоқ. Құранның бастан ақырына дейін Жебірейіл 

Аллаһ  Тағаладан  уахи  етіп  алып,  Елшісіне  жеткізген. 

Бұл  негізгі  нәрсе.    Ал  оның  Ләухул-Махфұздан  және 

аспан  әлемінен  де  Құран  уахиын  алуында  көптеген 

хикмет бар. Бұл бір жағынан алғанда, біріншісі Аллаһ 

Тағаланың жарлығы екіншісі басқан мөрі іспетті. Һәм 

Құранды әуелі Ләухул-Махфұзға, одан аспан әлеміне, 

одан жерге біртіндеп түсіру арқылы оның Аллаһ үшін 

аса қадірлілігін көрсетіп, адамдарды Құран қадірі мен 

маңызын түйсініп, әрі оны мұқият сақтатуға шақырады. 

Қорытындыласақ,  адам  өлшемі  мен  Құдай  тағаланың 

өлшемі бір емес. Ең дұрысын Хақ Тағала біледі. 


170

Мәңгі мұғжиза

ҚҰРАН СөЗІНІҢ эТИМОЛОГИяСЫ

Құран  сөзінің  түбірі  мен  мағынасы  жайында 

ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың 

өз араларында Құран сөзінің «хамзалы» (ء) яки «хам-



засыз»  сөзден  шықты  деген  екі  негізгі  көзқарас  бар. 

Алдымен «хамзасыз» сөзден шыққан деген пікірлерді 

ұсынайық:

1. Әбул-Хасан әл-Әшғаридың (ө.324\936) көзқара-

сына қарай Құран сөзі бір нәрсені бір нәрсеге жақындату, 

жалғау  мағынасындағы  َنَرَق  «қарана»  етістігінен 

шыққан. Өйткені Құрандағы сүре мен аяттар бір-бірі-

мен  жалғасып  кеткен.  Осыған  қатысты  оны  «Құран» 

деп  атаған.  Қажылық  пен  умраны  қосып,  жалғаған-

дықтан оған «қиран» делінген

186

.

2. Құран сөзі кейбір ғалымдардың көзқарасы бойын-



ша,  ةنيرق  «қарина»  сөзінің  көпше  түрі  نئارق  «қараин» 

сөзінен шыққан. «Қарина» – дәлел, айғақ, ұқсас, байла-

ныс мағынасына саяды. Құран аяттары мазмұн, ырғақ, 

ұйқас  жағынан  бір-біріне  ұқсап,  бір-біріне  дәлел  бо-

луда. Сондықтан да Құранға есім етіп қойылған. Әбу 

Зәкәрия  Яхия  ибн  Зияд  әл-Фәрра  (ө.207\822)  осыны 

жақтайды

187


.

3.  Құран  сөзі  хамзасыз  сөз.  Ол  ешқандай  сөз 

түбірінен  шықпаған.  Құран  –  хазіреті  Мұхаммедке 

(с.а.с.) түскен кітаптың өзіне тән есімі. Бұл көзқараста 

болған ғалымның бірі атақты Имам Мұхаммед ибн Ид-

рис әш-Шафиғи (ө.204\819). Ол Құран сөзі أرق «қараә» 

(оқу) сөзінен  шықпаған. Егер Құран есімі «қараә» оқу 

етістігінен шыққан болса, онда әрбір оқылған нәрсені 

«Құран»  деп  атауымызға  тура  келмек.  Алайда  Құран 

186


 Зәркәши, Бурһан, 1 том, 277 бет.

187


 Суюти, Итқан, 1 том, 68 бет.

171

Құран кімнің сөзі?

сөзі – Тәурат, Інжіл секілді хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) 

түскен  кітаптың  өзіне  тән  дара  есімі

188


.  Яғни,  Аллаһ 

Тағала хазіреті Мұсаға кітап түсіргенде оны «Тәурат» 

деп атаған. Хазіреті Дәуіт пайғамбарға кітап бергенде, 

оның атын «Зәбур» деп атаған. Сондай-ақ ақырғы кі-

тапты  хазіреті  Мұхаммедке  (с.а.с.)  түсіргенде  «Құран 

оқылған кезде оны тыңда» деп аятта айтылғандай оны 

«Құран» деп атаған. 

Келесі топ Құранның «хамзалы» екенін жақтайды. 

Бұл топ үшке бөлінеді:

1.  Құран  сөзі  «жинау»  мағынасына  келетін  ءرقلا 

«қар’»  сөзінен  шығып,  نلاعف  «фу‘лән»  формуласы-

мен  жасалған  сипат

189

.  Құран  тарихи  әңгіме,  жарлық, 



бұйрық, сүре мен аяттарды және бұрынғы кітаптардың 

жемістерін бір жерде жинағандықтан осы есім берілген. 

Әбу Убәйд әл-Қасым ибн Сәлләм (ө. 224\839) және Әбу 

Исқақ  әз-Зәжжаж  (ө.311\923)  осы  көзқараста  болған 

ғұламалар.

2.  Кейбір  ғалымдардың  көзқарасы  бойынша, 

Құран  сөзі  «сыртқа  шығару»  мағынасына  саятын  أرق 

«қараә» етістігінен шыққан. Құран оқыған адам сөз бен 

әріптерді оқып, аузынан сыртқа шығарғандықтан осы 

есім берілген. 

3.  Құран  сөзі  لات  «тәлә»  оқу  мағынасындағы  أرق 



«қараә» «оқу» етістігенен шығып, نلاعف «фу‘лән» фор-

муласымен жасалған. Бұл көзқарасты Әбул-Хасан Али 

ибн  Хазм  әл-Лихяни  (ө.215\830)  айтады.  Құрандағы: 

«Расында,  оны  жинау,  оқу  Бізге  міндет.  Ал  оны  Біз 

оқығанда, оның оқылуына ілес»

190


 аятында Құран сөзі 

188


 Зәркәши, Бурһан, сол беттерде.

189


 Бұл да сонда.

190


 «Қиямет» сүресі, 17-18.

172

Мәңгі мұғжиза

оқу  мағынасында  берілген.  Осы  дәлелге  қарай  Құран 

сөзі  «оқу»  етістігінен  шығып,  хазіреті  Мұхаммедке 

(с.а.с.) түскен илаһи сөздің есімі болған. Бұл көзқарас 

Ислам ғұлама арасында ең басым болғаны

191




ҚҰРАННЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

Ислам  ғалымдары  Құранның  кейбір  ерекшелік-

терін негіз етіп алып, Құранға анықтама берген. Бірақ 

бұлар оның барлық ерекшеліктерін қамтыған анықтама 

емес. Біз солардың кейбірін ұсынайық. 

1. Хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) уахи арқылы түсіп, 

мұсхафтарда жазылған, «тәуәтүр» бұлтартпас хабарлар 

арқылы  жеткен,  оқылуы  ғибадат  саналған  мұғжизалы 

сөз. 

2.  «Фатиха»  сүресінен  «Нас»  сүресінің  ақырына 



дейін хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) түскен өзіне тән ере-

кшеліктерді қамтыған ғажайып сөздер

192



ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ҚҰРАН 



АНЫҚТАМАСЫ

Харис  әл-Ауәр  былай  дейді:  «Мешітке  кірсем 

ондағы халық Аллаһ Тағала жайында сөз қозғап, пікір 

бөлісуді жинап қойып, бос әңгімеге кірісіп кетіпті. Мен 

мешіттен  шығып,  хазіреті  Әліге  барып  көрген  жайды 

айттым. Ол сонда: 

–  Шынымен-ақ айтқандарың дұрыс па? – деп маған 

қарады. Мен:

–  Иә, – дегенде, ол:

–  Мен Аллаһ Елшісінің бір күні «Естеріңде бол-



сын бір күні бір бүлік бой көрсетеді!» дегенін естіген 

191


 «Мәбәһис», 19 бет.

192


 Жеррахоғлу, 34 бет.

173

Құран кімнің сөзі?

едім. Сонда мен: – Одан қандай жол арқылы құтылу бо-

лады, Пайғамбарым? – дедім. Сонда ол былай деді:

ُل ْصَفْلا َوُهَو ْمُكَنْيَب اَم ُم ْك ُح َو ْمُكَدْعَب اَم ُرَب َخ َو ْمُكَلْبَق َناَك اَم ُأَبَن ِهيِف ِللا  ُباَتِك 

ُهَّل َضأ ِهِرْيَغ يِف يَدُهْلا يَغَتْبا  ْنَمَو ُللا ُهَم َصَق ٍراَّب َج  ْنِم ُهَكَرَت  ْنَم ِلْزَهْلاِب  َسْيَل 

يِذَّلاَوُه ُميِقَت ْسُمْلا  ُطاَر ِّصلاَوُه َو ُميِك َحْلا ُرْكِّذلا َوُهَو  ُنيِتَمْلا ِللا  ُلْب َح َوُهَو ُللا 

ُقَل ْخَي َلاَو ُءاَمَلُعْلا ُهْنِم  ُعَب ْشَي  َلاَو ُةَن ِسْل ْلأا ِهِب  ُسِبَتْلَت َلاَو  ُءاَوْه ْلأا ِهِب ُغيِزَت َلا 

يَّت َح ُهْتَعِم َس ْذإ  ُّن ِجْلا ِهَتْنَت ْمَل يِذَّلا َوُه ُهُبِئا َجَع ي ِضََقْنَت  َلا َو ِّدَّرلا ِةَرْثَك يَلَع 

ْنَمَو  َقَد َص ِهِب  َلاَق  ْنَم ِهِب اَّنَمآَف ِد ْشُّرلا يَلإ يِدْهَي اًب َجَع اًنآْرُق اَنْعِم َس اَّنإ اوُلاَق 

ٍميِقَت ْسُم  ٍطاَر ِص يَلإ يَدَه ِهْيَلإ اَعَد  ْنَمَو  َلَدَع ِهِب َمَك َح  ْنَمَو َر ِجُأ ِهِب  َلِمَع



«Аллаһ  тағаланың  Кітабына  бағыну.  Онда  сен-

дерден  бұрынғы  (елдердің  жағдайларына  қатысты) 

хабарлар  және  сендерден  кейінгі  (қияметке  дейін-

гі)  болатын  бүліктер  һәм  қиямет  хақында  хабарлар 

бар. Сонымен қатар араларыңда (иман-күпір, бағыну, 

қарсылық көрсету, харам, адал т.б. түрінен) болатын 

жағдайларға  қатысты  үкімдер  бар.  Ол  ақиқат  пен 

жалғанды  бөлуші  дара  өлшем.  Онда  ешқандай  жай 

сөз,  әзіл  жоқ.  Кімде-кім  бір  залымнан  қорқып,  одан 

алшақтап,  онымен  амал  етпесе,  Аллаһ  Тағала  оны 

құрдымға тастар. Кімде-кім одан басқа тура жол із-

десе Аллаһ Тағала оны адастырар. Өйткені, ол Аллаһ 

Тағаланың  ең  мығым  арқаны.  Ол  хикмет  пен  зікір-

ге  толы  сөз.  Һәм  ол  Хаққа  жеткізер  тура  жол.  Ол 

өзіне бағынғандарды жолдан таюдан (нәпсіге беріліп)  

ал  өзін  (оқыған)  тілдерді  де  шатасудан  сақтайды. 

Ғалымдар  еш  уақытта  оған  тоя  алмас.  Оны  көп 

оқып қайталағандар еш қашан жалықпас һәм дәмі де 

жоғалмас.  Оның  адамдарды  таңдандыру  қасиетінің 

ақыры жоқ шексіз. Оны жындар да естіген кезде: «Біз 

174

Мәңгі мұғжиза

тура жолды көрсеткен ғажайып және ешқашан есті-

меген Құран естідік. Біз оның (Аллаһтың сөзі екендігі-

не)  сендік»  деп  таңданысын  жасыра  алмаған.  Құран 

рухымен сөйлеген адам дұрыс сөйлейді. Онымен амал 

еткен  кісі  сөзсіз  сый-сыяпатқа  бөленеді.  Кімде-кім 

онымен үкім берсе әділдікпен үкім етеді. Кімде-кім оған 

шақырса, тура жолға шақырады», – деді. Ей, Ауәр, сен 

де осы нақыл сөздерді жадыңда жақсы сақта!»

193


.

Бұл хадис Құранның рухы мен маңызын, мазмұны 

мен ерекшеліктерін және оның қаншалықты сарқылмас 

қазына мен түгесілмес байлық екендігін нақыл сөзбен 

жеткізген соны хадис. Бұл он тоғыз бабтан тұрады.

1. баб: 


م ُكَلْبَق َناَك اَم ُأَبَن ِهيِف 

 «Онда сендерден бұрынғы-



лардың хабарлары бар».

Негізінде  біз  әлі  күнге  дейін  өткен  тарихтың 

тереңдерінде өмір сүрген елдер хақында көп мағлұмат 

білмейміз. Құран бізге өткен заманнан сөз қозғап, Нұх 

пайғамбардың елі, Һүдтің елі, Салихтің елі т.б. елдер 

жөнінде хабар берген. Алайда қазірге дейін еуропалық 

ғалымдар осылар жайлы Құранда айтылған ақиқаттарға 

мән бермеген. Бірақ архееологиялық қазбалар арқылы 

хазіреті  Лұттің  елі,  Салихтың  елінің  өмір  сүргені 

анықталды. 

Және  Құран  жоғарыда  айтып  өткеніміздей, 

Перғауынның  Қызыл  теңізге  батып,  денесі  ғасырлар 

өткен  соң  теңіз  жағалауына  шығарылатынынан  ха-

бар  берген-ді.  Бірақ  атеисттер,  христиан  мен  еврей-

лер осы хабарды жоққа шығарып, тіпті күлкі етіп кел-

ген.  Алайда  Құран  Перғауынның  теңізге  батуы  ғана 

емес, оның кейінгі ұрпаққа ғибрат болу үшін теңізден 

шығарылуынан хабар берген. Қазіргі кезеңде сол табы-

193

 Тирмизи, Фәдәилул-Қуран, 14; Ахмәд бин Хәнбәл 1\91.



175

Құран кімнің сөзі?

лып, Британия мұражайына қойылған. Зерттеушілердің 

де нәтижесі Құранда айтылған Перғауынға дөп келеді. 

Бұдан да басқа Құранда айтылған тарихи әңгімелерді 

қазіргі тарихи деректер растауда. Бұдан кейін де растай 

бермек.


Хазіреті  Пайғамбар  (с.а.с.)  умми-оқу-жазу  біл-

меген  адам.  Ол  Әһли  кітаптың  ешбір  ғалымдарымен 

қарым-қатынас  жасамаған.  Тіпті,  олармен  тығыз 

араласқан  жандар  да  хазіреті  Пайғамбардың  (с.а.с.) 

айтқан ақиқаттарын ұйып тыңдаған. Олардың арасын-

да оның айтқан ақиқаттарын ертегі деп санағандар да 

болған. Сондықтан олар біз де ертегі білеміз деп кей-

бір батырлардың хикаяларын айтып, онымен күреспек 

болған. Заман өтіп, олардың ертегілері өткен заманның 

қалтарысында  қалды.  Ал  Пайғамбарымыздың  Құран 

арқылы  айтқан  ақиқаттары  біздің  заманымызға  дейін 

жетті.  Жетіп  қана  қоймай  тарихшылардың  қайнар 

көзіне айналды. Аллаһ Елшісінің басқа мұғжизаларын 

былай  қойғанда,  Құрандағы  өткен  тарих  хақындағы 

ақиқаттары оның пайғамбарлығына дәлел ретінде жетіп 

асар еді.

2. 

ْمُكَدْعَب اَم ُرَب َخ َو



 «Онда сендерден кейінгілер хақында 

да хабарлар бар».

Құран  сондай-ақ  түскен  кезінен  бастап  қияметке 

дейін болатын көптеген оқиғалар жайлы хабар береді. 

Заман  ағымының  теңіз  толқындары  секілді  бірінен 

соң бірі үнемі ауысып тұруы жайлы Құран былай дей-

ді:  «Ей,  мұсылмандар!  Егер  дінге  немқұрайдылықпен 



қарап, өз қара бастарыңның қамын ғана ойласаңдар, 

Аллаһ Тағала (сендердің орындарыңа) дереу жап-жаңа 

қауым әкеледі (Олардың дінге деген ынтасы алғашқылар 

тәрізді). Олар Аллаһ Тағаланы сүйеді, Аллаһ та олар-

176

Мәңгі мұғжиза

ды сүйеді. Олар мұсылмандар алдында аса кішіпейіл, 

ал кәпірлер алдында аса үстем де, беделді келеді. Олар 

Аллаһ  жолында  жиһат  етіп,  ғазауатқа  шығады. 

Адамдардың тіл тигізіп, сынағандарына мойын бұрып, 

көңіл де аудармайды. Бұл – Аллаһ Тағаланың қалағанына 

берер ерекше шарапаты. Аллаһ – шарапаты мол, ілім 

иесі»

194


.

Оқиғалар Пайғамбарымыздың «алтын ғасырынан» 

бастап, Құран хабар бергендей күнімізге дейін жалғасып 

келген.  Содан  бері  «елу  жылда  ел  жаңа,  жүз  жылда 

қазан» демекші қаншама ел келіп, қаншама ел кеткен. 

Сахабалар,  табииндар,  Омяттар  мен  Аббаситтер  одан 

кейін Қараханиттер, Селжуктар, оның артынан Осман-

лылар келген. Бірі өз шырқау биігіне жетіп, құлап бара 

жатқанда бейне бір «Егер Ол қаласа сендерді тастап, 

жап-жаңа  халық  әкеледі»

195


  аятын  паш  етіп  құлаған. 

Абай  Хакимнің  сөзімен  айтсақ:  «Дүние  –  үлкен  көл, 

заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, артқы 

толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер». 

Заман ағымымен бірі келіп, бірі кетуінің мән-мағынасы 

мынау: Дүние көлінде заман-желдің айдауымен небір 

елдер келеді. Бірақ олар бейне бір ұзақтан жер-жаһанды 

жаңғыртып, арсылдап, гүрсілдеп келіп бекеттің ұйыған 

тыныштығын бұзып-жарып зулап өтіп бірте-бірте көз 

жетпес  көкжиектің  тұңғиығына  қайта  батып  кеткен 

жүйрік  пойыздардай  тарихтың  қанбас  сахара  шөліне 

судай  сіңіп,  түк  болмағандай  жұтылып  кете  бармақ. 

Осылайша    бірі  кетіп,  бірі  орнын  басып,  ол  да  ұзақ 

тұрмай  тек  қана  бастауы  мен  ақыры  болмаған,  за-

ман мен мекеннен пәк Мәңгі Ұлы Жаратушы Жаппар 

194


 «Маида» сүресі, 5\54.

195


 «Ибраһим» сүресі, 14\19.

177

Құран кімнің сөзі?

Ие  қалмақ.  «Жер  бетіндегілердің  бәрі  де  жоқ  болуға 



құрдым, пәни дүние. Аса ұлы жомарт иесі Раббың ғана 

мәңгі қалады»

196


 аяты осының куәсі. 

Исламның  әлі  толық  қанат  жаймай  тұрып, 

болашаққа қатысты Ислам мемлекеттері хақында хабар 

беруі – Құранның мұғжизалығын көрсетеді. Бұл секіл-

ді хабарлар Құранда көп. Аталмыш мысал теңіздің бір 

тамшысы ғана.

3.  ْ

م ُكَنْيَب اَم ُم ْك ُح َو



  «Ол  сендерге  үкімші  һәм  үкімнің 

қайнары»

Құран  алдымен  мұсылмандардың  одан  кейін  де 

күллі  адамзаттың  барлық  мәселелерін  шешетін  әділ 

қазы һәм үкім қазынасы. Негізінде Құраннан басқа да әр 

түрлі жүйелер оның заңына ұқсауы мүмкін. Басқа заңдар 

да  адамдарға  пайдалы  болуы  мүмкін.  Бірақ  Құранда 

тепе-теңдік дәлме-дәл сақталған. Ол жалпының пайда-

сына лайық жүйе қойғанда, жалқының да алар үлесін 

олқы қалдырмаған. Һәм ол жеке адамның кейбір ерек-

шеліктерін ғана емес, тұтастай көңіл бөлген. Мысалы, 

адамның санасына сәуле түсіргенде оның жүрегін де, 

бойындағы сансыз сезімдерін де тәрбиелеуді мақсат ет-

кен. 

Ислам  әлемінің  өткен  тарихына  қарасақ,  Құран 



жүйесінің  қалай  іске  асып,  сан  ғасырлар  бойы 

мұсылмандардың бақытты ғұмыр кешкеніне куә бола-

мыз. Иншаллаһ, жақын заманда да мұсылман әлемінен 

Құранның  рухын  түсінген  ғалымдар  шығып,  әлемнің 

шешілмеген күрмеулерін шешуде үлкен рөл атқарады 

деген сенімдеміз. Пайғамбарымыздың: «Бір заман ке-



леді. Сол уақытта Құран басқа қойнауда, мұсылмандар 

196


 «Рахман» сүресі, 55\27.

178

Мәңгі мұғжиза

басқа қойнауда жүреді» деген, мұсылманның қаралы 

жылдары өтіп, мұсылмандардың Құранмен қайта табы-

сар айт күні де жақын қалса керек. Сол уақытта әлем 

бейбітшілік  шұғыласына  малынып,  Құранның  үкімші 

екені қайтадан атқан таңдай жарқырап көрінер!

4.  ِ


لْزَهْلاِب  َسْيَل  ُل ْصَفْلا َوُهَو

  «Ол  ақиқат  пен  жалғанды 



бөлуші дара өлшем. Онда ешқандай бос, әзіл сөз жоқ»

Бұны жоғарыдағы үкім бабының толықтырушысы 

деп  түсінуге  болады.  Ол  ақиқат  пен  жалғанды  бөліп 

әділдікті  танытушы.  Һәм  нақты  да  маңызды  сөзді 

сөйлеуші.  Онда  зәредей  де  жөнсіз  сөз  жоқ.  Сонымен 

қатар онда ешбір әзіл де жоқ. Жұмыр басты пенденің 

әдеби  сөздері  яки  өлеңдерінде  бір  мәселені  жеткізу 

мақсатында әзіл сөзді пайдалануы мүмкін. Алайда Құран 

мұндай нәрседен мүлдем пәк. Оның Ұлы Жаратушының 

кітабы болу тұрғысынан һәм адамзаттың екі дүниелік 

бақыттылығын шешу үкімдерінде ешқандай әзілдің бо-

луы мүмкін емес. 

5. 

ُللا ُهَم َصَق ٍراَّب َج  ْنِم ُهَكَرَت  ْنَم



 «Кімде-кім бір залымнан 

қорқып, Құранға деген сенім мен иманы әлсіресе, Аллаһ 

Тағала оны құрдымға тастар».

Бұл  жерде  залым  күштің  зымияндығы  артып, 

мұсылманның  басына  іс  түскен  қилы  заманда,  бас 

пайдасы мен жанын ойлап Құранға жат болып, алшақ 

кетсе,  Хақ  Тағала  оны  жермен-жексен  етер.  Яғни,  ол 

мұсылман жай ғана мұсылман емес, Құранды зерттеп 

біліп, оны жан-жүрегімен сезініп, жылдар бойы онымен 

бірге ғұмыр кешіп, онымен дос болған шақта, кенеттен 

елде  Құранға  қарсы  іс-әрекет  басталып,  оны  жақын 

танығандарға  деген  зұлымдық  артып,  әлгі  мұсылман 

өз басын ойлап, жан сауғалап Құранды тастап қашса, 


179

Құран кімнің сөзі?

міне  осы  кезде  ол  Құран  досына  деген  опасыздық 

танытқаны үшін ақырында Қаһһар тағаланың қаһарына 

ұшырамақ. 

Негізі осы сөздің астарында мынадай мағына бар: 

Егер  мұсылмандар  қилы  заманда  Құраннан  алшақтап 

онымен  амал  етпей,  сол  үшін  Аллаһ  Тағала  оларды 

жермен-жексен  ететін  болса,  ел  тыныш  жай  заманда 

ешбір  себепсіз  Құранға  немқұрайдылықпен  қарайтын 

болса,  онда  ондай  мұсылман  қоғамның  жермен-жек-

сені шығып, ұйыққа батары сөзсіз демек-дүр. 

«Өлінің жаман жақтарын айтпаңдар» – Исламның 

негізгі қағидасы, бірақ, өкінішке орай, бірнеше ғасыр 

бойы мұсылмандар діні бөгде елдерден қорқып, олардың 

айтқанын жасадық. Олардың бізге жат құндылықтарын 

алып, өзіміздің төл құндылықтарымыздан бас тарттық. 

Кейбір  ғалымдар  Құранды  бұрын  түскен  кітаптармен 

салыстырып,  сын  тағып,  ел  сеніміне  күмән  ұялатып, 

халықты  одан  алшақтатқан.  Мұндай  ғалымдар  – 

әлі  күнге  дейін  мұсылман  арасында  кешегінің  ісін 

жалғастырып, еуропаға еліктеп, Құранға солардың бер-

ген бағасын беруді абырой, бедел көріп, өздерін елден 

ерекше санап, мұсылман әлемін Құраннан алшақтатпақ 

болған есалаңдар. Аллаһ Елшісінің «Құран ұят санал-

май  қиямет  болмайды»  және  «Бір  заман  келеді.  Сол 

уақытта  Құран  басқа  қойнауда,  мұсылмандар  басқа 

қойнауда  жүреді»  деген  болашаққа  қатысты  хабары 

әдеттегідей тура шыққан. 

Хадисте  айтылғандай  сол  бір  заман  да  келіп 

мұсылмандар  мен  Құранның  арасы  қырық  құлаш 

алшақтап, екеуі екі жақта қалып, ақырында мұсылмандар 

жалғыздықтың  азабын  тартқан.  Сондықтан,  олар 


180

Мәңгі мұғжиза

жалғыздықтың азабын ғана тартып қоймаған, Құранды 

тастағандары үшін жермен-жексен етілген. 

Бұл жерде Құранға екі түрлі теріс қарау бар. Бірі 

– Құраннан қол үзіп, алшақтау. Екіншісі – тек қол үзіп 

қана қоймай, ондағы құндылықтарды басқа жерден із-

деу. Мұсылмандар кейде біріне, кейде екеуіне де бірдей 

душар  болған.  Мына  төмендегі  келесі  баб  сол  екінші 

жағдайды баян етеді. 

6. 


للا  ُهَّل َضأ  ِهِرْيَغ  يِف  يَدُهْلا  يَغَتْبا   ْنَمَو

  «Кімде-кім  Одан 



басқа тура жол іздесе, Аллаһ Тағала оны адастырар».

Құдай тағаланың адамды адастыруы әр түрлі жол-

мен іске асады. Сонда әлгі адам әсте-әсте жолдан ыға 

бастап, ақырында қалай адасқанын өзі де сезбей қалады. 

Мысалы, адасар адам әу баста өз дегендерін Исламның 

жаңа тың ойлары деп ойлайды. Кейіннен қалай күпірлік 

орға  түсіп,  ұйықтай  шыр  айналып  ғұмыр  кешкенін 

білмей  де  қалады.  Исламның  мәзһәб  Имамдарына  тіл 

тигізіп, сынаған жандар солардың бірі. Олар әлемдегі 

исі  мұсылмандардың  жүзде  тоқсан  бесіне  үлгі-өнеге 

болған  имам  ғұламаларға  тіл  тигізіп,  сынаған  адам 

кейіннен  сахабаларды  одан  әрі  Ұлы  Жаратушының 

жіберген ақырғы Елшісін «ол да біздей жай бір адам» 

деп сынға ала бастайды. Сондықтан ақыр соңында ол 

да біз секілді жай адам болғанына қарағанда ол да біз 

тәрізді қателеседі деген қортындыға келеді. Осылайша 

ол  «аңдамай  сөйлеген  ауырмай  өледінің»  кебін  киіп, 

өзін  жарға  жығады.  Өйткені  Аллаһ  Елшісінің  қателік 

жасауы (Аллаһ сақтасын!) – Ислам дінінде қателік бар 

деген  мағынаға  саяды.  Барлық  адам  баласы  қателік 

жасайды.  Бірақ  пайғамбарлардың  қателігі  біз  секіл-

ді  адамдардың  жасаған  қателіктеріндей  болмайды. 

Олардың қателігі «жақсы» мен «өте жақсы» арасындағы 


181

Құран кімнің сөзі?

«жақсы  үкімді»  таңдау  қателігі.  Ал  біз  секілді  жаман 

үкімді таңдаса, онда дін бұзылар еді. Енді біреулер де 

өзін ғалым танып, ақыр соңында Құранды сынға алып, 

одан қателік таптым деп жар салған. Енді біреулер де 

Құрандағы Құдай жарлықтарын сынға алған. Мысалы, 

әйелдердің  орамал  тартуы  бүгінгі  мәдениетке  сәйкес 

келмейді,  сондықтан  біз  салт-дәстүрмен,  яки  Еуропа 

құндылықтарымен  жарқын  болашаққа  қадам  басуы-

мыз  ләзім  деп  сынаған.  Мұсылман  әлемінде  Ислам 

дінін Еуропадан оқып, қорғаған кейбір ғалымдар бар. 

Олардың  Ұлы  Жаратушының  жарлығына  мін  тағып, 

ақыр  аяғында  тура  жолды  қазір  Құраннан  тыс  іздеп, 

адасып жүргенін көреміз. Иә, «Аллаһ Тағала кімде-кімді 



адастырса,  оны  ешкім  тура  жолға  сала  алмайды»

197


 

дегендей, адам бір адасқан соң, ұйық тартқандай орал-

мас құрдымға жөнелмек. 

Сондықтан,  Хақ  Тағала  құндылықтарды  тек 

Құраннан алып, оны арамызда үкімші, әділ төреші етіп, 

оған  мойынсұнуымызды  әмір  етеді.  Өйткені,  ондағы 

үкімдер  әзіл  емес,  шынайы  да  салмақты  үкімдер. 

Одан қол үзгеннің де басына пәлекет жаумақ. Ал оны 

өзіне  үкімші етіп, одан үкім алған қоғам да ешқашан 

қателеспек емес. Өйткені ол;

7. 

ُنيِتَمْلا ِللا  ُلْب َح َوُهَو



 «Ол – Аллаһ Тағаланың ең мығым 

арқаны»

«Бақара»  сүресінде  былай  дейді:  «Дінде  зорлық 



жоқ. Туралық пен адасу бір-бірінен айырылды. Кімде-

кім  адасуды  теріске  шығарып,  Аллаһ  Тағалаға  сенсе, 

онда ол үзілмес берік тұтқаны ұстайды»

198


. Иә, кімде-

кім Құранға толық берілсе, онда ол ешқашан үзілмес, 

197

 «Ағраф» сүресі, 7\186.



198

 «Бақара» сүресі, 2\256.



182

Мәңгі мұғжиза

шірімес,  мықты  арқаннан  ұстайды.  Сонда  ол  өмірдің 

небір  шыр  айналған  құйын-дауылдары  мен  шықпас 

шырғалаң жолдарынан аман өтіп, бақыт бақшасының 

қақпасын тура табады. 

Ол  –  көктен  жерге  түсіп  бір  ұшы  адамдардың 

қолында бірі Ұлы Құдіреттің өзінде болып, жұмыр бас-

ты пенделерді құтқаруға түскен мығым арқан. Ол – Ұлы 

Жаратушының  арқаны.  Ендеше  оның  үзілуі  мүмкін 

емес.  Сол  арқанды  місе  тұтпай,  басқалардың  жалған 

да  пәни  арқандарынан  ұстағанның  ақыры  тұңғиық 

құрдым.  «Жер  бетіндегілердің  бәрі  де  жоқ  болуға 

құрдым,  пәни  дүние.  Аса  ұлы  жомарт  иесі  Раббың 

ғана мәңгі қалады»

199

 деп аятта айтылғандай, шыр етіп 



дүниеге келгелі өлуге бет алған қауқарсыз адамдардың 

өзіндік идеялары бұл ғұмырдың емтихан сахарасында 

шөлден қаталаған шарасыздардың сусынын қандырмақ 

емес.  Тек  Құран  ғана  жәннаттың  Туба  ағашындай 

көктен арқан-қолдарын ұзатып, шөлдеген жанның мей-

ірін мәңгілік қандырмақ. 

8. 

ُمي ِك َحْلا  ُرْكِّذلا  َوُهَو



  «Ол  –  хикмет  пен  зікірге  толы 

сөз».

Зікір:  Аллаһ  Тағаланың  есімін  қайталау  деген 

мағынамен бірге еске түсіру мағынасына да келеді. Хик-

мет: Хақ тағаланың бір сипаты. Бұл жерде адамдардың 

назарын  көрінген  әлем  мен  метафизикалық    әлемге 

аудару қызметі жағынан Құранның ерекше есімі. 

Құран  –  хикметтерге  толы  кітап.  Адам  баласы 

Құраннан ұғым-түсінігіне теріс келер еш нәрсе таба ал-

майды. Оның әрбір мәселесі ақылды қуаттап, адамның 

ой-өрісін дамытуға күш салады. Оның әр сөзінің аста-

199

 «Рахман» сүресі, 55\27.



183

Құран кімнің сөзі?

рында сансыз хикмет қазынасы жатыр. Адам ақыл мен 

рух  жағынан  қаншама  биіктерге  көтерілсе  де,  бәрібір 

Құран  шыңына  жете  алмайды.  Оның  шама-шарқына 

қарай  жеткен  биіктерінен  қашанда  Құран  хикметінің 

тігіп кеткен байрағын көреді. 

9. 

ُميِقَت ْسُمْلا   ُطاَر ِّصلاَوُه  



  «Ол  –  тұп-тура  жолдың  да 

нағыз өзі»

Адам  Құранмен  танысқанға  дейін  астамдық 

пен  нұқсандықтан  құтыла  алмай,  ақиқат  деп  өмір 

бойы  сағым  қуып,  құнсыз  ғұмырын  босқа  өткізген. 

Сондықтан да Аллаһ Тағаланың барлығы мен бірлігін 

және  басқа  да  иман  негіздерін  тануда  Құран  негізгі 

ұстаз  болғандықтан  «сиратул-мустақим»  яғни  «тура 

жол» оның ерекше есімі аталған. 

Ол  –  сенім  негіздері  мен  құлшылыққа  қатысты 

тақырыптарды  ғана  емес,  сонымен  қатар  барлық 

қоғамдық,  экономикалық,  саяси,  басқару  тақырып-

тарында  да  адамдарды  астамдық  пен  нұқсандыққа 

соқтығудан  қорғаған  көшбастаушы.  Атеизмді  алға 

ұстаған  капитализм  мен  коммунизм  секілді  жүйелер 

астамдық пен нұқсандықтан айыға алмай, кейде адам 

орнына  зат  пен  мүлікті  бірінші  орынға  қойып,  кейде 

қоғамның  ғана  пайдасын  көздеп,  жеке  жандар  тасада 

қалып, тура жолды теңдей алмаған. 

Сондықтан  адам  баласына  тура  жол  аса  қажетті. 

Сол  тура  жолды  тура  жолдың  өзі  болған  Құран  ғана 

көрсете білген. Біздің күнде Жаратушы Жаппар Иеден 

қырық рет тура жолды тілеуіміздің сыры осы. 

10. ُ

ءاَوْه ْلأا ِهِب ُغيِزَت َلا يِذَّلاَوُه



 «Ол өзіне бағынғандарды 

нәпсілеріне бағынудан сақтайды»

184

Мәңгі мұғжиза

Құран өзіне жақындық танытқан жандарға қашанда 

шам-шырақтай  жарқырап,  тура  бағытын  көрсетіп, 

адасудан  сақтайды.  Иә,  жоғарыда  да  айтылғандай,  ол 

«мығым арқан». Одан ұстаған бұл дүниеде де қабір мен 

мақшар  әлемінде  де  сан  қилы  тосқауылдардан  аман 

өтіп, жәннат мекеніне жетпек. Сондықтан да Құранмен 

Аллаһ  Тағалаға  бет  бұрғандар  нәпсі  мен  шайтанның 

барлық тұзақтары іске аспас, әскерлері ала алмас қалың 

қамалға кіреді. Аллаһ Тағала бір хадис құдсиде: «Кімде-



кім «Ләә иләәһә иллаллаһ» десе, Менің қамалыма кіреді. 

Ал Менің қамалыма кірген жәннатқа кіреді» дегенін-

дей, иман еткен мұсылман Құран қамалына кіреді. Сон-

да мұсылман өмірде астамдық пен нұқсандықтан ада, 

қауіп-қатерден аман, жолынан адаспай Хаққа жетеді.

Бұл жерде Аллаһ Тағала біздің Өзіне толық сенім 

білдіріп,  Оған  тәуекел  етуімізді  қалайды.  Бірақ  сол 

сеніміміз қалай болмақ?

Бұның ең төмені – қауіпті жерде ата-анасына сен-

ген  бүлдіршін  бала  секілді.  Ата-анасының  жанында 

бала қандай жағдайда болсын өзін сенімді сезінеді. Әрі 

бала  ата-анасының  өзін  далаға  тастамайтынын  жақсы 

біледі. Тіпті оны көтеріп аспанға лақтырып ойнаса, бала 

қорқудың  орнына  шықылықтап  күледі.  Тым  құрыса 

осындай сенім қажеттілігі осы бабта айтылған. 

11. ُ

ةَن ِسْل ْلأا ِهِب  ُسِبَتْلَت َلاَو



 «Оның қорғанындағы тілдер 

мен сөздер де жаңылып, шатасуға душар болмайды».

Яғни,  Құранды  мықтап  ұстансаңдар,  діндеріңмен 

бірге  тілдеріңді  де  сақтап  қаласыңдар.  Айтқандай-ақ, 

Құран – арабтардың тілін өркендетіп, әлемде үлкен бе-

делге  жеткізген  кітап.  Құран  болмағанда  араб  тілінің 

қазіргі заманға дейін жетуі күмәнді еді.



185

Құран кімнің сөзі?

Басқа  бір  мағына  да  оның  негізгі  өлшем  болуы. 

Өмірде  Құран  әлемінен  тыс  өлшеммен  жазылған  кі-

таптар бар. Мысалы, еуропа, ежелгі грек және атеистік 

философиялар адамның шектеулі өлшемімен жазылған 

ойлар. Адам баласы бұл кітаптарды оқығанда, оларға 

Құран  өлшемімен  баға  бермесе  яки  оларды  оқымас 

бұрын  санасын  Құрандық  өлшеммен  уыздандырып 

алмаса,  ой-пікірлері  соларға  қарай  ауып,  бірте-бірте 

шатаса беруі әбден мүмкін. Қазіргі кездегі сан жылдар 

бойы тек қана батыс пәлсапасын яки атеист қисынын 

оқып,  содан  ақыл  азығын  алып,  санасы  солай  қарай 

қалыптасқан қаншама елдің зиялысы өздерін мұсылман 

санағанымен  Ислам  туралы  сөз  қозғағанда  оған  сол 

бұрынғы  қалыптасқан  «пенделік  өлшемдермен»  баға 

беруде. 


Қазіргі  кездегі  кейбір  өздерін  мұсылман  санаған 

бұрыс ағымдар да алдымен өздері, яки жасырын біреулер 

арқылы идея құрып, оны Құран аяттарымен қуаттауда. 

Алайда мұсылмандық бір басқа да, мұсылман болу басқа 

нәрсе. Яғни, біреу өзін мұсылманмын деп, бірақ ой-са-

насы пенделік идеялармен қалыптасып, әлемге өзін со-

лай танытса – оған мұсылмандықтың қандай кінәсі бар? 

Мұсылмандық мінез ол – Құран мінезі, Құран өлшемі. 

Кімде-кім  өзін  мұсылман  санап,  бірақ  Құраннан  тыс 

өлшеммен  жүрсе,  ол  нағыз  мұсылман  емес!  Мысалы, 

Құранда «Кімде-кім жазықсыз бір адамды өлтірсе, ол 

жер бетіндегі барлық адамды өлтіргенмен бірдей»

200


 

деген  өлшем  бар.  Сондықтан,  кейбір  мұсылмандар 

атынан көрінген ұйымдар жер бетінде кісі өлтірушілік 

әрекеттер  жасауда.  Міне,  бұлардың  алдымен  санасы, 

200

 «Маида» сүресі, 5\32.



186

Мәңгі мұғжиза

одан  кейін  тілдері  шатасқан.  Оның  ақыры  қылмысқа 

соқтырған. 

12. ُ


ءاَمَلُعْلا ُهْنِم ُعَب ْشَي  َلاَو

 «Ғалымдар оған еш уақытта 



тоя алмас».

Дұшпандар оны көре алмай күндесе де, надандар 

оны түсінбесе де ол әрқашан ғалымдардың тәжі болып, 

Имам Ағзам, Имам Шафиғи, Ғазалилер тұрса қолынан 

тастамай,  жатса  қастерлеп  жастығының  бас  жағына 

қойған. Олар оны бірнеше күнде хатым етіп, ал кейбірі 

Рамазанда  күндіз  бір  рет,  түнде  бір  рет  хатым  еткен. 

Бірақ олар сонда да тою дегенді білмеген.

Олар Құран оқыған кезде оның рухына терең бой-

лап, ғажайып күй кешкен. Әсіресе, тарихи әңгімелерді 

оқыған уақытта сол заманның өмірін бейне бір экран-

нан көріп тұрғандай, тіпті даусын естігендей жақыннан 

сезінген. 

Иә,  Құран  ілімін  терең  біліп,  оған  өзін  жақын 

сезінгендер  оның  тылсым  сырларына  қаныға  алады. 

Бірақ Құранның басқа тілдегі мағыналық аудармасын 

оқып, зерттеген адам көп нәрсе ұға алмайды. Абайдың 

орыс тіліне аударылған қара сөзінен сіз не ұғып сезі-

не  аласыз?  Жұмыр  басты  пенденің  сөзі  осылай  болса 

Жаратушының сөзі қандай болмақ? 

Құран сөздері мағынаға жабылған шапан емес. Ол 

сөздер оның бейне бір терісі. Терісін алғанда ғажайып 

болып көрінгенмен, бәрібір дәрежесі тым төмендеп ке-

теді.  Өйткені,  ол  Құран  емес,  көп  болса  айнасы  ғана. 

Айнаға түскен күннің шағылысы мен күннің өзі бір бола 

алмайды. Ендеше, Құран мен басқа тілдегі аударманың 

да айырмашылығы осындай. 

Сондықтан  оған  қана  алмаған  ғалымдар  оны  өз 

тілінде оқығандар. Оны олар оқыған уақытта оны бейне 


187

Құран кімнің сөзі?

бір Жебірейілден естігендей сезінген. Кейде тіпті Хақ 

тағаланың  Құранды  уахи  етіп,  Жебірейілге  оқығанын 

естігендей  күй  кешкен.  Өйткені  олар  Құран  теңізінде 

еркін жүзген ерекше жандар.

Осы  бабты  Мүнауи  қари  деген  кісінің  мына 

әңгімесімен аяқтап, келесі бабқа көшелік:  

Бір  медреседе  бір  бала  Құран  қариы  болу  үшін 

түнімен ұйықтамай Құран жаттап жүреді. Бірақ таңертең 

дәрісте  өң-түсі  өзгеріп,  реңі  қашып  отырады.  Ұстазы 

шәкіртінің  бұл  халін  байқап  жүреді.  Баланың  ұстазы 

жай ұстаз емес, оған өнегелік еткен рухани жетекшісі 

еді. Бірде сол шәкіртінің жағдайын жанындағы балалар-

дан сұрайды. Олар: «Ұстаз, ол шәкіртіңіз күнде түнімен 

таңға дейін көз ілмей, Құранды бастан-аяқ хатым етіп 

шығады», – дейді. Ұстазы шәкірті Құранды бастан-аяқ 

оқып қиналмасын деп оны қасына шақырып алып: «Ба-

лам! Сен Құранды заулатып оқи берме. Сен оны жаңадан 

түскендей баппен оқы. Бүгіннен бастап Құранды заула-

тып емес, менің алдымда тұрғандай оқы», – деп насихат 

береді. Сонда әлгі алғыр шәкірт ұстазының айтуымен 

сол түні солайша Құран оқып, таңертең ұстазына келіп: 

«Ұстаз! Бұл түні Құранның жартысын ғана оқи алдым» 

дейді. Ұстазы сонда: «Жарайсың, балам! Енді осы түні 

Құранды Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) құзырында тұрғандай 

оқы»,  –  дейді.  Шәкірті  іштей:  «Пайғамбарымызға 

Құран  түскен.  Ендеше,  оның  алдында  Құранды  аса 

сақтықпен оқуым керек» деп түйеді. Ертеңіне ұстазына 

Құранның  төрттен  бірін  ғана  оқи  алғанын  айтады. 

Ұстазы  шәкіртінің  ынта-жігері  мен  қабілетін  байқап, 

оның  ілім  деңгейін  арттыру  мақсатымен:  «Енді  осы 

түні  Жебірейілдің  Құранды  Пайғамбарымызға  әкеліп 

жатқанын  естігендей  етіп  оқы»,  –  дейді.  Шәкірті 


188

Мәңгі мұғжиза

ертеңіне келіп: «Ұстазым, бүгін бір сүре ғана оқи ал-

дым», – дейді. Сонда, ұстазы ақырғы насихатын айтып: 

«Балам! Енді сен мекен мен заманнан ада, күллі жара-

тылыс  атаулыдан  пәк  Ұлы  Жаратушының  құзырында 

тұрғандай оқы. Мынаны жадыңнан шығарма! Оқыған 

Құраныңды  Аллаһ  Тағала  сөзсіз  тыңдайды»,  –  дейді. 

Таңертең шәкірті ұстазының алдына жылап келеді де: 

«Ұстазым,  бүгін  түнде  Құранды  әдеттегідей  Фатиха 

сүресінен  бастап  «Әлхамду  лиллаһи  Раббил-аламин. 

(Барлық  мадақ  пен  мақтаулар  әлемдердің  Раббысына 

тән). Әр-рахманир-Рахим. (Ол – Рахман да Рақымды). 



Мәлики иаумиддин. (Қиямет пен дін күнінің Иесі)» де-

ген  аятқа  дейін  оқыдым.  Бірақ  «Ияка  нағбуду»  (Тек 

Саған  ғана  құлшылық  етемін)  деуге  қатты  толқып, 

кібіртіктеп  айтуға  бір  түрлі  аузым  бармады.  Өйткені, 

мен Оған «Тек Саған ғана құлшылық етемін» деуім ке-

рек. Бірақ ойлап қарасам мына өмірде қаншама нәрсеге 

құлдық  ұрып,  қаншама  нәрсеге  бас  иеді  екенмін.  Ал 

мен Ұлы Жаратушыны көріп, өзімді Оның құзырында 

тұрғандай сезінгенде «Саған ғана» деуге ұялып, не де-

рімді білмедім. Сондықтан сол аятты таңға дейін кібір-

тіктеп дұрыс оқи алмай, қайталай бердім», – дейді. 

Ұстаздың  шәкірті  Құранды  асқақ  ғұламалардай 

өзінің  жан-жүрегімен  беріліп,  ар-ожданында  сезініп 

оқыған еді. Бірақ сол талантты шәкірт көп өмір сүре ал-

май, бір-екі күннен кейін қайтыс болған деседі. 

13. ِّ


دَّرلا ِةَرْثَك يَلَع  ُقَل ْخَي َلاَو

 «Ол қанша қайталанса да 



ескірмейді. (Қарилар қайталаудан жалықпайды)»

Құран түскелі бері заманның жал-жал толқындары 

бірінен соң бірі жалғасып сан ғасырлар өтсе де ол әлі 

сол баяғыша жаңа түскендей тұп-тұнық. Бір ғалымның 



189

Құран кімнің сөзі?

сөзімен айтсақ «Заман көнеріп, қартайған сайын Құран 

жасаруда». 

Дүниенің  алып  замана  кемесі  алға  жылжып, 

адамдардың  ой-өрісі  дамыған  сайын  олардан  келер 

ұрпақтарға өшпес мұра болып қалар туындылар тууда. 

Мысалы, басқа елді қойғанда біздің кешегі Махамбет 

жырлары  мен  Абай  поэзиясы,  бүгінгі  Мұқағалидың 

қара өлеңдері жазу түрінде ғана емес, ауыздан ауызға 

тарап,  көгімізде  ән  болып  қалықтап,  жылдан-жылға 

жаңғыруда.  Һәм  Абайдың  қара  сөздері  мен  ол  жай-

лы  жазылған  Мұхтардың  шығармалары  да  әлі  күнге 

дейін  қазақтың  классикалық  шаңырағының  төрінде 

тұр. Бірақ осы алтын қазыналардың бәрі жұмыр басты 

пенденің  өзіндік  адами  төл  туындысы  болғандықтан, 

көп қайталанса сөлі кетіп, жалығуға әкеліп соқтырады. 

Иә, адам өтпелі болған соң, оның төл шығармалары да 

жалған  болмақ.  Уылжып  піскен  жемістей  алғашқыда 

шырын  көрінгенмен,  көп  жегендіктен  адамды  жерін-

дірмек. Хазіреті Адамның заманынан бастап, ғасырлар 

қойнауында қаншама ғажайып алмас сөздер мен өлеңдер 

жарық көрді. Бірақ бәрі де өз ажал-күзі келгенде ажары 

кетіп, көнеріп, иелері секілді олар да келмеске кеткен. 

Құран ғана заман ағысы күшейген сайын, желкені жел-

біреп, қарқыны зорая түскен. Ол он төрт-он бес ғасыр 

бұрын  түскенмен  осы  ғасырға  түскендей,  адамзат  он 

төрт жасар баладай енді ғана оны ежіктеп оқи бастады. 

Осындай Құранды адам қанша қайталаса да жалықпас. 

Өйткені, өзге сөздер көп қайталанғанда сөлі кетсе, бұл 

қайталанған сайын, кәусар бұлақтай дәмі арта бермек. 

Оның көнеруі, оны оқыған адам баласының жалығуы 

әсте мүмкін емес. Сахабалар Пайғамбарымыздан алған 

бойы жаттап алып, өмір бақи қайталаумен өткен. Бей-


190

Мәңгі мұғжиза

не бір тау баурайындағы алғашқы көктемнің саф ауа-

сындай құштарлана жұтып, жалығуды білмеген. Одан 

кейінгі  табииндер  де  осылай  оқып,  кейбіреулері  ұзақ 

түнде  екі  рет  Құранды  бастан-аяқ  хатым  еткен.  Мы-

салы,  Имам  Ағзам  Рамазан  айында  күндіз  бір  мәрте, 

түнде бір мәрте Құранды хатым еткен. Олар да солай 

өмірлері Құран оқумен өтіп, көз жұмарда оқығандарын 

азсынып, шәрбатына тоя алмай тамсанып кеткен. 

Өмірде талай ғұламалар өз ой-өрісінің тереңдігіне 

қарай,  оны  түсінуге  талпынып,  ақырында  оның 

ғажайып  атмосферасына  оранып:  «Өмірде  баспаған 

жер, шықпаған тау қалмады. Соңында бәрінің де жалған 

пәнилігін аңғардым. Сөйтсем, күллі ақиқат сенде екен 

ғой, сенде. Бірақ мен бейшара ақиқатты басқа жерден із-

деп, текке шаршаппын» деп оған толық мойынсұнуда.

Ғасырлар  бойы  Құран  хақында  мыңнан  астам 

тәпсірлер  жазылды.  Оны  түсінуге  тырысып,  қаншама 

түсіндірмелер жазылды. Бірақ ешбірі оған тоя алмаған. 

Бұдан кейін де діни ілім мен жаратылыс ғылымдарына 

қатысты  дана  ғұламалар  Құран  аяттарын  зерттеп, 

әлеммен  байланыстырып  жаңа  тұжырымдар  жа-

зар.  Алайда  сол  жазылған  жаңа  ой-жорамалдар  мен 

жаңалықтардың бәрі де көнеріп, Құран сол баяғы жаңа 

қалпын сақтап, заманнан тыс өз тұғырында қала бер-

мек. Иә, ол «Әзәлден келген бойы «әбәдқа», мәңгілікке 

қарай  кетеді».  Адам  баласының  ғұмыры  күздің  қара 

суығындағы  шишасыз  жанған  май  шамның  білтесі 

тәрізді.  Осы  іспетті  оның  мәнді  сезілген  даналық 

сөздері де, күндердің күнінде толқын жұтқан кемедей 

із-түзсіз  болмақ.  Құран  ғана  «Расында,  Құранды  Біз 

түсірдік,  әлбетте,  оны  Біз  сөзсіз  сақтаймыз»

201


  деп, 

201


 «Хижр» сүресі, 15\9.

191

Құран кімнің сөзі?

Хақ Тағалаға уәде еткеніндей мәңгілікке сақтала бер-

мек.

14 ُ


هُبِئا َجَع ي ِضََقْنَت  َلا َو 

 «Оның адамдарды таңдандыру 



қасиетінің ақыры жоқ, шексіз».  

Ол – ғалымдарды ғана емес, жай қарапайым адам-

дарды да өз дәрежелеріне қарай таңдандыратын кітап. 

Оны  іштей  беріліп  оқығандар  да,  одан  Құран  ілімін 

жақсы  білетін  ғалымдар  да  таңдандырар  мағына  ұға 

алады.  Бұл  –  оларға  Аллаһ  Тағаланың  ықыластарына 

қарай берген  хикмет сыйы. 

Осы бабтағы сөз болашаққа да қатысты айтылған. 

Қазіргі  заманда  қоғамдық,  экономикалық  т.б.  са-

лалар  дамуда.  Жаратылыс  ғылымдары  да  ғалам 

ақиқаттарының  қақпасын  қағуда.  Демек,  иншаллаһ, 

болашақта  Құранды  қайта  қолға  алып,  одан  әлемнің 

тылсым  сырларының  кодтарын  тауып,  жаратылыс 

құпияларын ашады да, оның түгесілмес қазыналығына 

куә  болып,  одан  әрі  қарай  тереңдеуді  жалғастыра 

түседі.  Бірақ  олар  оның  мән-мағынасының  шыңына 

жете  алмай,  қашан  да  етегінде  саяхат  етіп,  таңданып 

«Егер Раббымның сөздерін жазу үшін теңіз сия болса, 

тіпті  тағы  сондай  (теңізбен)  қуаттасақ,  теңіз  та-

уысылып бітер еді де, Раббыңның сөздері бітпес еді»

202


 

аятын  қайталар  еді.  Бұл  болмыс  әлемі  Оның  жалпы 

кітабы  болса,  сол  әлемнің  үлкенді  кішілі  бөлшектері 

Оның сөздері. Сондықтан да ғаламның жанды-жансыз 

болмыстары, заңдылылықтары мен жүйелері Құранда 

жеке-жеке сөз болып орын алған. Міне, осылар Құран 

арқылы  иманға  айналып  жан-дүниемізге  құйылып, 

бізді  таңдандырмақ.  Құран  әлем  атты  кітаптың  шек-

202

 «Кеһф» сүресі, 18\109.



192

Мәңгі мұғжиза

сіз аудармасы болғандықтан да оның мағынасы бітпек 

емес-дүр.

15. 


اًب َجَع اًنآْرُق اَنْعِمَس اَّنإ اوُلاَق يَّت َح ُهْتَعِمَس ْذإ  ُّن ِجْلا ِهَتْنَت ْمَل يِذَّلا َوُه 

ِهِب اَّنَمآَف ِد ْشُّرلا يَلإ يِدْهَي

 «Оны жындар да естіген кезде: «Біз 

тура жолды көрсеткен ғажайып және ешқашан есті-

меген Құран естідік. Біз оның (Аллаһтың сөзі екіндігі-

не) сендік» деп таңданысын жасыра алмаған».

Бұл баптағы таңданыс сөзінің де жоғарыдағы ба-

бпен қатыстылығы байқалады. Демек, жындар да оған 

қатты таңданып, бұрын-соңды болмаған ғажайып күй 

кешкен. Демек, бізбен қатар параллель әлемде ғұмыр 

кешкен  жындар  да  Құранның  Ұлы  Жаратушының 

ұлылығы мен жаратылыстың тылсым сырын қамтыған 

ұлы қазыналығын сезе білген. Сезумен ғана шектелмей 

«Ар-ожданымызда  Құранды  қабыл  еттік»  деп  нағыз 

мұсылман болған. 

Тәпсіршілер  жындардың  осы  мәселесін  былай 

жеткізеді: Аллаһ Елшісіне уахи келгенге дейін жындар 

көгілдір  көктің  қақпасынан  тың  тыңдаған.  Күндердің 

бір күнінде олар сол қақпадан тас жауып, қудаланады. 

Сол  кезде  Пайғамбарымыз  Мекке  халқынан  опа  тап-

пай Тайыфқа барған еді. Қайтарда Нахыл қойнауында 

түнеп,  таңғы  шапақта  Құран  оқып  отырған.  Насибин 

жындарының үлкендері осы уақыттарда жер бетін шар-

лап,  жерде  аспан  әлемі  жабылып  қудалардай  қандай 

ерекше  өзгеріс  болғанын  іздеген  кездері  еді.  Сонда 

Нахыл қойнауынан Аллаһ Елшісінің Құран оқығанын 

көріп, жер мен көктегі өзгерістің сырын сонда ұғады. 

Олар  дереу  Құранды  ден  қойып  тыңдап,  қауымына 

қуанышпен оралады. Бұл жерде айта кетер бір жайт – 

хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) адамзатқа ғана емес, со-


193

Құран кімнің сөзі?

нымен қатар күллі жын затына да пайғамбар болуы. Ол 

жындарға да жіберілген пайғамбар болғандықтан Хақ 

Тағала  олардың  да  Құран  оқуын  қалаған  еді.  Әмірге 

мойынсұнған  Аллаһ  Елшісі  жындарға  Құран  оқыған-

ды.  Естіген  жындар  оны  айнала  қоршап  алып,  бір-

біріне  «тыныштық  сақтаңдар»  деп  ескертіп,  Құранды 

аса құрметпен тыңдап, қауымына оралған кезде: «Ей, 



халқымыз! Шын мәнінде біз Мұсадан кейін түсірілген 

және өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы, сондай-

ақ  шындыққа  және  тура  жолға  салатын  Кітап 

тыңдадық.  Ей,  халқымыз!  Аллаһ  жолына  шақырған 

осы  елшінің  шақыруын  қабыл  алыңдар.  Сонда  Аллаһ 

Тағала  да  сендерді  жарылқап,  күйзелтуші  азаптан 

қорғайды»

203


 дейді.

Құранда  айтылғандай  жындар  да  Құранды  естіп, 

сын  тағып,  қасарыспай,  дереу  иман  етіп,  Исламды 

басқаларға  жеткізу  үшін  қарқынды  қимылға  көшкен 

еді.

16. 


َقَد َص ِهِب َلاَق  ْنَم

  «Құран  рухымен  сөйлеген  адам 



дұрыс сөйлейді».

Адам  сөз  нәрін  Құраннан  алып,  оны  негіз  етіп 

сөйлесе  жөн  сөйлейді.  Құраннан  тысқары  сөз  иесі 

жалғанның  жарын  жағалайды.  Сондықтан  әрбір  сала 

қурамас  алып  бәйтерек  болғысы  келсе,  тамырын 

Құранға жаюы шарт. 

Аллаһ  Елшісі  бір  хадисінде  туралыққа  қатысты: 

«Туралықтан  айрылмаңдар.  Туралық  сендерді 

жақсылыққа, жақсылық жәннатқа апарады. Кісі тура 

болып, туралықты іздесе, Аллаһ әмірімен турашылдар 

қатарына жазылады.

203


 «Ахқап» сүресі, 46\30-31.

194

Мәңгі мұғжиза

Жалғаннан  сақ  болыңдар.  Жалғандық  адамды 

күнәға, күнә жәһәннамға апарады. Кісі үнемі жалған 

сөйлеп, жалғанды іздесе, Аллаһ жарлығымен өтірікші 

кәззаптардың қатарына жазылады» – деп әмір етеді

204


Шамасы қазақта «Тура биде туған жоқ» нақыл сөзі де 

осыдан қалса керек.

17. َ


ر ِجُأ ِهِب  َلِمَع  ْنَمَو

 «Онымен амал еткен кісі сөзсіз 



сый-сыяпатқа бөленеді».

Құранмен амал еткен адамның алғашқы бөленген 

сыйы  –  қараңғылықтан  құтылып,  илаһи  рақымдылық 

аталған бақыттылық тұғыры тура жол. Құран қашанда 

нұрлы ақыл мен жарқын жүректерді тура жолдан адас-

тырмас шам-шырақ. 

Келесі сыйы – «салих амал» аталған ізгілік істер. 

Артыңда өшпес із, ақыретте көшпес іс Құран арқылы 

ғана  болмақ.  Одан  өзге  із  бен  істер  құмға  басылған 

таңба тәрізді. Бүгін бар, ертең жоқ. 

Ақырғы сый – сол ізгілік істердің ақыреттегі жеміс-

тері:  Құранда  Аллаһ  Тағала:  «Иман  етіп  салих  амал, 



ізгі  іс  жасағандарды  ішінен  сарқырап  өзендер  аққан, 

өздеріне тән жәннаттармен сүйіншіле»

205


 дегеніндей 

мәңгілік түгесілмес бақытқа қолы жетпек.

18.  َ

لَدَع ِهِب َمَك َح  ْنَمَو



  «Кімде-кім онымен  үкім берсе 

әділдікпен үкім етеді».

Кімде-кім  оны  үкімдеріне  өлшем,  негіз  етсе 

әділдікпен  үкім  етеді.  Аллаһ  Тағала  Құранда  хазіреті 

Мұхаммед  (с.а.с.)  пайғамбарға:  «Біз  осы  әмірді 



олардың  арасында  Аллаһтың  түсіргенімен  үкім  етс-

ін деп түсірдік. Ендеше, олардың айтқандарына ерме. 

204


 Бухари, Әдәб, 69.

205


 «Бақара» сүресі, 2\25.

195

Құран кімнің сөзі?

Аллаһ  Тағаланың  түсірген  үкімдерінен  бір  бөлігін 

болсын  бұрмаламауларын  ескерт»

206


  деп  бізге  әрбір 

мәселеде Құранды негіз етіп алуын әмір етіп, адамдар 

арасында  әділетті  болуға  шақырады.  Басқа  бір  аят-

та  да  Пайғамбарымызға:  «Үкім  берген  кезде  (Құран 



шеңберінде) әділдікпен үкім бер. Өйткені, Аллаһ Тағала 

әділдікпен үкім еткендерді жақсы көреді»

207


 дейді. 

Құранда негізгі мақсаты жер бетіне әділдік орна-

тып, ақиқаттың байрағын әлем көгіне тігу. Сондықтан 

да  оның  шеңберінде  жүргендер  ақиқаттан  адаспақ 

емес.

19. 


ٍميِقَت ْسُم  ٍطاَر ِص يَلإ يَدَه ِهْيَلإ اَعَد  ْنَمَو

 «Кімде-кім оған 



шақырса, тура жолға шақырады».

Бір адам бұл менің өмірімнің мәні. Егер адамдар-

ды тура жолға шақырып, оларды қараңғылықтан нұрға 

шығаруға  арқау  болуға  атсалыспай,  өз  басымды  ғана 

ойлап күн кешсем, онда өмірім бекершілік деп халықты 

Құранға шақырса онда ол адам тура жолға жетеді. Не-

гізі тура жолға жетудің жолы да осы. 

Тура  жол  –  Хақ  тағаланың  жолы.  Оған  жет-

кізер  дара  жол.  Бұл  күллі  пайғамбарлар  мен  оның 

үмбеттерінің жүрген жолы. Кімде-кім өзінің тура жол-

да  жүргенін  аңғарғысы  яки  одан  таймаудың  жолын 

кепілдікке алғысы келсе, Құран жүгін арқалап, халықты 

оның жолына шақыруы ләзім. Құранда Аллаһ: «Маған 

берген  сөздеріңде  тұрыңдар.  Сонда  Мен  де  сертімде 

тұрамын» дейді. Басқа аятта да: «Ей, иман келтірген-

дер! Егер Аллаһ Тағаланың (дініне) жәрдем етсеңдер,  

Ол да сендерге жәрдем етіп, аяқтарыңды мықтайды» 

дейді. 


206

 «Маида» сүресі, 5\49.

207

 «Маида» сүресі, 5\42.



196

Мәңгі мұғжиза

Иә,  Құранды  мұсылмандар  өз  өмірінің  негізгі 

діңгегі етіп тұрғанда, түпкі мақсатына қашанда сау-са-

ламат  жетпек.  Ал  қай  уақытта  одан  алшақтаса  ескек-

сіз қалған қайықтай соққан желдің айдағанына көніп, 

басы ауған жағына кете барып, жоғарыда айтылғандай 

мешіттің өзін де дау тудыратын мекенге айналдырмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет