Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет15/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   130
(И, ң),
кейбірінің сөз соңында 
(г, ғ, д, б)
қолданылын- 
бауы тіл пайда болғаннан бері келе жатқан заңдылық емес, соң- 
ғы кездерде, тіл дамуының белгілі бір сатысында қалыптасқан 
заңдылық.
Сонымен, сөздердің құрамындағы дыбыстар алғашқы кезде 
кездейсоқ бір тізбекте қолданылған (артикуляциялық ыңғайына 
қарай) да, фонетикалық заңдылық есебінде кейін ғана қалыптас- 
қан. Екіншіден, эр фонема жеке-жеке мағынаға ие болады деу— 
ғылыми негізге сүйенілмей айтылған топшылау. Сондай-ақ жеке 
фонемалар сөз құрамында келіп, өздерінің мағынасын жинақтап^ 
қосынды мағына ретінде, бір бүтін сөз ретінде қолданылады деу 
де жаңсақ топшылаудан туған. Дыбысталу сөз емес — сөздің 
материалдық қабығы (жамылышы) ғана. Дыбысталу мағынаның 
өмір сүру формасы болумен бірге оның таңбасы ретінде де қолда- 
нылады. Үшіншіден, сөзден, морфемадан тыс фонема өмір сүр- 
мейді. Демек фонема түсінігін сөз құрамында ғана танып, сөз 
негізінде ғана оған байланысты пікір айтуға болады. Төртіншіден, 
сөздердің дыбысталуының (жеке дыбыстардың емес) мағынамен 
байланысы тарихи этаптардан өткен, қоғам мүшелерінің талқы- 
сына түскен, олар қабылдаған шартты, тіпті кездейсоқ байланыс. 
Бесіншіден, сөз құрамындағы фонемалардың негізгі қызметі бір 
фонеманы екінші фонемадан ажырату емес, бүтін бір сөзді (дұ- 
рысы дыбыстық таңбаны) таныту, екінші сөзден ажырату. Сон- 
дықтан да 
қол
деген үш дыбыстан құралған бір таңба, 
адам
— 
төрт дыбыстан құралған бір таңба. Олардың құрамындағы әр 
фонема өзара тең байланысқа ие, ұзақ уақыттан бері қолданы- 
лып, бір мағынаның таңбасы ретінде қалыптасқан. Әрине қалып- 
тасу кезінде тілдік заңдылықтар да ықпал етеді. Жоғарыда ай- 
тылған пікірлерге тілдің омоним сияқты құбылыстары қайшы
25


келуі мүмкін. Себебі, 
жар (Арындама, алдыңда жар бар)
деген 
сөз бен өмір серік мағынасындағы 
жар (Жар ете алмай кетіп ем
(Абай) деген екі сөздің дыбысталуы бірдей, мағыналары екі түр- 
лі. Бұл сияқты жалпы қағидадан ауыткулар тілдің ішкі заңдылы- 
ғына сүйенеді, сол арқылы анықталады.
Сөздердің лексикалық мағынасы
Семантика пән ретінде өзінің зерттеу объектісі етіп мағынаны 
алады. Бірақ мағына түсінігі де өте кең, бірнеше бағыттағы зерт- 
теуді талап ететіндігі анық. Ең алдымен, тіл элементтерінің бар- 
лығы да бірдей мағынаға ие бола алады ма деген сұрауға жауап 
беру керек сияқты. Себебі соңғы кезде тілдің барлық элементтері 
(дыбыстар да, морфемалар да, сөздер де, сөйлемдер де) мағына- 
мен байланысты болады деген пікір айтылып жүр (Гальперин 
74, 42) *. Егер тіл элементтерін тольіқ талдап қарайтын болсақ, 
жеке дыбыстардың мағына білдірмейтіндігін жоққа шығарып 
болмайды. Сонымен бірге одағайлар бір ғана дыбыстан жасалы- 
нып та мағынаға ие болатыны анық. Мысалы, — 
Е, бәрекелді,
тілінің иіоғы, көңлінің оты бар ақын екен ғой...
(Ел аузынан).— 
О, Омеке, шаруаңыз болса айта отырыңыз
(Ел аузынан). Келті- 
рілген мысалдарымыздағы 
е
мен 
о
одағай сөздер (тек дыбыстар 
ғана емес), адамның көңіл күйімен байланысты эмоциялық мағы- 
на білдіріп тұр. Қазақ тілінде одағайлардан басқа бір дыбыстан 
жасалынған 
(О не зат)
сөздер де бар. Бірақ бұл типтегі мағына 
білдіретін дыбыстарды жеке фонема деп санамастан, морфема 
деп санайтынымызды жоғарыда айтқан болатынбыз. Сонымен 
бірге қазіргі ғылыми өмірде дыбыстық символизмдерге байланыс­
ты да әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Мысалы, 
А
дыбысы қара 
түспен, 
И
дыбысы ақ түспен, У дыбысын көкпен, 
О
дыбысын жа- 
сыл түспен байланыстырып, түрлі мағына телініп жүр. Бірақ бұл 
мағыналар дыбыстың төл мағынасы болып саналмастан, оған 
таңылған, үстеме мағына болып есептелінеді.
Дыбыстардың 
мағынамен байланысы туралы сөз болғанда, 
әсіресе түркологиялық еңбектерде, еліктеуіш сөздердің құрамын- 
дағы дауысты дыбыстар мағынаға ықпал жасайды делінеді. «Елік- 
теуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я жі- 
ңішке болуы да мағынаға эсер ететіндігі байқалады»,— дегенде
А. Ысқақов осы дауысты дыбыстарды есепке алған (Ысқақов, 64, 
339) *. Егер байыптап қарайтын болсақ, еліктеуіш сөздердің құ- 
рамындағы дауысты дыбыстардың ашық не қысаң болып келуі де 
мағынаны ажыратады; түбір құрамында ашық дауысты Дыбыс 
келетін еліктеуіш сөздер білдіретін мағына амал-әрекеттің не 
дыбыстың күшті болғандығын, ал қысаң дауысты дыбысты елік- 
теуіш сөздер не тез орындалған амалды, не дыбысты білдіреді 
Салыстырыңыздар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет