«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»



Дата01.02.2023
өлшемі12,78 Kb.
#64447

«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Шелек ауылындағы гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
11 «А» сынып оқушысы
Каламбек Анель Берикқызы
М І Н Е З Д Е М Е
11 «А» сыныбының оқушысы Каламбек Анель Берикқызы
/2005 жылдың 08 ақпанында туылған .
Анель сыныптағы оқу үлгерімі өте жақсы және «Үздік аттестат иегері» болған оқушы.
Тәртібіде «өте жақсы». Сыныптағы ұйымдастыру жұмыстарына, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, үнемі өз дәрежесінде көмек көрсетуге бейім қыз. Сыныптастарымен өте жақсы қарым – қатынаста тіл табыса біледі. Баршаға достық көңілімен қарайды. Адамгершілігі мол, сыйламды, кешірімшіл. Жан дүниесі таза, ешкімді ренжіткісі келмейтін, жаңалыққа жаны құмар сыныптың белсенді тобының қатарында.
Анель өз ойын еркін жеткізіп, өзін қызықтыратын тақырыптар аясында әңгіме – сұхбат жүргізуді ұнатады. Оның физика-математика пәніне деген қызығушылығы басым. Сабақтарда нақты дәлелдермен мысалдар келтіріп, ойын түсінікті етіп жеткізуді, өзіндік арнайы тұжырымдар да жасауды үйренген. Оқушы іс – құжаттарын, яғни дәптер, күнделік т.с.с жүргізуде тиянақты, оқу формасын сақтауда, оқу құралдарын ұстауда ұқыпты, жеке бас гигиенасын, күн режимін қатаң сақтайды.
Мектеп әкімшілігінен ешқандай «ескерту» алмаған Анель келешекте жақсы азаматша қалыптасып шығады деген сенімдеміз.


Гимназия директоры: А.М.Қырықбай
Сынып жетекшісі: Е.Болатбек

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет