Бірақ ол да дыбыстық тілдің көшірмесі — танбалар аркылы қа-
ғазға не басқа бір затқа түсірілген дыбыстык, тіл. Қанша жетілген
жазба тіл болмасын, дыбыстық тілдің функциясын толық атқара-
ды деуге негіз жоқ. Себебі сөйлесу кезінде адамдар тек дыбыстар-
ды ғана пайдаланып қоймастан, түрлі қосымша амал-әрекеттерді
де пайдаланады. Мысалы, дыбыс тонының жоғарылауы,^ төмен-
деуі, сөздердің арасында пауза жасалып, кідіріспен айтылуы,
сөздердің созылып айтылуы, т. б. Тіпті сөйлесу кезінде адамдар-
дың түрлі мимикалары да мағынаға ие болатындығы бар (Рус
ская 74) *.
Тіл әуелі пайда болған кездің өзінде-ақ дыбыстық тіл болған
деген қағида бар. Бұл қағиданың дұрыс, бұрыстығына нақты дә-
лелдер келтіру қиын-ақ. Дегенмен, қазіргі ғылыми дүниеде бір
топ ғалымдар алғаш ым тілдері пайда болған десе, екінші бір топ
ғалымдар алғаш дыбыстық тіл пайда болған деген қағиданы
қолдайды. Н. Я. Марр бір кездерде ым, қол әрекеттерінің тілі
тілдің пайда болуында бастапқы басқыш болған деген жорамал
айтқан болатын (Марр 36) *. Н. Я. Марр пікіріне кезінде түрлі
көзқарастар білдіріліп, соған дәлелдеуге әрекет еткенінде кана-
ғаттанарлық нәтижеге жете алмаған еді. Бірақ соңғы кездерде
шет ел тілшілері арасында тіл ым тілі негізінде пайда болған
деген кағиданы қолдаушылар көріне бастады (Андреев 82) *.
Тілдің шығуы туралы айтып жүрген совет ғалымдарының пікір-
лері де даусыз деуге болмайды. Мәселенің таза методологиялық
жағынан басқа, екінші қиын жағы да бар. Алғашқы тілді еш-
кім де естіген емес, олардан жазба материалдар қалған емес. Ке
не жазба ескерткіштері деп саналатын шумер жазуы, қытайдағьі
жауырынмен бал ашу жазуларының барлығы да адамзаттын. бел-
гілі тілдік мәдениетке қолы жеткен дәуірінде қалдырған ескерт-
кіштері екендігіне дау жоқ. Археологиялық және антропологиялық
зерттеулер де бұл мәселені дәл ашып айтарлықтай материалдар
бере алмайды. Антропологиялық, этнографиялық, фольклорлық
зерттеулердің кей жетістіктері бұл мәселеге байланысты жорамал
айтуға ғана мүмкіндік береді.
Тілдің дыбыстық жағының дамуы мен қалыптасуын жақсы тү-
сіну үшін екі нәрсенің басын ашып алу керек. Біріншіден, дыбыс-
тық тілдің дүниеге келуі үшін дыбыстарды жасайтын аппараттар-
дың (дыбыстау мүшелерінің) жетілуі, маймылдан мұра болып
қалған жақ, тіл, ерін сияқты мүшелердің ықшамдалуы, дыбыс
тарды жасауға мүмкіндіктері болуы қажет еді. Екіншіден, дыбыс-
тардың өзара тіркесу қабілеті және олардың нормалану принцип-
терін анықтау керек болады. Себебі, дүние жүзіндегі адамдардын
физиологиялық, анатомиялық құрылысы сәйкес келгенімен, бар-
лығы бірдей, бір дыбыстық тілді пайдаланбай. бірнеше’ тілді
иайдаланады. Славян, қытай, түркі, т. б. халықтардың тілдерінде-
гі сөздердің дыбыстық құрылымының қалыптасуы тарихқа дейінгі
дәуірлерде жүзеге асқандығы анық. Ал қазір олардын. арасында-
ғы алшақтық анық байланысады. Салыстырыңыз: орысша
Достарыңызбен бөлісу: