Алматы 2014 almaty


Қашықтан оқытудың негізі- электрондық оқулық


бет22/31
Дата31.03.2017
өлшемі
#11012
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

Қашықтан оқытудың негізі- электрондық оқулық   
Соңғы  уақытта  қашықтан  білім  алушылар  саны  артуда.  Қашықтықтан  оқыту  -  білім  беру 
қызметтерінің  жиынтығы.  Мамандандырылған  ақпаратты  білім  беру  орта  көмегімен  сол  елдің  және 
де  шетел  азаматтарына  қашықтан  (спутникті  теледидарлар  арқылы,  радио,  компьютерлік  байланыс 
және т.б) білім алу ақпараттар алмасуына негізделген. Қашықтан оқыту ақпаратты білім беру жүйесі 
мәлімет  алмасу  құралдарының  жүйелі-ұйымдастырушылық  жиынтығын,  ақпараттық  ресурстар, 
арақатынас  протоколдары,  білім  алушының  талаптарын  қанағаттандыруға  бағытталған  аппаратты-
программалық  және  ұйымдастырушылық-әдістемелік  қамтамасыз  ету  құралы  ретінде  сипатталады. 
Қашықтан оқыту адамның білім алу мен ақпаратқа қол жеткізудегі құқығын жүзеге асыратын үздіксіз 
білім беру формасы болып табылады.  
Қашықтан  оқыту  әр  түрлі  себептерге  байланысты  оқу  үдерісінде  сабақтарға  қатыса  алмайтын 
адамдар үшін білім алуына арналған оқу үдерісі. Қазіргі таңда қашықтан оқыту жүйесінде  оқытушы 
мен  білім  алушы  арасындағы  байланыс  интернет  желісі  арқылы  жүргізіледі.  Оқытушы  сабақ  беру 
барысында электрондық оқулықтарды пайдаланады.  
Электрондық  оқулық  көмегімен  керек  мәліметті  игеріп,  білімін  тексеріп,  зертханалық 
жұмыстарын  орындап,  көрнекі  түрде  оқытушысына  ұсына алады.  Және  де  осының  бәрі  электронды 
түрде жүзеге асырылады.  
Электрондық  оқулық  пәнінің  оқытылу  мақсатына  сәйкес  өз  бетінше  білім  алуда,  дағды  мен 
ебдейлікті  қалыптастыруда  студент  белсенділігін  арттыруға,  сонымен  қатар  студентке  өз 
мүмкіндігіне  қарай,  оқу  материалының  шамасын  таңдап  алуға  және  оқытушыдан  қажет  жағдайда 
ғана  кеңес  сұрауға  мүмкіндік  туғызады.  Сондықтан  оқытудың  бұл  түрі  мүдделілігі  және  танымдық 
қабілеті дамыған студенттерге тән. 
Бүгінгі  таңда  студенттер  үшін  электрондық  оқулық  жоғары  оқу  орындарында  оқыған 
жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға 
көмектесетін  мәліметтер  қоры  болып  келеді.  Электрондық  оқулықтармен  жұмыс  істеу  әрбір 
оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады. 
Оқытушы  үшін  электрондық  оқулық  бұл  күнбе-күн  дамытылып  отыратын  ашық  түрдегі 
әдістемелік  жүйе,  оны  әрбір  оқытушы  өз  педагогикалық  тәжірибесіндегі  материалдарымен 
толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады [3]. 
Қашықтан оқыту өзінің қол жетімділігімен және қарапайымдылығымен қазіргі білім саласында 
кеңінен  таралуда.  Қашықтан  оқыту  арқылы  білім  алушы  шетелдік  болсын,  отандық  болсын  өзі 
қалаған    Жоғары  оқу  орнында  білім  ала  алады.  Қашықтан  оқыту  жүйесінің  тағы  бір  ерекшелігі  - 
заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалана алу мүмкіндігі. 

177 
 
Қашықтан  оқыту  жүйесінде  электрондық  оқулықтарды  пайдалану  студенттердің  танымдық 
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен 
еңбек  етуіне  жағдай  жасайды.  Оқу  материалы  студентке  компьютер  көмегімен  тез,  жылдам 
түсіндіріледі. 
Соның 
нәтижесінде 
студенттердің 
пәнге 
деген 
қызығушылығы 
артып, 
шығармашылықпен  жұмыс  жасауына  кең  мүмкіндік  ашылады.  Сондай-ақ,  оқытушылар  да  өздеріне 
қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.  
 
ӘДЕБИЕТ 
1.  Зарецкая  С.,  Животовская  И.  Дистанционное  обучение  в  современном  мире.  −  ISBN  5-248-00123-4; 
2002 г − C. 136. 
2.   Полат  Е.С.  Статья  «ДИСТАНЦИОННОЕ  ОБУЧЕНИЕ». [Электронный  ресурс]/  Полат  Е.С //−Режим 
доступа:http://scholar.urc.ac.ru/ped_journal/numero4/pedag/polat.html/ 
3.  Красильникова  В.А.  Информационные  и  коммуникационные  технологии  в  образовании:  учебное 
пособие  В.А. Красильникова.М.:ООО Дом педагогики, 2006. – с. 231. 
 
Алибиева Ж.М., Жайлауова Д.Ә.  
Особенности дистанционного обучения  
Резюме.  В  данной  статье  рассматриваются  особенности  и  возможности    дистанционного  обучения  в 
сфере образования.  
Ключевые  слова:  дистанционное  образование,  система  образования,  средства  дистанционного 
обучения. 
Alibieva Zh.M., Zhaylauova D.А.  
Features of distance learning  
           Summary. This article discusses the features and possibilities of distance learning in education. 
Key words: distance education, education system, distance learning tools. 
 
 
ӘОЖ 378.147:004 
 
Алибиева Ж.М., Сабирова Н.У., Сағындықова А.А., Серікбаева Ж.С., студенттер 
Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті,  
Алматы қ., Қазақстан Республикасы, Zhanimsaya_26@mail.ru
  
 
 
IBOOKS AUTHOR ПРОГРАММАСЫН ҚОЛДАНЫП  
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа.  Беріліп  отырған  мақалада  электронды  оқулықтардың  ерекшеліктері,  артықшылықтары  мен 
кемшіліктері  қарастырлған,  соның  ішінде  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық  университетінің, 
5В070400 – есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің 
MAC  OS  ортасында  iBooks  Author  программасының  көмегімен  электронды  оқулықтарды  құрастырулары 
мысалмен келтірілген.
 
Түйін сөздер:  Электронды оқулық, iBooks Author, MAC OS ортасы 
 
Электрондық  оқулық  құрастыру  тақырыбы  соңғы  уақытта  мемлекеттік  деңгейдегі  керекті 
мәселе  болып  тұр.  Білімнің  қазіргі  жүйесі  соңғы  белсенді  ақпараттық  технологияны  және 
компьютерлік  телекоммуникацияларды  пайдаланады.Уақыт  өте  есептеу  техникасының  дамып, 
күнделікті  тәжірибеге  енуі  анықтамалық  жүйелерге  ерекше  мағына  береді.  Жобалау  және 
программалау тілдері күрделеніп, ал олардың саны көбейіп жатыр.Осы тілдерге сәйкес сапалы және 
жылдам программисттерді оқытатын анықтамалық-оқыту программалары құрылады. Қазіргі уақытта 
модификациялауға қол жетімсіз көптеген жабық түрдегі анықтамалық жүйелер бар. Өңделетін жоба 
белгіленген кедергілерді жою үшін арналған. 
Зерттеу әдістемесі және жалпы ақпараттар 
Бағдарламалау  тілдерін  үйрену  –  күрделі  процесс.  Үйрену  кезінде  көптеген  түрлі  әдебиеттер, 
анықтамалық  кітаптар,  Интернеттегі  ақпараттарды  пайдаланғанымен  қолданушыға  керекті 
талаптарға қанағаттандырмауы мүмкін. Сол себепті сапалы және жылдам ақпаратқа қол жеткізу үшін 
«MAC  OS  ортасында  Ақпаратты  қорғау  бойынша  оқыту  қолданбаларын  құру»  атты  электрондық 
оқулық  құрылады..  Электрондық  анықтама  MAC  OS  ортасында  ақпаратты  қорғау  жайлы  негізгі 
мәліметтерді қамтиды.   

178 
 
Электрондық оқулықтардың артықшылығы қазір және осында оқыту ғана емес қашықтықтанда 
оқытуға  ыңғайлы,  сонымен  қатар  технологияның  жаңаруына  байланысты  ғылыми  жаңалықтар  мен 
ақпараттарды  жаңарту  қағаздық  басылымдарға  қарағанда  қаржылық  жағдайынан  да  тиімді  болып 
келеді.Электрондық құралдарды оқыту интерактивтілікті қамтамасыз етеді, ал бұл жағдайда студент  
білім алу процесінің субъектісі болып қалады.  
  Берілген  оқулықтың  негізгі  мақсаты    –  қолданушыларды  MAC  OS  ортасымен  таныстырып, 
ондағы  түрлі  бағдарламалар  мен  құралдарда  жұмыс  жасап  ақпарат  қорғауды  үйрету.  Бұл 
анықтамалық  құрал  операциялық  жүйенің  артықшылықтары  мен  ерекшеліктері,  онда  жұмыс 
жасайтын программалар тізімі мен олардың қызметтері және ақпараттарды қорғау тәсілдері, оларды 
тәжірибеде қолдануды көрсететін мәліметтерді қамтиды.    
  Оқулықта  көрсетілген  мәліметтер  MAC  OS  ортасындағы  бағдарламаларды  жылдам  үйреніп, 
күнделікті практикада қолдануға ыңғайлы етіп берілген. 
Қоғамды  ақпараттандыру  ғылыми  техникалық  прогресс  жетістіктерінің  күнделікті  тұрмысқа 
ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуальды түрлерінің жан – жақты 
әсер  етуі  мен  ролінің  жоғарлауына  байланысты  обьективті  процесс.  Осы  уақытқа  дейінгі  білім  беру 
саласында  тек  мұғалімнің  айтқандарын  немесе  оқулықты  пайдалану  қазіргі  заман  талабын 
қанағаттандырмайды.  Сондықтан  қазіргі  ақпараттандыру  қоғамында  электрондық  оқулықтарды 
пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. 
iBooks Author программасы 
Электронды  оқулық  қағаз  оқулыққа  орнына  алмасып  келді.  Бұл  процессті  кезіндегі  қолжазба 
кітапты  баспа  кітаппен  алмасу  болған  сияқты  тоқтатуға  болмайды.  Бірақ  электронды  кітап  қағаз 
кітапқа  ұқсас  болмауы  керек.  Жаңа  технологиялар  жаңа  мүмкіндіктер  береді.  Кітап  жай  ғана 
суреттеме  мәтінмен  ғана  болып  қалмайды.  Оқырман  оқу  процессі  кезінде  оқығаны  жөнінде 
видеосюжет  көріп,  аудиофрагмент  тыңдай алуы  үшін.  Оқырман  тұрақты  суретті  жа  ғана  көріп  қана 
қойма  оны  жақын  көру  үшін,  жеке  фрагментін  егжей-тегжейлі  көру  үшін,  үшөлшемді  модельмен 
жұмыс  жасау  үшін.  Оқырман  оқып  отырған  бетте  мәтінге  және  суретке  түсіндірмелерді  көре  алу 
үшін, кітаптың тезаурусына жүгіне алуы үшін. Оқырман мәтінмен танысып, сол жерде тестке жауап 
беру  арқылы  өзінің  білімін  тексере  алу  үшін.    Электронды  кітап  мультимедияның  қазіргі  заманғы 
әртүрлі мүмкіндіктерін қамтуы мүмкін және тиіс. Осы жақын уақытқа дейін бұндай кітаптарды жасау 
көпшілік авторларға қиын түсетін программалау облысында үлкен және терең білімді қажет етеді. 
IBooks  Author  программасы автордан  компьютерлік  білімді  минимальді  түрде  қажет  етіп,  осы 
барлық есептерді шешеді. iBooks Author программасы авторға тек кітап жасауға ғана емес, сонымен 
қатар  оны  интернете  жариялауға  көмектеседі.  Курс  iBooks  Author  интерфейсімен  танысудан 
басталады.  Интерфейстiң  негiзгi  элементтерi  және  жұмыстың  жасалуы  көрсетілген.  Кітап 
файлдарымен  жұмыс  жасау  тәсілдері  қарастырылған  және  кітапты  әр  түрлі  форматқа  ауыстыру 
мүмкүндіктері көрсетілген. Электронды кітаптарды жасалу сұрақтары және жұмыстың қабылдаулары 
толық қарастырылған. Сурет, фигура, кесте және диаграмма секілді обьектілерге көп назар бөлінген. 
Мәтінді  рәсімдеу  мүмкіндіктері  және  кітап  обьектілері  көрсетілген.  Кітапта  интерактивті  обьект-
виджеттердің  мүмкіндіктері  көрсетілген.  Сурет  галереяларын  жасау,  кітапқа  видео  және  аудио 
фрагменттерін, презентациялар, үшөлшемді обьект қосу қаратырылған. Материалды зерттеу сапасын 
тексеру  үшін  тесттік  тапсырма  жасалуына  ерекше  назар  аударылған.  Интернетке  кітапты  жариялау 
процедурасы қаралып шыққан. 
iBooks  Author  –  iPad  –қа  арналған  электронды  интерактивті  кітаптарды  жасауға  арналған 
программа.  Бұл  программа  мәтіннен  бөлек  кесте,  сурет  (сонымен  қатар  iBooks  Author    құралымен 
құрылған  бөлек  фигуралар),  диаграммалар,  және  де  фильм  қосатын  виджеттер,  бақылау  сұрақтары, 
фотогалереялар  және  басқа  интерактивті  мультимедиялық  элементтерден  тұратын  электронды  кітап 
құруға мүмкіндік береді. Программа Apple және Microsoft   офистік пакет файлдарымен сәйкес және 
JavaScript  және  HTML5  виджеттерін  қолдайды.  Кітап  iBooks  Author-дың  кіріктірме  шаблондары 
негізінде құрылады. Кітапқа арналған шаблондарды өз бетінше жасауға болады. Құрылған кітаптпен 
ары қарай жұмыс жасап өзгерту үшін  *.iba форматында сақтау керек. Аяқталған кітапты iPad-та оқу 
үшін  *.ibooks  форматында  экспорттауға  болады.  Қалауың  бойынша  кітапты  *.pdf  или  *.txt 
форматында  экспорттауға  болады.  Кітапты  *.itmsp  форматында  сақтап  в  iBookstore-ға  жариялауға 
болады.  iBooks  Author  –да  кітап  жасау  үрдісінде  осы  кітаптың  барлық  мүмкіндіктері  мен 
эффектілерін  көру  үшін  iBooks  3  орнатылған  программасы  бар  iPad  керек.  iBooks  Author  тегін 
таратылады. Программа Mac OS X операциялық жүйе басқаруымен жұмыс жасайды. 
 
 

179 
 
iBooksAuthor тарихы, мүмкіндіктері  
iBooksAuthor  бағдарламасы  19  қаңтарда  2012 жылы  Нью-Иорктағы  Apple  компаниясының 
арнайы  шараларының  бірі.  Осы  күні  iBooks  версияларының  екінші  нұсқасы  шығып,  арнайы 
оқулықтар (Textbooks) iBookstore бойынша шыққан. iBooksAuthor қосымшалары тек OS X үшін ғана 
жасалып, тегін MacAppStor –дан алынған.  
Apple  арқылы  iBooksAuthor  сипатталып,  оқытушыларға  және  баспаларға  ұсынылады, 
осылайша  өзіндік  электронды  кітаптар  жасалады.  Қосымшалардың  көмегімен  құрылған  жобалар 
PDF-форматында болғандықтан iBookstore енгізілген. Кітаптар тек iBookstore арқылы беріледі. Өзінің 
жобаларын авторлар кез келген жерде тегін ұсына алады. 
Құжаттардың  көптеген  авпектілері  (мәтін,  шрифтілер,  түстер  көріністер,  интерактивті 
виджеттер  мен  диаграммалар)  құрылған  WYSIWYG-редакторында  өзгертіледі.  Мазмұны  мен 
глоссариилері  автоматты  түрде  қалыптасып,  жасалады.  Қолданушылардың  интерфейстері  мен 
атқаратын қызметі практикалық тұрғыдан индентификацияланып, аналогты түрде Keynote және Pages 
бағдарламасының құралына айналады. 
3  ақпанда  2012  жылы  Apple  өзінің  мүддесін  авторлық  тұрғыдан  қорғай  отырып,  iBooksAuthor 
арқылы  оқулықтар  құрады.  Шектелген,  белгіленген  кітаптар  сатылымдары  кеңейтіледі,  демек 
iBookstore  арқылы  таралады.  Осылайша.ibooks.  Apple  кеңейтіліп,  бағдарламалармен  мәтіндік  және  
PDF-файлдарын  жүзеге  асырады.  Бұлар  қолданушылардың  келісімдеріне  сәйкес  келеді.  Кітаптарды 
сату үшін салық төлеушінің нөмірі мен   АҚШ белгілері беріледі  (U.S.Tax ID). Бұларды тегін тарату 
үшін қажет емес. Соен қатар кітаптардың ISBN нөмірлерін тіркеу ұсынылады. 
iBooksAuthor 2.0 
iBooksAuthor екінші версиясы 2012 жылдың 23 тамызында шыққан. 
Өзгерістер тізімі: 
– портреттік бағыт арқылы кітаптарды құру; 
– өзіндік шрифтерді құру мүмкіндіктері; 
– iPad үшін медиаконтентті автоматты түрде енгізу; 
– енгізілген аудиофайлдарды қолдауды жақсарту (осы кезде көріністерді баса отырып, туынды 
жасаймыз); 
– үлгілерді автоматты түрде құру мен жариялау кезінде кітаптарды тексеру; 
– қайтадан құрылған шаблондар; 
– кітап версиясын нөмірлеу; 
– retina-дисплеясын MacBookPro арқылы қолдау; 
– өнімділікті жақсарту. 
iBooksAuthor  арқылы  мәтіндерді,  графиктерді,  фильмдерді  жеңіл  қосамыз,  сондықтан  сіздің 
кітабыңыз  өзіңізге  қажетті  түрде  болады.  Қажетті  құжаттарды  Pages  немесе  MicrosoftWord  арқылы 
Book  панеліне  әкеліңіз.  Осылайша  оған  жаңа  тарауларды  қосасыз.  Бетке  көріністер  қосқан  кезде 
мәтіндер автоматты түрде оны айнала орналасады. 
Интерфейс пен Apple iBooksAuthor құрылымдары 
– жаңа кітап құру; 
– шаблондармен жұмыс жасау; 
– құжаттардың жалпы өлшемдері; 
– мәтінмен жұмыс жасау: қосу, форматтау, құрылымы; 
– мәтін стильі мен белгілер; 
– мәтіндік блоктар: құру, өлшемі, байланыстылығы; 
– көрнекіліктермен жұмыс; 
– нысандарды салу және қосу; 
– мәтінмен әрлеу; 
– кесте құру; 
– графиктер мен диаграммаларды құру; 
– виджеттермен жұмыс жасау; 
– слайд-шоу құру; 
– медиабраузер: аудио және бейнефильидерді қосу; 
– мәтіндерді, сұрақтарды, анкеталарды құру; 
– keynote-презентацияларын қосу; 
– 3D-нысандармен жұмыс жасау; 
– формула мен теңдеулерді құру; 
– сілтемелер мен интерактивті көріністер; 

180 
 
– HTML қосу; 
– басқару элементтерін. құру; 
– көрсету, тарату, нысандарды тегістеу; 
– баспалау; 
– өзіндік шаблондарды құру; 
– ibook экспорты; 
– pdf –қа экспорттау; 
– iBookstore тіркеп, кітаптарға жариялау; 
– ақылы кітаптардың түрлерімен танысу, құру; 
– кітаптарды өздігінен тарату. 
 iBooksAuthor электронды баспаларды құру құралдары 
Бағдарламаны  қалай  құруға  болады:  Apple,  iBooksAuthor  уәде  бергендей  MacAppStore  тегін 
таралады.  Дегенмен  "жеміс-жидек  компаниясы"  өзгерістер  енгізбесе  өзінің  қалпын  бермес  еді.  Яғни 
бағдарламалар  Store  компьютерлерінде  ОС  кез  келген  түрімен  беріледі,  осылайша    қосымшалық 
онлайн-дүкендерін  құрады  (демек  MacOS  10.6.6  бастап).  Осы  дүкендерді  енгізу  үшін  тек 
компьютерлер қажет, демек 10.7 минимумдары болады. Осы бағдарламаны тек 10.7.2 компьютерінде 
ғана енгізіп, "жалаңаш" 10.7енгізуден бас тартады. Осылайша жарқын болашақ есігі ашылады. 
Бүгінде  электронды  кітаптар  аса  қажет,  сондықтан  оны  жан  жақты  игеру  қажет  болады.  Бұл 
қабілеттер  қарапайым  өмірде  қажет  болады,  демек  сіз  өзіңіздің  жеке  суреттеріңіз  арқылы  медиа 
медиа-альбомдарыңызды құрасыз. Оның ішіне суреттер, бейнефильмдер, музыкалар,, мәтіндер кіреді, 
осылайша  сіз  iPad  парағын  өзіңіздің  достарыңызбен  бөлісе  аласыз.  Мектеп  оқушылары  мен 
студенттер  ұстаздарын  таң  қалдырып,  әдістемелік  нұсқаулықтармен  жұмыс  жасайды.  Курстық 
жұмыстарын, оқулықтарын электронды форматпен орындап шығады. 
Applei BooksAuthor оқыту нәтижелері 
Сіздер  электронды  кітаптар  мен  журналдарды  ibook  және  PDF  форматында  құруды  үйренесіз, 
сондықтан оны жариялап, өздігінен iBookStore арқылы таратамыз. 
Оқу  барысында  үйретуші  жиырма  жылдық  баспалық  өтелім  бойынша  бірнеше  әдістер  мен 
тиімді  тамаша  мұқабалар  қолданылып,  жеке  мәселелерді  қарастырамыз.  Бұлар  жаңадан  бастап  келе 
жатқан баспагерлерде болады. 
Қорытынды 
Қорытындылай  келе  айтарымыз  ол,  біздің  компьютерлік  және  программалық  инженерия 
кафедрасында  осы  MAC  OS  ортасында  пайдаланылатын  iBooksAuthor  программасын  қолданып 
қазіргі  заман  талабына  сай  пәндер  бойынша  келешекте  қазақ  тілінде  оқитын  студенттерге  арнап 
электорнды  оқулықтар  дипломдық  жоба  тақырыбы  ретінде  беріліп,  біздер  сол  бағытта  жұмыстар 
жасап жатырмыз.  
 
 
 
 
Сурет 1. iBooksAuthor программасының нәтижесі 
 
 
 
 

181 
 
ӘДЕБИЕТ 
1.  Колисниченко  Денис  Николаевич.,  MAC    OS  X  Lion  –  Руководство  пользователя.-М.:  Диалектика, 
2011, с.416 
2.   Гален Груман., Mac OS X Lion- Mac OS X Lion Bible –М.:Диалектика,2012, c.912 
 
Алибиева Ж.М., Сабирова Н.У., Сағындықова А.А., Серікбаева Ж.С. 
Разработка электронных учебников с использованием программы ibooks author  
Резюме.  В  статье  рассмотрены  особенности  электронных  учебников  их  преимущества,  а  также 
приведены  примеры  разработки  электронных  учебников  с  использованием  программы    iBooks  Author  в  среде 
MAC OS. 
 
Ключевые слова:  Электронный учебник, iBooks Author, среда MAC OS 
 
Alibieva J.M., Sabirov N.U., Sagyndyқova A.A., Serіkbaeva J.S. 
Development of electronic textbooks from the software ibooks author 
Summary.This article describes the features of electronic textbooks their benefits, as well as examples of the 
development of electronic textbooks using iBooks Author program among MAC OS.  
 Key words: еlectronic textbook, iBooks Author, Wednesday MAC OS. 
 
 
УДК [796.342+796. 344+386]:004 
 
Аманжолов У.С., Рамазанов П.Р. 
Казахский национальный технический университет имени К.И.Сатпаева,  
г. Алматы, Республика Казахстан 
 
ИНФОРМАЦИОННАЯ МОДЕЛЬ «СПОРТ В КАЗАХСТАНЕ»  
НА ПРИМЕРЕ ИГР С РАКЕТКОЙ 
 
Аннотация.  Оперативный  расчет  рейтинга  спортсменов  необходимый  для  определения  места 
спортсмена  в  турнирных  сетках  следующих  соревнований  является  актуальным  для  всех  видов  спорта,  а 
особенно  там  где  соревнования  проводятся  по  олимпийской  системе.  Актуальным  моментом  является 
организация и планирование соревнований, обучение и сертификацией судей и тренеров.   
Разработана  база  данных  казахстанской  системы    «Спортивные    игры  с  ракеткой»,  построена  модель 
расчета рейтинга спортсменов, тренеров, судей и спортивных функционеров. 
 
Ключевые слова: теннис, бадминтон, настольный теннис, сквош, рейтинг. 
 
В нашей стране игры с ракеткой, такие как бадминтон, теннис и настольный теннис /пинг-понг/  
культивируются  достаточно  давно,  а    сквош,  мини-теннис  и  теннис  для  людей  с  ограниченными 
возможностями  пока  в  стадии  становления  как  виды  спорта.  Традиционно  самыми  массовыми 
видами    в  Казахстане  всегда    были  настольный  теннис  и  бадминтон.  В  каждой  школе,  во  многих 
учреждениях,  а  также  во  дворах  больших  домов,  а    иногда  даже    внутри  квартир  устанавливались 
столы  для  игры  в  настольный  теннис.  Бадминтон  к  нам  пришел  позже  в  шестидесятые  годы 
прошлого столетия и сначала стал популярен не как вид спорта,  а как массовое развлечение,  играли 
с  воланом  везде,  а  особенно  на  отдыхе  на  лужайке  или  на  пляже.  Однако  вскоре  появились 
спортивные секции, а спортсмены стали соревноваться, для чего размечались спортивные площадки 
для  волейбола.  Теннис  как  вид  спорта  /иногда  говорят  «Большой  теннис»/  стал  культивироваться  в 
середине тридцатых прошлого столетия, но по настоящему, массовым видом он стал только в начале 
девяностых  [1].  В  настоящее  время  в  этом  виде  наблюдается  бум,  чему  он  обязан  активной  работе 
федерации  тенниса  РК.  Во  всех  областных  центрах  построены  теннисные  стадионы  с  крытыми 
кортами.  Сейчас  во  многих  школах  культивируется  «мини-теннис».  Это  можно  рассматривать    как 
подготовку  детей  к  занятиям  теннисом.  В  настоящее  время  появились  любители  поиграть  в  сквош, 
однако по-настоящему спортивным он пока не стал.  
 Число  турниров  разного  ранга  по  бадминтону,  настольному  теннису  и  теннису,  в  которых 
могут  принимать  участие  наши  спортсмены,    с  приобретением  суверенитета  значительно 
увеличилось,  соответственно  увеличилось  число  занимающихся  детей,  юношей  и  девушек.  Наши 
спортсмены успешно участвуют в международных соревнованиях.    
Все  три  вида  объединены 
одинаковой  соревновательной  процедурой.    Игры  мужчин  и 
женщин    проводятся    в  одиночном,  парном    и  смешанном  разрядах[2].  Системы  проведения: 
олимпийская,  усовершенствованная  олимпийская  и  круговая.  Проводятся  также  командные 

182 
 
соревнования.    Основные  различия    в  системе  подсчета  очков  и  выполнении  ударов.  В  настольном 
теннисе только после одного отскока от поверхности стола, в бадминтоне только с лета, а в теннисе 
можно играть с лета и после одного отскока от поверхности площадки.  
Создание информационной модели (рис1) описывающей функционирование тренировочного и 
соревновательного  процесса,  баз  данных  с  построением  web-портала  в  Интернете  позволит 
правильнее координировать работу федераций, клубов, тренеров, спортсменов и судей.  
 
 
 
Рисунок 1. Основное меню программы 
 
Для  повышения  спортивного  мастерства    федерации  этих  видов  занимаются  вопросами 
организации и планирования  соревнований,  обучением  и  сертификацией  судей  и  тренеров.  Важным 
моментом  является  правильный  и  оперативный  расчет  рейтинга  спортсменов  необходимый  для 
определения  места  спортсмена  в  турнирных  сетках  следующих  соревнований.  Важным  моментом 
является прозрачность  расчетов.  
жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет