Мінездеме. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты «6В01301-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс ҚБТ қолдану арқылы күндізгі бөлім студенті Назарбек Балжан №179 жалпы білім беретін мектепте педагогикалық іс-тәжірбиеден өтті. Педагогикалық іс-тәжірбиеден өту кезінде Назарбек Балжан өзін жақсы қырынан көрсете білді. Өз саласынан бөлек компьютерлік бағдарламаларды да жақсы меңгергендігін көрсетті.
Берілген жұмысты уақтылы және сапалы орындай білді.Мектепте,мектептен тыс болған іс-шараларға қатысып жүрді.Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым-қатынаста болды.Мектеп ұжымының мүшелерімен ғана емес,сонымен қатар оқушылармен де жылдам тіл табыса алды.
Оқушыларды жақсы көріп,өзінің білмегенін үйретуге деген құштарлығы көрініп тұрды.Қарым-қатынаста тұрақты,белсенді,ашық,өз ойын анық жеткізе алады. Назарбек Балжан болашақта білікті де ,білімді,үлгілі Қазақстан Республикасына адал қызмет ететін азаматшасы болатынына мен сенемін.
Мектеп директоры: Ш.Т.Иманбекова
Директор орынбасары: А.Т.Карбозова