Алматы 2017 январь



Pdf көрінісі
бет62/92
Дата03.03.2017
өлшемі28,19 Mb.
#7549
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92

 



 Физика–математика ғылымдары 

 

379 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

вагондарға, екі операциялық және маршрутпен жіберілетін вагондарға орнатады. Жалпы мерзімі кіру 



жолдарында үлкен вагон айналыммен және екі еселенген операциялармен жиі қойылады [5]. 

Вагондардың    қозғалыс  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуі  үшін  станцияның  қызметкерлерін, 

бөлімшеде  пойыздардың  қозғалысын  бір  ғана  жұмысшы  басқару  керек.  Пойыз  диспетчерінің 

бұйрықтары  осы  бөлімше  қызметкерлеріне  тікелей  байланысты.  Әрбір  станция  және  жолдық  орын 

қозғалысты басқару бір. Станцияның қызметкерлері теміржол жолдарында келесі талаптарды сақтау 

қажет:  Жұмыс  орындарына  және  жұмыстан  кейін  тек  қана  әдейі  жол  жағасы  бойынша,  жапсарлас 

жолдар  бойынша,  жолдарды  тек  қана  тік  бұрыштармен  өту  керек;  жылжымалы  құрамамен  жатқан 

жолды  тек  қана  вагондардың  аумалы  автотіркеуден  5  м  арақашықтықта  тұрған  вагон  топтары 

орналасады.    Станция  жұмыстарының  технологиялық  процестері  –  бұл  технологиялық  үдеріс 

өндірістік  цехтардың  ең  жақсы  қызмет  көрсетуін  көрсетеді.  Вагон  қозғалысына  байланысты  әрбір 

теміржолышының  бірінші  міндеті  -  қозғалыс  қауіпсіздігін  сақтау.  Жоғарғы  жылдамдықта  және 

қозғалыстың  үздіксіздігінде  апатты  жағдайсыз  жұмыс  істеу.  Қауіпсіздік  ережелерінің  бұзылуы  әр 

түрлі  себептерге  байланысты  болады:  тасымалдауда  брактар  мен  апаттар,  бос  емес  жолға  вагонды  

қою.  Ережелердің  бұзылуының  көптеген  жағдайда  басты  себепші  болатын  жұмысшылар.  Барлық 

апаттардың  қайғылы  жағдайы  ақыры  адамдарды  бақытсыз  жағдайларға  әкеледі.  Теміржол 

көліктерінде  вагондар  қозғалысының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Осындай 

шаралардың  бірі  адамдарды  жұмысқа  тартуда  мұқият  болуы  қажет.  Станция  кезекшісінің 

лауазымына  жоғарғы  білімі  бар,  лауазымдық  нұсқаулықтарды  білуі  қажет.  Жұмысшылардың 

қозғалыс  қауіпсіздігіне  жауапкершілігі  мен  жұмысының  қиындығына  байланысты  ұқыптылықты, 

тәртіпті,  қырағылықты,  сөйлесулердегі  нақтылық  қажет.  Станция  кезекшісі,  сұрыптау  дөңесінің 

кезекшісі,  маневрлік  диспетчер,  техникалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің  шарты  -  станциядағы 

қауіпсіздікті  күшейтудің  басты  шарасы.  Тиеу  станцияларында  қауіпсіздік  кепілі  болып  техникалық 

және  коммерциялық  операциялар  табылады.  Бекітілген  қауіпсіздік  ережесін  мүлтіксіз  орындау 

ваогндарды құрастыруда, әсіресе тарқатуда, жөнелтуде, қабылдауда қатаң сақталуы қажет. Станцияда 

апатты  жағдай  туындағанда  оның  қайғылы  жағдайға  әкеліп  соқтыратыны  анық.  Қозғалыс 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  талаптар,  нұсқаулық  құжаттар,  теміржолды  пайдалану  ережелерін 

сәйкес  орындалады.  Теміржол  көлігін  техникалық  пайдаланудың  жалпы  ережелері  көрсетіледі. 

 Осы қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:  

1) автоматты локомотив сигнал беру;  

2) оқшаулағыш түйіндесу - түйіспе желісінің жолы;  

3) аз әрекетті учаскелер - жолаушылар және жүк жолдары;  

4) аралық - теміржол желісінің шектес станциялармен;  

5) ауыр салмақты жүк поезы - локомотивтердің тиісті парктері;  

6) арнайы мақсаттағы жолдар - аралықтар мен станцияларды байланыстырушы жолдар;  

7)  арнайы  жылжымалы  құрам  -  теміржолмен  жүретін,  өздігінен  жүретін  арнайы  жылжымалы 

құрам, мотовоздар, дрезиналар, жұмыстарда өздігінен жүрмейтін арнайы жылжымалы құрам - көлік 

режимінде қолданады;  

8) алынатын жылжымалы бірліктер - электрлендірілген учаскелер және т.б. [5] 

Локомотивтер,  моторвагонды  поездар  және  өздігінен  жүретін  арнайы  жылжымалы  құрам 

машинистерінің  поездарды  жүргізу  тәртібі  машинист:  локомотивтің  (моторвагонды  поездың), 

өздігінен  жүретін  арнайы  жылжымалы  локомотивті  (моторвагонды  поезды),  өздігінен  жүретін 

арнайы  жылжымалы  құрамды  қозғалыс  графигін  дәл  сақтай  отырып,  поездың  қауіпсіз  жүруін 

локомотивті поездың құрамына, ал өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам:  

1) локомотив, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бірінші бөлігі;  

2) тежегіш магистральді сығымдалған ауамен зарядтауға, қысымның төмендеуі;  

3)  поездың  тежегіштермен  қамтамасыз  етілгендігі  туралы  анықтаманы  алуға,  жылдамдықты 

тексеруші парақтан көруге болады;  

4) анықтама қағазы бойынша жүк және жүк-жолаушылар поезын бақылайды;  

5)  анықтама  қағазы  бойынша  жолаушылар  және  почта-багаж  поезын  бақылайды.  Егер 

локомотив  жеке  шақыруы  бар  радиостанциямен  жарақталса,  поезға  радиостанциясының 

байланысымен  шыға  алады.  Локомотивтің  вагондары  электрмен  жылытылатын  жолаушылар 

поезының құрамына тіркелген.  

Автоматты  локомотив  сигнал  беруімен  жабдықталған  учаскелерде  жетекші  локомотивтің, 

поезды жүргізген кезде машинист және оның көмекшісі:  



 



 Физика–математика ғылымдары 

 

380 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

1) жолдың бос болуын, сигналдарды, сигналдық нұсқағыштармен;  



2) вагондардың күйін және тұтастығын, ал электрлендірілген учаскелерді;  

3) локомотив пен өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамдардың бар болуын;  

4) электр энергиясы мен отынды үнемдеп  жұмсау;  

5) станцияға кіргенде және станциялық жолдар бойынша станса кезекшісімен байланыс жасап 

отырады [6]. 

Қазақстандық  теміржолшылар  вагондардың  құйма  бөлшектерінің  бүлінуін  болдырмауды  

бақылау  әдісін  Достастық  елдері  аумағында  қолдану  қажеттігін  мәлімдеп  отыр.  Достастыққа 

қатысушы  елдердің  темір  жолдары  Кеңесінің  қарауына  вагондардың  құйма  бөлшектерін  жоспарлы 

жөндеу  және  жүк  вагондарына  техникалық  қызмет  көрсету  мақсатында  оларды  диагностикалық 

тексеру  үшін  феррозондтық  әдісті  қолдануды  ұсынды.  Магнитті  ұлпаларға  қарағанда,  феррозондық 

әдістің жылжымалы құрамның ауыр құйма бөлшектерінің  үстіңгі қабаты ғана емес, құйма бөлшектің 

ақаулығын және түрлі мөлшердегі сыну жайын 5 мм-ге дейінгі тереңдікте анықтай алады. 

Жүк  вагондарының  көпшілік  бөлігінің  жолдан  шығып  кету  жағдайлары  құйма  бөлшектерінің 

сынуы  салдарынан  болатыны  белгілі.  Осыған  байланысты  қозғалыс  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

мақсатында ақауларды дер кезінде алдын ала анықтаудың маңызы зор. 

Көптеген  зерттеушілердің  анықтауы  бойынша,  биылғы  жылдың  сегіз  айында  Қазақстанның 

вагон  жөндеу  кәсіпорындарының  құйма  бөлшектерді  бұзбай  тексерісі  барысында  6690  вагон 

тіркемелерінің  құйма  бөлшектерінің  ақаулығы,  оның  ішінде  4896  вагонның  бүйір  жақтаушалары, 

1794 рессор арқауларының жарамсыздығы анықталды. Мұның 70 пайызы феррозондты әдіс арқылы 

белгілі болып отыр. 

Қазақстандық  теміржолшылардың  осы  әдісті  өндіріске  енгізу  туралы  ұсынысы  Достастыққа 

қатысушы  елдердің  темір  жолдары  Кеңесінің  Қозғалыс  қауіпсіздігі  жөніндегі  комиссиясында 

қаралады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

[1] Атамкулов  Е.Д.,  Жанғаскин  Қ.Қ.  Қазақстанның  теміржол  кӛлігі:  Қамтамасыз  ету  қызметі  

3-том,  Кешенді  кӛлік-экспедиторлық  қызмет  кӛрсету  «Кеденкӛліксервис»  акционерлік  қоғамы.  - 

Алматы, 2005 ХКАА 519 б. 

[2] Қазақстан  Республикасы  темi  жолдарда  пойыздардың  қозғалысы  және  маневрлік  жұмыс 

бойымен нұсқау. – Астана, 2012 ж. 

[3] Балғабеков  Т.К.,  Исина  Б.М.,  Кенжекеева  А.Р.  «Пойыздар  қозғалысын  басқару»  пәні 

бойынша  «Теміржол  желісінде  тасымалдау  және  өткізу  қабілетін  ӛсіру»  тақырыбында  курстық 

жобаға арналған әдістемелік нұсқаулар Қарағанды, 2011ж. - 22б. 

[4] Балғабеков Т.К. Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару. - Қарағанды – 2015.-135б. 

[5] Бекжанов  З.С.,  Техническое  нормирование  маневровой  работы.  Учебное  пособие.  

ТОО «Полиграфсервис», Алматы, 2010.- 7-25-29 с. 

[6] http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008994. 

 

Ықлас А.С., Асембаева М.К., Нурмуханова А.З., Оспанова Ш.С., Куйкабаева А.А. 



Техническое  обслуживание  вагонов  железных  дорог  общего  пользования  и  анализ  организации 

работ по контролю их безопасности 

Резюме.  В  данной  статье  показаны  технические  и  функциональные  особенности  грузовых  станций, 

комплексов  грузовых  и  дорожных  устройств,  обслуживания,  распределения,  организации,  коммерческого 

обслуживания грузовых поездов, технической службы и отправки, грузовых и коммерческих операций. 

Ключевые слова: железнодорожная станция, грузовые  поезда, вагоны, процесс, управление  качеством,  

испытание. 

 

Iklas A.S., Asembaeva M.K., Nurmukhanova A. Z.,  Ospanova Sh. S.,  Kuykabaeva A. A 



Maintenance of wagons of Railways and the analysis of the organization of works on control of their safety 

Summary:  This  article  describes  technical  and  functional characteristics  of  freight  stations,  freight and traffic 

devices,  maintenance,  distribution,  organization,  commercial  service,  goods  trains,  technical  services  and  shipment, 

cargo and commercial operations. 

Key words: railway station, freight trains, cars, process, quality management, test. 

 

 



 



 Физика–математика ғылымдары 

 

381 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

УДК: 006:691 



 

М.С. Әліқұл, М.К. Асембаева, А.З. Нурмуханова, Ш.С. Оспанова 

А.А. Куйкабаева 

(Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

Алматы, Қазахстан Республикасы) 

 

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН МЕТАЛЛДЫҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ 

ҚАСИЕТТЕРІН ТАЛДАУ 

 

Түйіндеме.  Бұл  мақалада  құрылыста  пайдаланылатын    органикалық,  бейорганикалық,    композитті 

материалдардың    жалпы  қасиеттері  мен  олардың  пайдаланылуы  қарастырылған.  Мұнда  түрлі  құрылыс 

материалдары  мен  бұйымдар  баяндалады. Ең  алдымен материалға  жалпы  түсінік  беріліп,  әрі  қарай  ол  қандай 

шикізаттан  жасалатыны,  алынған  заттың,  бұйымның  қасиеттері    айтылады.  Сонымен  қатар  құрылыс 

материалдарының физика-механикалық қасиеттері баяндалады. 

Түйін  сөздер:  құрылыс  материалдары,  физика-механикалық  қасиеттер,  бетон,  гранит,  полимерлік 

материалдар, пикнометр. 



 

Бірде-бір  ғимаратты  құрылыс  материалдары  мен  олардың  қасиеті  туралы  жан-жақты  білімсіз 

жобалап  тұрғызу  мүмкін  емес.    Олай  болса,  материалдардың  қолданылуы  бойынша  жіктелуін, 

қасиеттеріне  сай  құрылыста  қолданылуын  білу,  үйлердің  пайдалану  жағдайына  байланысты  көп 

материалдар  ішінен  керектісін  таңдай  білу  немесе  бар  материал  мен  бұйымдарды  түрлі  тәсілдерді 

қолдана  отырып,  пайдалана  білу,  инженер-  технолог,  инженер-  құрылыс  мамандарына  өте  қажет, 

себебі  тұрғызылған  үйдің,  ғимараттың  сапасын  төмендетпеу,  тиімділігі  мен  мәңгілігін  қамтамасыз 

ету мамандардың біліміне байланысты. 

Құрылыс  материалдарының  қасиеттері,  олардың  құрамы  мен  құрылымына  байланысты. 

Құрамдар  –  химиялық,  минералдық  және  фазалық  болып  бөлінеді.  Материалдық  химиялық,  яғни 

химиялық  элементтерден  тұратын,  құрамына  қарай,  оның  отқа,  микроорганизмдер  әсеріне 

төзімділігін,  механикалық,  т.б.  техникалық  қасиеттерін  жорамалдауға  болады.  Құрылыс 

материалдары  ішінде  көп  тараған  бейорганикалық  байланыстырғыш  заттар  мен  табиғи  тас 

материалдардың химиялық құрамы әдетте оксидтермен (тотықтармен) сипатталынады. Минералдар - 

негізгі  және  қышқыл  тотықтардың  өзара  байланысуынан  түзіледі  (құралады).  Мысалы, 

портландцемент  құрамында  үш  кальцийлі  силикат  -  минерал  3CaO ּ◌  SiO2  (қысқаша  C3S)  көбейсе  

(45-60%), оны құммен, сумен араластырғанда цемент тез қатаяды да, беріктілігі өседі. 

Фазалық  құрам  қатты  қаңқа  және  ауамен,  сумен  толған  саңылауларда  түзіледі.  Саңылаулар 

ішіндегі  судың  қатты  затқа  (мұзға)  айналуына  байланысты,  материалдардың  қасиеттері  өзгереді  - 

аязға  төзімділігі  төмендеп,  жылу  өткізгіштігі  өседі.  Көп  құрылыс  материалдарының  құрылымы 

олардың бөлшектерінің (түйірлерінің) ірілігін, формасын өзара орналасуын, байланысуын көрсетеді. 

Құрылым үш дәрежеде анықталады: 1) материалдың макроқұрылымы (құрылымдағы саңылаулардың 

мөлшері  1-2  мм)  жәй  көзбен  көру  арқылы;  2)  микроқұрылымы  50-ден  2000  есеге  дейін  оптикалық 

микроскопта  үлкейту  арқылы;  3)  материал  құрайтын  заттың  ішкі  құрылымы  ондаған  мың  есе 

үлкейтіп  көрсететін  электрондық  микроскопта  рентген  сәулесімен  зерттеу  арқылы.  Қатты  құрылыс 

материалдарының  макроқұрылымы  конгломератты,  ұялы  ұсақ  саңлаулы,  талшықты,  қабатты,  т.б. 

болуы  мүмкін.  Мұнда  конгломератты  (латынша  -  жиналған,  құрылған  деген  сөз)  құрылым  әртүрлі. 

Мысалы құмнан, малта (жұмыр) немесе жарықша (қиыршық) тастардан, осыларды байланыстыратын 

заттардан  құралған  құрылым  -  көбінесе  бетондардың  сан  алуан  түрлеріне,  ұялы  құрылым 

макросаңылаулы  газ  бен  көбік  бетондарға,  ұялы  пластмассаларға,  ал  ұсақ  саңылаулы  құрылым  - 

қамырға  көп  су  қосып,  оны  күйдіргенде  жанып  кететін  қосындылар  -  қосу  әдістерімен  жасалған 

керамикалық материалдарға тән. Талшықты құрылым ағаш материалдарға - шыны мақтадан жасалған 

бұйымдарға,  қабатты  құрылым  қағазпластқа,  текстолитке  тән.  Материалдардың  микроқұрылымы 

олардың  бөлшектерінің  мөлшерін,  формасын,  материал  көлеміндегі  санын  (оптикалық  микроскопта 

ауданның  1  см²  келетін  бөлшек  санымен  сипатталады)  көрсетеді.  Материал  түзетін  заттардың  ішкі 

құрылымы, кристалл немесе аморф түрлі болады. Кейбір заттардың, мысалы кварцтың ізі, құрылымы 

осы екі түрде де кездеседі; ал кристалды түрі тұрақтырақ. Өйткені ол әкпен қосылу үшін 1750°С және 

1  МПа  қысым  қажет.  Ал  аморфты  түрде  кездесетін  кварцтрепел  кәдімгі  температурада  

(20°С  шамасында),  ешқандай  қысымсыз  әкпен  байланысып,  кристалл  -  түрлі  сулы  силикат  түзеді. 

Құрылыс  материалдарының  берік,  қатты,  балқығыш,  т.б.  қасиетті  болуы,  оларды  түзетін  заттардың 



 



 Физика–математика ғылымдары 

 

382 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

ішкі  құрылымына  -  кристалл  торларының  түріне  (текшелі,  гекоагональды,  т.б.)  байланысты. 



Атомдардың  кристалл  ішінде  орналасуы  мен  атомдардың  аралығын  рентген  сәулесінің  заттың 

атомдық  жазықтықтарынан,  атомдарынан  кері  шағылысып,  экранға  түсетін  дақтарына  қарап 

анықтауға  болады.  Өйткені,  затты  құрайтын  атомдардың  ара  қашықтығы  рентгендік  сәуле 

толқынының  ұзындығымен  шамалас.  Электрон  сәулесі  толқынының  ұзындығы,  рентген 

сәулелерінікінен  әлдеқайда  кем  екені  ақиқат.  Ренгенограммада  майда  фазалардың  сызықтары  өте 

көмескі  көрінеді,  сондықтан  оларды  жоғарғы  дәлдікпен  өлшеу  мүмкін  емес.  Мұндай  жағдайда 

электронография  (электрондардың  затқа  жұтылмай  қарқынды  шағылысатын-дығына  негізделген) 

заттың өте ұсақ бөлшектерін зерттеуге кеңінен пайдаланылады. 

Құрылыс материалдарының қасиеттері. 

Материалдардың барлық қасиеттері өзіндік ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі: 

1.  Физикалық.  Оларға  салмақтық  сипаттамалары,  тығыздығы,  сұйықтар,  газдар,  жылу  мен 

радиосәулелер үшін өткізгіштік, қоршаған ортаның агрессивті әсеріне кедергілік қасиеті жатады. 

2. 

Химиялық. 

Материалдардың 

қышқыл, 

сілті, 


тұзды 

ерітінділерге 

тұрақтылық 

көрсеткіштерімен бағаланады. 

3.  Механикалық.  Қысу,  созу,  соққылау,  майыстыру  және  тағы  да  басқа  күштік  әсерлерге 

кедергілік қабілетімен сипатталады. 

4. Технологиялық. Материалдың бұйым даярлау кезінде өңдеуге төзімділік қабілеттілігі. 

Бұйымның  құрылымы  эксплуатацияға  сенімді  (жарамды)  және  төзімділікті  қамтамасыз  етуі 

қажет. 

Сенімділік дегеніміз - төзімділік, бұзылмау, жөндеуге жарамдылық, сақталғыштық. 

Төзімділік - бұйымның қасиеті жұмысқа жарамдылығын қажетті аралық жөндеулермен шектік 

деңгейге  дейін  сақтауы.  Шектік  деңгейі  бұзылу,  техника  қауіпсіздігі  немесе  экономикалық 

мәселелермен  анықталады.  Төзімділік  эксплуатация  режимі  мен  нақты  климаттық  шарттарда 

эксплуатациялық сапасын жоғалтпай қызмет көрсету мерзімімен өлшенеді. 



Бұзылмау  -  эксплуатация  шарты  мен  белгілі  режимде  белгілі  уақыт  аралығында  жөндеуге 

түспей бұйымның жүмысқа қабілеттілігін сақтауы. 



Жөндеуге  жарамдылық  -  техникалық  сипаттамасын  сақтай  отырып  қайта  қалпына  келуге 

қабілеттілік қасиеті. Орташа уақыт, еңбек сыйымдылығы, бір бұзылуды жөндеу бағасы көрсеткіштер 

болып табылады. 

Сақталғыштық  -  техникалық  құжаттамада  белгіленген  сақтау  мерзімінде  және  сақтау 

мерзімінен кейін, тасымалдауда негізделген эксплуатациялық көрсеткіштерді сақтау қасиеті. 

Негізгі  қасиеттері:  соның  ішінде  мысалы,  үйлерді  және  ғимараттарды  салуға  қолданғанда, 

пайдалану  ерекшеліктеріне  байланысты  материалдар  конструкциялық  қасиет  көрсетуі  қажет.  Бұл 

конструкциялық қасиетін құрылыста орындайтын функциясына байланысты  екі топқа бөлуге болады [1]. 

1.  Механикалық  -  егер  материал  құрылыс  құрамында  өзіне  сыртқы  жүк  әсерін  қабылдауға 

арналған болса; 

2.  Қоршаушылық  (айырушылық)  -  егер  материал  өзінің  қалыңдығы  арқылы  судың,  жылудың, 

газдың, жарықтың, дыбыстың өтулеріне тосқауыл болуы қажет болса. 

Материалдардың  механикалық    және  қоршаушылық  қасиеттері    оның  тығыздығына, 

құрылысына, кеуеуктілігі мен қуыстылығына, яғни физикалық қасиетіне тікелей байланысты. 

Материалдың  физикалық  қасиеттеріне  оның  салмақтық  сипаттамалары  (нағыз  және  орташа 

тығыздықтары)  және  судың,  аяздың  және  басқа  факторлардың  әсерінен  болатын  түрлі  физикалық 

прцесстерге қатынасы жатады.  

Нағыз тығыздық (р) - абсолютті тығыз қалпындағы материалдың білік көлеміндегі масса, г/см

3



 

Р = m / Va 

(1) 

 

Мұндағы m -  материалдың массасы; 



Va -  тығыз қалпындағы материал көлемі, см

3

.  



Берілген  қатты  материал  түйіршігінің  кеуексіз,  жарықсыз  шын  көлемін  таба  отырып,    оның 

нағыз  тығыздығын  анықтауға  болады.  Ол  үшін  сынауға  берілген  материалды  алдымен  ұнтақтайды, 

одан  кейін  Ле-Шателье-Кандло  аспабының  немесе  кәдімгі  көлем  өлшегіш  пикнометр  көмегімен 

порошоктың  белгілі  массасының  көлемін  анықтай  отырып,  келтірілген  формула  бойынша 

материалдың нағыз тығыздығын табады. 


 



 Физика–математика ғылымдары 

 

383 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

Табиғи  және  қолдан  жасалатын  минералдық  материалдардың  көпшілігінің  нағыз  тығыздық 



шамалары бір біріне жақын  - 2,4-3,1  г/см

3



Орташа тығыздық  - деп  табиғи қалпындағы материалдардың кеуегі, жарығы, қуысы қосылып 

есептелінген бір өлшем көлемдегі материалдың массасы,  кг/м³  немесе г/см

3



 



  Р= m/V 

(2) 


 

Мұндағы  m - материал үлгісінің массасы, г;    

V - табиғи қалпындағы материал үлгісінің көлемі, см

3



Қандай  пішінде  болғанда  да,  берілген  материал  үлгісінің  көлемін  және  массасын  өлшейді. 

Дұрыс  пішінді  үлгінің  көлемін,  қырларын  өлшеу  арқылы  ,  ал  кедір  бұдыр  бет  дұрыс  пішінді  емес 

үлгінің  көлемін  гидростатикалық  таразыда  Архимед  заңы  бойынша  немесе  үлгіні  парафиндеп,  ал 

парафин жоқ болған жағдайда кеуегін сумен толық сіңіртіп барып, көлем өлшегішті сыйымдылықтың 

көмегімен анықтайды. 

Ауалық  құрғақ  қалпындағы  кейбір  материалдардың  негізгі  физикалық  қасиеттері  (тығыздығы 

және жылу өткізгіштігі 1- кестеде  көрсетілген). 

 

 



П\п 

Материалдар 

атаулары 

Тығыздығы, кг\ м³ 

Кеуектік 

шегі, % 


Жылу өтк. 

коэф. 


Вт\ (м*С) 

Нағыз 


Орташа 

 

 



 

Бетон: ауыр, 



Жеңіл 

Ұялы бетон 

2600 

2600 


2600 

1600-2500 

1200-1800 

500-100 


10 

61,5 


80 

1,0-1,2 


0,20-0,75 

0,07-0,29 

Құрыш 


7800-7950 

7800-7850 

58 


Кірпіш: кәдімгі 

Қуысты 

2600-2700 



2600-2700 

1600-1900 

1300-1450 

32 


37-42 

0,75-0,81 

0,40-0,45 

 

Құрылыс материалдарының негізгі физика-механикалық қасиеттері 



Барлық құрылыс материалдарының өзіне тән негізгі қасиеттерін келесі топтарға бөлуге болады. 

 

1. Физикалық қасиеттері, олар мыналарды сипаттайды: 



-хал-жайының  параметрлері:  нақты  тығыздығы,  орташа  тығыздығы,  үйілген  тығыздығы, 

салыстырмалы тығыздығыкеуектігі; 

-материалдың суға қатынасы (гидрофизикалық):  

су сіңіруі, тамшы соруы, ылғал тартқышы, дымқылдығы, су 

өтпеушілігі, 

гидрофобтығы, 

гидрофильдігі, дымқылдық деформациялары, аязға төзімдігі, суға төзімділігі; 

-материалдың  жылуға  және  жоғары  температураларға  қатынасы  (жылу  физикалық):  жылу 

өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы, отқа беріктігі. 

2. Механикалық қасиеттері, материалдың сырқы күштер әсеріне қарсы тұру қабілетін сипаттайды: 

серпінділікті, сынғыштықты, беріктікті, қаттылықты, уатылуды, тозуды, релаксацияны сипаттайды [2]. 

3. Химиялық  қасиеттері,  әр  түрлі  химиялық  орталар  әсер  еткенде  материалдың  төзімділігін: 

атмосфераға тұрақтылықты, тұзға төзімділікті, қышқылға төзімділікті, сілтіге төзімділігін сипаттайды. 

4.Ұзақ мерзімді, сенімділік-материалдардың пайдалану барысында өзінің физика-механикалық 

қасиеттерін көрсететін қабілеттілігін сипаттайтын қасиеттері. 

Материалдың  барлық  қасиеттері  оның  құрамымен  және  құрылымымен,  әсіресе  кеуектің 

көлемімен  және  түрімен  анықталады.  1-кестеде  кейбір  құрылыс  материалдарының  негізгі 

қасиеттері келтірілген. 

Физикалық қасиеттері. Нақты тығыздықты анықтау. 

Нақты  тығыздық  р  -  көлем  дене  тығыздығы  анықталатын  нүктеге  жиналғанда  массаның 

көлемге қатынас шегі (яғни олардағы саңылаулар мен қуыстарды есепке алмағанда). 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет