Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет106/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

Өнеркәсiптiк үлгi
Өнеркәсiптiк үлгi түсiнiгi.Өнеркәсiптiк үлгiлер түрлерi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 991-бабының 4-тармағы мен Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес бұйымның сыртқы түрiн белгiлейтiн, жаңа, түпнұсқалық және өнеркәсiпте қолдануға болатын көркемдiк-конструкторлық шешiм құқық-тық қорғау берiлетiн өнеркәсiптiк үлгi болып танылады.
Анықтамадан көрiп отырғанымыздай, бұйымның сыртқы түрiнде көркемдiк және конструкторлық шешiм болуы керек. Бiр ғана құралдың қолданылуы бұйымның өнеркәсiптiк үлгi болып танылуына жеткiлiксiз. Бұйымның функционалдық мазмұны оның анық көркемдiк нысанына сәйкес болуы тиiс, көркем және техникалық (конструкторлық) белгiлерiнiң бiр-тұтастығымен сипатталуы қажет. Сыртқы нысаны ретiнде оның пайдаланылуы мен қолданылуы процесiнде тұтынушы көретiн түрiн түсiну керек. Оның сыртқы нысаны iшкi құрылымына және бұйымның функционалдық мақсатына сай болуы тиiс.
Патент Заңының әрекетi өнеркәсiптiк үлгiнiң көптеген түрлерiне тарайды. Оларға көлемдi, жазық және аралас өнер-кәсiптiк үлгiлер жатады.
Көлемдi өнеркәсiп үлгi ретiнде негiзiн дамыған өлшемдi көлемдi-кеңiстiктiк құрылым құрайтын композиция танылады. Мысалы: радиатордың сыртқы нысанын анықтайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм.
Жазық өнеркәсiптiк үлгi екi өлшемдi сызықтық түстен-дiрiлген элементтер байланысымен сипатталады. Мысалы: кiлем, мата сыртқы нысанын анықтайтын шешiмдер.
Аралас өнеркәсiптiк үлгi аталған екi шешiмге тән белгiлер-мен сипатталады. Мысалы: ыдыстың сыртқы түрiн анықтайтын көркемдiк-конструкторлық шешiмдер.
Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк талаптары.
Өнеркәсiптiк үлгi патентке қабiлеттiгiнiң белгiлi талаптарына немесе критерийлерiне жауап берсе, оған қорғау ұсынылады. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес ондай талаптарға мыналар жатқызылады: жаңашылдық, бiрегейлiк және өнеркәсiпте қолдануға жарамдылығы. Бұл критерийлер өтiнiш берiлген мерзiмге олардың болуын дәлелдеу және бүкiл мерзiмге құқықтық қорғауды жүзеге асыру мүмкiндiгiне байланысты таңдалады. Сонымен қатар, олар әлем тәжiрибесiнде таралған өнеркәсiптiк үлгiлердiң патентке қабiлеттiгi талаптарына сай.
Жаңашылдық. Өнеркәсiптiк үлгi бұйымның эстетикалық және эргономиялық ерекшелiктерiн анықтайтын негiзгi белгiлерiнiң жиынтығы өнеркәсiптiк үлгi басымдығының күнiне дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса, жаңа деп танылады. Яғни, абсолюттi әлемдiк жаңашылдыққа ие өнеркәсiптiк үлгiлер ғана құқықтық қорғалады.
Өнеркәсiптiк үлгi жаңашылдығын бекiту кезiнде жалпыға мәлiм мәлiметтермен қатар, басқа тұлғалармен берiлген ерте-ректегi басымдықты өтiнiмдер және тiркелген өнеркәсiптiк үлгi-лер есептеледi.
Өтiнiш берiлген көркемдiк-конструкторлық шешiмнiң жаңашылдығы өтiнiм берiлген және оның аналогтерімен танылған белгiлi үлгiлердiң, елеулi белгiлерiн салыстыру жолымен өнеркәсiптiк үлгiнi тiркеуге өтiнiмнiң басымдық мерзiмiне бекiтiледi. Белгiлi үлгiлер функционалдық мақсаты мен елеулi белгiлерi жиынтығының белгiлi көркемдiк-конструкторлық шешiмдермен толық сәйкес келуi өтiнiм берiлген үлгiнiң жаңашылдық критерийiне сәйкес келмейтiндiгiн тануға және өтiнiм берiлген үлгiнi тiркеуден бас тартуға алып келедi.
Өндiрiстiк үлгiнi тiркеуге өтiнiш оның ашылған мерзiмiнен 6 айдан кешiктiрмей берiлген болса, өтiнiм берiлген үлгiге қатысты ақпаратты қоғамға ашу өтiнiш берiлген үлгiнiң жаңашылдығына әсер ететiн жағдай ретiнде танылмайды.
Бiрегейлiк прототипiне қарағанда өтiнiм берiлген үлгiге енгiзiлген өзгерiстердiң шығармашылық сипаты патентке қабiлеттiгiнiң маңызды талабы болып табылады. Өнеркәсiптiк үлгiнiң елеулi белгiлерi бұйымның эстетикалық ерекшелiк-терiнiң шығармашылық сипаты негiз болса, ол бiрегей болып танылады. Өтiнiш берiлген үлгiнi неғұрлым жақын аналогтен айыратын елеулi белгiлерiн айқындау жүргiзiледi. Бiрегейлiктi тексеру кезiнде өтiнiш берiлетiн үлгiнiң ерекшелендiретiн белгiлердiң шығармашылық өзiндiгi бекiтiледi.
Өнеркәсiптiк қолдануға жарамдылығы. Өнеркәсiптiк үлгi, егер ол сәйкес бұйымды жасау жолымен бiрнеше рет қайта өндiрiле алса, өнеркәсiптiк қолдануға жарамды деп танылады. Басқаша айтқанда, өнеркәсiптiк өндiрiс жағдайларында шексiз мөлшерде қайта өндiрiлетiн үлгiлер патенттiк қорғау алады.
Патенттiк қорғау бiрегей болып табылатын бұйымдарда қолданылатын шешiмдерге таралмайды, себебi олардың эстетикалық құндылығы таралымға түскен кезде жоғалады. Қайта өндiру қабiлетi ерекше көркемдiк-конструкторлық шешiмнiң патент-тiк-құқықтық қорғалуын қажет қылады. Бұйым қайта өндiрiл-мейтiн болса, оның патенттiк қорғау қабiлеттiгi жойылады. Бұл жағдайда бұйымға авторлық құқық нормалары таралады. €неркәсiпте қолдануға жарамдылығын бағалау кезiнде таралым-ға түсу қабiлетi ғана емес, өтiнiмде көрстетiлген немесе белгiлi құралдар мен материалдар көмегiмен өтiнiм берiлген бұйымның жүзеге асырылуы да тексерiледi. Егер бұйымды кең масштабта қайта өндiру мүмкiн болмаса, онда ол өнеркәсiптiк қолдануға жарамдылық критерийiне сәйкес болып танылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет