Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет36/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   130
әжеге
ғана байланысты емес, 
анаға
да, 
жеңгеге
де. 
сіңліге
де, 
қарындасқа
да катысты сема. Ал жасы үлкендік 
ағаға
да, 
әкеге
де 
анаға
да, 
тәтеге
де катысты сема, бірак осы төрт се- 
маныц біреуі жоғарыдағы сөздерді өзара ажырасып жатуына се- 
бін тнгізеді. Сондыктан семалык талдау сөздердің өзара қатьіна- 
сын аныктауда, системадағы сөздердің орнын белгілеуде қажет 
болады. Сонымен бірге денотаттык, сигнификаттық мағыналардың 
өздері де бірнеше семаларға бөлініп кете береді.
70


Егер байыптап қарайтын болсақ, парадигмалық, синтагмалық 
мағыналар тілдің ішкі заңдылықтарымен байланысты туатынды- 
ғы, сөйлеу процесінде анықталатындығы анық. Ал грамматика- 
лык, лексикалық мағыналар сөздің мағына құрамына енбейді, 
керісінше, мағына бөлшектерінің (семалардың) жиынтығынан 
кұралатын, бір бүтін категория ретінде қалыптасқан көрінісі. 
Сондықтан да мағынаны біз екі түрге ажыратамыз: 1) лексика- 
лык, 2) грамматикалық.
Біздіңше, сөз мағынасының кұрылымдық элементтері туралы 
сөз болғанда, негізінен, төрт мағына элементтеріне тоқталған 
жөн. Олар: денотаттык мағына бөлшегі, сигнификаттык мағына 
бөлшегі, эмоциялык мағына бөлшегі және тілдің ішкі кұрылымы- 
мен байланысты мағына бөлшегі. Себебі сөз объектив дүниедегі 
заттармен, күбылыстармен байланысып кана коймастан, адам- 
дардың түрлі қызметімен, көп кырлы тұрмыс жағдайларымен, 
ынтасымен адамзаттың барлык өмірін қамтуы керек. Сондыктан 
да сөз мағынасында, кей ғалымдар көрсеткеніндей, сөйлеушінің 
жасына, өмір тәжірибесіне, тіпті ұлттык ерекшеліктеріне байла­
нысты мағыналық элементтердің болуы мүмкін. Біздіңше, бұлар 
сөз мағынасында шешуші кызмет аткармайды, атқарса да эмо­
циялык мағына аясында калып кояды. Сөздің метафоралы, мето- 
нимиялы және синонимдік, антонимдік қасиеттері де мағынамен 
тікелей байланысты. Бірак бұлардың табиғатын аныктау басқа 
жоспардағы зерттеу жұмысын калар еді.
Семантикалық үш бүрыш
Сөз мағынасының кұрылымдық элементтерін аныктауды К. Ог­
ден мен И. Ричардстың семантикалык үш бұрышының бүрышта- 
рын түсіндіруден бастаған дұрыс. Бұл үш бұрышты ғылыми ең- 
бектерде семантикалык үш бұрыш деп атау да бар. Үш бұрыштыц 
А бұрышы сөздердің дыбысталуын көрсетсе, В бұрышы ұғымды, 
мағынаны, ал Д бұрышы объектив дүниедегі 
затты, денотатты (референтті) көрсетеді. АВ 
кабырғасы дыбысталу мен ұғымды, мағынаны 
байланыстырса (таңбалык касиетке негізделі- 
ніп), ВД қабырғасы зат пен ой арасындағы 
(бейнелік таным процесімен байланысты) бай­
ланысты көрсетеді. Бірак казіргі жарык көрген 
еңбектерде семантикалык үш бұрыштың бұрыш- 
тарының ара катынасын аныктауда бір ізділік 
жоқ. Мысалы, швед ғалымы Г. Стерн А бұрышы 
сөз (Огден мен Ричардста символ) деп аталын- 
са, В бұрышы мағына (Огден мен Ричардста ой) деп, Д бұрышын 
референт (Огден мен Ричардста да референт) деп белгілеген. 
Бірак АВ қабырғасы мағынаны білдіреді (Огден мен Ричардста 
символды білдіреді) десе, ВД кабырғасы референттің субъектив 
түсінігін білдіреді деген. Екі еңбекте де АД кабырғасы үзік сы-
В
71


зықпен сызылған, себебі сөз бен референт арасында тікелей бай- 
ланыс жоқ деп есептейді. Совет тілшілері арасында да бұл семан- 
тикалық үш бұрышқа байланысты айтылған пікірлер бар. Мыса- 
лы, Қ. А. Аллендорф семантикалық үш бұрыш туралы өзіне 
дейінгі айтылған пікірлерді салыстыра отырып, «Ұғымның үздік- 
сіз дамуы объектив дүниенің күннен күнге толық танылуынан ха­
бар береді. Семантикалық үш бұрыштың барлық бұрыштары 
өзара тығыз байланысты болады. Сондықтан да үш бұрыштың 
барлық жағы жабық»,— деп семантикалық үш бүрыштың астың- 
ғы қабырғасын да (АД қабырғасын) бітеу сызықпен сызады (Ал­
лендорф 65, 44—45) *. Жалпы, автор, өз пікірін басқа авторлар- 
дың талқылауларымен салыстыра отырып айтқан. Бұл үш бұрыш- 
ты талдап көрсету арқылы традициялық семантикалық талдаулар 
мен функционалды семантикалық талдаудың жалпы бағытын 
анықтауға болады. Салыстырыңыз:
1. 
Шет ел традициялық семантикалық үш бұрышы. 2. Шет ел 
функционалды семантикалық үш бүрышы. 3. К. А. Аллендорфтыц 
сызған семантикалык үш бұрышы.
Бұл семантикалық үш бұрыштың А бұрыштары сөзге тең, бі- 
рақ әр ағымның өкілдері оны өздерінше атайды. Шет ел традиция- 
лык семантика өкілдері А бұрышын символ не сөздің дыбыстық 
жағы деп атаса, функционалды семантика өкілдері сөз (символ) 
деп атайды. Совет тіл білімінде ол бүрыш тек сөз деп аталынады. 
Бұлар арасындағы айырмашылық тек атауларында ғана емес, 
олардың ұғыммен (кейде мағынамен) байланысын анықтауда. 
Ұғым бұл үш бұрыштың В бұрышында орналасқан. Тек традиция- 
лык семантика өкілдері ғана бұны мағына деп атайды, ал баска- 
лары семантиканы аныктағанда оны үғым деп көрсетеді. Семан­
тикалык үш бұрышты талдағанда традициялық семантика өкіл- 
дері де, шет ел функционал семантика өкілдері де В бүрышынан 
бастайды да (яғни мағынадан), оны баска бұрыштармен байла- 
ныстырады. 
Екінші сөзбен айтканда, традициялык семантика 
өкілдері ұғым дыбыспен және денотатпен байланысады деп түсін- 
діреді, бірак сөз бен зат (денотат) ешкандай байланыска түспейді 
деген кағиданы колдайды. АВ қабырғасында екі жактан да стрел­
ка кою да бар. Бұның мағынасы сол — мағына дыбысталумен 
байланысады, сөз де мағынамен байланысады. Ал зат (денотат) 
мағынамен байланыспайды, керісінше, мағына затпен байланыса-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет