табыла бермейді. Мысалы, сөздердің аналитикалық формасының
құрамындағы көмекші сөздердің еркін қолданылмайтындығын
жасыруға болмайды.
Күн иіығып келеді
дегендегі
иіығып келеді
бір мағынаның аумағында қолданылып тұр.
Екінші сөзбен айтсақ,
көмекші сөздер (бәрібір олар да сөз) аналитикалық форманың
құрамында қолданылып, өзінің дербестігін жоғалтып тұр. Бұл
Б. Н. Головин айтқан үшінші шартка сәйкес келмейді. Түркі тіл-
деріндегі сөздердің өз ерекшелігі де жоқ емес. Мысалы, қазақ
тіліндегі сөз (түркі тілдерінің барлығында да) түбір морфемамен
тең түсіп те жатады, яғни екінші шарт түркі тілдері үшін қажетті
болып саналмайды.
Қазіргі тіл білімін зерттеушілердін көпшілігі сөзді екі жақты
не үш жақты құбылыс деп есептейді. Екі жақты (билатериалды)
құбылыс деушілер сөздердің құрамына тек мағына мен дыбыста-
луды
ғана енгізсе, сөзді үш жақты құбылыс деушілер сөздердіц
құрылымдық элементтері ретінде мағына мен дыбысталудан бас
ка объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың бейнесін (жал-
пыланған бейнесін) де енгізеді. Егер барлап қарайтын болсақ,
сөздерді екі жақты құбылыс деушілердің барлығы да теріс пікір-
дегі ғалымдар емес. Мысалы, кей ғалымдар мағына мен объектив
дүниедегі заттардың адам санасындағы бейнесі ұғым арқылы бай-
ланысып жатады дей отырып, лексикалық мағынаның көлемін
кең түсінеді де сөзді екі жақты құбылыс деп ұғады. Сол үшін де
кей оқулықтардың авторлары «сөз — мағына мен дыбыстың бір-
лігі» дегенде осы жағдайды
есепке алған болуы керек, себебі,
анықтамадан кейін берілетін түсініктемелерде мағына туралы
да, ұғым туралы да, дыбысталу туралы да сөз болып жатады. Bi-
рак кей авторлардың, әсіресе тілдің барлык элементтерін таңба
деп санаушылардың кейбіреулері сөзді билатериалды кұбылыс
дегенде объектив дүниемен сөзді байланысын не мағынаның ды-
бысталумен байланысын жокка шығарады. Тіпті олар сөздің ма-
ғынасын тек контексте ғана не сөздер мен сөздердің байланысы-
нан ғана туады деп сөздердің кұрамындағы
орнымен байланысты-
рады. Әрине соңғы ағымның өкілдерінің өзіндік методологиялық
негізі барлығы анык. Олар өз мақсаттарына негізделе отырып,
тіл материалдарына талдау жасайды; сөз мағынасын кандай
жолмен болса да жокка шығаруға әрекет етеді. Сөздегі лексика-
лык мағынаны кабылдаушылар (тіпті сөз мағынасы тілдік кате
гория емес деушілер) кандай сәтсіздікке үшыраса, объективтік
дүниенің (ондағы заттар мен кұбылыстардың) сөз қүрамындағы
мағына элементтерімен байланысы барлығын мойындамаушылар
да (Ф. де Соссюр және оның кей шәкірттері сияқты) сондай сәт-
сіздікке ұшырайтындығы анық.
Тілдің негізгі қызметі адамдардың
қатынас кұралы болу екен-
дігі анық. Сондықтан тілдің белгілі бір адамзат коғамы таныған
создік қүрамы мен грамматикалык күрылымы да болуы керек.
Бұлардын барлығы дыбыстар аркылы өмір сүреді. Осы касиеті
үшін де дүниедегі тілдердің барлығы да дыбыстық тілдер деп са-
налады. Бірак дыбыстардың жалац өздері адамзаттын катынас
16
құралы қызметін атқара алмайды. Осы негізде «жүйелі дыбыста-
лулардың» барлығы да тіл элементі бола бермейтіндігін жоғары-
да айтқан болатынбыз. Ал қатынас құралы болу үшін адамдар
тіл аркылы пікір алмасуы, белгілі
бір информацияны екінші бі-
реуге жеткізуі шарт. Бұл жағынан тіл адамдарға байланысты
болғанымен, екінші жағынан объектив дүниедегі заттармен және
қүбылыстармен де байланысып жатады. Демек сөзді үш жақты
түрде дыбысталу, мағына және объектив дүниедегі заттар мен
құбылыстардьщ бейнесі деп тану ғалымдардың ойлап тапқаны
емес, керісінше, сөздердің өмір сүруіне негіз болған үш элементті
мойындау ғана.
Достарыңызбен бөлісу: