Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Тәпсірі

1. 


ُحْتَفْلاَو ِ َّللا ُر ْصَن َءا َج اَذِإ

 – «Аллаһ Тағаланың жәрдемі мен 



жеңісі келген кезде». ِ

للا ُر ْصَن

 – «насруллаһ» – Аллаһтың 

жәрдемі  деген  сөз.  Аллаһ  Тағаланың  пайғамбары 

мен  мұсылмандар  дұшпандарға  үстем  келіп,  жеңіске 

жеткізетініне  уағда  берген  жәрдемі  мен  жеңісі.  Бұл 

Аллаһ елшісінің арабтар мен Құрайышқа жеңісі және 

Меккенің алынуы. Бұл жердегі жеңіс мақсаты тек қана 

мемлекеттердің  алынуы  емес,  жүректердің  иман  мен 

Исламға  ашылуы.  Ғалымдардың  «Меккенің  алынуы» 

деуінде де үлкен мән бар. Ислам, Мекке алынып, ондағы 

Құрайыш  кәпірлерін  жеңгенге  дейін  басқа  аймаққа 

кең жайыла қойған жоқ-ты. Мекке мен Тайып қаласы 

алынған соң ғана барлық аймақтардан халық ағылып, 

Исламды қабылдай бастады.

Бухари Амр ибн Сәләмеден: Жеңіске жеткенде әрбір 

ел  мұсылман  болып  Аллаһ  елшісіне  қарай  ұмтылды. 

Барлық  ру-тайпалар  мұсылман  болу  үшін  Меккенің 

алынуына көз салып: «Оны елімен оңаша қалдырайық. 

Егер оларға үстем келсе6 онда ол пайғамбар болғаны»,  

деген деректі жеткізген.

Сүредегі  жеңіс  –  Меккенің  жеңісі.  Сонымен 

қатар Аллаһ Тағаланың діні мен Ислам есігінің күллі 

адамзатқа  ашылуының  жарқын  көрінсітұғын.  Бірден 

Араб  түбегі  одан  әрі  қарай  жер-жаһанға  жайылған 

Исламның  жеңістері  Қағбаның  есігінің  ашылуымен 

басталған.

Аятты ғұлама Мәудуди: «Аяттағы: 

ُحْتَفْلا

 – «Жеңіс» 

белгілі бір соғыстың жеңісі емес. Негізінде бұл жерде 

анық жеңіс айтылып тұр. Мұның жеңіс болғаны сол – 

бұдан кейін Исламға қарсы тұрарлық ешбір күш қалмай, 


433

Құран бақтары

Ислам Араб түбегіне түбегейлі үстем болған-ды» деп,  

тәпсірлеген. 

Кейбір  осы  заман  тәпсіршілердің  де  көзқарасына 

қарай,  осы  сүредегі  жеңіс  тек  қана  бір  мемлекеттің 

жеңісі  емес,  жалпы  жүректердің  иман  мен  Исламға 

ашылуы.  Шамасы  ең  кең  мағынасы  да  осы  болса  ке-

рек.  Тіпті  өлкелер  алынуының  өзі,  жүректердің  алы-

нуы арқылы болады. Көңілдердің төрінен орын алмай 

тұрып, өлкелердің алынуы мүмкін емес. Болған күннің 

өзінде жаулап алу, зорлықпен басып алу болмақ. 

2. 


ا ًجاَوْفَأ ِ َّللا ِنيِد يِف َنوُل ُخْدَي  َساَّنلا  َتْيَأَرَو

 – «Сен адамдардың 



топ-тобымен Аллаһтың дініне кіргендерін көрген кез-

де». Адамдардың топталып кіріп жатқанын көрген кез-

де

464



. Бұл аятта кіру етістігі өткен шақта емес осы шақта 

берілген. Барлығының бірден кірмей, кіре бастағанын 

және бірте-бірте кіретіндерін меңзейді. Және аятта 

َساَّنلا


 

– «ән-Нас», «адамдар» деп айтылған. Арабтардың ғана 

емес  өзге  ұлттардың  да  топ-тобымен  қабылдайтынын 

айтады. 


ا ًجاَوْفَأ

 – «әфуәжән», «топ-тобымен» жағаға кезе -

пен соққан жал-жал толқындар тәрізді, тұтас қоғам, ұлт-

ұлтымен, ру-румен тұтастай кірулері. Мекке алынғаннан 

кейін  Хунәйін  соғысы  мен  Тайып  қоршауынан  басқа 

ешбір  соғыс  болмай,  Аллаһ  елшісінің  дүниеден 

қайтуына дейінгі екі жыл ішінде адамдар Араб түбегінің 

түкпір-түкпірінен  ағылып,  Исламды  қабылдаған.  Ис-

ламды  қабылдамағандар  да  оның  қанатының  астына 

кіруді қабыл еткен. Міне, уәде етілген сол жәрдем мен 

жеңіс  келіп,  сен  адамдардың  ағылып  Хақ  Тағаланың 

дініне кіре бастағанын көрген кезде, 

464

 Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 575-бет.



434

Мәңгі мұғжиза

3. 


اًباَّوَت  َناَك  ُهَّنِإ  ُهْرِفْغَت ْساَو   َكِّبَر  ِدْم َحِب   ْحِّبَسَف

  –  «Раббыңа 



хамд, мадақ айтып, тәсбих айтып, пәкте және Одан 

кешірім тіле. Өйткені, Ол тәубені қабыл етуші». Бұл 

сүреде Аллаһ Тағаланың елшісіне Араб түбегінде Ис-

лам діні үстем болып, адамдар топ-тобымен дінге кір-

ген кезде деп айтуы, осындай уақытта елшісінің уазипа-

сы аяқталатынын білдіргені. Одан кейін елшіге Аллаһ 

Тағалаға  мадақ  пен  шүкіршілік  білдіріп,  Оны  пәктеп 

құлшылық  етуін  әмір  еткен.  Ол  Аллаһ  Тағаланың 

шарапатының арқасында ұлы бір істі толықтай атқарған 

еді. 

Бұл аяттарда Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Хақ Тағаланың 



жәрдемі  мен  жеңісі  келіп  адамдар  ағылып  мұсылман 

болып жатқанда, Раббыңа шүкіршілік білдіріп, тәсбих 

айтып  Одан  кешірім,  жарылқау  тілеуін  әмір  ету-

де.  Бұл  Ақырғы  елшіге  айтылған  сөз.  Бірақ,  оның  іс-

әрекеті үмбетіне өнеге болғандықтан, әрбір мүминнің 

Аллаһ  Тағаланың  жәрдемі  мен  жеңісі  келген  кезде 

Оған  шүкіршілік  білдіріп,  тәсбих  айтуы  осы  сүренің 

маңыздылығы саналады. 

Негізгі бір мәселе – пайғамбар мен тұлға арасындағы 

айырмашылықтың  қаншалықты  үлкендігін  көрсетеді. 

Қандай да бір көшбасшыға үлкен төңкеріс жасау нәсіп 

болса, ол адам салтанатты түрде өзінің көсемдігін таны-

тып, шаттыққа кенеледі. Алайда бұл жерде Аллаһ елшісі 

жиырма үш жылдай бір елдің сенімі мен ой-санасын, 

мінез-құлқын, мәдениетін, саясаты мен экономикасын 

және соғыстың ұғым-түсінігін өзгертіп, қараңғылыққа 

көмілген елді айналасына үстем болатындай дәрежеге 

шығарса  да,  көшбасшылығын  даңғазалап  жария  ет-

пей,  өте  қарапайымдылық  танытып,  Аллаһ  Тағалаға 


435

Құран бақтары

шүкіршілік қылып, Одан жарылқау тілеп, Оны тәсбих 

етіп, пәктеуі әмір етілген. 

Тәсбих – Аллаһ Тағаланы пәктеу (Субхан Аллаһ). 

Пайғамбарымыздан тәсбих жайлы сұрағанда ол: «Аллаһ 

Тағаланы күллі кемшіліктен пәктеп ұлықтау»

465


, – дей-

ді. Ендеше тәсбих – Аллаһ Тағаланы затында, сипатын-

да, істерінде, есімдерінде пәктігін білдіру. 

Хамд,  мадақтың  мағынасы:  «Ұлы  істің  жеңісі 

пенденің себебінен емес екендігін еске алу. Іс түгелдей 

Хақ Тағаланың шарапатымен болғандығына илану. Сол 

үшін Аллаһ Тағалаға шүкіршілік қыл. Барлық іс Оның 

ғана  құдіретімен  болғандығын  жан-жүрегіңмен  және 

тіліңмен қабыл ет. Мақтау мен мадаққа, хамдқа Аллаһ 

Тағалаға ғана лайық. 

Тәсбихтың өзге бір мағынасы: «Хақ Тағала дінінің 

жайылуы  үшін  сендерге  мұқтаж  емес.  Ол  мұндайдан 

мүлдем  ада.  Осыны  мойында.  Қайрат-жігеріңмен 

жеңіске  жетуің,  Аллаһ  Тағаланың  қуаттауы  және 

жәрдемі  арқылы  болатынына  кәміл  сенуің  қажет. 

Аллаһ  Тағала  қаласа  осы  істі,  өзге  де  құлдарына  жа-

сата алады. Пенде ортадағы себепші ғана. Хақ Тағала 

бір  құлын  таңдап,  оған  осындай  ұлы  іске  қызмет  ет-

тіруі сол құлына ерекше шарапаты. Аллаһ Тағаланың 

сендерге деген шарапаты да Оның дініне қызмет қылу 

абыройын сендерге нәсіп етуі». Сонымен қатар тәсбих 

айтып, «Субхан Аллаһ» деудің таңғалуды, тамашалау-

ды білдіретін тұсы бар. Бір мұсылман адам баласының 

қолынан  келмес  таңғажайып  бір  нәрсені  көргенде 

Хақ  Тағаланың  құдіретіне  таңғалып,  бас  иіп  «Субхан 

Аллаһ»  дейді.  Ендеше,  Аллаһ  Тағаланың  құдіретімен 

ғана осындай ұлы іс жүзеге асады. Ешбір пенденің бұған 

465


 Ибн Мәжә.Иқамәт 179.

436

Мәңгі мұғжиза

күші  жетпейтіндігін  мойындау  тиіс.  «Одан  кешірім 

тіле. Ол тәубені қабыл етуші». Тәубе – жасаған пенде 

күнәсі үшін қатты пұшайман болып, оны қайталамау

466



Истиғфар  –  Аллаһ  Тағаладан  жарылқау  тілеу.  Еш-



кім біреудің атынан тәубе ете алмайды. Бірақ, өзгенің 

күнәлары үшін Аллаһ Тағаладан жарылқау тілей алады. 

Құранда: 

ُبا َس ِحْلا ُموُقَي َمْوَي  َنيِنِمْؤُمْلِلَو  َّيَدِلاَوِلَو يِل ْرِف ْغا اَنَّبَر

 – «Раб-

бымыз, есеп беретін күні мені, ата-анамды және иісі 

мұсылмандардың күнәсін кеш!»

467


 тәрізді бұның ғажап 

мысалдары бар. Сол үшін бұл жерде, ُ

هْرِفْغَت ْساَو

 – «одан 



жарылқау  тіле»  әмірі  Пайғамбарымызға  ғана  емес, 

үмбетіне де айтылған. Өйткені, Аллаһ Тағала Елшісін 

күнәдан сақтаған. 

Хазіреті Айша: «Аллаһ елшісі (с.а.с.)  соңғы кез-

дерінде 

هيلا بوتا و للا رفغتسا هدمحب و للا ناحبس

 сөзін көп ай-

татын.  Оның  мәнісін  сұрғанымда  ол:  «Раббым  маған 



үмбетімде  бір  белгі  көретінімнен  хабар  берді.  Оны 

көрген кезде мадақ айтып, тәсбих етіп, жарылқау ті-

леуімді әмір етті», –  дейді. 

Парыз намаздарынан кейін дереу үш рет истиғфар 

тілеуі және тәһажжүт оқыған адамның таң сәріге дейін 

жарылқау  тілеуі,  қажының  жарылқау  тілеуі  насихат 

етілген.  Сондай-ақ,  дәреттен  кейін  немесе  жиналыс 

біткен сәтте Хақ Тағаладан жарылқау тілеу қажеттілігі 

хадистерде  айтылған.  Мысалы  Аллаһ  Елшісі  (с.а.с.) 

жиналыстан  кейін: 

بوتا  و  كرفغتسا  كدمحب  و  مهللا  كناحبس 

466


 Қазақ  тілінде  тәубә  сөзі  «шүкіршілік»  мағынасында 

қолданылып кеткен. Бұл өте қате ұғым.

467

 «Ибраһим» сүресі, 41.



437

Құран бақтары

هيلا


  «Аллаһым  сен  пәксің,  саған  мадақ  айтып,  сенен 

жарылқау тілеп саған тәубе етемін»  –  дейтін еді

468


Осы  сүре  түскен  кезде  Аллаһ  елшісі  (с.а.с.)  мін-

берге шығып хұтба оқып: «Аллаһ бірі құлды дүние мен 

Өзіне қауышудың бірін таңдауына ерік берді. Ол Аллаһ 

Тағалаға қауышуды таңдады»

469


 дейді. Ақырғы елшінің 

айтып отырған құл – өзі. Осы сөздің астарын ұққан Әбу 

Бәкір пайғамбардың өлімді қалағанын біліп: Жанымыз, 

мал-мүлкіміз, ата-бабаларымыз бен балаларымыз саған 

құрбан дейді.

Басқа  хадисте  осы  сүрені  сахабаларына  оқыған 

Аллаһ  елшісі  қатты  қуанады.  Алайда  хазіреті  Аббас 

жылап  жібереді.  Ақиық  пайғамбар:  «Неге  жылайсың 

немере  ағам?»  деп  сұрайды.  Сонда  ол:  «Бұл  жерде 

сенің ажалыңның жақын қалғандығын білдіріп тұр ғой» 

дейді. Пайғамбарымыз да: «Иә, дәл солай» деп жауап 

қатады


470

.

«ТӘББӘТ» СүРЕСІ

ِمي ِحَّرلا  ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب

 }2{  َب َسَك اَمَو ُهُلاَم ُهْنَع ىَنْغَأ اَم }1{  َّبَتَو  ٍبَهَل يِبَأ اَدَي  ْتَّبَت

 اَهِدي ِج يِف }4{  ِبَط َحْلا َةَلاَّم َح ُهُتَأَرْماَو }3{  ٍبَهَل  َتاَذ ًاراَن ىَل ْصَيَس

}5{ ٍد َسَّم نِّم ٌلْب َح

468

 Муслим. Салат, 218-220, Мусәфирин, 201; Әбу Даууд. Салат, 



119, Әдәб, 27; Тирмизи. Дауат, 32; Осыған ұқсас дұға қараңыз; 

Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-Мунир, 15-том, 852-бет.

469

 Бухари. Мәнәкибул-Әнсар, 45, Салат, 80.



470

 Бухари. Тәфсиру сурә 110, 3.



438

Мәңгі мұғжиза

Мағынасы

1.  «Әбу Ләһәбтың қолдары құрысын. Құрыды да!

2.  Оның малы да, істеген істері де пайда бермеді.

3.  Ол лаулаған отқа кіреді.

4-5. Әйелі  де  мойнында  есілген  арқанмен,  сол  отқа 

отын тасиды».

Бұл  сүрені  «Мәсәд»  және  «Ләһәб»  сүресі  деп  те 

атайды.  Меккелік  кезеңнің  бастапқы  шағында  түскен 

сүре.  Ақиқат  дінге  дұшпандық  жасап,  өштік  пен 

қызғаныштан  мәңгілік  жаһаннамға  кірмей  тұрып-ақ 

дүниеде де отқа кірген мағынасына саятын Әбу Ләһәб 

пен  оның  әйелінің  ақыры  не  болатынын  баяндайды. 

Сонымен  қатар,  Әбу  Ләһәбтың  кәпір  болып  өлетінін 

жылдар бұрын хабар берген. 



Түсу себебі

Пайғамбарымызға 

َنيِبَرْقَ ْلأا  َكَتَري ِشَع ْرِذنَأَو

 – «Ең жақын 



туыстарыңа  айтып  ескерт!»

471


  аяты  түскен  кезде 

Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сафа төбесіне шығып: «Ей, жаран-

дар, таң атты» деп, – айқай салады. Халық бұл кім? деп 

ақырында  сол  төбеге  жиналады.  Аллаһ  елшісі  сонда: 

«Сендерге мына таудың артынан атты адамдар шығады 

десем сенер ме едіңдер?» – дейді. Туыстары: «Әлбетте 

сенеміз. Біз сенен осы уақытқа дейін туралықтан өзге 

ешнәрсе естімедік», – деп жауап береді. Аллаһ елшісі: 

«Ендеше мен сендерге алдарыңда тұрған азапты ескер-

темін», – дейді. Әбу Ләһәб: «Тәббән ләкә», Өй, нәлет 

осы  үшін  бізді  шақырдың  ба?»  –  деп  орнынан  тұрып 

кетеді. Осыдан кейін «Тәббәт» сүресі түседі

472



471



 «Шұғара» сүресі, 214.

472


 Суити. Дуррул-Мәнсур.

439

Құран бақтары

Кейбір деректерде Әбу Ләһәбтың осы сөзді айтып 

тұрып,  екі  қолымен  жерден  тас  алып  Аллаһ  елшісіне 

лақтырмақ ниетінде болғандығы да айтылады. 

Осы  сүре  түсіп  пайғамбардың  немере  ағасының 

есімі айтылып тұрып, лағынет етілген соң өзге кәпірлер 

Аллаһ елшісімен дін хақында бітімге келуден үміттерін 

үзді. Өйткені, Аллаһ елшісі немере ағасының өзіне мы-

надай сөз айтқан соң, басқаларының мәмілеге келулері-

не мүлде мүмкіндік жоқ-ты. Аллаһ елшісіне күпір ішін-

де жүзіп жүрген туысынан гөрі, иман еткен бөгде жан 

әлдеқайда жақын. Пәлен мен түгеннің туысқан баласы 

екен дегеннің ешбір маңызы жоқ еді. 

Тәпсірі

1. 


َّبَتَو   ٍبَهَل  يِبَأ  اَدَي   ْتَّبَت

  –  «Әбу  Ләһәбтың  қолдары 



құрысын.  Құрыды  да!»

بابت


  –  «Тәбәәб»  сөзінің 

түбірінен шыққан 

ْتَّبَت

 – «тәббәт» өткен шағы дұға бо-



лып айтылғанда, «жоқ болсын, түбімен құрысын» де-

ген мағынаны білдіреді

473



Пайғамбарымыздың  немере  ағасы  абыройына  ие 



бола тұрса да, иман келтірмей, қайта оған дұшпандық 

жасап,  асқан  күпірлік  көрсеткендіктен,  Әбу  Ләһәб 

осылайша құрдымға кетті. Мұндай жоғары бедел Әбу 

Ләһәбты құтқаруға жетпесе, Аллаһ елшісіне дұшпандық 

жасап, тәубе етпеген өзге адамдардың халі қандай бо-

латыны белгілі. 

َّبَتَو

 – «қолы құрыды да» – деп қайталанып келуі 



оның сөзсіз үлкен бәлеге душар болып, жермен-жексен 

473


 Тәфсирул-Бәғәуи.  8-том,  581  бет;  Уәһбә  Зухәйли.  әт-

Тәфсирул-мунир, 15-том, 859-бет. 



440

Мәңгі мұғжиза

болатындығынан алдын-ала хабар беруде.  Көп ұзамай 

өте жаман ауруға ұшырап, азаптанып өледі. 

2. 


َب َسَك اَمَو ُهُلاَم ُهْنَع ىَن ْغَأ اَم

 – «Оның малы да, жасаған 



істері де ешбір пайда бермеді». Аяттағы «жасаған іс-

тері»  кейбір  ғалымдардың  көзқарасы  бойынша  –  Әбу 

Ләһәбтың  балалары.  Енді  бір  тұжырым  ол  –  оның  өз 

ойынша жасаған ізгілік амалдары. 

ْنِم اوُلِمَع اَم ىَلِإ اَنْمِدَقَو 

اًروُثْنَم  ًءاَبَه  ُهاَنْلَع َجَف   ٍلَمَع

  –  «Жасаған  әр  істерінің  алдына 

шығып, оны айналаға шашылған шаң тәрізді еттік»

474


 

аяты  осы  мағынада.  Басқа  деректе  де  Әбу  Ләһәбтың: 

«Егер бауырымның айтқаны расқа айналса малым мен 

балаларымды  құрбан  етіп,  одан  құтыламын»  –  дегені 

де бар. Әбу Ләһәб айықпас дертке шалдыққанда малы 

да  балалары  да  ешбір  пайда  бермей,  өлер  алдында 

жалғыз тастайды. Өлген кезде де оның жанына ауруы 

жұғады деп балалары да жоламайды. Кейіннен сасып, 

иісі айналаға жайылып бара жатқан соң халық шулап, 

балалары  біреуді  жалдап  жүріп  әрең  денесін  үйден 

шығартып, бір шұқырға апарып көме салады. Құранның 

Әбу Ләһәб жайлы айтқаны бірнеше жылдың ішінде ай-

нымай келген еді. Иә, қашан да Исламға қарсы шығып, 

дұшпандық  жасаған  кәпірлер,  жазасын  бұл  өмірде-ақ 

көре  бастайды.  Қағбаны  жығуға  келген  Әбу  Ләһәбқа 

ұқсас Әбрәһа да айдалада өліп, денесі шіріген-ді. 

Арада  қаншама  ғасырлар  өтіп,  кешегі  Кеңестік 

дәуір келгенде де өз ұлтымыздың арасынан небір ате-

ист  Әбу  Ләһәбтар  шыққан.  Солардың  бірі  Қызылқұм 

аймағында  болған.  Кеңес  үкіметі  алғаш  қазақ  ауыл-

дарына  тарап,  атеистік  идеология  қатты  жүргізіледі. 

Сол ауылдардың бірінде бір атеист белсендісі шығып, 

474

 «Фұрқан» сүресі, 23.



441

Құран бақтары

әсіресе  жастардың  құлшылықтарын  аңдиды.  Ұстап 

алса соққыға жығып, сібірге айдатады. Сондықтан има-

нын  жасырған  жастар  құпия  құлшылық  жасайды.  Бір 

күні  Рамазан  айы  да  келеді.  Әлгі  жастар  ауыздарын 

жасырын бекітеді. Бірақ, әлгі қазақтың Әбу Ләһәбі бір 

қулық ойлап табады. Күдіктенген жастың жанына ба-

рып, «ауыз бекіттің бе?» деп сұрайды. «Жоқ» деп жа-

уап қатса, қалтасынан нан шығарып, «Ендеше мынаны 

жеп көр» деп қолына нанды ұстатады. Ол уақытта бір 

үзім нанның да сондай тапшылау кезі еді. Әлгі жас бала 

амалсыз  жеп,  оразасын  бұзуға  мәжбүр  болған  екен. 

Осылайша олардың жүрген іздерін аңдып, талайын қан 

қақсатқан «Әбу Ләһәб» бір күні адам айтқысыз дертке 

ұшырап,  көп  ұзамай  ит  өліммен  өліп  кетеді.  Осының 

әрекетін Әбу Ләһәбтің күйімен салыстырып қарасаңыз, 

бір-біріне  қатты  ұқсайды.  Бір  кездері  Әбу  Ләһәб  та 

Меккеде дәл осылай әрекет еткен. 

3. 

ٍبَهَل  َتاَذ اًراَن ىَل ْصَي َس



 – «Ол жалындаған отқа түседі»

Бұл жердегі от – дүниедегі отқа ұқсамайды. Денелер-

ді ғана емес, рухтарды да өртеп, күйдіретін жаһаннам 

оты. Жаһаннам отының жанында бұл дүниенің оты таң 

сәрідегі шығыстан соққан керім самалмен тең. 

4-5. 


ب َط َحْلا َةَلاَّم َح ُهُتَأَرْماَو  ٍدَسَم  ْنِم ٌلْب َح اَهِدي ِج يِف

 – «Әйелі де 



мойнында есілген арқан байланған күйде сол отқа отын 

тасиды».  Әбу  Ләһәбтың  өзі  ғана  емес,  көмектескені 

үшін  әйелі  де  отқа  бірге  түседі.  Әркімнің  қайда  ба-

рам десе еркі өзінде. Аллаһ Тағала пендесінің алдына 

екі  жол  көрсетіп  берген.  Бірінің  ақыры  –  жаһаннам, 

бірінің  соңғы  аялдамасы  –  жәннат.  Адам  нені  ни-

еттеніп,  соған  жетуге  күш-қайрат  жұмсаса,  Аллаһ 

Тағала да оның жолын жеңілдетпек. Міне, Әбу Ләһәб 


442

Мәңгі мұғжиза

дұшпандығы арқылы жәһәннамға баруды ниетімен өзі 

қалады. Әйелі де оның сол ниетіне үнемі май құйып, 

өршітіп отырған-ды. Әбу Ләһәбтың отына әйелі үнемі 

отын тасып, өршітіп отыруы құба-құп. Оның әйелі де 

Исламға  жала  жауып,  көрінгенге  жамандап,  сөз  таси-

тын. Пайғамбарымыздың, жүрген жолына тікен шашу 

арқылы, қолынан келген бар жамандықты жасап қалуға 

тырысып, еріне көмектескен. Сол себепті оның «Отын 

тасушы әйел» болуы да өте түсінікті. 

Осы  сүренің  де  қазіргі  заманмен  тікелей  қатысы 

бар.  Терең  көз  салсаңыз,  жаңа  түсіп  жатқандай  сезі-

несіз. Қазіргі кезеңде Ислам дінін жер бетінен жоймаққа 

ниеттенген  арам  пиғылды  күштер,  оларға  көмектесіп 

жүрген  лаңкестік  топтар  бар.  Өздерін  мұсылман 

көрсету  арқылы  дінді  қараламақ.  Құран  мен  хадисті 

жоққа  шығаруда.  Оны    «адамның  жазғандары»  деп 

ғылыми жолмен дәлелдегенсіп, кітаптар жазып жүрген 

еуропаның көптеген шығыстанушылары, олардың иде-

яларын жақтаушы мұсылмандар арасынан шыққан те-

олог ғалымдар бар. Олар еуропа ғалымдарының ығына 

жығылып,  қуаттап  отырады.  Көз  салсаңыз  істері  бір-

дей. 

Аятта 


ديج

 –  «жид» мойын мағынасына келсе де, 

негізі  алқа  тағылған  әдемі  мойындар  деген  сөз.  Әбу 

Ләһәбтың әйелі мойнына інжу-маржаннан алқа тағып: 

«Лат  пен  Уззаға  ант  етейін!  Осы  алқамды  сатып, 

ақшасын  Мұхаммедке  қарсы  пайдаланамын»,  –  дей-

тін.  Сондықтан,  «жид»,  мойын  сөзі  бұл  жерде  келеке 

түрінде  берілген.  Алқа  тағып  тәкаппарлық  көрсеткен 

сен сол алқаңды, жаһаннамда жіп болып мойныңа ора-

лады. Әлбетте ол жаһаннамның алқасы болғандықтан, 

азапқа азап қоспақ. 


443

Құран бақтары

Бұл сүре қияметке дейін Аллаһ елшісінің, дінінің 

жайылуына кедергі жасағандардың ақырының қандай 

болатынын жария ету мақсатымен түскен. Әбу Ләһәб 

пен  әйелі  дінге  дұшпандық  етіп,  бейбітшілікке  тас 

атқандардың мысалындай

475



«ЫҚЫЛАС» СүРЕСІ



ِمي ِحَّرلا  ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب

 ن ُكَي ْمَلَو }3{ ْدَلوُي ْمَلَو ْدِلَي ْمَل }2{ ُدَم َّصلا َُّللا }1{ ٌد َحَأ َُّللا َوُه  ْلُق

}4{ ٌد َحَأ ًاوُفُك ُهَّل

Мағынасы:

1.  «Айт: Ол Аллаһ – Жалғыз.

2.  Аллаһ – Самад.

3.  Тумаған да туылмаған.

4.  Оның ешбір теңдесі жоқ.

Алғашқы  уахи  етілген  сүрелердің  бірі.  Ол  төрт 

аяттан тұрады. «Фатиха» сүресі тәрізді бұның да бір-

неше аттары бар. Ең белгілісі – «Ықылас» және «Қул 

һуаллаһу ахад». Бұл сүре діннің негізгі ұстанымы болған 

тәухидті ең ғажап түрде жеткізгендіктен «Ықылас» деп 

аталған. Құраннан басқа ешбір кітап, Исламнан басқа 

ешбір дін Аллаһ Тағаланы дәл осылай айқындап жет-

кізе алмаған. Бұл сүре ширктің барлық түрін түгелдей 

жоққа шығарған. 

Сондай-ақ, бұл сүрені «Тәухид» сүресі, «Тәфрид» 

сүресі,  «Тәжрид»  сүресі,  «Нәжәт»  сүресі,  «Уәләят» 

475

 Тереңірек  мағлұмат  үшін  қараңыз;  Уәһбә  Зухәйли.  әт-



Тәфсирул-мунир, 15-том, «Мәсәд» сүресі. 

444

Мәңгі мұғжиза

сүресі, «Мағрипат» сүресі деп те атаған. Өйткені, бұл 

сүренің мазмұнын толық ұққанда Аллаһ танылады.

Бұл  сүреге  «Нисбә»  сүресі  деп  те  атау  берілген. 

Өйткені, мүшріктер Аллаһ Елшісіне: «Бізге Раббыңның 

шежіресін  айт»  –  дегеніне  қатысты  осы  сүре  түсіп

476



Аллаһ Тағаланың нәсілден пәк, ада екендігі айтылады. 



Бұны «Самад» сүресі және «Муауизә» сүресі деп 

те  айшықтайды.  Абдуллаһ  ибн  Унәус:  «Аллаһ  елшісі 

(с.а.с.) көкірегіме қолын қойып, маған «айт» деді. Мен 

не айтарымды білмедім. Сонда ол: «Ықылас» сүресін 

айт», – деді. Мен айттым. Сосын: «Фәләқ» сүресін айт», 

– деді, мен айттым. Сосын «Нәс» сүресін айт деді, мен 

айттым. Осыдан кейін Аллаһ елшісі: «Міне, осылайша 

Аллаһ Тағалаға сиын! Сиынғандардың ешбірі дәл осы-

лайша сиынбаған»

477


 –  дегенін жеткізген.

Бұл  сүре  айқындағандай,  тәухидсіз  иман  толық 

болмайтындықтан «Иман» сүресі деп те бейнелеген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет