Алматы облысы, Алмалы ауданы МҚкк № “132” бөбекжай балабақшасының «Ботақан» орта тобының тәрбиеленушісі Ғабидұлы Әмірге Мінездеме



Дата16.12.2022
өлшемі14,51 Kb.
#57627
Байланысты:
Балаға мінездеме Қасымбек Әмина


Алматы облысы , Алмалы ауданы МҚКК № “132” бөбекжай балабақшасының «Ботақан» орта тобының тәрбиеленушісі Ғабидұлы Әмірге
Мінездеме

Ғабидұлы Әмір 2019жылдың 7 шілдесінде дүниеге келді. Ұлты-қазақ. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды.Отбасында жайлы тұрақты карым қатынас. Ата анасы баланың үйлeсімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмекесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүние танымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған.


Әмір холерик – ол өте шапшаңдығымен , тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді, психикалық процестер шапшаң өтеді. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан Әмір болған жерде ұрыстар жиі болады. Әмірдің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Ол өте тез ашуланады және оны тек мақтау арқылы тыныштандыруға болады.Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, тәрбиешілерден сабақ үстінде ұрыс естейді. Әмірдің оқу үлгірімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өте зерек, тапқыр.Ол тапсырылған жұмыстардың мерзiмiнен бұрын орындалуына ұйытқы бола бiлетiн, iскер оқушы. Тәрбиешілері оның озат оқушы болатындығына сенедi.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет