Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет94/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

Пысықтау сауалдары:

2. Деликтті қатынастарда шетелдік элемент қандай сапада орын алуы мүмкін?
3. Неге зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер келісімнен тыс міндеттемелер категориясына жатады?


13- тарау. Авторлық құқықты халықаралық қорғау


§1 Авторлық құқықты халықаралық
қорғау жүйесінің дамуы
Азаматтардың шығармашылық интеллектуалдық әрекеттерінің нәтижесі болып табылатын рухани өмір - әрбір қоғам үшін маңызды болып келеді.
Азаматтардың шығармашылық еңбегінің жемістілігі тікелей қоғам дамуына әсер етеді және де көптеген факторларға байланысты болады. Олардың маңыздыларының бірі – шығармашылық нәтижелері иелерінің құқықтарының қорғалуы дәрежесі болып табылады. Қазіргі таңда интеллектуалдық меншік иелерінің құқықтарын қорғау мәселесі бір мемлекет шеңберінде ғана емес, халықаралық деңгейде қарастырылып жатыр.
Соңғы уақытта отандық және шетелдік баспасөздерде интеллектуалдық меншіктік құқық бұзушылықтар жөніндегі мақалалар жиі шығып жатыр. Көбінесе «Пираттық» аудио және видео нарығы, плагиат және басқа да авторлық құқықты бұзушылықтар жөнінде сөз қозғалуда.
Кезекті видео фильм көру немесе жаңа ән тыңдау барысында, автордың аты көрсетілетін титр немесе аннотацияларға көңіл бөлетіндер біздің арамызда аз-ақ. Ал шын мәнінде, кез келген музыкалық немесе әдеби туынды - бұл автордың ұзақ, жігерлі еңбегінің нәтижесі, және де ол, сөзсіз, сыйлы болуы тиіс. Бірақ, өкінішке орай, туынды авторларының түксіз қалуы да аз емес, ал оған тиесілі сыйақысын оған ешқандай қатысы жоқ адамдар алып жатуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында бұл мәселе өте өзекті мәселелер қатарына жатқызылып жатыр. 2003 жылы қазан айында Астана қаласында өткен «Қазақстанның ақпараттық технология индустриясындағы интеллектуалдық меншік құқығы» атты республикалық акция отырысында Қазақстандағы пираттық деңгейі 78%-ға жеткені және де бұл көрсеткіш тек Қытайға ғана орын беріп жатқаны жөнінде айтып кетілген.
Қазақстанның көптеген қалаларының аудио және видео нарығы лицензияланбаған таспа, компакт диск және басқа да ақпарат сақтаушыларымен толып жатыр. Сапасы төмен болғанымен, бағасы да өте арзан. Қаламыздың кез келген базарында бейне таспаны 400 теңгеге, ал аудио таспаны 150-ақ теңгеге алуға болатыны бәрімізге белгілі, ал олардың түп нұсқалары өз кезегінде 3-4 есе қымбат. Егер санайтын болсақ осылардың нақты авторлық құқығының иелері «пираттар» кесірінен миллиондаған долларлар көлемінде зиян көреді.
Мұндай құқықбұзушылықтың өзгешелігі – мемлекеттің ішкі заңнамасының шеңберінен шығуда болып табылады. Және де мұндай мәселелерді шешкенде соттар тек мемлекеттің ішкі азаматтық құқықтың нормаларына ғана емес, сонымен қатар халықаралық құқық нормаларына сүйенуі тиіс.
Авторлық құқықты қорғаудың халықаралық жүйесі – күрделі механизм болып табылады, және де оның негізінде «әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы» Берн конвенциясы жатыр.
ХІХ ғасырдың ортасына дейін «авторлық құқық» деген түсінік мүлдем болмаған, меншік құқығы тек нақты зат түріндегі өнер туындыларына таралған.
Ал ХІХ ғасырдың ортасынан бастап авторлық құқық меншіктің жекелеген нысанына айналды. Университеттердің, кітапханалардың құрылуы, кітап саудасының дамуы, шетел тілдерін үйрену, кітаптар айналымының өсуі – бұның бәрі капитал орналастырудың пайдалы және қолайлы орнына айналған баспа ісіне жаңа шарттар енгізді, ал интеллектуалдық еңбектің нәтижелері – туындылар тауардың барлық белгілеріне ие болды.
«Жазушы идеаларды шығарғаны үшін емес, оның шығармаларын өңдейтін, яғни, кітап жасаушыны байытқаны үшін өндіргіш жұмыскер болып табылады, яғни белгілі бір капиталисттің жалдамалы жұмыскері болып табылады.» К. Маркс.22




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет