Тақырып 8. Ақша-несие саясаты
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі мңызды роль атқарады.Ол арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтық ақшалай есеп айырысулар мен тӛлемдер
54
жүргізіледі,ол уақытша бос ақшалай қаражаттард,халықтық жинақтары ментабыстарын
жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталдарға айналдырады, сондай-
ақ кӛптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық,сенім, кеңес беру
және басқа да операцияларды орындайды.
Ӛндіріске қатысты алғанда,екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты
және елеулі ықпал етеді.Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, ӛндіріс
тиімділігінің ӛсуін қолдай отырыпақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта
қйылуын қамтамасыз етеді
1.
Монетарлы саясаттың мазмұны
Жиынтық сұраным мен ұсыным құрылымы экономикалық саясаттың сұранысты
арттыруына немесе тӛмендетуіне ықпал ету мүмкіндігі бар екенін кӛрсетеді.Монетарлы
саясатты федеральды қор жүйесі бақылайды. Саясаттың негізгі қызметі- ақша қорының
ӛзгеруінің, проценттік ставканың жеңілдік молшерін айқындау, бан кжүйесін бабылау,
фискальды саясатты сьезд, не конгресс бақылайды, әдетте бұған конгресс мемлекеттің
атқарү бӛлімдері де жауапты.
Қарайтын мәселелері – салық мӛлшері мен мемлекет шығыны. Бұл жерде қаржы
және фискалды саясаттың экономикаға әсері сенімсіз. Ендігі кезекте тұрақтандандыру
саясаты экономикадағы ӛсу, инфляция және жұмыссыздық мӛлшерінің ауытқуын
қарастырады
Қазіргі таңдағы Монетарлы саясат біршама ӛзгеріске ұшырады.Монетарлы
саясаттың барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдылық қайта
құруда жүріп жатқан ӛзгерістерге байланысты жаңғыртылуда.Ғылыми-техникалық
революцияның дамуы себепші болған ӛндірістің шоғырлануы мен орталықтандыруын
талап етті, соған сәйкес банктер ӛз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру
жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономикадамуының
ӛзгермелі жаағдайына бейімделу қатар жүреді, монетарлы саясат құрылымдылық қайта
құрылүы кӛз алдымызда, белгілі бір мамандандырудың ссақталумен қатар, банк
қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орн алады, несиелік мекемелер дің динамизмі
байқалады Бюджет тапшылығы .дағдайында үкімет шығарған шығынын салықтан түскен
кіріспен жабу үшін қарыз алатын болса, мұны ығыстыру деген терминмен аатамыз.
Демек, Монетарлы саясат мӛлшерлемесін ӛсіруге түрткі болып, сол үшін жеке шығынды,
яғни инвестицияны ығыстыруды деп түсінеміз
2.
Монетарлы саясатты ӛткізу және ӛңдеу бойынша Орталық банктің
функциялары
Республиканың Орталық банкінің басты мақсаты – экономиканы тӛлем
құралдарымен үздіксіз қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне
жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру , банк қызметін реттеу болып
табылады.Ол басқа қаржы несие құралдарымен бәсекелеспейді және ӛзқызметінде
пайданы табу мақсатын кӛздемейді.Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер ӛз
клиенттеріне –шаруашылық субьектілеріне мен халыққа не жасаса, Орталық банкі де
соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер жән ебасқа да несиелік
мекемелер болды. Осыдан келіп Орталық банкіні «Банкілердің банкі» деп атайды.
Коммерциялық банктер және жинақ мекемелер халықтан салымдарды да қабылдап ,
оларға қарыздар береді.
Орталық банк Монетарлы саясат ӛткізу және ӛңдеу бойынша функцияларын
атқару үшін:
55
Коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды
Коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты
қысқа мерзімді қарыздар береді
Жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады
Банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді
Орталық банкікің маңызды қызметі – банктердің , жинақ және т.б. несиелік
мекемелердің резервтер деп алатын салымдарын сақтау болып табылады.
3.
Коммерциялық банктердің экономикадағы ролі
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бӛлімшелері
бар банктерге және банктік топтарға бӛлуге болады. Кӛптеген елдерде банк жүйесінің бір
типі берілген, ал Қазақстанда дамыған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Несиелік жүйенің тӛменгі буыны халық шарушылығына тікелей қызмет кӛрсететін және
коммерциялық негізде кең кӛлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер
торабынан тұрады.Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік
заңдылықтарға коммерциялық банктер деген атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезкңінде, банктік
сауда, тауар айырбасы операциялары мен тӛлемдеріне қызмет кӛрсетулері барысында
пайда болды.Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осыдан «коммерциялық
банк»деген атауға ие болды).Бірақ ӛнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер
экономиканың ӛзге де сфераларына қызмет кӛрсете бастағандықтан да банктің
«коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.Ол банктің іскер
«іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне
қызмет кӛрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық
банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет кӛрсететін
несиелік мекемелердің торын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер ӛз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан ӛнімдер мен
қызмет кӛрсетуге дайын. Мұндай кең кӛлемді операциялар коммерциялық банктерге ӛз
клиенттерін сақтай отырып, қолйсыз жағдайда жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бұл операциялардан болған зиян, екінші операциялардан түсетін пайда есебінен
жойылады. Нарық экономикасы дамыған елдердің коммерциялық банктері несие
жүесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық жағдай емес. Олар
ӛзгермелі ақша-несиелік нарығының жағдайына кӛндігетін қабілетінің барлығын кӛрсете
алады.
Жалпы қоғамға кӛмек, олр банктен алған қарыздары есебінен ӛздерінің ӛнімдерін
ӛндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана паййданы сезінеді (мысалға жалпы пайда
нормасын 4-тен 5% ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дырыс таңдай отырып,
олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды тӛлеуге кімнің жағдайы келсе,
соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі
бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек
түгіл уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге пайдасы жоқ..
Коммерциялық банктер ӛз клиенттерін қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады,
бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етеді, екінші жағынан ӛтімділікке деген
клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Кӛптеген клиенттер үшін облигацияға немесе
акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшан ысақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды
орындаудан кӛрініс табады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен
қарыздар беру жатады. Банктер ӛз пайдаларының кӛп бӛлігін осы операциялар бойынш
56
апайыздық айырмадан алады. Бірақ осы қызмет тӛңірегінде банктік ӛнімдердің кӛптеген
нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмьеьап банктер банк қызметінің барлық аспектілерін түгелдей
қамтитін ӛнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелкстік
артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатң
түрде белгілі бір қызметтер түрлерін кӛрсетуге маманднуға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді. Ал
заңды және жеке тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша қаражаттының болуы және
оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдалану ақша нарығының негізі болып табылады.
4. Бағалы қағаздардың нарығының құралдары және мәні
Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан
қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық капиталдың қайта құрылуын
реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік
береді. Б ағалы қағаздар нарығының дамуы экономиканы кӛтеруге мынадай шараларында
іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, монополиялансыздандыру,
шағын кәсіпорындарды қолдау, ақша айналысын нығайту.
Тауарлар мен қор құндылықтарының биржалық саудасы тяу арадағы ресурстарды
қорландыру жүйесінен және бір орталықтан капитал жұмсалымдарын үлестіруден
тауарлар және қаржы тасқындарының нарықтық реттеу әдісіне ӛтуге мүмкіндік
жасайды. Акцияларды шығару мемлекеттік құрылымдары мемлекет иелігінен алудың ең
басты құралдарының біріне және ӛнеркәсіпті жандандыру мен қайта құруда жеке және
заңды тұлғалардың ақшалай табыстарын жұмылдырудың тиімді құралдарына айналуда.
Сондықтан да бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың барлығының алдынды бағалы
қағаздармен жасалатын операциялардың теориясы мен техникасын игеру; биржалық істің
реттеуді регламенттеуді үйрену; мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу және
жекешелендіруге байланысты іс-тәжірибелерді игеру міндеттері тұрады.
Бағалы қағаздар нарығының міндеті – бағалы қағаздарды бағада инвестицияға
толық қаражат жұмсаудыы қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңын сәйкес кӛрсетілетін бағалы қағаздар
нарығының негізгі идеологиясы келесідей қағидалардан тұрады:
әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудың
барлық түрлері боойынша және тура ақпараттардың болуы
бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық
фирмалар, қор биржалары және тауар биржаларының бӛлімшелер,
брокерлік фирмалар және т.б.) біліктілігі
Бұл аталған мекемелердің жұмысындағы кәсіби саспасы туралы қойылатын
талаптардың маңызы арта түседі. Инвестициялық қор ретінде құрылатын кез келген зағды
тұлғаның штабында бағалы қағаздармен жұмыс жасай алатын мамандар болуы міндетті.
Ол алғашқы және қайталама бағалы қағаздар нарығының дамүы туралы хабардар болуға
тиіс.
Қазақстанда нарықты обьективті түрде реттеу үшін мыналар қажет: біріншіден,
оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындарымен қатар, жеке кәсіпкерлер және
қалыптасып келе жатқан шағын және орта бизнесті, сол сияқты үкіметтің бюджетінің
тапшылығын қаржыландыру қажетті ресурстарды іздестірумен тікелей байланысты
болуы, екіншіден, республика азаматтарына бағалы қағаздар сатуға және сатып алуға
мүмкіндік беретін үкіметтің жекешклендіру стратегиясымен байланысты болуы,
үшіншіден, ақш амассасына Ұлттық банк жағынан нарықты реттеудегі білікітлік
республикамыздағы нарыққа ӛтудегі жаңа кӛптеген мәселелерді шешуге кӛмектеседі
57
Біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік нарыққа ӛтуіміздегі ең
ӛзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар нарығына байланысты жинақталған барлық
құндылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.
Қор нарығын мемлекеттік реттеудің қажеттілігін әлемдік тәжірибе кӛрсетіп тұр.
Ол әр елдегі ӛзіндік ерекшеліктерге ерекшеліктерге қарай ескерілетін жағдайда,
мемлекеттік реттеу дің формалары мен әдістерінің ортақ үлгісін жасайды
4.
Ақша- несие саясатын таңдау бағыттары. Қазақстандағы монетарлы саясат
Несиелік саясаттың ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір
принциптер мен бағыттар жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық
қатынастарға ӛту кезкңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін
ұцымдастырға мемлекеттік монополия, басқа банктіқ емес институттармен үйлестіре
отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша –несие саясатының бірлігі, несиелік
мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет кӛрсету орындарына жақындату,
мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттікң банктердің құрылүы мен
жойылынуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін заң
жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіреді. Ұлттық Банк Қазақстан
Республикасы аумағында банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп
отырады.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулу
дәежесі – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және
валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып кетеді.
Президенттің «Қазақстан Республика Ұлттық банкі туралы» заң күші бар
жарлығында былай жазады: «Жүргізіп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және
оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің
тиімділігінқамтамасыз ету мақсатында банк:
a.
Қазақстан
Республикасы
Қаржы
министрлігіне
заем
алушының
кепілдендірілген міндеттемесі келісімді шарттарымен қысқа мерзімді
несиелер береді
b.
Осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстан халықаралық
ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен Қазақстан
Республикасы қаржы министрлігі қосымша несиелер береді
Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тцрізді әрбір несие
бойынша қайтарымдылық мақсатты-сипатына мерзімділігі мен тӛлемдік шарттары сәйкес
келетін қарыз алады
Тақырып 9. Бюджеттік-салықтық (фискалдық) саясат
1.
Фискалды саясаттың құралдары мен мақсаты
2.
Салықтар классификациясы. ҚР-сының салық жүйесі
3.
Фискалды саясаттың негізгі түрлері
Кӛптеген мемлекеттік табыстардың ішінде ең кӛп тарағаны және міндетті түрде
алынатыны – салықтар. Олар мемлекеттің ең маңызды табыс кӛзі. Салық арқылы дамыған
елдерде (АҚШ-та, Жапонияда) ЖҰӚ-нің 27-29 %-і бюджетте жиналады, ал Швецияда бұл
кӛрсеткіш 53%-ке жетеді.
58
Салық жүйесі – тарихи дамудың жемісі. Бұл жүйе оқтын-оқтын реформаланады. Батыс
Европада, мысылы, қосылған құн салығының енгізілуіне байланысты соңғы салық реформасы
60-70 жылдары жүргізілген. АҚШ-та осындай реформа 1996 жылы болды.
Салық жүйесі қаржы ресурстарын жинау түрлері мен әдістерінің жиынтығы ретінде
анықталады. Салық жүйесінде, оның мақсаттық міндеттерінің арасында терең қайшылық
жатыр. Бір жағынан, экономика субьектілерінен мүмкін болғанша қомақты кӛлемде және
міндетті түрде бюджетке алынатын қаржы сомаларын анықтап, олардың түсімін қамтамасыз
ету міндеті тұр, екіншіден, сонымен қатар, олардың (фирмалардың) іскерлік- экономикалық
белсенділігіне нұқсан келтірмеу, тіпті керісінше, ынталандыру қажет. Бұл проблеманы
шешудің ӛз заңдылықтары мен принциптері болады. Оларды зерттеп анықтау экономикалық
саясат теориясының міндеті.
1.
Фискалды саясаттың құралдары мен мақсаты.
Әлемдік тәжірибеде салық түрлерін топтастырып ажыратудың біршама принциптері мен
әдістері қалыптасқан. Мысалы, бюджет үшін маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы
салықтар деп бӛледі. Салым салу әдісіне сәйкес, тікелей және жанама салықтарды бӛліп
кӛрсетеді.
Негізгі салық түрлерінің жеке табыс салығына дамыған елдерде шамамен ЖҰӚ- нің 12%-і
тең, қосылған қҧн салығына-6%, корпорация пайдасына салынған салыққа -3%.
Қосалқы салық түрлері: мүлік салығы(2%) және мұра салығы; жекелеген тұтыну
салықтары(акциздер); арнайы салық түрлері (мысалы, автокӛлікке салынатын салық).
Басқа бір классификация бойынша, тікелей салық түрлеріне, олардың мақсаттық міндеттеріне
қарай, жеке табыстар салығын, корпоративтік (пайдаға салынатын) салықты және мүлік салығын
жатқызады. Жанама салықтарға- акциздер, айналым салықтары (қосылған құнға, импортқа
салынатын) және кеден тӛлемдері жатады.
Нарықтық экономикада салықтар ӛте маңызды тұрақтандыру қызметін атқарады. Салық
жүйесінің қызмет атқару механизмі ӛзінен- ӛзі нарықтық экономиканың дамуына икемделеді.
Салықтың экономика цикліне қарсы икемделу механизмінің мазмұны мынандай. Біріншіден,
нарық конъюнктурасы ӛскен жағдайда ұлттық табыстың кӛлемі артады. Прогрессивті салық алу
принципінде құрылған салық жүйесі бюджетке бӛлінген табыс үлесін арттырып, экономикалық
белсенділікті тежейді. Екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік тӛлем тӛлеу жүйесі, жеке табыстарды
теңестіру саясатын іске асыру мүмкіншілігі артады. Үшіншіден, экономикалық мүмкіншіліктері
шектеулі топтардың жеке табыстары ӛсіп, жалпы сұраным жалпы ұсынымға сәйкес ӛседі, ұлттық
экономика жүйесінде тепе-теңдік сақталады. Нарық жағдайы нашарлағанда бұл процесс керісінше
жүреді.
2.
Салықтар классификациясы. Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
Ӛзін-ӛзі реттеп, нарық жағдайына бейімделген салық түрлері ғана экономика цикліне
қарсы қызмет атқарады. Яғни, экономика конъюнктурасын анықтайтын кӛрсеткіштерге
(табыс, айналым, пайда, тұтыну, сұраным, экспорт, импорт және т.б.) негізделген салық
жүйесін құру қажет. Дамыған елдерде салық жүйесі, оның негізгі элементтері (негізгі
салық түрлері) нарық конъюнктурасына сәйкес анықталған және ұйымдастырылып
құрылған.
Осыған байланысты теориялық және қолданбалы талдауда салық тҥсімділігінің
икемділік коэффиценті кең түрде қолданылады. Бұл кӛрсеткіш салық түсімдерінің
проценттік (немесе абсолютті) ӛзгеруінің ұлттық табыстың проценттік (немесе абсолютті)
ӛзгеруіне бӛлінген бӛлім ретінде есептеледі. Мысалы, ГФР-да салық түсімдерінің
икемділік коэффиценті 1,5 %-ке тең. Бұл коэффицентке сәйкес, ұлттықтабыс 1% ӛскен
жағдайда, бюджетке салық түрінде түскен табыс 1,5 % ӛседі. Жеке алғанда, барлық салық
түрлерінің арасында ең ықпалдысы – жеке табысқа салынатын салық екен.Жеке табыс
салығы ӛзінің прогрессивті шкаласына қарай есептеліп алынады. Айналым салығының
икемділігі орташа деңгейде, ал мүлік салығының икемділігі ӛте тӛмен, тіпті икемсіз
болады. Корпоративтік салықтардың икемділігі де аз, оның шкаласының прогрессиясы
салық жүйесі ӛндірісті ынталандыру, экономикалық ӛсуді қолдау мақсатында құрылған.
Дамыған елдерде салық саясаты бірдей (немесе бір-біріне жақын) тәртіп бойынша
жүргізіледі екен. Бұл елдердегі жүргізілген экономика саясаты әртүрлі салық түрлері
ставкаларының шамамен ұлттық деңгейлері тең және оптималды жүйесін қалыптастырған
59
ең жоғары деңгейі – 10-50%, корпоративтік салықтардың -35-40%, қосылған құн
салығының орташа деңгейі- 12-16%. Әр елдің экономикалық құрылымына сәйкес ұллтық
салық жүйелерінің құрылымында да белгілі айырмашылықтар байқалады.
Салық саясатының жалпы экономика кӛрсеткіштеріне ықпал- әсер жасауы туралы сӛз
болғанда мына бір маңызды мәселені естен шығармаған жӛн. Ол «кешігу әсері» («эффект
запаздывания») деп аталады. Оның мәні мынандай: жүргізілген қаржы саясатынан
экономикалық нәтиже алу үшін белгілі бір уақыт қажет болады екен.
3.
Фискалды саясаттың негізгі түрлері
Мамандадың пікірінше, мына принциптерге негізделген салық жүйесі оптималды болмақ:
1.
Салық жинау саясаты ӛте ықшам, оған жұмсалатын шығындар мүмкін болғанша
тӛмен, ал тиімділігі жоғары болуы қажет.
2.
Салық тӛлеу процедурасы тӛлеушілер үшін ыңғайлы, кӛп уақыт алмайтын болғаны
дұрыс.
3.
Салық салмағын шамадан тыс арттырып, кәсіпкерлердің белсенділігі мен қажыр-
қайратына нұқсан келтірмеуге тырысу қажет.
4.
Салық салу принципі ӛндіріс шығындарын арттырып, ӛндіріс кӛлемінің ӛсуіне,
ӛнімнің ішкі және сыртқы нарықтық ӛтімділігіне кедергі болмауы ӛте маңызды.
5.
Салықты алу процесі конъюнктуралық және жұмыстылық саясатының іске
асырылуына сәйкес ұйымдастырылуы қажет.
6.
Салықтарды алу принциптері, сонымен бірге, табыстың мүмкін болғанша әділетті
болу принципіне жақын болғаны дұрыс.
7.
Жеке тұлғалардың «Салық тӛлеу мүмкіншілігін» анықтағанда, еркіндік құқығына
қайшы келмейтін, минималды кӛлемде мәліметтер талап етуге болады.
8.
Құрамындағы әрбір салықтың мақсаты нақты анықталған біртұтас салық жүйесін
қалыптастыру ӛте маңызды.
Салықтардың экономикаға ықпал жасау әсерінің шамасы экономика субьектілерінің салық
тӛлеуден жалтару іс-әрекеттеріне де байланысты келеді. Салықтан бас тарту заңды(ашық) және
заңсыз(астыртын) түрде болады. Мысалы, салықтан заңды түрде құтылудың кӛптеген нақты
әдістері мен жолдары белгілі: тұтыну объектісінен бас тарту, салық тӛленетін іскерлік кәсіпті
салық аз салынатын немесе салынбайтын салаға ауыстыру, баға арқылы салық салынбаған басқа
тұлғаларға (түптеп келгенде, тұтынушыларға) ауыстыру, т.б.
Астыртын түрде салық тӛлемеудің де әдіс- жолдары белгілі. Олардың ішінде ең кӛп
тарағандары – бухгалтерлік есеп жүргізгенде, шығындарды әдейі арттырып, пайданы азайтып
кӛрсету әдісі, қосымша табыстар кӛзін салық мекемесінен жасыру, т.б.
Қаржы-қаражат механизмі мен қаржы саясатынын сипаттамаларын қорыта келе, оқушылардың
назарын мына бір теориялық мәселеге аударған дұрыс сияқты. Қаржы жүйесі мен қаржы
механизмінің нарық жүйесі мен нарықтық экономика механизміне сәйкестігі, олардың ӛзара
үйлесімділігі экономика үшін ең бір қажетті жағдай, тіпті осы күнгі дамыған нарықтық
шаруашылық жүйесінің негізгі белгісі деуге болады. Әлем әдебиетінде қаржы жүйесі мен
нарықтық экономика жүйелерінің бір-біріне сәйкес үйлесімділігін қаржы жүйесінің тұрақтандыру
үйлесімділігі деп атайды. Сонымен, қаржы жүйесі экономиканың «ішкі тұрақтандырушысы» деп
аталады екен. Бірақ, айта кеткен жӛн, қаржы жүйесі мен қаржы саясатының экономиканы
тұрақтандыру мүмкіншілігінің де белгілі бір обьективті шегі бар. Мысалы, олар экономикалық
ауытқуларды тиімді реттегенімен, олардың ішкі себептерін жоя алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |