К – күрделі қаржы салымы (бағдарлама өнімді алуға кететін бір жолғы шығындар), мың теңге;
Ен – нормативтік күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігінің коэффициенті.
Нормативтік күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігінің коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
, (30)
мұндағы Тн – нормативтік күрделі қаржы салымын өтелу мерзімі, жыл.
Нормативтік күрделі қаржы салымын өтелу мерзімі, АТ моральдық тозуы техникалық құралдардың және жоба шешімдерінің тозуына байланысты (Тн = 1, 2, 3…n) бағдарлама өнімдерінің өтеу мерзімі 4 жыл.
Есептік күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігінің коэффициенті:
, (31)
мұндағы Ер – есептік күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігі;
К – жүйеге күрделі қаржы салымы, тенге. Есептік күрделі қаржы салымын өтелу мерзімі:
. (32)
Ақпараттық жүйелер енгізудің салыстырмалы экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу қорытындыларын келесі кестеге сомасын, баптарын көрсетіп толтырыңыз (15 кестені қара).
кесте – Бағдарлама өнімін енгізудің салыстырмалы экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы
|
Мәні
|
Шартты жылдық шығынды үнемдеу, мың тенге
|
|
Күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігінің
коэффициенті (Ер)
|
|
Күрделі қаржы салымын өтелу мерзімі (Тр), жыл
|
|
Динамикалық көрсеткіштер негізінде жобаны өткізуде экономикалық тиімділігін бағалау.
Бұл инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдісі өтелу мерзімі 1 жылдан асатын жобаларға қолданылады. Бұл инвестиция жобаларына алғашқы салымдар және олардың өтелуін бір нысанаға келтіруін қарастыратын әдіс.
Келтірілген құн немесе дисконттау әдісі келтірілген шығындар мен қорытындыларды бір кезеңге келтіреді. Дисконттау қандай болса да қазіргі ақша келешектегі ақшадан ылғи да кем болатынына негізделген.
Қаржы есептерінде инновациямен қамсыздандыруда уақыт ықпалын дисконттау шешеді. Келешектегі құн мен қазіргі кездегі құнның айырмасы дисконттау деп аталады.
Дисконт негізіндегі әдіс келесі көрсеткіштер арқылы көрсетіледі:
таза дисконттық табыс (ЧДД) немесе шетелде көбінесе – таза келтірілген құн (net present value (NPV)) деп аталады;
табыс индексі (profitability (PI));
өтелу мерзімі (бір жолғы шығындардың өтелу мерзімі РВ);
ішкі табыс мөлшері (intemal rate of retum (IRR).
Таза дисконттық табыс (ЧДД) келесі формуламен есептеледі:
, (33)
мұндағы Рt – ұсынылған ақпараттық жүйелерді енгізудегі болжамды нәтиже, теңге;
Зt – ақпараттық жүйелерді жасауға және пайдалануға керекті болжамды шығындар, тенге;
Эt = (Рt – 3t) – t-аралықты есептеуде жеткен әсер;
К – күрделі қаржы салымы;
t – есептеу аралығының нөмірі (t = 0,1,2,...Т);
Т – есеп шегі;
E – тұрақты дисконт мөлшері, %.
Есеп аралығы – есептеу кезеңіндегі уақыттың бір бөлігі (жыл, квартал, ай және т. б.). Дисконттау мөлшері – құнсыздану пайызын, инвестордың батылдығын және күрделі
қаржы салымның табыстығын ескеретін коэффициент.
Дисконттау мөлшері (discount rate) – немесе дисконттау мөлшерлеме, яғни әртүрлі уақыттағы шығын шамаларын, әсерді және қорытындыларды бастапқы есеп мезгіліне (базалық жылға және т.б.) келтіру. Инвестициялық жобаларда тиімділікті есептеуде Е қолдануы мүмкін және де оны инвестор үшін қолайлы капиталдан табысқа тең деп алады.
Жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құндылығының түсуін, абсолюттік таза табыс шамасынының азаюын көрсету үшін дисконттау коэффициентін қолданады және ол келесі формуламен есептеледі:
, (34)
мұндағы r – дисконттау мөлшері, %;
t – есептеу аралығының нөмірі, (t = 0,1,2,...Т).
Дисконттау коэффициентінің мәні берілген жобаны жүзеге асырудағы интервал (период) үшін таңдалынған дисконттау мөлшерімен анықталады.
Инвестициялық шешімдер қабылдау өлшемдер жағдайлары:
егер ЧДД > 0, жобаны қабылдау керек;
егер ЧДД < 0, жобадан бас тарту керек;
егер ЧДД = 0, жоба шығынды да емес, тиімді де емес.
ЧДД қанша көп болса, сонша қаржыны ұсынылған автоматтық жүйеге салынғаны пайдалы болады.
Жобадан түскен бүгінгі табыс оған кеткен күрделі қаржы салымдарды көтере алатынын көрсететін индекс - табыс индексі (ИД и PI). Ол келесі формуламен есептеледі:
. (35)
Егер ИД > 1, жоба тиімді, егер ИД < 1 – тиімді емес.
Ішкі табыстық мөлшері (ВНД немесе IRR) - келтірілген әсер, келтірілген күрделі қаржы салымдарға тең болғандағы дисконттау мөлшерін (rвн) көрсетеді.
Бұл көрсеткіш rвн (ВНД) келесі теңдеуден шығады:
. (36)
Егер rвн мәні инвесторға керек табыс мөлшері салынған капиталдан көп не тең болса, оның көз қарасы бойынша салымдар тиімді.
Ішкі табыс мөлшері жобадан барынша көп қайтарымды алуды сипаттайды, немесе жобадан таза дисконттау табысы нольге тең болғандағы капиталдық салымнан пайда алу мөлшерін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |