Алматы облысы,Қарасай ауданы,Қошмамбет ауылы «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің» 7«Е» сынып оқушысы Мұхан Айдана, 20___ ж.т. Мінездеме Оқушы туралы мәлімет: Мұхан Айдана 2010 жылы тамыз айының 14 жұлдызында Тараз қаласында дүниеге келген. Айдана 2016 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке қабылданған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Айдана өз сыныбының старостасы әрі ең жақсы үлгерімге ие оқушыларлың бірі.
Әлеуметтік жағдайы жақсы.Үйден барып-келіп оқиды. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді.Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Оқуматериалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде математика, биология пәндеріне қызығушылығы мол.
Мінезі тұйық, ұялшақ, көңіл – күйі тұрақты. Үлкендерге құрмет,кішілерге ізет көрсетеді. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі.Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым-қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.
..................................баға
Мектеп директоры ______________ Б.Қ.Куанышева қолы
Сынып жетекшісі ______________ И.Н.Жапекова қолы
Күні, айы, жылы