ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ
КЕЙБІР ОЙЛАР ТУРАЛЫ XX ғасырдың екінші ширегінде тіл біліміндегі салыстырмалы-тарихи тәсіл Европада мейлінше кең тарады. Оған индоевропа тілдерінен табылған жаңа фактілер түрткі болды. Атап айтқанда, XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында Хеттлувия тобына жататын өлі тілдер және екі тохар диалектісінің сыры ашылды. Түрлі бағыттағы әр түрлі елдердің лингвистері индоевропа тілдерінің мәселелерін қайта қарау қажеттігін айтып, ол үшін өз күштерін біріктірді. Алдымен индоевропа халықтарының тілдік комплексінің алғашқы территориялық орналасу мәселесі және индоевропа тілдерінің жеке-жеке тілдерге бөліну кезеңі қайта қаралды. Бұрын Азияны индоевропа халықтарының ата мекені деп келген болатын. Кейінірек неміс лингвистері мен археологтары бұл гипотезаиың қателіктерін сынап, олар индоевропалықтардың алғашқы орналасқан территориясы Европаның солтүстігі, дәлдеп айтқанда Германияның солтүстігі болу керек деген гипотеза ұсынды. Алайда, олардың бұл ойыи қазіргі тіл білімі қолдап жүрген жоқ. Керісінше, ұқыпты түрде зерттелген топонимикалық атау фактілері, индоевропа халықтарының Солтүстік Европадан шықпағандығын дәлелдеді. Бұл салада Европаның белгілі лингвистерінің бірі, жалпы және индоевропа тіл білімінің маманы. Болгария Ғылым академиясының мүшесі, София университетінің профессоры Владимир Георгиевтің (1908 ж. туған) еңбегінің айттарлықтай мәні бар. Ол өзінің «Гректерге дейінгі тіл білімі» (София, 1941 жылы бірінші рет басылып, 1945 жылы өнделіп екінші рет шығарылды) деген еңбегінде ертедегі грек жазбаларың және гректерге дейінгі Оңтүстік Россиядағы, Жерорта теңізі мен Эгей теңізі аудандарындағы топонимикалық атауларды талдай келіп мұндағы гректерге дейінгі тұрғындар өздерінің тіл сипаты жағынан индоевропалықтар болғанын дәлелдейді.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі өкілдерінің ашқан улкен жаңалықтарының бірі — ларингалдық теория. Бұл теорияның пайда болуына екі нәрсе себеп болды:
1) 1879 жылы жарық көрген Ф. де Соссюрдің «Үндідоевропа тілдеріндегі дауыстылардың алғашқы жүйесі жөніндегі мемуар».
2) Хетт тіліндегі ерекше һ дыбысының табылуы. Ф. де Соссюр өзіне белгілі индоевропа тілдерінің дыбыстық құрамын талдай келіп, индоевропа ата тілінде (язык- основа) айрықша сонанттық сипатқа ие болған тағы да екі дыбыс болуы керек деген ойға келеді. Олар жаз- ба ескерткіштерде сақталмаса да, ертедегі индоевропа тілдерінің әрқайсысында ізі қалған деп есептейді. Бұл гипотезалық дыбыстарды Ф. де Соссюр шартты түрде «А» және «0» таңбаларымен белгілейді. Оның ойы бойынша, осы гипотезалық дыбыстардың (комбинаторлық) әсерінің нәтижесінде «а», «ө», «о» созылыңқы да- уыстылары және индоевропа тілдері дыбыстық жүйесінің кейбір басқа ерекшеліктері пайда болды. Хетт тілінің материалдары табылып, ғылымға әйгілі болғанға дейін Ф. де Соссюрдің бұл ойы гипотеза ретінде қала берген-ді. Салыстырмалы-тарихи талдау хетт тілінің көптеген формалары мен сөздерінде графикалық түрде бейнеленген ерекше белгілердің дәл Ф. де Соссюр көрсеткен позицияда тұратындығын дәлелдейді. «А» деп белгіленген дыбыс осылай болып шықты. Сөйтіп, Ф. де Соссюрдің гипотезасының дұрыстығы толық дәлелденді.