Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:
Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.
Қазақстан республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.
Қазақстан республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.
Қазақстанның өтпелі экономикасы үшін Жапония мен Оңтүстік Кореяның өнеркәсіптерінің құрылымдық қайта құру тәжірибелері өте маңызды.
Өндірісті құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың оңтүстік Кореялық моделіне сүйене отырып, салалардың басыңқы бағыттарының алты критериі қолданылады:
Саланың экономикалық әлеуеті бағаланады, яғни ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылығына сүйеніп, тезірек экспортты қарқындату мүмкіндігі.
Ішкі нарықта сала өніміне сұраныстың өсуі.
Осы саланың дамуы елдің ең жоғары индустриальды стадиясына жетуге сәйкес келуі тиіс.
Салалар дамуы олардың шикізат пен энергия импортына аз көлемде тәуелді болуы керек.
Елдің сауда балансында тапшылықты аз мөлшерге дейін қысқарту мүмкіндіктерене баға беру.
Басым бағыттағы сала дамуы қаншалықты жағымды эффект беруге қабілетті болып, сонымен қатар экономиканың басқа сектор мен саласындағы өндіріс тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Аталған критерийлерді талдаудан кейін таңдап алынған саланы жеделдете дамыту жоспарын құруға кіріседі.
Осы мақсаттарға әлемдік тәжірибе көрсеткендей инвестиция көздеріне мыналар жатады:
халық жинақтарын банктермен, мемлекетпен бүтіндей, жартылай емес, қорғау кепілдіктері негізінде тарту;
шикізат экспортынан табыс пен ұлттық қорды құру;
тікелей және портфельді шетел инвестицияларын тарту;
кәсіпорынның шетел капиталымен бірлескен кәсіпорындар құру.