Ит үреді
дегендегі
үру
тек итке қана тән (басқа заттарға емес) белгінің
бірі.
Үйлену
жігітке гана тән, дегенмен де үйлену процесінде амал-
әрекет тек ұл баламен шектелінбейді, күйеу мен қалыңдық бар
болған жағдайда ғана үйлену процесі іске асады. Бірақ қыздарга
14— 2 9 2 0
201
байланысты
үйлену
сөзі қолданылмайды,
үзатылды, күйеуге іиық-
ты, ерге шықты
сияқты тіркестер қолданылады. (Ұл балаларға
байланысты да ұзатылды, күйеуге шықты тіркестері колданыл-
майды). Сондықтан да мұндай тіркестерді шартты түрде меншікті
тіркес деп атап, басқа тіркестерге қарсы қоюға болады. Ал екінші
топтағы тіркестер өз мүмкіншіліктеріне қарай (айтушының мақ-
сатымен) басқа сөздермен де синтаксистік синтагмалық катынас-
қа түсе береді. Күнделікті өмірде
ит адамға үрді, түнде үрді, аба-
лап үрді
сияқты тіркестерде қолдаиылатындығын жасыруға бол-
майды, бірақ олар қосалқы валенттіліктің аясында калып қояды
да, негізгі байланыс
ит үрді
сөздерінің арасында болады.
Әрбір актанттар өзекті сөзбен белгілі бір қатынаста болады.
Бұл қатынас жалпы сөйлемнін, мазмұнына ықпал жасайды да,
өзара екі түрлі байланыста болады. Бірінші байланыс жеке сөз-
дердің мағынасымен, екіншісі сөйлемдегі атқаратын синтаксистік
қызметімен байланысты белгіленеді. Осыған негізделініп Г. Брик-
ман валенттілік қатынасты бірнеше топқа белуге әрекет еткен.
Мысалы, ол валенттілік катынастың ең негізгісі бастауыш пен
баяндауыштың арасында болатын байланыс деп түсінеді. Автор
ол валенттілікті агнес валенттілік деп атайды
(Локштанова 71,
23) *. Агнес валенттілік дегенде тек бастауыш пен баяндауыш
арасындағы байланыс қана түсінілмейді, жалпы іс істеуші мен
амал-әрекет арасындағы байланыс түсініледі. Мысалы,
Әкесі ба-
ласына кітап оқытқызды
дегенде екі агнес валенттілік байланыс
бар. Бірі —
әкесі оқытқызды,
екіншісі —
баласына оқытқызды
(Ах-
манова 66, 31) *. Екінші валенттілік байланыс объектілік каты-
наста (потиенс), үшінші байланыс-адресат т. б. Г. Хельбиг көп
валентті етістіктер семантикалық ерекшелігіне қарай бірнеше
актанттық катынастағы сөздермен байланысқа түсе алады деп
дұрыс көрсеткен. Мысал ретінде неміс тіліндегі
беру, хабарлау
етістіктерін көрсетеді де оларды сөзсіз агнес, патиенс және кабыл-
даушы болуын талап етеді дейді (Степанова 78, 53). Ю. Д. Апре
сян орыс тіліндегі сөздердің валенттілік қатынастарына талдау
жасай отырып, актанттардың 25 түрлі мағыналық байланысын
мысал ретінде көрсетеді (Апресян 74, 125—126) *.
Сөйлемдегі синтагмалық қатынас сөздердің лексикалық мағы-
насынын қалыптасуына жағдай жасайды да, оның сөйлемдегі қол-
данылу нормасын белгілейді. Эрине синтагмалык байланыс, пара-
дигмалық байланыс сияқты, сөздердің лексикалық мағынасына
сүйенеді, сонымен бірге оның (лекснкалық мағынаның) өмір сүруі-
не, қатыиас құралының бір элементі ретінде қолданылуында ше-
шуші факторлардың бірі болады. Сондықтан да валенттілік қа-
тынаска түскеи өзекті сөз бен актанттар арасындағы байланыс
өзгерсе, сөз мағынасы да өзгереді. Салыстырыңыз:
Жүрегім менің
қырық жамау, Қиянатиіыл дүниеден, Қайтып аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әрнеден
(Абай).
Сондықтан да лексико-семантикалық топқа енген сөздер, көп
жағдайда, валенттілік қасиеті жағынан тец түсіп жатады.
202
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі дәуір тіл білімінде сөз мағынасы жан-жақты зерттелі-
ніп жатқандығы анық, бірақ оның дау туғызатын, әлі де болса
зерттелінуі қажетті болған жақтарының көп екендігі де анық. Ең
алдымен, сөз мағынасын қалай түсінуге болады, оның құрылым-
дық элементтері бар ма, бар болса олар қандай элементтер деген
сұрауларға жауап беру кажет еді.
Сөз мағынасы дегенде ойымызға лексикалық және граммати-
калық мағыналары келеді. Бұл екі мағына өзара байланысты, екеуі
де объектив дүниедегі заттар мен оның түрлі касиеттерін, заттар
арасындағы түрлі катынастарды бейнелейді. Бірак бұл екі мағы-
наны тең санап, араларында айырмашылык жок деген корытын-
дыға келуге болмайды. Оқулыктарда айтылып, жазылып жүрген
айырмашылықтар лексикалык, грамматикалык
мағыналардың
белгілерін салыстырып көрсетуге көмегі тисе де олардың басты
айырмашылығын көрсетіп бере'алмайды. Олардың басты айырма-
шылығы деректі, дерексіз не тиянакты, тиянақсыз болуында ғана
емес, берілу формаларында, мағыналарының дерексіздену дәре-
жесінде. Лексикалық мағына түбір морфемалар аркылы берілсе,
грамматикалык мағыналар грамматикалык формалар арқылы
беріледі. Бұл қағида түркі тілдерінің материалы негізінде жаса-
лынған. Ал баска тілдерде (мысалы, орыс тілінде) түбір морфе-
малардың барлығы да бірдей лексикалык мағынаға ие бола бер-
мейді, бұл қағиданы колдану мүмкін емес.
Сөз мағынасынын көп катпарлылығы оның кұрылымынан да
байкалады. Семасиологиялык зерттеулерде денотаттык мағына,
сигнификаттык мағына, эмоциялық-экспрессивтік мағына, стили-
стикалык мағына сиякты бірнеше мағыналардың барлығы көрсе-
тіледі. Шындығында да мұншама көп түрлі мағына жок, бұлар
лексикалык мағынаның элементтері. Денотаттык мағына деп бөліп
алғанда сөз мағынасындағы объектив дүниемен байланысты мағы-
налык элементті көз алдымызға келтіреміз, сигнификаттык
мағына дегенде адам санасындағы, ойлаумен байланысып жаткан
мағыналык элементті түсінеміз. Баска зерттеулерде арнайы ата-
лынып жүрген стилистикалық мағына сөздің лексикалык магына
кұрамына енбейді, сөйлеуші сөйлеу не жазу үстінде сөзден не
тілдік материалдардан өз максатына байланысты колданудан
туады. Сондыктан да оларды жеке мағыналык элемент деп санау-
203
ға болмайды. Біздіңше, стилистикалық мағына сөздердін. парадиг-
малық, синтагмалық мағына элементтері мен эмоциялық экспрес-
сивтік мағына мен сөйлемнің модалділігінен туады.
Лексикалық мағына бір жағынан объективтік дүниемен байла-
нысып жатса, екінші жағынан адамның ойлау процесімен, оның
ұлттық ерекшелігімен, білімімен, тілдік дәстүрімен байланысып
жатады. Сондықтан да сөз мағынасынан, белгілі дәрежеде, жеке
адамдарға тәуелсіз, ырқына бағынбайтын касиеттерді табуға бо-
лады. Бұл оның денотаттық мағына объектив дүниенің бір бөлшегі
бар екендігін көпшілік философтар, логик ғалымдар, тілшілер,
психологтар мойындайды. Егер осы объективтік қасиет болмаса,
онда тіл адамдардың қатынас құралы болу қызметін атқара ал-
маған болар еді. Объектив дүниедегі заттар сөз мағынасымен
тікелей байланыста болмайды, ой элементтері арқылы байланыса-
ды. Сондай-ақ сөз мағынасы объектив дүниенің фото-көшірмесі де
бола алмайды.
Сигнификаттық мағына болса түйсік арқылы қабылданған
объектив дүниедегі заттар туралы информацияға негізделінеді,
бірақ бұл екеуі де өзара тең түсіп жатпайды. Снгнификаттық ма-
ғына элементтерінде, біріншіден, түйсік арқылы қабылданған ин
формация элементтері болады, екіншіден, сол информация негізін-
де жалпыланған гнесиологиялық бейне болады, үшіншіден, адам
ойының творчестволық жемісі, қызметі болады, төртіншіден, жеке
адамның өмір тәжірибесі, білімі, т. б. болады. Демек сигнификат
психологиялық құбылыс ретінде қабылданылуы керек те субъек-
тивтік қасиетке ие болады. Сигнификативтік мағыианың жалпы-
лаушылық қасиетімен бірге объектив дүниемен байланыстырушы
да қызметі бар.
Денотаттық мағына мен сигнификаттық мағына элементтері-
мен бірге сөздерде эмоционалды-экспрессивті мағына элементтері
де бар. Бір ескертетін нәрсе сол — эмоция сөздердін барлығының
да мағына құрамында бола бермейді. Эмоцияның адамнын пси-
хологиялық калпымен, объектив дүниедегі заттар мен кұбылыс-
тарға адамнын берген бағасымен, т. б. байланысты. Сондықтан да
кей ғалымдар эмоцияны сөйлемге тән құбылыс деп санап, сөз ма-
ғынасы ретінде мойындамайды. Дегенмен кей сын есімдерде, ода-
рай сөздердің мағынасында эмоцияның бар екендігіне күмән ту-
ғызуға болмайды.
Денотат та, сигнификат та, эмоция да тілдік категория емес.
Егер сөз мағынасы тек денотаттан не денотат пен сигннфпкаттан
рана құралады дейтін болсақ, онда мағына тіл категориясы болып
саналмаған болар еді. Шындығында да сөз мағынасы тілдік кате
гория. Соңғы кездерде осы қаснеттерді ескеріп бейнелік (отража
тельное) және тілдік мағына деп мағынаны екіге бөлу әрекеті бар.
Бұл көзқарасты қолдаушылар да, қарсы шығушылар да бар. Тіл-
дік мағына деп тілдік система негізінде калыптаскан магына эде-
менттерін түсінеміз.
204
П А Й Д А Л А Н Ы Л Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р
Маркс 1.
Достарыңызбен бөлісу: |