«Заттар және олардың қасиеттері». Заттардың қасиеттері (қаттылық, мөлдірлік, серпімділік, т.с.с). Заттарды қасиеттеріне байланысты қолдану. Құрастырылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу. Адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану. Ауаның ластануы. Ауаның ластануының табиғи және жасанды көздері. Ауа тазалығын сақтау. Ауаны тазарту жолдары. Ауаның орын ауыстыруы. Жел, оның табиғаттағы және адам тіршілігіндегі пайдасы мен зияны. Табиғаттағы су айналымы. Атмосфералық жауын-шашынның түзілуі. Шық пен қырау. Қар, жаңбыр, бұршақ. Бұлт. Ауа райы. Судың ластану көздері (тұрмыстық, өндірістік, ауылшаруашылық). Судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіру. Түрлі заттардың судағы ерігіштігі. Пайдалы қазбалар (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір). Пайдалы қазбаларды қолдану. Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындары. Пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді қолдану.
«Жер мен ғарыш». Жер бетінің ірі элементтері. Құрлықтар мен мұхиттар. Құрлықтар мен мұхиттардың глобуста орналасуы. Ғарыш денелері (астероидтар, кометалар, метеориттер, жұлдыздар, галактикалар). Жердегі тіршілікке ғарыштың әсері. Жердің орбита бойынша қозғалысы. Жыл мезгілдерінің ауысуы. Жыл мезгілдері.
«Табиғат физикасы». Архимед күші. Архимед күшін болжау. Архимед күшінің судағы заттарға әсері. Көлеңкенің кедергі өлшеміне және жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігі. Жарықтың қасиеттері. Шағылысу. Жұтылу. Белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсері. Материалдардың жылуөткізгіштігі. Материалдардың электрөткізгіштігі.
Оқыту мақсаттарының жүйесі: 1-бөлім «Мен зерттеушімін»:
Бөлімше
1-сынып
2-сынып
3-сынып
4-сынып
1.1. Ғылым мен
зерттеушілердің
рөлі
1.1.1.1 қоршаған әлем
құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру
2.1.1.1 қоршаған әлем
құбылыстары, үрдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау
3.1.1.1 маңызды ғылыми
жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу
4.1.1.1 зерттеулердің
өзекті бағыттарын өз пайымдаулары негізінде анықтау
1.2. Табиғатты
тану әдістері
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру; 2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.3 бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу; 2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру;
2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу; 3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
4.1.2.1 зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне байланысты негіздеу; 4.1.2.2 алынған нәтижелерді оқушы таңдаған формада ұсыну
2-бөлім «Тірі табиғат»:
Бөлімше
1-сынып
2-сынып
3-сынып
4-сынып
2.1
Өсімдіктер
1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың тіршілік формаларын анықтау; 1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату; 1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату; 1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу; 1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын сипаттау
2.2.1.1 өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда өсіп-өну мүмкіндіктерін зерттеу; 2.2.1.2 өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау; 2.2.1.3 өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау; 2.2.1.4 өсімдік топтарын тіршілік ортасына және қоршаған ортаның жағдайларына (ылғал) бейімделу жолдары бойынша салыстыру; 2.2.1.5 өз өлкесінің өсімдік топтарын сипаттау; 2.2.1.6 топырақты күтудің маңызын түсіндіру;
2.2.1.7 өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру
3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттегіні бөлуін түсіндіру; 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру; 3.2.1.3 өз өлкесіндегі табиғи бірлестіктерді сипаттау;
3.2.1.4 адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру; 3.2.1.5 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау
4.2.1.1 қоректік тізбектегі өсімдіктердің рөлін анықтау; 4.2.1.2 өсімдіктің тіршілік циклін сипаттау; 4.2.1.3 тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттау; 4.2.1.4 тұқым таралу жолдарын сипаттау; 4.2.1.5 төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді ажырату; 4.2.1.6 өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну
2.2
Жануарлар
1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату; 1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін түсіндіру
2.2.2.1 жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер; 2.2.2.2 жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау; 2.2.2.3 жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру; 2.2.2.4 жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу; 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау; 3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу; 3.2.2.5 тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының өзгеруін түсіндіру; 3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына себепші болатын іс-әрекет түрлерін анықтау
4.2.2.1 өз өлкесіндегі жануарларды жіктеу; 4.2.2.2 бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттау; 4.2.2.3 өсімдікқоректі және жыртқыш
жануарларды ажырату; 4.2.2.4 симбиоздық қарым-қатынасқа мысал келтіру; 4.2.2.5 қоректік тізбектің құрылымын түсіндіру; 4.2.2.6 белгілі бір тіршілік ортасындағы қоректік тізбектердің модельдерін құрастыру; 4.2.2.7 жойылу шегінде тұрған жануарларға мысалдар келтіру; 4.2.2.8 ұлттық саябақтар мен қорықтарды құрудың мақсаттарын түсіндіру
2.3 Адам
1.2.3.1 адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін атау; 1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау
2.2.3.1 адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау; 2.2.3.2 дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру; 2.2.3.3 бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру; 2.2.3.4 денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау; 2.2.3.5 тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықта
3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау; 3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау; 3.2.3.3 тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 3.2.3.4 қан айналымы жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану
4.2.3.1 зәр шығару жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 4.2.3.2 жүйке жүйесі және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау
3-бөлім «Заттар және олардың қасиеттері»:
Бөлімше
1-сынып
2-сынып
3-сынып
4-сынып
3.1 Заттардың
типтері
3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу
4.3.1.1 заттардың қасиеттеріне байланысты қолдану аясын анықтау; 4.3.1.2 құрастырылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу
3.2 Ауа
2.3.2.1 біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру; 2.3.2.2. ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі); 2.3.2.3 ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылуөткізгіштігін зерттеу
3.3.3.1 судың тірі ағзаларда және өлі табиғатта кездесетінін түсіндіру; 3.3.3.2.судың негізгі табиғи көздерін салыстыру; 3.3.3.3 ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру; 3.3.3.4 суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну; 3.3.3.5 суды тазартуға арналған фильтрдің өз моделін ұсыну; 3.3.3.6 судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру
4.3.3.1 табиғаттағы су айналымын сипаттау; 4.3.3.2 атмосферада жауын-шашынның түзілу үдерісін сипаттау; 4.3.3.3 судың ластану көздерін анықтау; 4.3.3.4 судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіру; 4.3.3.5 түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттеу.
3.4 Табиғат
ресурстары
2.3.4.1 табиғи ресурстардың қолданысын анықтау; 2.3.4.2 табиғи ресурстарды шығу тегі бойынша жіктеу
3.3.4.1 кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін түсіндіру; 3.3.4.2 топырақтың негізгі құрамын зерттеу (құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа); 3.3.4.3 топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау; 3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу
4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз , мұнай, гранит, көмір) қолданылу саласын анықтау; 4.3.4.2 Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету;
4.3.4.3 пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді қолданудың жолдарын ұсыну
4-бөлім «Жер және ғарыш»:
Бөлімші
1-сынып
2-сынып
3-сынып
4-сынып
4.1 Жер
1.4.1.1 Жердің пішінін моделі негізінде анықтау
2.4.1.1 Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіру; 2.4.1.2 Жердің табиғи серігін анықтау
3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу
4.4.1.1 жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау
4.2 Ғарыш
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау; 1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау
2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау; 2.4.2.2 Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру
3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу; 3.4.2.2 адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру
4.4.2.1 жекелеген ғарыш денелерін сипаттау; 4.4.2.2 Жердегі тіршілікке ғарыштың әсерін анықтау
4.3 Кеңістік және уақыт
1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру; 1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау
2.4.3.1 негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажырату; 2.4.3.2 ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру
3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру
4.4.3.1 Жердің орбиталық айналуының салдарын түсіндіру; 4.4.3.2 жыл маусымдарын сипаттау
5-бөлім «Табиғат физикасы»:
Бөлімше
1-сынып
2-сынып
3-сынып
4-сынып
5.1. Күштер
және қозғалыс
1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалуына мысал келтіру; 1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау; 1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
2.5.1.1 түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру; 2.5.1.2 жылдамдықты түсіндіруде оның сапалық сипаттамаларын қолдану (жылдам, баяу); 2.5.1.3 қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу; 2.5.1.4. массаны анықтауға арналған құралдарды таңдау және пайдалану
3.5.1.1 серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру; 3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру; 3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру; 3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау
4.5.1.1 Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру; 4.5.1.2 судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау
5.2 Жарық
1.5.2.1 жарық пен қараңғыны салыстыру; 1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату; 1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау
2.5.2.1 кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу
3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру; 3.5.2.2 денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін түсіндіру
4.5.2.1 көлеңкенің кедергі өлшеміне және жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру; 4.5.2.2 жарықтың шағылысуы, жұтылуы сияқты қасиеттерін зерттеу және түсіндіру
5.3 Дыбыс
1.5.3.1 дыбыстың таралу ерекшеліктерін түсіндіру; 1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату
2.5.3.1 дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу
3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
4.5.3.1 белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру
5.4 Жылу
1.5.4.1 жылыту құрылғыларын анықтау.
2.5.4.1 түрлі денелердің температурасын өлшеу.
4.5.4.1 түрлі материалдардың жылу өткізгіштіктерін зерттеу
5.5 Электрлік
1.5.5.1 адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру
3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау; 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау; 3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну
4.5.5.1 әртүрлі материалдардың электрөткізгіштігін зерттеу
5.6
Магниттілік
1.5.6.1 магниттік қасиеті бар денелерді анықтау; 1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу
2.5.6.1 магниттерді қолдану аясын сипаттау
3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу