Алматы қаласының білім басқармасы



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі77,14 Kb.
#92582
1   2   3
Қасқа деп қазақ тілінде көшпенділердің тікелей өмірімен тығыз байланысты қасиетті жануар- жылқы малының дәл маңдайына орналасқан ақ теңбілді айтады. Өмірде жиі кездесетін «Жирен қасқа айғыр», «Торы қасқа бие», «Көк қасқа құнан», – деген атаулар қасқа сөзінің қандай мағанада қолданылатын көрсетеді. Осы мағананы негізге алар болсақ «Қасқа жол» деген сөз тіркесі ақ жол, халықты адастырмайтын тура жол, бақытқа жетелейтін сара жол деген мағана білдірсе керек. Міне сөздің құдіретін бағалайтын бабаларымыз Қасым ханның қазақ халқының мүддесіне сай шығарылған заңдар жинағын тура жолға, ақ жолға балап “Қасым ханның қасқа жолы” деген қысқа қайырған мазмұны терең атау бергенін байқаймыз.
Ел басқару жүйесінде ата жолынан аумаған Қасым хан заман ерекшелігіне орай, жаңа низам жүйесін енгізеді. ”Қасым ханның қасқа жолыаталатын бұл көне Жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырады, әдет-ғұрып тұрмыс-салт ережелерін заңдастырып, жеке адамдар арасындағы ру тайпалар мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін реттейді. Қасым хан әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, тарихқа «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен енген өзі дайындаған конституциялық құжаттың көмегімен ел басқарды. Бұл қазақ ұлтында жасалған тұңғыш заң еді. Заң бес тараудан тұрды. Заңда Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи әдет-ғұрып ерекшеліктер сақталып, сол кездегі қазақ жұртының табиғатына сай етіп жасалған болатын. Қазіргі күні кейбір мәтелдер сол заңның тармақтарынан алынған. Қасым хан отырықшы елдердегі тәртіп-заңға ұқсамайтын көшпенді халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, ой-көзқарасына орай жаңа заң "Қасым ханның қасқа жолы" деп аталып кеткен тәртіп орнатты. Қазақ хандығының мемлекеттік негіздері де осы заңда көрініс тапты.14  
"Қасым ханның қасқа жолы" деп аталған, халқының ұлттық, әлеуметтік жағдайына сай әдет-ғұрып пен биліктің жаңаша Дала заңының негізін қалаған, өз билігі кезінде Қазақ хандығын сол заманғы ең қуатты елге айналдырған, атақ-даңқына өз халқымен бірге көрші елдер де қанық болған, батырлық пен қайсарлық, кемеңгерлік пен табандылық, мейірім мен дарқандық, адам қызығарлық жан жомартығы сияқты ұлтының асыл қасиеттерін бойына жиған жұрт осы заңмен тәрбиеленген. Бір сөзбен айтқанда, “Қасым ханның қасқа жолы”-қазақ жұртының 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет