Алматы 2014 almaty


бет13/31
Дата31.03.2017
өлшемі
#11012
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

Key  words:  radiobroadcast  complex,  IP-television,  technologies  of  WiMax,  surface  TV  broadcasting, 
stereotelevision. 
 
 
ӘОЖ 621.372.632:621.365.5 
 
Джобалаева Г.С., Сагындикова А.Ж., Кеңесбаева Р.А. бакалавр 
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 
Алматы қ.,  Қазақстан Республикасы6 gulim_djobalai@mail.ru 
 
ОПТИКАЛЫҚ-ТАЛШЫҚ БОЙЫМЕН ID NET ЖЕЛІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Аңдатпа.  ID  Net  оптикалық  талшықты  желілермен  негізделген,  бұл  Ғаламтор  желісіне  қатынау 
саласындағы  жаңа  сөз.  Бұл  желілер  байланыс  саласындағы  ең  келешегі  бар  және  жылдам  дамып  келе  жатқан 
бағыттардың бірі. Негізгі артықшылығы – жоғары өткізу қабілеттілігі. Бұл дегеніміз, енді біз үлкен файлдарды 
жоғары жылдамдықпен қабылдап, тарата аламыз. 
Негізгі сөздер: талшық, желі, оптика, ғаламтор, байланыс. 
 
Телекоммуникацияда  және мәліметтерді тарату әлемі жиіліктер қорына қарқынды сұраныстың 
өсіп  келе  жатқанымен  соқтығысады.  Бұл  қарқын  негізінде  Ғаламтор  желісін  пайдаланушыларының 
көбеюімен, халықаралық байланыс операторларының өзара әрекеттесуімен және берілетін мәліметтер 
көлемінің көбеюімен байланысты. Бір адамға шаққандағы өткізу жолағы қарқынды түрде өсуде. Осы 
себептен  байланыс  операторлары  өздерінің  мәліміттер  жүйесін  құрған  кезде  талшықты-оптикалық 
кабельдерін  өте  жиі  қолданады.  Бұл  ұзақ  қашықтықтарға  созылған  магистральді  желілерді  және 
локальды  есептеу  желілерін  құрғанменде  байланысты.  Оптикалық  талшық  (ОТ)  қазіргі  уақытта  ең 
жетілдірілген  мәліметтерді  тарату  ортасы  болып  табылады,  сонымен  қатар  ұзақ  қашықтықтарға  көп 
көлемдегі  мәліметтерді  тарату  үшін  де  болашағы  зор  тарату  ортасы  болып  табылады.  Қазіргі  таңда 
оптикалық  талшық  мәліметтерді  таратумен  байланысты  есептердің  барлығында  қолданыс  табады. 
Міне, сондықтан ID Net желісі оптикалық талшық бойымен таратылады. 
ID Net бұл Ғаламторға қолжеткiзу қызметі, негізі оптикалық желiлердiң технологиясы «Fiber to 
the  home»  (FTTH)  –  ғаламторға  қосылудың  жылдамдығын  үлкейту  де  ғана  емес,  толық 
телекоммуникациялық спектрдегі қызметтердi береді. «Fiber to the home» технологиясы, тиiмдi, жеңiл 
және техникалық шешімдерді шешуге рұқсат береді және мәлiметтерлердi ең жоғарғы жылдамдықта 
беруді қамтамасыз етедi – 100 мбит/секундқа дейiн, сондықтан ID Net – Қазақстанда сапалы жоғары 
жылдамдықты  Ғаламтор.  ID  Net  желісін  жобалауда  біз  оптикалық  талшықты  кеңінен  қарастыратын 
боламыз.Үй  Ғаламторы үшiн, ID Net жақсы таңдау. Жаңа өзектiлiк ғаламтордың үйде пайда болуда, 
ескі  мақал  есіңе  түседі:  «Менiң  үйiм  –  менiң  бекiнiсiм»  –  енді      үйден  шықпай  кешкi  ас  тапсырыс 
беруге  болады,  тiптi  киiмдi,  аяқ  киiм,  тұрмыстық  техниканы  сатып  алуға  болады.  ID  Net    бүгiнгi 
күнде  жоғары  жылдамдықты  Ғаламтор  қызметiнiң  басты  жеткiзушiлерiнiң  бiрi  бiздiң  елде  болып 
cаналады.    ID  Net  қосатын  әрбір  қолданушы,  сапалы  сервис  және  тиімді  баға  бойымен  шапшаң 
қосыла  алатындығына  мүмкіндік  және  кепілдік  береді.  ID  Net  –  инновациялық  жоба  Megaline 
қызметімен салыстырғанда жоғары сапалы қамтамасыз етедi, бұл  дауыстың және видеоның ғаламтор 
желісінде берілуіне қол жеткiзеді, бүгiнгi күнде  ақпаратты қазiргi  заманауи  және сапалы беру тәсілі 
–  талшықты-оптикалық  байланыс  желiсi  екені  белгiлi.  ID  Net  желісі  оптикалық  кәбілді  аралық 
төсемдермен  әр абоненттiң үйiне дейiн  бағамдайды. 
ID Net желісінде ақпаратты оптикалы-талшық бойымен беріледі. Сондықтан оптикалық 
желiлерiн жобалауды құруда желiлермен салыстырғанда артықшылықтары, мыс кабельдерiнде болып 
саналады: 

108 
 
– 
жоғарғы өткiзгiштiк кәбiл; 
– 
төменгі өшу коэффициентi; 
– 
электромагниттi әсерлердің жоқтығы; 
– 
аз өлшемдер және оптикалық кәбілдердiң масса; 
– 
қабылдау-жiберу құрылғыларының құрамдас бөлiктерiнің жоғарғы сенiмдiлiгі; 
– 
ақпараттық қауiпсiздiк; 
– 
жаңа технологиялармен және қызметтің барлық түрлері. 
ID Net - ғаламторға жоғары жылдамдықпен қолжеткiзудiң мүмкiндiгі ғана емес, тиiмдi 
тарифтерінің қолайлы бағалары, әр түрлiлiгi және сапасы жоғары  қызмет бере алады. 
 
 
1-сурет. ID Net қызметінің жабдықтарын қосу сұлбасы 
 
Кез-келген  желiнiң  құрылысын  жасау  үшін  жобалаудан  басталатыны  белгiлi.  Қабiлеттi 
тәжiрибелi толық мәнді жобалаушыларды қолдана отырып, олар бастапқы мәлiметтердi анализдейді, 
қажеттi  есептерді  шешіп  және  оңтайлы  жолын  анықтайды,  сүйене,  сан  том,  қолданыстағыға 
нормативтiк және регламент белгiлейтiн құжаттар, сонымен бiрге жобалаудың тәжiрибесi, байланыс 
операторымен  стратегиялық  жоспарлауды  мәнін  шешіп  береді  және  қазiргi  желiнiң  құрылысы, 
айғақсыз шығындар шығарып тастауға мүмкіндік береді. 
PON  (Passive  Optical  Network,  пассивті  оптикалық  желі)  —  оптикалық  талшық  бойымен 
кеңжолақты  көп  сервистiк  қолжеткiзудiң  өте  перспективалы  және  тез  іске  қосылатын  технологиясы 
(2-сурет). Мұнда 
OLT – оптикалық сызықтың терминалы (сызықты терминал),ONT – оптикалық желілік 
терминал  (абоненттік  түйін), 
ОТШ  –  оптикалық  тармақтаушы  шкаф,  ОТК  –  оптикалық  тармақтаушы 
қорап (бокс), 
ОРА – оптикалық абоненттік разетка, ОКТ – оптикалық тармақтаушы кросс. 
 
 
 
2-сурет. PON технологиясымен оптикалық  желіде абоненттiк қолжеткiзудiң  құрылымдық сұлбасы 
 
PON желінің қасиеттері:
 

109 
 
  бір  талшық  бойымен  бұтақты  сәулет  тасымалдауды  бір-біріне  екі  түрлі  толқын 
ұзындықтарында: 1550 ·10
-9
 м (орталық түйіннен абоненттерге, төмен түсетін ағын) және 1310·10
-9
 м 
(абоненттерден орталық түйінге, жоғары шығатын ағын); 
 аралық түйіндер арасында пассивті оптикалық таратқыштар (сплит-теры) орналасады;TDMA 
қатынау әдісті қолдануы абоненттер арасында өткізу жолағын оңай өзгертуге мүмкіндік береді; 
 орталық түйіннен (OLT) бір талшыққа 32 абоненттік түйіндерді (ONT) қосуға болады; 
  барынша көп қашықтау 20 шақырымды  құрады. 
Негiзгi    PON    архитектурасының  ойы  –    ONT    абоненттiк  құрылғыларға  көп  ақпарат  тарату 
үшiн, бір ғана OLT қабылдау-тарату модулының пайдалануы және олардан ақпараттар тәсiлін алу. 
PON  технологиясының  мәні  оның  атауымен  және  тармақтаушы  желісі  активті  құрамдас 
бөлiктердi  қолданбағандықтан  оңай  түсіндіріледі.  Бiр  талшықты  оптикалық  байланыс  желiсiнде 
оптикалық  сигналды  тарамдау  үшін  пассивті  оптикалық  тармақтаушылардың,  яғни  сплиттер 
көмегімен  жүзеге  асырады.  PON  —  кең  жолақты  қолжеткiзу  қағидасы  FTTH  (Fiber  to  the  Home  — 
«үйге  дейін  талшық»)  бойынша  оптикалық  тармақталған  желi,  және  де  қабылдап  -  таратушы 
модульде орталық түйіннің ең төменгі санымен және желі сегментінде орталық түйін мен абоненттік 
терминалдың аралығында активті құрылғының  жоқтығымен ерекшеленеді. 
Ойлану керек, бүгін-ертең оптикалық желiлердi жобалауды үлкен масштабты түрде абоненттік 
қолжеткізу аумағында қолдану керек болады. Ең жақсы шешім  – бұл жобалау ұйымында жеке топта 
PON желісімен жобалау. Сондықтанда, ID Net желісі – осы PON желісімен жобаланады. 
 
 
 
3-сурет.  Бас станция мен PON желісінің сұлбасы 
 
Кез-келген пассивті оптикалық желі үш негізгі элеметтерден тұрады: станциялық терминалдан 
OLT  (Optical  Line  Terminal),  пассивті  оптикалық  сплиттерден  және  абоненттік  құрылғыдан  ONU 
(Optical  Network  Unit).  OLT  терминалы  PON  желісін  сыртқы  желiлермен  өзара  байланысын 
қамтамасыз  етедi,  сплиттер  –  PON  трактының  аумағының  оптикалық  сигналды  тарамдауды  жүзеге 
асырады, ONU абоненттiк жақтан қажеттi интерфейстердi өзара байланыстырып тұрушы.  
Бұл  суретте  желілік  түйiн  АТС-тан  тұрады,  қызмет  көрсету  ауқымы,  негiзiнде,  PON  желiнiң 
қамту аймағымен анықталады. Түйiнде PON шлюз жабдығы  белсендi шоғырланады, осыған сай оны 
OLT  (OLT—Optical  Line  Terminal)  орындайды,  яғни  Ғаламтор  желiсi  мен  шеткi  абонентті 
байланыстырушы, басқада медиаконтинет ұйымдастыру үшiн, дауыстың беру қызметін, мәлiметтердi 
және видеоны.  
PON  кiрісінің  порттары  OLT  жабдығы  оптикалық  кросс  ODF  OLT  оптикалық  баулардың 
көмегімен  қосылады.Оптикалық  кроспен  кабельдердiң  бағытын,  коммутациялап  үлестiрудi  жүзеге 
асырады  және  станциялы  оптикалық  кәбіл  сплайс-тақта  арқылы  сызықты  қосылады.  Әдеттегiдей, 

110 
 
оптикалық  кросс  сол  аумақтың  АТС-да  (ЛАЦ,  кросс)  орналасады,  және  онда  OLT  тұғыры 
орнатылады.  
 
 
4-сурет.  PON технологиясымен ID Net желісінің типтік сұлбасы 
 
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  FTTH  оптикалық  талшықтың  пәтерге  дейін  немесе 
тұтынушының  жеке  меншік  үйіне  дейін  жеткізуді  қамтамасыз  етеді.  FTTH  желілерін 
ұйымдастырудың  екі  түрі  бар:  Ethernet  негізінде  және  PON  негізінде  ұйымдастыру.  ID  Net  желісін 
жобалауда PON негізімен ұйымдастырамыз. 
 
 
                                                                                   
5-сурет.  FTTH технологиясында орнату құрылғылары 
 
FTTH  –  (англ.  Fiber  to  the  Home  -  пәтерге  дейінгі  оптикалық  талшық).  FTTB  салыстырғанда, 
FTTH  оптикалық  талшықты  абоненттің  пәтеріне  дейін  жеткізуді  қамтамасыз  еткендіктен,  осы 
технологиямен ғимаратқа құрылғыларды орнатамыз (5-сурет). 
 
FTTH  желілерінде  әрбір  абонентке  біреу  есебімен  орнатылатын  болғандықтан,  көптеген 
түрлендіргіштер  қажет  болады.  Осыдан  басқа,  осы  типті  желілерде    көп    мөлшерде  оптикалық 
талшықтар, тармақтаушылар және оптикалық кросстар талап етіледі (6-сурет).  
 

111 
 
 
 
6-сурет.  FTTH-ты жер асты және әуе жолмен берілу тәсілі 
 
Көптеген  елдерде  FTTH  желілерін  дамытумен  негізінен  коммуналдық  және  муниципалдық 
қызметтер,  артынан  байланыс  операторлары  да  айналыса  бастады.  FTTH  кететін  шығындардың 
көптігі  құрылғының  бағасына,  сондай-ақ  монтаждаудың  жоғары  бағасына  негізделген.  Оптикалық 
кәбілдің  құны  магистралды  коаксиалды  кәбілдің  құнына  жақындағанына  қарамастан,  қабаттар 
арасындағы  тіреуіштерге  және  абоненттіңк  жәшіктерден  теледидарларға  тартылатын  RG6  типті 
таратқыш коаксиалды кәбілге (КК) жете қойған жоқ.  
Егер  FTTB  кезінде  олар  бір  үйге  біреу  есебімен  орнатылатын  болса,  онда  FTTH  кезінде  әр 
қабатқа немесе әрбір абонентке  біреу  есебімен  орнатылады. Бірақ FTTH желілерін дамыту кезіндегі 
негізгі  шығындар  құрылыс  жұмыстарына  кетеді,  ал  оптикалық  талшықтың  өз  құны  аздаған  бөлігін 
ғана құрайды. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын оптикалық-талшықты 
кәбілдің саны есепке алынбайды. Алайда FTTH желісі мен оның электронды құраушыларының өмір 
сүру  циклы  бірнеше  жылды  құрайды,  оптикалық-талшықты  кәбіл  мен  оптикалық  тарату  желісінің 
қызмет көрсету мерзімі ұзақ болады, ол жуық шамамен ең кемінде 30 жыл. Мұндай ұзақ уақыт бойы 
қызмет  ету  мен  FTTH-желісін  дамытуға  кететін  үлкен  шығындар  оптикалық-талшықты  желілерді 
жобалаудың  қатаң  нормативтерін  сақтауды  талап  етеді,  себебі  құрылып  қойған  желіге  өзгертулер 
енгізу айтарлықтай шығынды талап етеді.  
FTTH желілерінің архитектурасын негізгі үш сатыға бөлуге болады: 
– 
Ethernet-коммутаторлар "сақинасы". 
– 
Ethernet-коммутаторлар "жұлдызшасы". 
– 
PON пассивті оптикалық желісінің технологиясын пайдалану арқылы "бұтақ".  
Біз арине PON техгологиясын пайдаланамыз.  
Ендігі  мақсат  ID  Net  желісін  FTTH  арқылы PON  технологиясымен  тұрғын  үйге  жабдықтарды 
орналастыру  (7-сурет).  Мұнда  тұрғын  үй  бес  қабаттан,  төрт  кіреберістен,  әр  қабатта  төрт  пәтерден. 
Барлығы сексен пәтер.  
 Еуропалық  кеңестiң  бағасы  бойынша  FTTH  бойымен,  2013  жылы  FTTH  бойымен  қосуларды 
қолданушылардың саны 15 миллион шектен шығады, соның iшiнде         қалаларда - 10 миллионнан 
көп. FTTH-та құрылыс ошағын жүргізу аз қабатты аудандарға құрылыс ошағын жүргізуге қарағанда, 
қалалық аудандарда құрылыс ошағын жүргізу экономика шағынан тиiмдiрек.  
Сонымен,  жасалынған  мақала  нәтижесінде  ID  Net  желісіне  абоненттік  қолжетімді  PON-
технологиясы  негізінде  ұйымдастырдым.  Бас  станциямен,  барлық  қажетті  құрылғылар,  кәбілді 
инфрақұрылым  және  тұтынушы  түйіндері  (торабтары)    жасалынды.  Бүкіл  желі  жаңа  технологиялар 
негізінде жобаланды, және болашақтағы оған қойылатын талаптарға толығымен сәйкес болады. Желі 
құру аяғында келесі нәтижелер алынды. 
 

112 
 
 
 
7-сурет. Тұрғын үйге жабдықтарды орналастыру 
 
Біріншіден,  тасымал  жылдамдығының  өсу  салдарынан  оптикалық  талшық  магистралды  жә  не 
шағын желілерді құруға ең жақсы орта болып табылады. 
Екіншіден, пассивті таралу түйіндері желінің сенімділігін ұдайы көтереді, сондықтан, орталық 
және тұтынушы түйіндер арасындағы активті элементтердің жоқ болуы.  
Үшіншіден,  FTTH  (талшық  пәтерге  дейін)  ең  дамыған  концепциясы  арқасында,  әр  тұтынушы 
терминалды болады

 
ӘДЕБИЕТ 
1  Бутусов  М.М..  Верник  С.М..  Галкин  С.Л.  и  др..  Под  ред.  Гомзика  В.Н.  Волоконно-оптические 
системы передачи. Учебник для вузов. – М.. РиС. 1992 
2  Кемельбеков  Б.Ж..  Мышкин  В.Ф..  Хан  В.А.  Под  ред.  Проф.  Доктора  физ-мат.  Наук  Тимирова  И.А. 
Современные  проблемы  волоконно-оптических  линии  связи.  Том  1.  Волоконно-оптические  кабели.  –  М.. 
Издательство НТЛ. 1999 
3  Андрушко Л.М. и др. Волоконно-оптические линии связи. Учебное пособие для вузов – М.. Радио и 
связь.1985 
4  Убайдуллаев Р.Р. Волоконно-оптические сети. – М.. Радио и связь, 1998 
 
Джобалаева Г.С., Сагындикова А.Ж., Кеңесбаева Р.А.  
Организация ID Net сети через оптическое – волокно 
Резюме. ID Net сеть – создает верховную скорость, доступные сети Интернета жителям города. Основная 
технология сети, то есть,  информация передается через волокнно оптические линии связи, проектируется с 
сетью PON, и с технологией FTTH. 
Ключевые слова: волокно, сеть, оптика, интернет, связь. 
 
Dzhobalayeva G.S., Sagyndikova A.Z., Kenesbayeva R.A. 
The network ID Net organization through the optical – fiber 
Summary. ID Net a network – creates the Supreme speed, available networks of the Internet to residents. The 
main technology of a network, that is, information is transmitted through fiber optical communication lines, projected 
with the PON network, and with the FTTH technology. 
Key words: fiber, network, optics, Internet, communication. 
 
 
 
 

113 
 
ӘОЖ 004.7 
 
Досбаев Ж.М. бакалавр, Усембаева С.А., Жүніс Г.Ж. бакалавр 
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,  
Алматы қ., Қазақстан Республикасы, us_salta@mail.ru 
 
PON ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Андатпа.  PON  (Passive  Optical  Network)  желісі  –  оператор  түйіні  мен  абонент  арасында  толықтай 
пассивті  желіні  құруға  мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  бір  орталықтан  бақылау  және  мониторнинг  жасау 
механизмі енгізілген. 
Түйін сөздер: оптика, желі, талшық, топология, магистраль, шлюз, байланыс. 
 
PON 
(Passive 
Optical 
Network)
  –  пассивті  оптикалық  желілер  технологиясы. 
PON технологиясының  мәні  мынаған  негізделеді:  орталық  тораптың  тарату-қабылдау  модулі  OLT 
(Optical  line  terminal)  мен  абоненттік  торап  ONT  (Optical  network  terminal)
  арасында  толықтай 
пассивті  оптикалық  желі  құрылады.  Аралық  тораптарда  қорек  көзін  қажет  етпейтін  шағын 
құрылғылар  -  пассивті  оптикалық  тармақтаушылар  (сплиттерлер)  орналасады.  Бір  ғана  OLT  тарату-
қабылдау  модулі  бірнеше    ONT  абоненттік  құрылғысына  ақпарат  жіберуге  мүмкіндік  береді.  Тура 
және  кері  бағытта  тарату  арнасы  ретінде    бір  ғана  оптикалық  талшық  қолданылады.  PON  «нүкте  – 
көпнүкте» топологиясы, ал желінің өзі бұтақ тәріздес топология негізінде құралады. Әрбір талшықты 
–  оптикалық  сегмент  орталық  торапта  бір  тарату-қабылдау  модуліне  қосылады.  Бір  талшықты  – 
оптикалық сегмент EPON/BPON технологиялары үшін 20 км радиуста 32 абоненттік торапты, GPON 
технологиясы үшін 60 км радиуста 128 абоненттік торапты қамти алады. Өз кезегінде бір абоненттік 
торап  жүздеген  абонентті  қамтиды.  Барлық  абоненттік  тораптар  терминалды,  абоненттік 
тораптардың  біреуі  немесе  бірнешесі    өшірілсе  немесе  істен  шыққан  жағдайда  басқаларының 
жұмысына кедергі келтірмейді. 
PON технологиясының даму тарихы: PON технологиясының дамуындағы алғашқы қадам 1995 
жылы  әлемдегі  ең  ірі  жеті  компания  (British  Telecom,  NTT,  KPN,  France  Telecom,  Deutsche  Telecom, 
Telefoniсa және Telecom Italia) бір  оптикалық талшық арқылы бірнеше қызметті орындау идеясын іс 
жүзінде жүзеге асыру мақсатында консорциум құрғанда жасалған болатын. Бұл ұйымға Халықаралық 
электробайланыс  одағының  қолдауымен  FSAN  (Full  Service  Access  Network)  деген  ат  берілді.  2000 
жылдың  қазан  айында  LMSC  (LAN/MAN  Standards  Committee)  IEEE  комитеті  эксперттердің  PON 
желілерінің архитектурасын құруға қатысты пікірлерін жүзеге асыру үшін EFM (Ethernet  in the First 
Mile) 802.3ah комиссиясын құрды. Сонымен қатар бұл кезде EFMA (Ethernet in the First Mile Alliance) 
альянсы  формаланып  жатты,  ал  2001  жылдың  желтоқсан  айында  жасалып  бітті.  Бұдан  әрі  EFMA 
альянсы  мен  EFM  комиссиясы  стандартты  жасау  барысында  бір-бірінің  кемшілігін  толықтырып, 
тығыз байланыста жұмыс істеді. Екі ұйымның жұмысының нәтижесінде төмендегідей технологиялар 
пайда болды: 
- ITU-T G.983.x – APON (ATM PON) и BPON (Broadband PON);  
- ITU-T G.984.x – GPON (Gigabit PON); 
- ITU-T G.987.x – XGPON (10 Gigabit PON); 
- IEEE 802.3ah – EPON или GEPON (Ethernet PON);  
- IEEE 802.3av – 10GEPON (10 Gigabit Ethernet PON).  
APON/BPON  -  Солтүстік  Америкада,  Азияда  –  ЕPON  кең  сұранысқа  ие  болды.  Ал  Еуропа, 
Ресей  және  ТМД  елдерінде    GPON  және  оның  неғұрлым  кеңжолақты  ізбасары  XGPON 
технологияларына қызығушылық жоғары. 
Қазіргі  кезде    FSAN  ұйымында  40-тан  астам  өндірушілермен,  операторлармен  және  ITU-T, 
ETSI, ATM форум сияқты стандартизация ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.  
PON − пассивтік оптикалық тармақтар технологиясы. PON – бұл оптика бойынша “соңғы миль” 
шешімін құру технологиясы. Оның мәні мынаған негізделеді: магистралға қосуды қамтамасыз ететін 
аралық  торап  пен  абоненттік  тораптар  арасында  ағаш  сияқты  технологияның  толық  пассивтік 
оптикалық  тармағы  құрылады.  Ағаштың  аралық  тораптарында  тармақты  және  қызмет  көрсетуді 
талап  етпейтін  тұтас  пассивтік  оптикалық  тармақталулар  (сплиттерлер)  орналасады.  Тура  арна 
бойынша келетін оптикалық сигналды оптикалық тармақтаушылар қуаты бойынша бірдей қатынаста 

114 
 
сплиттерден  шығатындар арасында  бөледі.  Қабылдаушы  қондырғы  –  ONU,  бас  тақырыбы  бойынша 
келген  пакетті  өз  фрейміне  іріктейді,  қалған  фреймдер  шығарып  тасталады.  Сонымен,  оптикалық 
талшық бойынша  “нүкте-көп нүкте” байланыс түрі қамтамасыз етіледі. 
PON тармағының бір ағашы сплиттерден 20 км көп емес абонентке дейін радиусте 32-ге дейін 
абоненттік  тораптарды  қамтиды.  Бас  станция  OLT-дан  оптикалық  сплитерге  дейінгі  қашықтықта  20 
км-ден  аспауы  тиіс.  Барлық  абоненттік  тораптар  терминалдық  болып  табылады,  яғни  тораптардың 
бірін  өшіріп  тастау  немесе  жұмыстан  шығып  қалуы  қалғандарының  жұмысына  еш  әсер  етпейді. 
хPON  абоненттік  торабының  100  Base-TX  интерфейсінің  бар  екендігінен  басқа  кірудің  Wi-Fi 
нүктесімен, SIP шлюзімен,  IP TV қабылдауы үшін STB-мен қосылуы мүмкін. Тура және кері арналар 
беру  үшін  бір  оптикалық  талшық  қолданылады,  оның  өткізу  жолағы  абоненттер  арасында 
динамикалық  бөлінеді.  Орталық  тораптан  абоненттерге  төмен  түсетін  ағым  1550  нм  толқын 
ұзындығында жүреді және жылдамдығы 1000 Мбит/с болады (барлық абоненттердің қосындысында). 
Абоненттерден жоғары шығатын ағымдар 1310 нм толқын ұзындығында уақытша бөлумен  (TDMA) 
көпше кіру хаттамасын қолданумен жүреді және жалпы жылдамдық 1000 Мбит/с-қа ие болады. 
Кез-келген  пассивтік  оптикалық  тармақ  құрылымдық  түрде  үш  негізгі  элементтерден  тұрады:  
станциялық  терминалдан  OLT,  пассивтік  оптикалық  сплиттерлерден  және  абоненттік  терминалдан 
ONT. OLT терминалы PON тармағының сыртқы тармақтармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, 
сплиттерлер  PON  трактасы  телімдерінде  оптикалық  сигналдың  тарамдалуын  жүзеге  асырады,  ал 
абоненттік  жақтан  өзара  әрекеттесудің  қажеті  интерфейстеріне  ие  болады.  PON  архитектурасының 
негізінде  “point-to-  multipoint”  қиынды  технологиясын  пайдаланумен  шешімдер  мүмкін  болады. 
Орталық  тораптың  бір  портына  ондаған  абоненттерді  қамтитын  ағаш  сияқты  архитектураның  тұтас 
талшықтық-оптикалық  сегментін  қоюға  болады.  Бұл  кезде  пассивтік  оптикалық  тармақшалар 
(сплиттерлер)  ағаштың  аралық  тораптарына  орналастырылады  және  қорек  пен  қызмет  көрсетуді 
талап етпейді.  
Қазіргі  заманғы  әлемде  берілетін  трафик  көлемдерінің  (мультимедияның,  дауыстың, 
теледидардың,  соның  ішінде  жоғары  рұқсат  берудің)  тұрақты  өсуінде  және  мәліметтерді  жеткізу 
жылдамдығына  тұтынушылардың  талаптарының  ұлғаюына  үрдістердің  тұрақты  өсуінде,  талап 
етілетін  жылдамдықтар,  халықты  жаппай  қамтуда,  басқаларға  қарағанда  көптеу  дәрежеде  PON 
технологиясы  қамтамасыз  етуге  қабілетті.  Тез  дами  отырып,  ол  кең  жолдық  кірудің  қызмет 
көрсетулерін пайдаланушыға жеткізудің негізгі арналарының біріне айналды. 
PON технологиясының негізгі ерекшеліктері: 
-біріншіден, оптикалық талшықты орта магистральді желілердің құруына ғана емес тасымалдау 
жылдамдығының едәуір арттыруға мүмкіндік беретін қатынау желілері; 
-екіншіден,  пассивті  тармақталу  түйіндері  желі  сенімділігін  жоғарылатуды  қамтамасыз  етеді, 
олар орталық кеңсе мен абоненттік түйін арасындағы белсенді элементтер санын азайтуға мүмкіндік 
береді; 
-  үшіншіден,  FTTH  ең  жетілген  концепциялары  (талшық  пәтерге  дейін)  әрбір  абонентті 
терминал ретінде қарастырады; 
-төртіншіден,  талшықтың  жоғары  деңгейдегі  өткізу  қабілеттіліктеріне  байланысты  үйлесімді 
шешім  болып  табылады,  бір  талшық  арқылы  орталық  түйіннен  (Point-Of-Presence)  бірнеше 
абоненттерге  қызмет  көрсетіледі.  Сондықтан  ол  талшықты-оптикалық  кабелдік  жүйе  құрылысын 
және қосымша құрылғылар саны мен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. 
 
1-кесте 
 PON технологиясының түрлерін салыстыру 
 
Сипаттамалары 
APON (BPON) 
EPON 
GPON 
GEPON 
Стандарттау институты 
ITU-T 
SG15/FSAN 
IEEE/EFMA 
ITU-T 
SG15/FSAN 
IEEE/EFMA 
Стандарт қабылданған мерзімі 
1998 қазан 
2004 шілде 
2003 қазан 
2004 қыркүйек 
Стандарт 
ITU-T G.981.х 
IEEE 802.3ah 
ITU-T G.984.x 
IEEE 802.1 ah 
Тарату жылдамдығы, 
тікелей/кері ағын,  Мбит/с 
155/155 
622/155 
622/622 
1000/1000 
1244/155,622,12
44,2488 
1250/ 1250 
Базалық протокол 
АТМ 
Ethernet 
SDH 
Ethernet 

115 
 
Сызықты код 
NRZ 
8B/10B 
NRZ 
8B/ 10B 
Максималды тарату радиусы, км 
20 
20(>30) 
20 
20 
Бір талшыққа келетін абоненттік 
түйіннің макимал саны 
32 
16 
64 (128) 
64 
 
PON  архитектурасының  негізгі  идеясы  –  көптеген  ONT абоненттік  қондырғыларға  мәліметтер 
жіберу үшін және олардан мәліметтер қабылдау үшін  OLT-да небәрі бір-ақ қабылдау-жіберу модулін 
пайдалану.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. PON архитектурасының негізгі элементтері және әрекет ету сұлбасы 
жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет