Байланысты: дипломка 10 әкімшілік жаза түсінігі 6 готово
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершілік ролінің маңызы жаңаша көзқарас тұрғысынан тұңғыш рет кешенді түрде қарастырылып, ғылыми айналымға түсті. Әкімшілік жауапкершілік түсінігіне анықтама берілген және оның мазмұны жан-жақты қарастырылған. Осы мәселе жетілдіру мақсатында заңнамаға кейбір түсініктерге анықтама беру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар бар. Әкімшілік жауапкершілікті түрлі нысанда қолдана отырып, елдегі әкімшілік құқық бұзушылықтар санын төмендетуде тек теориялық тұрғыда ғана емес, тәжірибелік тұрғыда да маңызды негіз болып табылатындығы, мемлекеттің міндеті –Конституцияға сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңды түрде сақтап, оны қорғаудаәкімшілік жауапкершілікті дұрыс қолданудың маңызы ерекше екендігі айқындалып қарастырылды.