Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет14/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   130
бос, қол
дегенмен 
бол
т. б. сияқты сы- 
ңарлар өзара ажыралып жатады да оны ажыратып түрған бір 
дыбыс болып саналады. Бірақ бұл жерде ажыратып түрған фо- 
неманың қызметі мағына ажырату емес, бір тілдік таңбаны екін- 
ші бір тілдік таңбадан ажырату болып саналады. Тілдік элемент- 
тердің таңбалық сипаты дегенде біз осы дыбыстарды есепке 
аламыз да бір таңбаның екінші бір таңбадан айырмасы а) құра- 
мындағы дыбыстардың саны мен ә) дыбыстардың тіркесу орнына 
және б) қандай дыбыстардың тіркесуіне байланысты болады. Сол 
үшін де 
қол
деген де, 
қал
деген де үш дыбыстан құралған тілдік 
таңба (әрине белгілі бір мағынамен байланысқанда ғана таңба 
болып саналады). Олардың бірінің екіншісінен айырмасы дауыс- 
ты дыбыстарында болса, 
қол
мен 
бол
деген сөздердегі айыр.ма- 
шылық дауыссыз дыбыстарының біреуінде 
(қ, о).
Әр сөздің, тіл- 
дік таңбаның құрамындағы дыбыстардың орны тұрақты, дыбыс- 
тары нақты болады. Міне осы негізде біз 
бол, қол, тол, жол
дегендерді жеке сөз — таңба деп санаймыз. Тілде бірдей дыбыс- 
тардың қалай орналасуы да таңбалардың ажырасуына негіз бо­
лады. Мысалы, 
к,ос, соқ; сат, тас; қал, лақ, т. б.
Қазақ тілінде 
сөйлеушілер үшін бұлар да жеке-жеке сөздер, мағыналары да, ай- 
тылуы да бөлек-бөлек. Жоғарыда біз сөздер фонемалардын, қо- 
сындысынан да жасалынбайды дегенде осы қасиетті ескергенбіз. 
Егер сөздер фонемалардың қосындысына тең болғанда 
қас (қара
қасты адам
дегендегі) пен 
сақ (ол өте сақ адам еді
дегендегі) 
дегендер мағына жағынан тең түсетін бір сөз болған болар еді. 
Бірақ олардың екі сөз екендігі анық.
Сөздің 
дыбысталуының таңбалық қасиетімен байланысты 
оның құрамындағы мағынамен де байланысьш, сөздердің мағына 
жағынан ажыратылуын, тұлғалық тұтастығын ескеру керек. Сөз 
таңба болғандығы үшін де белгілі бір мағынамен байланысуы 
қажет, қатынас құралының бір элементі болу үшін белгілі бір 
информацияға (не оның бір элементіне) ие болуы қажет. Мағьі- 
намен 
байланыспаған танба қатынас құралының бір элементі 
болып саналмаиды. Осы негізде ғана фонема мағына ажыратуда 
көмегі тиеді дейміз. Бірақ 
қол, қал, бол, бал, тал, тол, сол, сал
дегендерде мағына ажыратып, соларға мағына беріп 
түрған 
бір 
дыбыс деп есептейміз. Сол дыбыстардың орналаскан орны мен 
саны белгілі бір сөз — таңбаның дыбысталуын жасайды да, жеке 
дыбыс не дыбыстардың орналасу орны бір таңбаны екінші бір
24


таңбадан ажыратады. Сонымен бірге ол фонемалар сөз — таңба- 
ны тұлғасы жағынан да ажыратады. Салыстырыңыз: 
бал, тал, сал
дегендер үш фонемадан құралған жеке-жеке сөздер. Осы екі қа- 
сиетін ескере отырып фонеманы сөзбен сөзді мағына жағынан 
ажыратып, тұлға жағынан екшеп тұратын тілдік единица деп 
анықтама беруге болады.
Фонемалар тек сөз құрамында, морфемаларда ғана өмір сүре- 
ді. Сөздер мен морфемалардан тыс фонемалар туралы сөз болу- 
дың өзі — бос сөз. Сондықтан да фонемалардың қызметі өздері 
бөлшегі болып енетін бүтін сөздермен байланысты ғана анықта- 
лады. Ал сөздердің құрамындағы дыбыстардың арақатынасын, 
олардың тіркесу тәсілін тек фонемалық заңдылықтармен аньіқ- 
тауға 
болады. О баста сөздердің құрамындағы дыбыстардың 
орналасу тәртібінде белгілі бір заңдылықтың болғандығын я бол- 
мағандығын дәлелдеу мүмкін де болмас. Бір нәрсе анық — сөз 
құрамындағы дыбыстар өздерінің артикуляциялық ыңғайына ка­
рай кездейсоқ қалыптасқан. Себебі дүние тілдеріндегі дыбыстар- 
дың орналасуын салыстырып қарайтын болсақ, бір тілде мүмкін 
болмаған дыбыстардың тіркесі екінші бір тілдің тілдік нормасы 
болып келе береді. Қазіргі қазақ тілінде кей дыбыстардың сөз 
басында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет