Бұл ая біздің Республикамыздың мемлекеттік реттеудегі жаңа сала болып табылады. Кеңес одағы кезінде бұның функционалдылығы одақтың орталық органымен қамтамасыз етілген.
Көп уақыт бойы Кеңес Одағы өнер, әдебиет және ғылым туындылары жөніндегі қатынастарды нақты реттей алатын азаматтық құқықтың жекелеген институты ретінде іс жүзінде танылады. Сол кездегі тәжірибеде авторлық мәселелер жөніндегі даулар сотта қаралған жоқ. Сондықтан, авторлық құқықтың бұзушылықтар үшін белгілі бір өтемақылар төлеуге байланысты сөз мүлдем қозғалған жоқ. Мұндай құқық бұзушылықтар жоқ болды деп айтуға, әрине болмайды. Бұл мәселелер кездессе, олар сәйкес ұйымның отырыстарында қарастырылған. (Мысалы: Композиторлар одағы, Жазушылар одағы, т.б.). Жауаптылық та тек қоғамдық-тәртіптік сипатта болды. Ал бұл салада істейтін ғалымдар көбінесе авторлықты тіркеу мәселесімен айналысқан.
Айтарлықтай, барлық дамыған мемлекеттерде автор өзіне тиесілі сыйақыны толық мөлшерде алады, кейін сол сомадан өзінің мемлекетіне салық төлейді. Кеңес Одағында бәрі керісінше болды, мемлекет соманың барлық мөлшерін алып, кейін ғана авторға белгілі бір үлесін берді. Тағы бір кемшілік – автордың өз туындысын пайдалануға не беру, не тыйым салу құқығы болған жоқ.
Дегенмен де, Кеңес Одағында құқық бұзушылықтар аса көп болған жоқ. Соғыстан кейін кинотеатрларда көптеген шетел фильмдерін көрсете бастады. Оларды жалдап көрсету қазынаға үлкен табыс әкелген. Бұл фильмдер тек заңды негізбен ғана алынды (сатып-алу, ленд-лиз1, ауыстыру т.б.). Шетелдік әдеби туындылар жөнінде айтатын болсақ, олардың жұмыстары болған, және де олардың еңбектерін Кеңес Одағымен марапатталған. Бүкілкеңестік «Мелодия» дыбыс жазба фирмасы көптеген тираждармен лицензияланған шетел орындаушыларының грампластинкасын шығарған.
Бұдан Кеңес Одағында авторлық құқық мәселесі өзіндік ерекшеліктерімен болса да белгілі бір дәрежеде қалыптасқандығын көруге болады. Бірақ бұны реттейтін заңнама фактілі түрде болған жоқ.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасы егемендік алған соң ғана бұл мәселе қозғала басталды да, тек 1996 жылдың 10 шілдесінде ғана мұндай қатынасты нақты реттейтін «Авторлық құқық» туралы заң қабылданды. Бұл заң әлемдік стандарттарға сәйкес V Халықаралық конвенция негізінде жасалынды және де ТМД Парламенттер ассамблеясында ең үздік нормативтік актілер қатарына жатқызылды.
Ал 1998 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Берн конвенциясына қосылды.