Сөж пәні: Қазіргі қазақ әдебиеті. Орындаған



Дата18.03.2023
өлшемі79,43 Kb.
#75306
Байланысты:
Берікханова Арайлым сөж жұмысы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті




СӨЖ
Пәні: Қазіргі қазақ әдебиеті.


Орындаған: Берікханова А.
Тексерген: Имаханбет Р.

Алматы, 2023 ж.


Мен сүйіп оқитын ақын, жазушы, драматург.
"Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздеймін, іздеуге тағат бар ма?
Сені маған егіз қып жаратқан ба?!
Иә, музасын поэзиядан іздеген ақиық ақын Мұқағали Мақатаев менің ең сүйікті ақыным. Қарасаздың топырағынан нәр алып өскен атамыздың балалық шағы сұрапыл соғыспен тұспа- тұс келген. Небәрі 10 жасында әкесі соғысқа аттанады. Ең алғашқы өлеңі соғысқа аттанған әкесіне арналды. Содан бастап оның өлеңдері газеттерге шыға бастады. Қазірде Мұқағали атамызды танымайтын адам жоқ шығар. Оқырманның жүрегінен орын таба білген, ыстық ықыласына бөленген ақын. Маxаббат поэзиясын оқығыңыз келсе, Мұқағалиді оқыңыз. Әрбір өлеңі сондай бір ерекше сезіммен жазылғаны көрініп- ақ тұр. Қырық бес жыл ғұмырында артына өшпестей із қалдырды, том-том боп басылып шыққан кітаптары оқырманның қолдан-қолға түспей, үзбей оқып жүретін кітаптарына айналды. Өзім жастанып ұйықтайтын "Соғады жүрек", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" жыр жинақтарын айтар едім. Мақатаев поэзиясы ана мен бала, туған жер, Отан, атамекен, өмір мен өлім сияқты кең ауқымды тақырыптарды қозғаған. Оның қайталанбас лирикалық өлеңдері оқырманның жүрегінде мәңгі сақталады.
Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқырмандарының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады.
Оралхан Бөкей – публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушысы, драматург. 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.
Оралхан Бөкей шығармашылығы – таныс әрі бейтаныс әлем. Көз алдыңда көлбеңдеп жатқан өмір суреттері болмысты баяндап қана қоймайды, оқырманға қиялдау, ойлану, мұңаю, өз-өзіңмен сырласу мүмкіндіктерін сәт сайын сыйлайды. Жазушының қиял қанатымен біраз жерге барасың, одан кейін өз қиялыңмен әрі қарай самғайсың. Міне, Оралхан қолтаң­басының құдіреті осында. Оралхан шығармасын оқып біткен сәтте: «Еһ, өмір деген осы екен ғой…» – деген ой санаңда қылаң беріп тұрады.
Оралхан шығармалары – тұтас панорама. Бөліп қарауға болмайды. Бірін-бірі толықтырып, бір-бірімен үйлесім тауып тұрған алып сөз күмбезі. «Бәрі де майдан», «Мұзтау», «Құм мінезі», Ауыл хикаялары», т.б. шығармаларынан көзбен көріп, қолмен ұстайтындай айырмашылықты, аласасын, биігін көрсетуге болар. Бірақ көңіл түйсігі, талғам таразысына салсаңыз, беймәлім, тым-тым тереңде жатқан ұлы рухани тұтастықты байқарыңыз сөзсіз.
Кейде, адам өзінің кіндік қаны тамған топырағына тартып туа ма деген ойға бойласам, Оралхан Бөкей дегенде, көз алдымда асқар Алтай, оның сұлу табиғаты елес береді. Көкшетаудың асқан сұлулығы – сыршыл ақын Сәкеннің, жұмақ мекен Жетісудың тіл жетпес көркемдігі Ілиястің жырларына өзек болғандай, өр Алтайдың келісті кескіні Оралханның шығармаларынан айқын көрінеді. Киелі мекеннің көздің жауын алатын тұмса табиғатымен жаны егіз суреткер әдебиеттің көкжиегін кеңейтті, қазақ прозасын шырқау көкке көтерді. Менің әдебиетке, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігімді оятқан һәм үлкен құрметпен оқитын сүйікті жазушым – Оралхан Бөкей. Әлі күнге дейін шығармаларын қайталап оқимын, оқыған сайын сөз құдіретіне, жазушы шеберлігіне бас иемін. Шерхан Мұртазаша айтсақ: «Олар: жасқа – ақыл, кәріге қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады».Көркем сөз өнері қас шеберінің жүрек тілімен кестелеген әр туындысы жаныма жақын. Себебі, онда шынайылық бар, тазалық бар. Оралхан Бөкейдің өзі: «Менің повестерімдегі, әңгімелерімдегі барлық сюжеттер туған жер туралы естеліктер, жас шақтағы болған оқиғалармен байланысты. Менің жерлестерім – қазақтар – мінездері бірқалыпты, адал және жүректері ашық адамдар», – деп жазады. Әр адамның жүрегін туған жерге деген махаббат пен сағыныш кернері тұрары сөзсіз. Міне, мен оның шығармашылық қолтаңбасының ерекшелігі де осы деп білемін.«Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Зымырайды пойыздар», «Жау тылындағы бала», «Жанар», «Атау кере» сынды сахналық туындылары – Оралхан Бөкейдің драматург ретіндегі жұлдызын жарқырата түскен шоқтықты шығармалар.Ерекше ықыласымды аударған туындысы – «Атау кере» повесі. Екі мәрте оқыдым. Осыдан сәл уақыт бұрын тағы бір парақтап шықтым.Қаламгер үшін ең басты дүние – жүрек тазалығы шығар деген ойға қаламын. Мен өзім ақын ретінде жүрегімді сәл нәрсе кірлеткенде, кіршіксіз тазалықты балалық пен табиғаттан тауып алатындай болам. Сондықтан да шығар, балалығым қалған ауылға, сұлу табиғатқа құштар болып тұрам. Жазушының бұл туындысында ұлт тағдырына қатысты адамзаттық мәселелердің қозғалуы да мені ақын ретінде де, мемлекеттік қызметші ретінде де көп ойға батырады, толғандырады.
Қорытындылайтын болсам, осы жұмысымда мен өзіме ұнайтын,сүйіп оқитын және шығармаларын ерекше бағалайтын екі тұлға жайлы қысқаша баяндадым. Мұқағали Мақатаев – қазақ әдебиетіндегі ақындық қуаты мықты қазақ поэзиясының жарқын бейнесі дейтін болсақ, Оралхан Бөкей – қазақ прозасын көкке көтерген жазушы.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет