қозғалу, Оір орыннан екінші бір орынға өту семасы барлык етіс-
тіктерде жоқ, тек қозғалу етістіктерінде ғана бар. Сондай-ақ бір
информацияны екінші біреуге хабарлау, жеткізу семасы қозғалу,
амал-әрекет етістіктерінде жоқ. Зат есімдерді оқулықтарда де-
ректі және дерексіз, жалпы және жалқы болады деп бөлу дәстүрі
бар. Бұлай бөлуді де сөз құрамындағы бір семаның болу, бол-
мауымен байланысты түсіндіруге болады. Демек сөзсіздік, тұрақ-
тылық шарты бір лексико-грамматикалық топтағы сөздердің бар-
лығын
қамтымаса да, белгілі бір мөлшердегі сөздердің тобын
қамтуы керек. Сондықтан грамматикалық категорияларды анық-
тауда парадигмалық оппозицияға сүйенеміз. Екінші сөзбен айт-
қанда, жалқы есім мен жалпы есім, жекеше мен көпше, салттық,
пен сабақтылық жеке-жеке категория деп есептелінгенімен, са-
лыстыра отырылып анықталады. Кейде грамматикалық категория
құрамына енетін оппозицияның саны екеуден көп болуы да мүм-
кін. Салыстырыңыз: етістіктің шақ категориясьіның оппозиция-
лык қатынасына түсетін мүшелерінің саны үшеу, септіктерде —
жетеу, т. б.
Бір тілде грамматикалық мағына болып саналатын семанти-
калық элемент екінші бір тілде лексикалық мағына бола алатын-
дығын біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Бүл ерекшеліктерді де
осы сөзсіздік пен тұрактылық негізінде анықтауға болады. Мы-
салы, орыс тіліндегі зат есімдердің барлығы да белгілі бір род
категориясында келуі шарт, сөзсіз және ол тұрақты. Тіркес сайын
қолданылғанда зат есімдердің барлығы да (басқалары соған
қиыса байланысады) род қосымшасын қабылдап келеді. Түркі
тілдерінде де жыныстық белгіні көрсету бар. Мысалы,
бәйбіше,
Достарыңызбен бөлісу: