Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Ас тұзының емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға, тіл-көзден, үй ішін аластау үшін пайдалану.
3
Кіріспе
Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тұз - Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұтыну үшін, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Обь өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды.
Қазіргі таңда ғалымдар ізденіс үстінде, әлемді таңқалдыратын жаңалықтар ашуда. Алайда сондай ұлы ізденістердің арқасында, көз алдымызда тұрған, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды елемейміз. Мысалы: сіріңке, нан, тұз, сабын. Нан мен тұз! осы қасиетті екі сөзде алдымен нан аталғаны әрқайсымызға да түсінікті. Наннан соң неге тұз тұр? Неге қант емес?
Ас тұзсыз адамзаттың тіршілігін елестету қиын. Ас құрамында тұз жетімсіз болса, футболистің аяқ балтыры сыздап доп тебе алмас еді. Метрлік қашықтыққа қатысқан желаяқ мәреге жете алмай құлар еді. Адам организмінде тұздың жеткіліксіздігі жалпы денсаулық жағдайына әсер етеді. Тұзды қажетсінуіміз ауа мен суға зарығуымызбен бірдей. Ас тұзының қасиеттері мені өте қызықтырды. Қазір ас тұзы әр адамның дастарқанында, бірақ ол тағамға қосатын дәмдеуіш ретінде қолданылады. Ал мен тұздың басқа да қасиеттерін зерттедім. Ас тұзының алуан түрлі сырқатқа қарсы шипалық қасиетін тиімді пайдалану және насихаттау бұлзерттеу жұмысымның өзектілігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |