«Жер және ғарыш». Жер ғаламшары үшін Күннің рөлі. Ай – Жердің табиғи серігі. Күн жүйесінің ғаламшарлары, олардың орналасу реті және сипаттамалары. Жер тобындағы ғаламшарлар. Алып ғаламшарлар. Уақытты өлшеу бірліктері: жыл, ай, апта, тәулік, сағат, минут. Ғарыштағы қашықтық пен уақыт ерекшеліктері.
«Табиғат физикасы». Денелердің түрлі жылдамдықпен қозғалуы. Жылдамдықтың сипаттамасы: жылдам, баяу. Қозғалыс тудыратын күштер: тарту және итеру. Заттың массасы. Әртүрлі құралдарды пайдаланып, заттардың массаларын өлшеу. Мөлдір, мөлдір емес, жартылай мөлдір материалдардың жарықты өткізуі. Қатты және бәсең дыбыс көздері. Температура. Температураны өлшеу. Термометрлер. Температураны өлшеу бірлігі – градус. Магнит қолданылатын салалар.
3) 3-сынып
«Мен зерттеушімін». Ғылыми жаңалықтар және олардың адамның күнделікті өміріне әсері. Ақпарат көздерінің түрлері. Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Экспериментті жоспарлау және жүргізу. Эксперимент нәтижелерін диаграмма түрінде көрсету. Қорытынды жасау.
«Тірі табиғат». Фотосинтез үдерісі туралы алғашқы түсінік. Өсімдіктердің бейімделуі. Жылусүйгіш, суыққа төзімді, көлеңке сүйгіш, жарықсүйгіш, шөлге төзімді, ылғалсүйгіш өсімдіктер. Табиғи бірлестіктер – жанды және жансыз табиғаттың қауымдастығы. Өз өлкесінің табиғи бірлестіктері. Адам тіршілік әрекеттерінің өсімдіктердің алуантүрлілігіне әсері. Табиғаттағы және адам өміріндегі өсімдіктердің рөлі. Өз өлкесінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктері. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың маңызы. Жануарлар. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар. Жануарлардың өзара қарым-қатынас жасау түрлері. Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы өзара байланыс. Тіршілік ортасындағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты жануарлардың санының өзгеруі (құрғақшылық, су басу, батпақтану). Адамның жануарлардың санының азаюына әкелетін іс-әрекеттері (ағаш кесу, аңшылық, құрғату). Адамның ішкі ағзалары. Асқорыту жүйесі, оның адам тіршілігіндегі рөлі. Тыныс алу жүйесі және оның ағзалары (өкпе, мұрын қуысы, жұтқыншақ, кеңірдек). Тыныс алудың адам ағзасындағы рөлі. Қан айналымы жүйесі және оның адам ағзасындағы ролі. Жүрек. Тамыр соғуы. Адамның ағзасын ауру мен инфекциялардан қорғау. Иммунитетті нығайту.