Коммерциялық
емес акционерлік қоғамы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕСИТЕТІ
Экономика, өндірісті ұйымдастыру
және басқару кафедрасы
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Есептеу-сызба жұмыстарға
әдістемелік нұсқаулар
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығына арналған
Алматы 2014
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: З.Д. Еркешева, Г.Ш. Боканова. Есептеу-сызба жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар. 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығына арналған. – Алматы: АЭжБУ, 2014 – 34 б.
Әдістемелік нұсқауда үш есептік-сызба жұмыстарының тапсырмалары берілген, оларды шешу үшін қысқаша әдістемелік нұқаулар және қолданылатын әдебиеттер тізімі берілген.
5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының барлық оқу түрі бойынша студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар.
Сур 1, кесте 18, әдебиеттер көрсеткіші - 24 атау. Рецензент: физ.-мат.ғылым. канд., доцент Аманбаев А.А.
«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік
қоғамының 2013 жылғы қосымша жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2014 ж.
Қазіргі нарық талабы бойынша жас мамандарға экономиканы жақсы меңгеру міндетті болып табылады. Бұл талап жоғары техникалық оқу орындарына алуан түрлі талаптар қоюда, әсіресе бұл бағыттарда студенттерінің біліктілігін ары қарай арттыру қажет екенін көрсетті.
«Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнін оқу барысында студенттің өзіндік жұмысын орындауға, соның ішінде есептік-сызба жұмысына көп мән беріледі, өйткені ол білімді шыңдауға және тәжірибе жүзінде есептер шығаруға мүмкіндік береді.
«Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінің негізгі мақсаты студенттерді кәсіпорындарда қазіргі замандағы шаруашылықты рационалды жүргізу үшін жоспарлау, басқару және ұйымдастыру жұмыстарының оңтайлы (оптималды) әдістерін яғни материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді жұмсауға сонымен қатар шығындарды барынша азайтып, өндіріс өнімін арттыру керектігін үйрету.