оны өзі мүше болған құрылымынан ажыратады»,—
деп көрсетеді
(Виноградов 72, 16) *. Сөзге мағына мен дыбыстьің бірлігі, не
мағына мен дыбыстың және грамматикалық категориялардың
бірлігі деп берілген анықтамалардың қазіргі тілшілерімізді қана-
ғаттандыра алмайтындығы анық.
Тіл-тілдердегі сөздердің табиғаты мен түрлі қасиеттерінің өза-
ра сәйкес келе бермейтіндігі кей ғалымдарымыздың жалпы сөзге
тиянақты анықтама беруге болмайды деген қорытындыға келуіне
себепші болған. Мысалы, М. Н. Петерсон: «Сөздерге қанағатта-
нарлық анықтама жоқ, оны берудің өзі де екіталай. Сөз — логи-
калық анықтама беріп болмайтын түсінік, сондықтан оны тек
сипаттап не белгілерін көрсетумен ғана шектелген дұрыс»,— де
ген болатын
(Петерсон 25, 23) *.
Осы
пікірге жақын пікір
Л. В. Щербада да бар. «Шындығында, сөз дегеніміз не? Менің-
ше, бұл түрлі тілдерде түрліше болады. Бұдан, жалпы, сөз деген
түсінік жоқ деген ұғым туады» (Щерба 76, 46) *. Екі автордың
екеуін де сөзге анықтама бере алмағаны үшін айыптаудың қажеті
жоқ. Біріншіден, олардың екеуі де сөз
проблемасымен арнайы
айналыспаған ғалымдар. Екіншіден, сөздердің құрылымдық эле-
менттері ол кезде толық зерттелмеген болатын. Үшіншіден, олар
жеке тілдердегі сөздерге емес, түрлі тілдердегі сөздерге анықтама
беруге болмайды деген. Демек, алдымен, жеке тілдердегі сөздер-
дің
табиғатын зерттеп, оларға анықтама беруді талап еткен. Сөз-
дерге анықтама беру үшін олардың табиғатын жан-жақты біліп,
олардың өзара байланысын ашу керек; қандай белгісі негізгі бел-
гі, қайсысы қосалқы белгі екендігін ажырату керек болады. Ж ал
пы тілдердегі сөздерге анықтама беру — жеке тілдердегі сөздердің
табиғатын толық анықтағаннан кейін ғана орындалатын жұмыс.
Осыған орай, М. Д. Степанова «Сөзге бір жақты анықтама беру,
сөз түсінігін түрлі тілдерде универсалды етуге әрекет ету — сөзді
қате талқылауға не жартылай ғана қамтуға, әсіресе анықтамалар-
дың толық болмауына себепші болып жүр»,— деп қорытынды
шығарған (Степанова 68, 26) *. Алайда жоғарыдағы пікірлерге
сүйеніп, сөзге мүлде анықтама беруге болмайды деген тұжырым-
ға келуге болмайды.
Сөзге толық, оның қасиетін жан-жақты қамтыған ғылыми
анықтама берудің қиындығын жасыруға болмайды. Л. В. Щерба:
«Мен сөз туралы көптен бері ойланып жүрсем де,
бұл проблема-
ны шешуді өз алдыма мақсат ете алмаймын»,— дей отырып, көп
ізденудің, ұзақ уақыт бойы бұл мәселемен айналысу керектігін
ескерткен болатын (Щерба 76, 46) *. Қазіргі кезде сөз бір жақты
ғана, бір пәннің жетістігі негізінде ғана емес жан-жақты, бірнеше
пәннің жетістігіне сүйеніліп зерттелініп жатқандығы мәлім. Қейде
түрлі пәннің (психологияның, философияның, логиканың, семио-
тиканың, т. б.) жетістіктері қорытындыланбай, сөздерге берілген
бір жақты анықтамалар да, түрлі пәндердің жетістіктері сұрып-
1 В. В. Виноградовтың берген анықтамасының негізінде Ф. де Соссюрдың
жүйеге берген анықтамасы жатыр. Қараңыз: Соссюр 77, 146.
11
талынбай, механикалық түрде жинақталынған аныктамалар да
кездесіп қалады. Аныктама беру дегеннің өзі — белгілі бір ұғым-
ның барлык касиеттерін санап беру деген сөз емес. Мысалы, совет
тілшісі Н. М. Шанский сөздердің негізгі белгісін 12 пунктпен көр-
сеткен. Бірақ сөздердің ғылыми аныктамасын бермей, жұмысшы
(рабочий) анықтамасын бердім деп ескерткен. «... сөз өзінің негізгі
формасында бір ғана екпіні бар және мағынаға ие, лексико-грам-
матикалық
тұтастығы бар, бөлінбейтін тілдік бірлік»,— деп анык
тама береді (Шанский 72, 32) *. Егер Н. М. Шанский санап көр-
сеткен сөздердің белгілерін аныктасак мынадай болады: 1) фоне-
тикалык жактан тұтастылығы, 2) семантикалық валенттілікке
иелігі, 3) арасына сөз салмайтындығы, 4) бір екпінге ие болатын-
дығы, 5) бір лексико-грамматикалык категорияға катыстылығы,
6) мағына мен дыбыс бірлігі, 7) қайта жасалынбайтындығы, 8)
тұтастығы мен бірдей формаланатындығы, 9) көпшілік жағдайда
сөз
тіркестерінде қолданылатындығы, 10) ажыратылып тұратын-
дығы, 11) номинативтілігі, 12) фразеологизмдік касиеті барлығы
(Шанский 72, 11) *. Сөздердің бұл сиякты көп касиеттілігі кей
тілшілердін бір тілдің өзінен бірнеше сөздердің түрлерін ажыра-
туына себепші болып жүр. Мысалы, 1960 жылы Ленинградта бо-
лып өткен сөздердің морфологиялык курылымы туралы конфе-
ренцияда баяндама жасаған О. П. Суник бір тілдегі сөзге анык
тама беруге болады және сөздерге тілдің түрлі жағынан түрліше
аныктама беруге болады деген. Мысалы, фонетист сөзге фонети-
калык жактан, лексиколог сөзге лексикологиялык жактан, грам
матист сөзге грамматикалык жактан т. б. аныктама беріп фоне-
тикалык сөз, лексикалык сөз,
грамматикалык сөз, т. б. деп атауға
мүмкіндік бар деген (Суник 63, 38) *. Сөзге бұл сиякты аныктама
беруді бір кездерде В. В. Виноградов сыңаржак зерттеуден туған
қағида (Виноградов 72, 13) * деп бағаласа да, бұл пікірді дамы-
тушылар да жок емес. Мысалы, С. Е. Яхонтев сөздерді түрлі ка-
сиеттеріне карап ажырата отырып,
Достарыңызбен бөлісу: