Алматы 2015 Almaty


Кабелімен немесе радиоарнасымен жүргізетін қозғалмалы роботтың жасауының мүмкіндігі



Pdf көрінісі
бет65/130
Дата01.02.2017
өлшемі20,3 Mb.
#3199
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   130

Кабелімен немесе радиоарнасымен жүргізетін қозғалмалы роботтың жасауының мүмкіндігі 

Түйіндеме. Берілген жұмыста қолданылатын əдістер мен əдістемелер функционалды түйіндерді құру мен 

жасау  кезінде  модульді  қағиданы  жəне  декомпозициялау  əдісін  қолдануды  қарастырады.  Модульді  қағида 

робототехникалық  жүйелерді  құру  кезінде  аса  тиімді,  ол  заманауи  құрылғыларды  жаңартуға  жəне  бастапқы 

қолданылған  құрылымдық  элементтердің  негізінде  олардың  əркелі  күйлерін  құруға  мүмкіндік  береді.  Жұмыс 

жеке  модульдерден  РКҚ  функционалды  түйіндерін  құрудың  əдістемесін  пайдалана  отырып  жүргізіледі. 

Декомпозициялау  əдісі  құрылғылар  мен  бұйымдарды  жеке  құрылымдық  элементтерге  жіктеуге,  оларды 

талдауға, олардың ерекшеліктерінің сипаттамаларын анықтауға негізделеді. 

Түйін сөздер: робот, манипулятор, трипод, қадағалар, қозғалтқыш, мехатроника 

 

Khachikyan V.S., Antontsev A.V., AkhmetovaG.Zh. 



Possibility of the mobile robot development controlled by wire or radiochannel 

Summary.  Methods and methodology in this paper include the application of a modular principle and the 

decomposition method in the design and development of functional units. Modularity is very efficient in constructing 

robotic systems. It can be upgraded and modified to create modern devices based on the same original structural 

elements. Work was carried out using the methodology of designing functional units RTS from individual modules. The 

decomposition method is to decompose devices and products to individual constituent elements, their analysis, 

identifying their characteristics properties. 



Key words: robot, manipulator, tripod, sensors, actuator, mechatronics. 

 

 

ƏОЖ 004.378.15 

 

Шаңғытбаев Н.Қ. магистрант 

Ақтөбе политехникалық колледжі, 

Ақтөбе қ, Қазақстан  Республикасы 

nurzhan.90@mail.ru 



 

NET FRAMEWORK ПЛАТФОРМАСЫНДА МƏЛІМЕТТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА 

DATAREADER, DATAADAPTER ОБЬЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ 

 

Аңдатпа.  Көптеген  қосымшалармен  жұмыс  кезінде  мəліметтер  қоры  мен  байланысу  қажеттілігі 

туындайды.  Сол  кезде  клиенттік  қосымшасы  орталықтандырылған  мəліметтер  қорымен  немесе XML 

мəліметтер қорымен немесе жергілікті мəліметтер қорымен, яғни клиент орналасқан компьютердегі мəліметтер 

қорымен жұмыс жасау керек. ADO.NET  технологиясы осы мəліметтер қоры мен байланыс орнатып,  жұмыс 



461 

жасаудың тиімді жолын ұсынады, яғни жүйе  қорларын толық пайдалану жолын ұсынады. Мақалада кодтарды 

құруға  жəне  орындауға  арналған  интегральды  басқару  ортасы,  яғни,  NET  Framework платформасы  жəне 

ADO.NET технологиясы қарастырылады. ADO.NET технологиясының негізгі объектілерінің DataSet, DataTable, 

DataAdapter, DataReader қызметтеріне тоқталып өтіледі 

Түйін  сөздер: .NET Framework  платформасы, ADO.NET  технологиясы, DataSet обьектісі, DataTable  

обьектісі, DataAdapter обьектісі, DataReader обьектісі, Data Provider провайдері. 



 

ADO.NET   мəліметтер қорына байланыс орнатуда негізгі екі компонентті пайдаланады.  Олар: 

мəліметтер  жиыны  (DataSet  обьектісі),  яғни  мəліметтер  локальді  компьютерде  сақталады  жəне 

сонымен  бірге  мəліметтердің  провайдері  (Data Provider),  программа  мен  мəліметтер  қоры 

арасындағы байланыс орнатушы қызметін атқарады. 

DataSet обьектісі  

DataSet обьектісі – бұл мəліметтер көзінен бөлек, компьютер жадындағы мəліметтер. Сонымен 

қатар  бұл  обьектіні  мəліметтер  қорының  локальді  көшірмесі  ретінде  қарауға  болады. DataSet 

мəліметтеріне  кез  келген  мəліметтер  көзінен  деректерді  құюға  болады,  мысалы SQL Server 

мəліметтер  қорынан, Microsoft Access жəне XML-файлдарынан  алуға  болады. DataSet жады  да 

сақталады жəне ол мəліметтер қорынан тəуелсіз басқаруды жəне жаңартулар жүргізуге құзыреті бар. 

Қажетінде сервердегі мəліметтер қорын жаңартуға шаблон ретінде бола алады.  

 DataSet 

обьектісі құрамында DataTable  обьектісі жиындары бар(Бұл жиын болуы да жəне бос 

болуы  да  мүмкін,  яғни  ешқандай DataTable  обьектісі  болмауы).  Əрбір DataTable  обьектісі 

компьютер жадында жеке бір кесте ретінде болады. DataTable  обьектісі екі жиын мен анықталады. 

Олардың  бірі DataColumns. Мұнда  барлық DataTable кестесінің  бағандары  кіреді  жəне  кестелер 

шектелген жиындарымен. Бірге осы екі жиын кестенің схемасын құрайды. Сонымен қатар DataTable 

ға Data Rows жиыны да кіреді. DataSet обьектісінің деректері(мəліметтері) осында сақталады.  

Сонымен  қатар DataSet обьектісінің  құрамында Data Relations жиыны  бар.  Data Relations түрлі 

кестелердің  араларында  байланыс  орнату  үшін  қажет. Data Relations құрамында, DataSet құратын 

кестелерді  анықтайтын  Data Relation обьектілері  бар.  Мысалы  ретінде DataSet құрған  екеуара 

байланысқан кестені алайық, олар Customers  жəне Orders. Customers кестесінде əрбір сатып алушы 

арнайы  жеке  жолда,  қайталанбайтын  идентификацияланған CustomerlD өрісінен  тұрады. Orders 

кестесінде  тауарларға  сұраныс  берген  сатып  алушылар  туралы  ақпараттар  орналасқан.  Сұраныс 

берушілер CustomerlD қайталанбайтын өрісімен идентификацияланады. Егер кейбір сатып алушылар 

бірнеше сұраныс беретін болса, онда Orders кестесінде CustomerlD  бірдей бірнеше жазбалар пайда 

болуы  мүмкін.  Бұл  мысалдағы  байланыстың  түрі  «бірден  көпке»  болып  табылады.  Мұндай 

байланыстың түрін Data Relation обьектісі құралымен анықтауға болады.  

Сонымен  қатар DataSet құрамында Extended Properties жиыны  да  бар.  Мұнда DataSet тің 

қосымша мəліметтері сақталады. 



Мəліметтердің провайдері 

Мəліметтер  қорымен  байланысты  орнату  жəне  оны  ұйымдастыру  мəліметтердің  провайдері 

(Data Provider) арқылы  жүзеге  асады.  Шындығында  провайдерлер – бұл  мəліметтерге  тиімді  де, 

өнімді, байланысты қамтамасыз ететін, бір–бірімен байланысқан компоненттер жиыны. Қазіргі таңда 

.NET Framework екі  провайдермен  жұмыс  жасайды.  Олардың  бірі SQL Server 7.0 жəне  одан  да 

жоғарғы версияларымен жұмыс жасауға арналған  SQL Server .NET Data Provider жəне өзге де типтік 

мəліметтер  қорымен  байланысу  үшін OleDb .NET Data Provider. Кез–келген  мəліметтер  провайдері 

əмбебап компоненттер класының жақын нұсқаларынан тұрады: 

  Connection – мəліметтер қорына қосылуды ұйымдастырады. 

  Command – мəліметтер  көзін басқару үшін қолданылады; мəліметтерге қайта өңдеу жасауға 

келмейтін командаларды орындайды. Мысалы INSERT, UPDATE жəне DELETE командалары немесе 

басқа командалар, қалпына келтіруші обьекті DataReader (мысалы SELECT сияқты); 

  DataReader – мəліметтер  қорымен  қосылған  кезінде,  бір  бағытта  жазбалар  жиынын  оқуға 

арналған. 

  DataAdapter – ажыратылған DataSet немесе DataTable обьектіслерін толтырады жəне олардың 

мазмұндарын жаңартады. 

ADO.NET  те  мəліметтермен  байланыс  былайша  жүргізіледі: Connection обьектісі  арқылы 

қосымша  мен  мəліметтер  қоры  арасында  байланыс  орнатылады,  яғни  тікелей Command жəне 

DataAdapter  обьектілері  қол  жеткізе  алатындай. Command обьектісі  мəліметтер  қорына  тікелей 

командаларын  орындата  алады.  Егер  де  орындалған  команда  бірнеше  жауаптар  қайтаратын  болса,  

онда Command, DataReader обьектісі  арқылы  байланысты  ашады.  Алынылған  нəтижеге  қосымша 


462 

кодтарын пайдалана отырып, тікелей өңдеулерді жүргізуге болады немесе DataSet обьектісі арқылы, 

яғни  оны DataAdapter обьектісі  көмегімен  толтырады.  Сонымен  бірге  мəліметтер  қорын Command 

немесе DataReader обьектілері арқылы жаңарта алады. 



DataAdapter обьектісі 

DataAdapter – бұл ажыратылған мəліметтер қорына байланыс орнататын, ADO.NET тегі негізгі 

класс.  Негізігі  мағынасын  алатын  болсақ  ол  мəліметтер  қоры  жəне DataSet араларын 

байланыстырушы  қызметін  атқарады. DataAdapter обьектісінің Fill əдісін  шақырғанда,  мəліметтер 

қорынан  алынған  мəліметтермен Data Table немесе DataSet ті  толтырады.  Жадыға  жүктелінген 

мəліметтерді өңдеп болған соң, DataAdapter обьектісінің Update əдісін шақыру арқылы, дайын болған 

жазбаны  мəліметтер  қорына  енгізуге  болады.  Мəліметтер  қоры  команадаларын  анықтайтын, 

DataAdapter дің төрт қасиеті бар: 

  Select Command. Мəліметтер  қорынан  мəліметтерді  алатын  текст  немесе  командалардан 

құралады. Fill əдісін шақырғанда Data Table немесе DataSet ті толтырады жəне орындайды. 

  Insert Command. Кесте жолына қоюға арналған, текст немесе командадан тұрады. 

   DeleteCommand. Кестеден жолдарды өшіретін, текст немесе командадан тұрады. 

  UpdateCommand. Мəліметтер қорын жаңартатын, текст немесе командадан тұрады. 

Update командасын орындағанда барлық өңдеу жүргізілген мəліметтерді DataSet тен мəліметтер 

қорына  көшіреді.  Орындау  барысында InsertCommand, DeleteCommand немесе UpdateCommand 

командалары сəйкесінше орындалады. 



DataReader обьектісінің қызметі  

Command  обьектісінің  көмегімен,  мəндерді  қайтаратын  немесе  мəндерді  қайтармайтын 

командаларды орындау қарапайым. Бірнеше мəндерді  қайтару мақсатында Command обьектісінмен 

сұраныс жасау үшін Execute Reader əдісіне жүгіну қажет. DataReader обьектісін қайтарады.  

DataReader  бір  бағытты  кезекті  мəліметтерді  оқуды  тиімді  əрі  жылдам  ұйымдастыратын 

қысқаша  обьект  түрі. DataReader обьектісі  қажетті  мəнді  тікелей  қосымша  кодына  беру  арқылы 

нəтижелі  жиыннан  таңдауға  мүмкіндік  береді.  Мұнымен DataSet тиімді,  бірақ DataAdapter ге 

қарағанда  жөндеу  жағынан  тиімсіздеу. DataSet обьектісі  арқылы  алынған  мəліметтер  оқу  үшін  ғана 

қолданылады,  сондықтанда DataSet құралдары  арқылы  модификацияланбайды.  Мұның  өзінде  де 

мəліметтерді  бір  бағытта  қарауға  рұқсат  етіледі:  алдыңғыда  оқылған  деректерге  қайта  оралуға 

болмайды.  Сонымен  бірге DataReader обьектісі  əрдайым  да  байланыста  болуға  негізделген  жəне  ол 

қызметін атқару барысында, активті байланысқа көпсалалы қосылуды талап етеді. 



DataReader объектісін құру 

DataReader обьектісін тікелей жасауға болмайды, ол Command объектісінің ExecuteReader əдісі 

бойынша  жасалынады.  Деректер  провайдерлерінің  басқада  мүшелеріне  сəйкес,  əрбір DataProvider 

класының өзінің DataReader класы бар. OleDbCommand обьектісі OleDbDataReader ді қайтарады, ал 

SqlCommand обьектісі Sql Data Reader ді қайтарады. Мысалы: 

System.Data.OleDb.OleDbDataReader inyOleDbReader; 

System.Data.SqlClient.SqlDataReader mySqlReader; 

// Бұл команда жаңа OleDbReader обьектісін құрады жəне оны айнымалыға жазады. 

myOleDbReader - myOleDbCommand.ExecuteReaderO; 

// Бұл команда жаңа SqlReader обьектісін құрады жəне оны айнымалыға жазады. 

mySqlReader = mySqlCommand.ExecuteReader(); 

Command  объектісінің ExecuteReader əдісін  шақырғанда  орындау  керек  команданы  орындайды 

жəне  жаңадан  сəйкес DataReader обьектісін  құрады,  яғни  айнымалының  сілтемелі  типін  жазуға 

болады. 


DataReader обьектісінің көмегімен мəліметтерге қарапайым байланысты орнату 

DataReader  обьектісіне  сілтеме  алған  кезде,  жадыларға  жазылған  деректердегі  жазбаларды 

көруге болады. Жаңа DataReader обьектісінің оқу нұсқағышы, нəтижелі жиынның бірінші жазбасына 

қондырылады. Оны қолжеткізерлік ету үшін Read əдісін шақыру керек. Егер жазбаға қол жеткізілген 

болса, DataReader обьектісінің  нұсқағышын Read əдісі  келесі  жазбаға  ауыстырады  жəне True (true) 

мəнін  қайтарады,  басқа  жағдайда  осы  əдіс False (false) мəнін  қайтарады.  Read əдісі While (while) 

цикліндегі артық жазбаларға қолданылады. Мысалы: 

while (myDataReader.Read()) 

// Бұл код əрбір нəтижелі жиынның жазбаларына бір  



// реттен ғана қолданылады.  



463 

Жазбаларды DataReader обьектісінің көмегімен оқығанда жеке өрістердің мəндері индексаторлар 

арқылы  қол  жеткілікті  немесе  үнсіз  келісім  бойынша  обьектілердің  массиві  түріндегі  элементтерге, 

яғни индекс бойынша немесе өрістердің аттары бойынша қаратуға рұқсат етіледі. Мысалы: 

while (myDataReader.ReadO) 

object myObject = myDataReader[3]; 



object myOtherObject - myDatafieader["CustomerID"]; 

DataReader байланыс амалы барлық мəндері обьектілер түрінде ұсынады, алайда DataReader ден 



типтенген деректерді де алуға рұқсат. Бұл туралы толық мағұлмат алда айтылады. 

Мəліметтерді DataReader көмегімен  оқығаннан  кейін, DataReader ді  жабу  үшін, Close əдісі 

шақырылуы  қажет.  Бұлай  болмаған  жағдайда DataReader көп  салалы  активті  байланысқа  қосылуын 

тежейді.  Оны  басқа  обьектілерге  жарамсыз  етеді. CloseConnection нің Command Behavior қасиетін 

қондырып,  ExecuteReader əдісін  шақырғанда,  сіз  автоматты  түрде Close əдісін  шақырмастан, 

байланысты жауып тастайсыз. 

myDataReader.Close(); 

DataReader обьектісі көмегімен бағанды таңдау 

Келесі  мысал Console терезесінде  баған  мəнін  шақырудағы  нəтижелі  жиынның  артық 

жазбаларын көрсетеді. Бұл мысалда Connection қасиеті myConnection атымен байланысты анықтайды, 

OleDbCommand обьектісі myOleDbCommand атымен түгелдігін тұжырымдайды.  

// Активті байланысты ашу, 

myConnection.Ореn(); 

// DataReader объектісін құру жəне oiyReader //айнымалысына жазу. 

System. Data.OleDb.OleDbDataReader -nyReader = 

myOleDbCornmand. ExecuteReader(); 

// деректерді оқымастан бұрын Read əдісін шақыру. 

while (myReader.Read()) 

// Өріске рұқсатты атымен алуға болады 



// немесе оның реттік номері арқылы алуға болады. 

Console.WriteLine(myReader["Customers"].ToString()); 

// Олармен жұмыстан кейін DataReader ді міндетті түрде //жабыңыз 



myReader,Closet); 

// жəне байланыс қажет болмаған жағдайда 

myConnection.Close;  

DataReader обьектісінің көмегімен деректерге рұқсат алу  

1.  Command  обьектісінің Execute Reader əдісін  шақырып  жəне  нəтижелі DataReader обьектісін 

сəйкес айнымалы типіне жазыңыз. 

2.  Циклдің  ішінде  түрлі  амал  жүргізіп, While (while) циклінде  нəтижелі  жиынды  өңдеңіз. 

Деректермен байланыспастан бұрын, DataReader обьектісінің Read əдісі шақырылуы тиіс. 

3.  Болғаннан соң, байланысты жабу үшін, DataReader обьектісінің Close əдісін шақырыңыз. 



DataReader обьектісінің көмегімен типтелген мəліметтерді алу 

DataReader  мəліметтерді  обьектілер  күйінде  ұсынып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  нəтижелі 

жиыннан деректерді алатын, өзінің жеке əдістерінде де қолдайды. Бұл əдістердің аттары Get сөзінен 

құралады  жəне  мəліметтерді  алатын  типтердің  аттары  да.  Мысалы  ретінде  қарастыратын  болсақ, 

Boolean  мəнін  алатын  əдіс GetBoolean деп  аталған.  Егер  кейбір  баған  мəліметтерінің  типтері  анық 

болса, осы бағаннан қатаң типтенген мəліметтерді алу үшін DataReader обьектісінің əдістерін қолдана 

беруіңізге болады. Мысалы: 

string myString; 

myString = myDataReader.GetBoolean(S); 

Мəлімет алудың мұндай амалын қолдануда өрістің атын емес, реттілік номерін көрсетіңіз керек. 

Егер  өріс  аты  белгілі  болған  болса,  онда GetOrdinal əдісін  шақыру  арқылы  оның  реттілік  номерін 

анықтауға болады. Мысалы ол былай болады: 

int CustomerlD; 

string Customer; 

// 'CustomerlD' өрістің реттік номерін анықтайды. 


464 

CustomerlD = myDatafleader.GetOrdinal("CustomerlD"); 

// осы өрістен бағанды алып жəне Customer айнымалысына //жазу. 

Customer = myDataReader.GetString(CustomerlD); 



DataReader обьектісінің көмегімен типтелген мəліметтерді  алу жолдары 

1.  Қажетінше  өрістің  реттілік  номерін  анықтаңыз, GetOrdinal шақырып  жəне  қажет  өрістің 

атын беріңіз. 

2.  DataReader  обьектісінің Get əдісін  шақырыңыз,  өрістің  реттілік  номерін  көресетіңіз,  яғни 

алғыңыз келетін мəнді. 

DataAdapter обьектісін құру жəне баптау 

DataAdapter  обьектілері  мəліметтер  қоры  мен DataSet обьектісі  арасындағы  байланысты, 

мəліметтер алмасуды қамтамасыз етеді жəне олардың берілуін қамтамасыз етеді. Кей қосымшаларда 

мəліметтердің бір жақты оқылуын қамтамасыз етеді, ал басқаларына мəліметтерді алып қана қоймай, 

мəліметтер  қорын  басқару  қажет. DataAdapter обьектісі  мəліметтерді  ала  алады, DataSet обьектісін 

толтыра алады жəне қажет болса, мəліметтер қорын жаңарта алады. 

Visual Studio .NET да DataAdapter обьектісінің екі түрі бар. Олар: SqlDataAdapter, ол SQL Server 

7.0 нұсқасымен немесе одан да жоғары нұсқаларымен жасау мақсатында қолданылады, жəне бір түрі 

OleDbDataAdapter,  бұл  түрі  өзге  мəліметтер  қорымен  жұмыс  жасауға  қолданылады,  яғни 

OleDbProvider ді қолдаушы. 

Ереже  бойынша,  əрбір  жұптағы  мəліметтермен  алмасуды «DataSet обьектісінің DataTable 

обьектісі-мəліметтер  қоры  кестесі»  жеке DataAdapter обьектісі  басқарады. DataSet те  бірнеше  кесте 

болуы  мүмкін,  сондықтан  да DataSet ке  қосылған  əрбір  кестесі  үшін,  жеке DataAdapter обьектісін 

құру қажет етіледі. 

DataAdapter  ді  құрудың  үш  түрі  бар. Server Explorer терзесінен  мəліметтер  қорының  элементін 

алып  қою  арқылы,  жаңа Data Adapter Configuration мастері  көмегімен  немесе  осы  обьектіні  кодпен 

шақыру жəне баптау. Бұл түрі қолмен шақыруға жатады.  

Server Explorer терзесі көмегімен Data Adapter ді құру 

Data Adapter ді  құрудың  қарапайым  жолы, Server Explorer терзесі  көмегімен  жасалынуы. Server 

Explorer терзесіндегі, Data Connections ағаш күйіндегі байланыстағы түйіні құрамында барлық жұмыс 

жасап  тұрған  байланыстар  түйіндер  ретінде  болады.  Түйінді  ашқаннан  кейін,  сіздер  байланыстағы 

мəліметтер  қоры  туралы  қосымша  деректер  аласыз,  соның  ішінде  байланыстағы  кестелер  тізімі, 

ақпараттар жəне сақтаулы процедураларда бар. Кестені анықтайтын Data Adapter обьектісін құру үшін, 

Server Explorer терзесінен  кестені  дизайнер  терезесіне  алып  қойсаңыз  жеткілікті.  Осы  кезде  сізге 

қажетті(сəйкес типті) Data Adapter обьектісін құрасыз (SqlDataAdapter немесе OleDb DataAdapter). 

Сонымен  қатар Data Adapter обьектісінің  бапталуы  да    қарастырылған,  яғни  ол  кестелердің 

бағандарын  қайтарады.  Ол  үшін  кестенің  байланыстар  түйінін  ашыңыз  жəне  қажетті  бағандарды 

таңдаңыз. Ctrl батырмасын  баса  отырып,  сəйкес  элементті  шертіңіз.  Сосын  таңдалған  бағандарды 

дизайнер  терезесіне  сүйреп  қойыңыз.  Таңдаған  бағандарға  конфигурацияланған Data Adapter 

обьектісін аласыз. 

Server Explorer терзесі көмегімен Data Adapter ді құрудың жолдары 

1.  Қосымшадағы мəліметтер қоры байланысын көрсететін, Server Explorer терзесіндегі түйінді ашыңыз. 

2.  Мəліметтер қорының кестесін көрсету үшін, Tables түйінін ашыңыз. 

3.  Қажетті  кестені  таңдаңыз.  Егер  барлық  кесте  қажет  етілмесе,  онда  бағандар  тізімін  алу 

мақсатында түйінді ашыңыз. Ctrl батырмасын баса отырып, қажетті бағанды шертіңіз. 

Жаңа Data Adapter обьектісінің  экземплярын  құру  жəне  баптау  үшін,  таңдалынған  бағандарды 

дизайнер терезесіне сүйреп қойыңыз.  

 

ƏДЕБИЕТТЕР 



1.  Рихтер  Дж.  Программирование  на  платформе Microsoft .NET Framework. Пер.  с  англ. – 2-е  изд.,  М.: 

Изд.-торг. дом «Русская Редакция», 2003. – 512 с. 

2.  Просиз  Дж.  Программирование  для Microsoft .NET. Пер.  с  англ. – М.:  Изд.-торг.  дом  «Русская 

Редакция», 2003. – 704 с. 

3.  Платт Д. С. Знакомство с Microsoft .NET.Пер. с англ. – М.: Изд.-торг. дом «Русская Редакция», 2001. – 240 с. 

4.  Microsoft Corporation. Тестирование производительности Web-приложений Microsoft .NET. Пер. с англ. 

– М.: Изд.-торг. дом «Русская Редакция», 2003. – 352 с. 

5.  Microsoft Corporation. Анализ требований и создание архитектуры решений на основе Microsoft .NET. 

Пер. с англ. – М.: Изд.-торг. дом «Русская Редакция»,2004. – 416 с. 

Microsoft Corporation. Основы Microsoft Visual Studio .NET. Пер.  с  англ. – M.: Изд.-торг.дом  «Русская 

Редакция», 2003. – 464 с. 


465 

 

REFERENCES 



1.  Rihter Dzh. Programmirovanie na platforme Microsoft .NET Framework. Per. s angl. – 2-e izd., M.: Izd.-torg. 

dom «Russkaja Redakcija», 2003. – 512 s. 

2.  Prosiz Dzh. Programmirovanie dlja Microsoft .NET. Per. s angl. – M.: Izd.-torg. dom «Russkaja Redakcija», 

2003. – 704 s. 

3.  Platt D. S. Znakomstvo s Microsoft .NET.Per. s angl. – M.: Izd.-torg. dom «Russkaja Redakcija», 2001. – 240 s. 

4.  Microsoft Corporation. Testirovanie proizvoditel'nosti Web-prilozhenij Microsoft .NET. Per. s angl. – M.: Izd.-

torg. dom «Russkaja Redakcija», 2003. – 352 s. 

5.  Microsoft Corporation. Analiz trebovanij i sozdanie arhitektury reshenij na osnove Microsoft .NET. Per. s 

angl. – M.: Izd.-torg. dom «Russkaja Redakcija»,2004. – 416 s. 

Microsoft Corporation. Osnovy Microsoft Visual Studio .NET. Per. s angl. – M.: Izd.-torg.dom «Russkaja 

Redakcija», 2003. – 464 s. 

 

Шангитбаев Н.К. 



Функции объектов DataReader, DataAdapter для работы с базами данных  

на платформе .NET Framework 

Резюме.  В  статье  рассматриваются  интегрированная    управляемая    среда    для  создания    и    исполнения  

кода - платформа.NET  Framework и объекты ADO.NET - DataSet, DataTable, DataAdapter, DataReader. 



Ключевые  слова:  платформа .NET Framework, технология ADO.NET, обьект DataSet, обьект DataTable, 

обьект DataAdapter, обьект DataReader, провайдер Data Provider. 



 

Shangytbaev N.K. 



Functions of objects of DataReader, DataAdapter for operation with databases  

on the platform .net Framework 

Summary. In article are considered integrated management environment for creating and executing code - 

platform .NET  Framework and objects of ADO.NET - DataSet, DataTable, DataAdapter, DataReader. 



Key words: platform .NET Framework, technology ADO.NET, object DataSet, object DataTable, object 

DataAdapter, object DataReader, provider Data Provider. 

ƏОЖ 004.4 

 

 

Шарипжанұлы А. студент, Алғожаева Р.C.  

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті 

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 

aibek.sharipjan@mail.ru 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет