Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет60/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

Лизингтік мәмілелер. Лизинг мәмілелері Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 565 б қарастырылған. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш мәміле жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында[1].
Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте ең маңыздысы, контагентін соныңда құрал-жабдықтың қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуы тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандыру полюсінің куәләндырылған көшірмесін береді.
Іс жүргізуде кез келген лизингтік мәмілі мынадай элементтерді қамтуға тиіс объектісі; жадау мерзімі; лизингке алу мерзімі лизингке берушінің меншіктік құқығы тәуекелдер жауапкершілік техникалық кепілхат; құрал-жабдықтарды пайдалану; күту, жөндеу және жаңарту; зиян; қолайсыз жағдайлар сақтандыру лизингтік төлемдер комиссиялар; төлемді кешіргені үшін пения, сатып алу мүмкіндігі даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру; кешіктіру шарты; қажетті ақпаратты беру міндеттемесі; тараптардың қолдары орналасқан жері қосымша сипаттама; қалдық құнын кепілдеу; банктердің кепілдемесі .
Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық өнімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен , кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асырылады.
Факторинг. Факторинг қаржы лизингі сияқты банктік қызметте қолданылатын мәміленің және коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметтің бір түрі болып табылады. Факторинг мәмілесінің түрі англо-саксондық елдерде ең алғаш рет пайда болды. Факторинг алғашқы кезде Х1Х ғ аяқ кезінде 1889 ж Англияда және кейіннен АҚШ-та ең алғаш рет қолданылды.

Қазіргі таңда факторинг өнеркәсібі жағынан дамыған Баыс Еуропа елдерінің банктік қызметтерінде кең тараған және Қазақстанның банктік қызметінде үлкен қолданысқа ие.


Батыс елдерінде факторинг операцияларын арнайы мамандырылған корпарациялар жүзеге асырылады және банктік операциялардың ең танымал түрі болып танылады. Факторинг операцияларын бүгінгі көлемі (ішкі және хықаралык фкторингті қосқанда) мынадай :Еуропа 56 %, Америкада – 30 %, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдерде – 13 % және Африкада 1%.
Шетел факторингі - бұл ұқсас және компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар нысанындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.
Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда – комиссиондық операциялардың бір түрі. Бұл жерде факторинг компания клиенттің шотын 90 % дейін төлеу шартымен сатып алады.
Факторинг - бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзіміне басты көңіл аударылады. Факторинг компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзіміне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.
Факторинг – жабдықтаушы – клиенттің жабдықталған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот – фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық операция. Сонымен қатар қазақстанның банк және банктік қызмет туралы заңының 3 бабына сәйкес – банктік қызмет қатарына факторинг операциялары жатады.
Нарық экономикасы дамыған елдерде факторинг компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:

  1. Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) - өздерінің клиенттерінің шот – фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

  2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компанияисымен келісім - шарт жасасуды өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

  3. Кәсіпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма .

Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 3 схемада көрсетілген [1].

Факторинг мәмілесі жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізілген. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі бірінші – екінші апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет