Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бірінші - өз үйі жанұясы, екінші - өскен ортасы. Ал отбасынан алған тәрбиені дұрыс өрбіту мектептің міндеті. Ол міндетті орындауға басты тұлға мектептің жүрегі - мұғалім. Мұғалім – берген білім, үйреткен тәрбиесімен мәртебелі. «Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол ұстамдылық , ол- ұстаздық». «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма да бірнеше жыл болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым-үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойына жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жету. Ендеше, мұғалім жұмысының негізгі ісі өзінде. Қай қоғамда болмасын ұстаз жоғары болған.
Осындай жаһандану заманында тіл мен дінін, ділін берік ұстанған ұрпақ оқыту. Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым ұлттық тіліміздің бар сырын студенттердің бойына сіңіріп, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қамдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу.