Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі



Pdf көрінісі
бет39/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
сөйлеу стиліне тəн болды, сөздер арасындағы грамматикалық қатынас 
түрлерін білдіруге жұмсалатын бұл сөз табы жалпы барлық стильде 
де жоғары жиіліктен көрінді, алайда оның саны басқа сөз таптарынан 
əлдеқайда аз. Ал ресми-іскери стиль мен сөйлеу стилі мəтіндеріндегі оның 
үлесінің көптігі бұндағы коммуникацияның ерекшеліктеріне байланысты 
болса керек, ресми мəтінде семантика байлығынан гөрі, грамматикалық 
қатынас байлағының көптігін көрсетсе, сөйлеу стилінде көзбе-көз қарым-
қатынас барысында сөз субъектісі, объектісін, предикатын қайталамай-
ақ, олардың арақатынасын көмекші сөз таптарының көмегімен берсе де, 
мағынаға нұқсан келмейтінінің белгісі болып тұр;
7) еліктеуіш сөздердің үлесі көркем əдебиет стиліндегі мəтіндерге тəн 
болып шықты. Көркем мəтін прагматикасына тəн объективті ортадағы 
құбылыстарды шынайы, асқан деректілікпен сипаттауға қатысты бұл 
құбылысты оқыту мəтіндерін құрастырғанда есте ұстаған абзал;
8) одағайлар мен модаль сөздер сөйлеу стиліндегі мəтін құрамында көп 
кездесті, адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін сөздердің бейрес-
ми қарым-қатынас мəтіндеріне тəн болуы заңды да, осы ерекшелік оқу 
мəтіндерінде көрініс табуы тиіс.


53
Сөзформа сөзтізбесінің статистикасы
7 миллионнан астам сөзқолданыстық мəтіндік база көлемінен алынған 
246 328 сөзтізбеден тұратын бұл сөздік үш түрлі құрылымда жасалған:
1) Сөзформалардың əліпбилі-жиілік сөздігі. 2) Сөзформалардың жиілікті-
əліпбилі сөздігі. 3) Сөзформалардың керіəліпбилі-жиілік сөздігі.
«Сөзформалардың жиілік сөздігінің» статистикалық ақпараты өте көп, 
сондықтан негізгі ерекшеліктерді ғана сипаттап, қысқаша беру жөн саналды. 
Өйткені сөздік əрбір сөзформаның, қосымшаның т.б. жиілігі туралы арнайы 
ғылыми зерттеулер жүргізуге тұрарлық мəліметтерге аса бай. 
«Сөзформалардың жиілікті-əліпбилі сөздігінің» сандық мəліметтері бойынша 
төмендегідей жалпылама түйіндер жасауға болады.
Негізсөздердің жиілік сөздігінің, яғни жиілікті-əліпбилі ретпен берілген 
екінші сөзтізбенің жəне сөзформалардың жиілік сөздігі, яғни бірінші сөзтізбенің 
арасында аздаған а й ы р м а ш ы л ы қ бар. Айталық, негізсөздердің (леммаланған) 
жиілік сөздігінде, яғни екінші сөзтізбеде ең жиі кездесетін сөз бол етістігі бірінші 
тұрса, сөзформалардың жиілік сөздігінде, яғни бірінші сөзтізбеде мен (жалғаулық 
шылау, түбір тұлғадағы жіктеу есімдігі) сөзі жиілігі бойынша бірінші тұр. Бол 
етістігінің сөзформалар сөздігінде бірінші орынға шықпауының өзіндік себебі 
бар. Негізсөздердің жиілік сөздігінде бол етістігінің барлық түрленісі түбірге 
келтіріліп, лемматизация жасалғанда сыйыстырылып, болған, болды, бола, болмай-
ды, болар, болмақ т.б. формаларының барлығының жиілігі бір түбірге қосылады. 
Сондықтан ол жоғары жиілікті көрсетеді. Ал сөзформалардың жиілік сөздігінде 
бол етістігінің түрленім формаларының əрқайсысы бөлек-бөлек сөзтізбелік бірлік 
ретінде қаралатындықтан, жиілігі азаяды. Соның өзінде сөзформалар жиілік 
сөздігінде болып етістігі – 16, ал болады етістігі – 24, болды етістігі – 30, болған 
етістігі 42, болатын етістігі 111 орында тұр. Сонда бол етістігінің түрленім 
формаларының бесеуі алғашқы 100 сөздің ішінде тұр. Осы түрленім формала-
ры қосылғанда түбір тұлғада негізсөздер сөздігінде жиілігі ең жоғары сөз ретінде 
бірінші орынға шығады.
Сөзформалардың жиілік сөздігінде жалғаулық шылаулардың жиілігі 
жоғары. Мен сөзінен кейінгі жиілікте жəне жалғаулық шылауы, үшінші орын-
да да жалғаулық шылауы тұр. Бұдан мынадай заңдылықты байқауға бола-
ды. Сөздер түрленіп келгенде жиіліктері сол түрленімдерге бөлініп кетеді, ал 
жалғаулық шылаулар түрленбейтіндіктен, жоғары жиілікті көрсетеді, екінші 
жағынан, жалғаулық шылаулардың жиілігінің жоғары болуы олардың контекстегі 
сөзбайланыстырушылық қызметімен де байланысты болса керек. Сол сияқты мы-
надай шылаулар да жиілігі жоғары сөздер қатарында тұр: туралы, не, үшін, ал, 
бойынша, ғана.
Сөзформалар жиілік сөздігінде жиілігі бойынша 4 орында деп етістігі тұр. Де 
етістігінің деген формасының да жиілігі жоғары, 14 орында, болып етістігі – 16 
орында. Бұл фактілер де деп, боп көмекші етістіктерінің сөзбайланыстырушылық 
қызметінен туындайды. 
Ол, бұл, осы, сол, өз сияқты есімдіктер де жиі қолданыстағы сөздер қатарынан 
орын алған. Негізсөздердің жиілік сөздігінде де шылаулар мен есімдіктердің 
жиілігі жоғары.


54
Зат есімдер мен сын есімдер, сан есімдер, сол сияқты есімдіктердің, үстеулердің 
түрленген сөзфорларынан гөрі, түбір күйдегі тұлғасы жиі кездеседі. Мысалы, 
орындық сөзі түбір формада 147 рет кездессе, орындыққа– 93 рет, орындықта –
34 рет, орындықтан – 11 рет, орындықтар – 29 рет, орындықтарға – 6 рет, 
орындықтарда – 7 рет, орындықтарды – 12 рет, орындықты – 38 рет т.б. кездес-
кен. Мұндай сандық көрсеткіш басқа да осындай сөздерге тəн.
«Сөзформалардың жиілік сөздігінде» тағы бір байқалатын ерекшелік қос 
сөздерден гөрі сол қос сөздерді құрайтын сөздер сыңарларының жеке тұрғанда 
жиі кездесетіндігі. Мысалы, ой – 26646, ой-пікір – 38, ой-арман – 4, ой-қиял – 1, 
ой-өріс– 5 т.б.
«Сөзформалар жиілік сөздігінде» берілген сандық мəліметтерден атауыш 
сөздердің түбір тұлғасынан кейінгі жиі қолданыстағы формалары септік жалғаулы 
сөздер, ал тəуелдік жалғаулары көбінесе үшінші жақта жиі кездеседі. Көптік 
жалғаулы сөздер де түбір тұлғамен кейде барабар болса, кейде одан сиректеу. 
-лық/лік тұлғалы қатыстық сын есімдердің де басқа сөзформаларға 
қарағанда жиілігі əжептеуір. Мысалы, оптимист деген сөздің жиілігі – 6 болса, 
оптимистік – 25, оптика – 14, оптикалық – 38 т.б. Бұдан термин сөздердің қазақ 
тілі қосымшалары жалғанып, игерілген формалары (көпшілік жағдайда) түбір 
тұлғадан гөрі жиі кездесетіндігін байқауға болады.
Етістік сөзформалардың сандық мəліметтерінен -ып/іп/п көсемше тұлғалы 
сөздердің, -ған/ген есімше формалы сөздердің, жіктік жалғаудың 3 жақ тұлғасы-
ның (-ды/ді) жиі кездесетінін байқаймыз. Етістіктің қимыл атау тұлғасының 
көбінесе терминденіп, процесс атауына айналғандарының жиілік көрсеткіштері 
жоғары. Мысалы, автоматтандыру, ағарту, ақпараттандыру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет