Key words: automated system, energy, power, control,accounting,instruments, devices, sub-subscriber.
ӘОЖ 378.018.432
Макулов К.К., Архамова Ш.Ж.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
makulov_k@ntu.kz
МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖЕТІЛДІРУ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ
Аңдатпа. Осы мақалада Қазақстан Республикасының және дамыған мемлекеттердің электронды үкімет
жобасын қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар басқа мемлекеттердегі электрондық үкімет
бағыты бойынша жасалған жобалардың жұмыс істеу қағидаларына талдау жүргізілген. Электрондық үкімет
тұжырымдамасын жүзеге асыру тұрғысынан ақпараттық қоғам мен өндірістік қоғамды сипаттайтын ақпараттар
жинақталып, «Электрондық үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының
автоматтандырылған ақпараттар жүйесімен жұмыс істеуі қарастырылған. Әлем бойынша барлық
мемлекеттердің электрондық үкіметін әзірлеу индексі - E-government development index, EGDI келтірілген, 190
позицияның индексі 3 көрсеткіштердің негізінде сипатталған.
БҰҰ-ы әлемдегі е-үкіметтің жыл сайынғы әлемдік шолуы жарияланып - Survey 2014 E-Government
көрсетілген. Зерттеуге әлемнің 190 мемлекеті кіріп, соңғы тендециялардағы eGov-технологиялар мен
институттарға электрондық үкімет құрағаны туралы қарастырылған.
Түйін сөздер: Электронды үкімет, G2C (мемлекет-азаматтар), G2B (мемлекет-бизнес), G2G (мемлекет-
мемлекет), «электрондық қатысу» (e-participation)
Қазақстанда бұл саясат ҚР Президентінің 1997 жылғы 9 желтоқсандағы №3787 “Қазақстан
Республикасындағы бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру” жарлығы жарияланғаннан кейін
іске асырыла бастады. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын және берілген жарлықты
негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістік концепциясы өңделді,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 мамыр 2001 жылғы №674 Қаулысында бекітілген Қазақстан
Республикасының
ұлттық
ақпараттық
инфрақұрылымын
дамыту
және
қалыптастырудың
Мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды. 2003 жылдан бастап республикада мемлекеттік
жоспарлаудың (стратегиялық, индикативті, бюджеттік және т.б.) үдерістерінде басқару шешімін
қабылдауда қолдау табатын бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі өңделе бастады.
«Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын бірік-
тіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен
тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді. Жеке тұлғаларға ғана
емес, компания мен кәсіпкерлерге де.
Мұнда мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара қарым-қа тынасты электронды үкімет
ішіндегі G2C (мемлекет-азаматтар) G2B (мемлекет-бизнес) және G2G (мемлекет-мемлекет) деп
аталатын негізгі модельдер атқарады.
Елімізде электронды үкімет құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бә-
секеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында
білдірген болатын. 2004 жылғы 10 қарашада электронды үкіметті ендіру туралы «Қазақстан
Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы Президент Жарлығымен бекітілді.
Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын:
Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде – ақпараттарды жариялау және
тарату.
762
Екінші кезеңі - мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және
қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады.
Үшінші кезеңде - қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру
жолымен транзакциялық қызмет көрсету.
Төртінші кезеңде - ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.
Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып 2 жыл ішінде е-үкіметтің инфрақұрылымы
қалыптастырылып, базалық құрамдас бөліктері құрылды: веб-портал және шлюз, ведомствоаралық
электрондық құжат айналымы, куәландырушы орталықтары, бірыңғай көлік ортасы.
Сонымен қатар, 2007 жылы бүкіл ел бойынша бірыңғай тізімге біріктірілген жеке және заңды
тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры тұрақты пайдалануға енгізілді. Веб-портал арқылы
мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтері іске асырылды.
2007 жылы электронды үкіметті дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасында электрондық
үкіметті қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды,
онда электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін кеңейту және
дамыту мақсаттары алға қойылды, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік
қызметтерді ұсыну үдерістерінің сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында электрондық
үкіметтің құрамдас бөліктерін дамыту;
Үшінші кезеңнің алғышарты транзакциялық кезеңде «Электрондық мемлекеттік сатып алулар»
АЖ құру болды. Бұдан былай кәсіпкер кеңсесінен шықпай тендерлерге қатыса алады. 2010 жылдың 1
қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік сатып алулар http://www.goszakup.gov.kz/. мемлекеттік сатып
алулар веб-порталында электрондық қалыпта баға ұсынымдары арқылы жүзеге асатын болады.
2009 жылы кәсіпорын субъектілеріне арналған «Е-лицензиялау» жобасын ендіру басталды. Бұл
кәсіпорындардың лицензия алу барысындағы үдерістерді жеңілдету және лицензияланатын қызмет
түрлерін жүзеге асыру. Е-лицензиялау – лицензия алуға өтінім берген адамның, оның өтінімін қарау
жолындағы үдерістің барлығын бақылауға мүмкіндік береді. Мұның барысында өтінімді қарастырып
жатқан адаммен өтінімді жіберген адам арасындағы қарым-қатынасқа жол берілмейді. Ол сыбайлас
жемқорлық саласындағы үлкен тиімділікке ие.
Мемлекеттік бағдарламаның өңірлік бағыттары қоса дамуда. Өңірлерде электрондық құжат
айналымының бірыңғай жүйесі ендірілді, 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап барлық
әкімшіліктер электрондық құжат айналымының жеделдігін пайдалануда. 5 таңдалған қызметке
«Электрондық әкімдік» жүйесінің түп тұлғасы әзірленіп, Павлодар облысының әкімдігіне тәжірибелі
пайдалануға ендіру жүргізілді.
2009 жылдың желтоқсан айында «Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе «е-нотариат»
жобасының Астана қаласы бойынша пилоттық өндірістік пайдаланылуға қосылды, оның мақсаты
нотариалды іс-әрекеттер туралы есептің уақтылы және нақтылы болуын және нотариустардың тиімді
жұмыстарын олардың ҚР Әділет министрлігімен, республикалық және өңірлік нотариалды
палаталармен өзара іс қимылдарын қамтамасыз ету. Өз кезегінде халыққа сапалы, құқықты
нотариалды қызметтер ұсынылады. Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйені республиканың барлық
өңірлеріне ендіру 2010-2012 жылдарға жоспарлануда.
Осыдан біз еліміздегі электрондық үкіметтің қарқынды дамуын көреміз. 2010 жылы
Қазақстан Республикасындағы электрондық үкіметтің дамуына Біріккен Ұлттар Ұйымымен жоғары
баға берілді. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік даму департаментімен дайындалған, электрондық
үкіметке жахандық дайындық рейтингісінің жыл сайынғы деректеріне сәйкес, Қазақстан соңғы жыл
ішінде әлемдік рейтінгідегі 81 орыннан Ресейді (59 орында), Беларуссияны (64 орында) және
Украинаны (54 орында) артта қалдырып қарқынды түррде 46 орынға көтерілгендігі айғақ.
Елімізде е-үкіметтің қызметтерін пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалар) саны 70
мыңға жуық тіркелген.
Азаматтардың мемлекеттік электрондық жобаларға қатысуы «электрондық қатысу» (e-
participation) көрсеткіштері бойынша жіктеуіште Қазақстан елі 2008 жылғы көрсеткіштермен
салыстырғанда (106 орыннан) 18 орынға көтерілген.
«Электрондық үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының
Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми
ақпарат ала алатын, сонымен қатар онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және
айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс.
763
Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге
де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі.
Мысалы, «Білім» бөлімінен білім заңдылықтары, елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындары, Ұлттық
бірыңғай тестілеу нәтижелерін және қазақстандық ЖОО-ның Интернет-ресурстарына арналған
пайдалы сілтемелерді, білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат
таба аласыз.
Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайаланушыларына мемлекеттік
органдардың әртүрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қазірдің өзінде ұзақ кезекте тұрып,
уақытты босқа өткізбей-ақ мемлекеттік анықтамалар алуға болады – көп нәрсені өз компьютеріңіздің
алдында отырып бітіруге болады. Бүгінгі күнге дейін «электрондық үкімет» порталында әділет, білім,
ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сонымен қатар
Жоғарғы сот пен Салық комитетінің 74 интерактивтік қызметтері көрсетіледі. 2014 жылға қарай
«электрондық үкімет» шеңберінде барлығы әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің
жартысынан көбін виртуалды формаға ауыстыру жоспарлануда.
Порталдағы электрондық қызметтерді пайдаланбас бұрын жаңа пайдаланушы ретінде порталға
тіркелу қажет: пайдаланушы келісімімен танысып, жеке идентификациялық номерді (ЖИН) енгізіп
және кілтсөзді ойластыру керек.
«Электрондық үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің тізімінде
көптеген тармақтар кілттің суретімен белгіленген. Демек, бұл қызметке ие болу үшін
пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. Тиынның суреті бар белгі
бұл қызметке ҚР Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеу қажеттігін білдіреді.
2011 жылы порталға 5 жыл толды. Осы аздаған уақыт ішінде порталдың қалыптасуы
ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық үш кезеңді басынан өткерді, порталда интерактивтік
сервистер саны мен қызмет түрі өсті, онлайн төлемдер мен айыппұлдар төлеуге мүмкіндік ашылды.
«Электрондық үкімет» дамуының игі нәтижесі ретінде, БҰҰ-ның рейтингіне сәйкес, Қазақстан
әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кіріп, мүмкін болатын 192-нің 46–ы орында тұр[2].
Электрондық үкімет тұжырымдамасын жүзеге асыру тұрғысынан ақпараттық қоғам мен
өндірістік қоғамды сипаттайтын бірнеше тәсілдер бар (2-сурет).
Көшбасшы 2012 - Оңтүстік Корея е-үкімет порталы - бірінші орында ол IPhone мен Android үшін
көптеген мобильді қосымшалар мен елді 3G-интернеті арқылы үздіксіз жабу арқасында жеңіске
жетті. Портал бір нүктеде барлық ұлттық және жергілікті қызмет көрсету 87% жинады - бұл әлемдегі
ең үздік нәтиже болып табылады. Әрбір азамат өзінің жеке қажеттіліктері үшін оңтүстік кореялық
электрондық үкіметті орнатуға болады және әрқашан мобильдік қосымшалар арқылы қол жеткізуге
болады.
Электрондық «бір терезе» - екінші орынды әрбір клиенттің мемлекеттік органдандары мен
тығыз байланыста болғаны үшін Нидерланды мемлекеті марапатталды. Мұнда табысты азаматтар
мен бизнес үшін электрондық ID жүзеге асырылды. Кең жолақты қол жеткізу деңгейі жоғары, БҰҰ
сарапшыларының пікірінше, Нидерланды сәтті ұлттық электрондық үкіметті дамыту болып табылды.
764
1. Басқару
2. Әкімшілік функция
3. Қызмет көрсету түрлері
4. Уақытша шығындар
5. Басқару және келісу
6. Қаржылы аудару түрі
7. Есеп беру жүйесі
8. Ақпараттық құралдардың байланыс жүйесі
9. Басшыларды таңдау
1. Бюрократтық
1. Тапсырыс берушіге қызмет
көрсету және өкілдік орнына алып
кету
2. Бейімделген әкімшілік
функциялар
2. Интегралды қорлармен қызмет
көрсету
3. Қағаздық жұмыстар, кеңсе
бумалары
3. Электронды қызмет көрсету
4. Уақыт көп шығындалатын
процестер
4. Тікелей, тез жауап алу
5. Көрсетілген басқарулар мен
келісулер
5. Басқару мен келісудің жанама
түрі
6. Қаржылық операцияларды
қолмен жүргізу
6. Ақшаны электронды аудару
7. Есеп берудің қолайсыз
механизмі
7. Ақпаратқа сұраныстың икемді
жүйесі
8. Ақпараттық техникадан
ажыраған құралдар
8. Құрамдас есептеу желілері
9. Басшыларды төрт жылда бір рет
таңдау
9. Жалпы қатысушылықпен
тікелей басқаратын демократия
2 сурет - Өнеркәсіптік кезеңдегі мемлекет және желі аралық өзара әрекет кезеңіндегі мемлекет
жағдайында мемлекеттік реттеудің негізгі сипаттамасы[1].
Әлемнің өзге аймақтарымен салыстырғанда Солтүстік Еуропаның 10 мемлекеті ішінен 6
мемлекеттерінің көрсеткіштері EGDI ең үздік деңгейінен орын алған.
E-government development index, EGDI - әлем бойынша барлық мемлекеттердің электрондық
үкіметін әзірлеу индекс көрсеткіші болып табылады. 190 позицияның индексі 3 көрсеткіштердің
негізінде қалыптасады (Сурет 2).
Желіаралық
өзара әрекет
кезеңіндегі
мемлекет
Өнеркәсіптік
кезеңдегі
мемлекет
765
Сурет 2 – EGDI индексін анықтау[6]
http://unpan1.un.org/intradoc/groups/public/documents/un-dpadm/unpan038848.pdf
Мұндағы:
OSI – онлайн-сервисы (Online Service Index)
TII - телекоммуникационная инфраструктура (Telecommunication Infrastructure Index)
HCI - человеческий капитал ( Human Capital Index)
БҰҰ-ы әлемдегі е-үкіметтің жыл сайынғы әлемдік шолуын жариялады (Survey 2014 E-
Government). Зерттеуге әлемнің 190 мемлекеті кіріп, соңғы тендециялардағы eGov-технологиялар
мен институттарға электрондық үкімет құраған. Шолудың негізгі тақырыбы – адамдарға арналған
электрондық үкімет (Кесте 1).
Кесте 1
Survey 2014 E-Government[3]
http://e-gov.by/themes/ekspert/mirovoj-indeks-egov-v-liderax-yuzhnaya-koreya-niderlandy-i-
velikobritaniya[3
].
Портал Directgov пайдаланушы интерфейсі және жұмысты айқын жетілдіру, барлық мемлекеттік
ақпарат және қызметтердің бірыңғай нүктесі ретінде, индексі Ұлыбритания Жоғары 4 деңгейін
қамтамасыз етті. Бөлек «Do It Online» парақшасы ерекше көзге түсіп, көрсетілетін барлық
766
мемлекеттік қызметтер, нысандар, құралдар мен операцияларды тізімдеп және электрондық қызмет
көрсетудің жұмыспен қамту Jobcentre Plus қарастырылған.
Дания е-үкімет порталы – бұл осы мемлекеттің электронды транзакцияларының орталығы болып
табылады, және басқа мемлекеттермен байланысын бір желіде байланыстыруын қарастыру. Әрбір
Даниялық азаматтың өзінің жеке меншік E-Box электронды поштасы жасалған, ол поштаға
мемлекеттік басқармалармен корольдіктің компанияларының хаттары келеді. Дат үкімет порталының
қызметтері арасында студенттік кредиттер, мемлекеттік зейнетақыны басқару, табыс пен отбасы
жағдайын тіркеу мүмкіндігі қарастырылған.
Жоғарыда келтірілген талдауларды негізге алып мемлекетті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз
етуді жетілдіру маңыздылығы уақыт талабына сай қажет екені көрсетілді және электронды үкіметті
дамыту мемлекет үшін өте маңызды бағыттардын бірі екені БҰҰ деңгейінде жыл сайын
қарастырылуда. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына сәйкес қазіргі заман талабына сай
заманауи технологияларды және бағдарламалық жабдықтарды қолдану арқылы электронды үкіметтің
сапасын анағұрлым жоғарлатуға және тиімділігін арттыруға мүмкіндік аламыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Макулов Қ.К. Қазақстан Республикасында мемлекетті басқарудағы ақпаратпен қамтамасыз етуді
жетілдіру . Автореферат. Алматы, 2007 13-14 б.
2 http://yvision.kz/post/238830
3 http://e-gov.by/themes/ekspert/mirovoj-indeks-egov-v-liderax-yuzhnaya-koreya-niderlandy-i-velikobritaniya
4 Электронды үкімет ақпараттық қоғамның қажеттілігі ретінде // Саясат -2009. № 6-7-Б 80-84.
5 Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірбиесі және оны Қазақстанда қалыптастыру мен дамытудың
кезеңдері // Материалы международного послания президента РК Н.А. Назарбаева «Новый Казахстан в новом
мире». 18 апреля 2007 года –Алматы: Print-S 2007 -1128 с.
6 http://unpan1.un.org/intradoc/groups/public/documents/un-dpadm/unpan038848.pdf1 Макулов Қ.К.
Қазақстан Республикасында мемлекетті басқарудағы ақпаратпен қамтамасыз етуді жетілдіру . Автореферат.
Алматы, 2007 13-14 б.
REFERENCES
1 Makulov Қ.K. Kazakhstan Respublikasynda memlekettі basқarudaғy aқparatpen қamtamasyz etudі zhetіldіru.
Author's abstract. Almaty, 2007 13-14 b.
2 http://yvision.kz/post/238830
3 http://e-gov.by/themes/ekspert/mirovoj-indeks-egov-v-liderax-yuzhnaya-koreya-niderlandy-i-velikobritaniya
4 Elektrondy Ukimet aқparattyқ қoғamnyң қazhettіlіgі retіnde // Sayasat -2009. № 6-7-B 80-84.
5 Elektrondyқ үkіmettің әlemdіk tәzhіrbiesі zhane ones Қazaқstanda қalyptastyru changed damytudyң kezeңderі
// Proceedings of the International Message of the President of Kazakhstan, NA Nazarbayev "New Kazakhstan in the
new world." April 18, 2007-Almaty: Print-S 2007 -1128 with.
6
http://unpan1.un.org/intradoc/groups/public/documents/un-dpadm/unpan038848.pdf1
Makulov
Қ.K.
Kazakhstan Respublikasynda memlekettі basқarudaғy aқparatpen қamtamasyz etudі zhetіldіru. Author's abstract.
Almaty, 2007 13-14 b.
Макулов К.К., Архамова Ш.Ж.
Вопросы совершенствование и перспективы развития
информационного обеспечения государственного управления.
Аннотация. В данной статье рассматривается проект использования электронного правительство
Республики Казахстан и развитых стран мира. Также рассмотрены проекты по направлению электронного
правительства других стран к которым сделаны анализы. Чтоб достичь цель в электронном правительстве надо
собрать информацию о информационном и производственном обществе, а также в портале «электронного
правительства» рассмотрены автоматизированные информации для граждан Казахстана. Все страны были
сведены в Индекс развития электронного правительства - E-government development index, E-government
development index, EGDI. 190 позиций индекса сформированных на основе 3-х показателей. Рассмотрена про то
что ООН опубликовала свой ежегодный обзор электронных правительств в мире – E-Government Survey 2014. И
в исследование попали 190 стран, свежие тренды eGov – технологий и институты, строившие электронные
государства. Основной темой является – электронное правительство.
Ключевые слова: Электронное правительство, G2C (государство - граждани), G2B (государство -
бизнес), G2G (государство - государство), «электронное присутствие» (e-participation)
767
K.K. Makulov, S.Z. Arhamova
State management to provide information the importance of the pace of development.
Annotation. This article discusses the use of e-government project of the Republic of Kazakhstan and the
developed world. Also reviewed projects in the direction of e-government in other countries which are made
indiscriminately. To achieve the goal in the e-government need to collect information on the information society and
production, as well as the portal of "electronic government" considered automated information for citizens of
Kazakhstan and guests of the country. All countries have been reduced in electronic government development index -E-
government development index, E-government development index, EGDI. 190 items index formed on the basis of 3
indicators. Discussed about the fact that the United Nations has published its annual survey of e-government in the
world - E-Government Survey 2014. And in the study were 190 countries, the latest trends eGov - technology and
institutions who built the electronic state. The main theme is – e-government.
Key words: e-Government, G2C (state -people ), G2B (state - buziness), G2G (state - state), e-participation
ӘОК 681.587
Матыбаева Г.Т., Жұмашева Ж.Т.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы Zhadyra_14@mail.ru
РОБОТТАР: ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Аңдатпа. Мақалада роботтардың анықтамасы, әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелуі және олардың
қолданыс тапқан салалары туралы қарастырылған. Робот, робототехника және роботтандыру ұғымдарының
көптеген түсініктемелері келтірілген. Робототехника – зерттеу объектісі роботтар болып табылатын ғылыми
бағыт. Өндірісте еңбек өнімділігін арттыру үшін робототехникалық жүйелер түрлі үрдістерді
автоматтандырудың негізі болып саналатындығы баяндалған. Өнімділікті арттыруына, адамдарға қарағанда
ұзақ уақыт жұмыс істей алуына, адамға ауыр, қажытатын, денсаулығына зиян қызмет түрлерін орындай алу
себебінен, роботтарды қолдану қажеттілігі айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |