Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


Вексельді есеп-айырысулар



бет69/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   141
Вексельді есеп-айырысулар.
13Вексель дегеніміз (неміс сөзі «айырбас» ) – белгілі бір үлгіде жазбаша түрде толтырылатын ұзақ мерзімді борыш міндеті.
Аударым вексель - маңызды құжат, вексель берушінің төлеушіге жазбаша нысанда жасалған жарғысы. Онда бірінші вексель ұстаушыға төленетін ақшалай сомасының мерзімінің келуі жазылады.
14Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы заңына сүйенетін болсақ, жай вексель мыналардан тұрады: 1) мəтiннiң өзiне енгiзiлген жəне осы құжат жасалған тiлдегi "вексель" атауы; 2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ештеңемен шарттастырылмаған уəде; 3) төлем мерзiмiнiң көрсетiлуi; 4) төлем жасалуы тиiс орынның көрсетiлуi; 5) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс тұлғаның атауы; 6) вексельдiң жасалған күнi мен орнының көрсетiлуi; 7) құжатты берушiнiң (вексель берушiнiң) қойған қолы.
Сонымен қатар, аталған заңда аудармалы вексельге де анықтама берілген: аударым векселi (тратта)- вексель берушiнiң (трассанттың) үшiншi тұлғаға (трасстқа) бiрiншi вексель ұстаушының (ремитенттiң) немесе оның бұйрығы бойынша алдағы белгiлi бiр уақытта не ұсынуы бойынша төлейтiн вексельде көрсетiлген ақша сомасының ешнəрсеге негiзделмеген ұсынысы (бұйрығы) бар вексель. 15Аударым векселiнде мыналар болуға тиiс: 1) құжат мəтiнiнiң өзiне енгiзiлген жəне осы құжат жасалған тiлде айтылған "вексель" атауы; 2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық; 3) төлем төлеуге тиiс тұлғаның (төлеушiнiң) атауы; 4) төлем мерзiмiн көрсету; 5) төлем жасалуға тиiс орынды көрсету; 6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем төленуге тиiс тұлғаның атауы; 7) вексель жасалатын уақыт пен орынды көрсету; 8) вексель беретiн тұлғаның (вексель берушiнiң) қолы.
Вексельдің басты қасиеттері:

  1. абстракттілік – ақшалай қарыздардың пайда болуының түсініктемесінің керек болмауы.

  2. даусыздық – вексельде көрсетілген нақты соманы төлеу.

  3. айналымдылық - шектеусіз субъектілер арасында қарым-қатынас орнату мүмкіндігі.

Жоғарыда айтылып кеткен заңның 32-бабында аударым вексельдерінің төлем мерзімі жөнінде айтылған.
Аударым векселi: ұсынуы бойынша; ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта; жасалғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта; белгiлi бiр күнде төленуге тиiстi болып берiлуi мүмкiн. Мерзiмнiң өзгедей белгiленуiн не төлемнiң дəйектi мерзiмдерiн қамтитын аударым вексельдерi жарамсыз болады.
Халықаралық операциялардағы есеп-айырысулар кезінде вексельдің қолданылуының унификациясы 1930ж Ұлттар Лигасымен қабылданған үш Женева Конвенцияларында көрініс тапқан, әдетте Вексельді конвенциялар деп аталады: «Аудармалы және жай вексельдердің бірегей заңы туралы конвенция», аудармалы және жай вексельдердің заңдарының коллизияларының шешілуі туралы конвенция», «Жай және аудармалы вексельдерге байланысты гербтік алымдар туралы конвенция».
Құқықтық бәсекелестік көбіне вексельдердің екі түрі арасында пайда болады – конвенциялық вексель және англо-американдық вексель. Конвенциялық вексельдің талаптары Бірегей вексель заңына сәйкес келуі керек. Ал, англо-американдық вексель АҚШ мен Англияның сәйкес заңдарында бекітілген. Женева Конвенцияларына негізделген вексельді айналымның халықаралық реттелуі англо-американдық құқықтық жағдайынан алшақ болып келеді. Мысалы, англо-американдық құқықтық реттеу бойынша төлем жүзеге асырылатын тұлғаның көрсетілуі тиіс емес, ал Женева Конвенцияларында осындай тұлғаның көрсетілуі міндетті болып табылады. Сонымен қатар вексельді дауларды шешу тәртібі мен наразылық шарттары жөнінде келіспеушіліктер бар. Осындай құқықтық жағынан алшақтықтар тараптар арасындағы пайда болған дауларды шешуде қиыншылықтар туындайды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Женева Конвенциялары вексельді айналымның кешенді реттелуін қамтамасыз етеді:

  • Аударымды және жай вексельдердің бірегей заңы туралы Конвенциясы - материалдық құқықтың унификациялауының мысалын көрсетеді.

  • Аударымды және жай вексельдер заңдарының коллизиялық шешілуі туралы Конвенция – коллизиялық құқықтың унификациясының мысалы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет