49747
М. Оразов
Казақ
тілінің
семантикасы
АЛМАТЫ «РАУАН» 1991
Б Б К . . .
Пікір жазған — филология ғылымынын докторы Т. Сайрамбава
Оразов М.
Қазақ тілініц семантикасы.— Алматы, Рауан, 1991.— 216
бет.
ISBN 5-625-00998-8
Автор өзінің осы еқбегінде казақ тілінің материалдары негізінде сөз-
дің лексикалық мағынасын, лексикалык мағынаның құрылымын және онын
баска да тілдік құбылыстарға карым-қатынасын жан-жақты талдайды.
Бұл басылым университет пен педагогика ннституттарынын фи
лология факультеттері студенттеріне, орта мектептерде казак тілі пәнінен
дәріс беретін мұғалімдерге, сөздің қыр-сырымен айналысыи жүрген көп-
шілікке косымша кұрал ретінде ұсынылады.
л 4602020400—313
° 404(05)—91
235-90
ISBN 5-625-00998-8
@ Оразов М.. 1991
КІРІСПЕ
Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құ-
ралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулерін ғана
жарыққа шығаратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына,
сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп
отыратыны мәлім. Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ
біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көбірек зерттеген. Де-
генмен сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап, күні
бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тап-
қандай болса да, тіл білімінде әлі де талдануы, анықталуы қажет-
ті мәселелер толып жатыр. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым
көрінетін ат берудің өзі тек көне грек тіл білімі өкілдері (анало-
гистер мен аномалистер) арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілші-
лері арасындағы пікір алалығына да себепші болып жүргені анық.
Басқа пәндер сияқты, тіл білімі де дамып жаңа сатыға көтерілген
сайын оның алдына зерттелуі қажет болған жаңа мәселелер
қойылуда.
XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ тіл
білімі (жалпы түркологияда да) өкілдері, негізінен, грамматика-
лык категориялардың табиғатын анықтаумен ғана шектелді. Тіл-
дің фонема, лексика салалары болса, оқулықтың талабынан әрі
аспай, программа
шеңберінен шыға алмады. Тек алпысыншы
жылдардан кейін ғана тілдік элементтерді жан-жақты зерттеп,
бірінің екіншісімен байланысын анықтау, басқа пәндермен байла-
ныстырып, солардың жетістігін пайдалану сөз бола бастады. Осы
бағыттағы жаңа саланың бірі — семантика.
Семантика
гректің Бёшапіікоз (белгілеуші) деген сөзінен
алынған, қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қол-
данылып жүр. Сондыктан да оқулықтарда семантикаға сөз мағы-
насын зерттейтін лексиканың бір саласы деген анықтама беріледі.
Тіл білімінің басқа салаларына қарағанда семасиологияның пән
ретінде зерттеле бастау тарихы онша ұзаққа бармайды, ал түр-
кологияда ол өте кенже пән болып саналады. Сол үшін де сема-
сиологиянын негізгі мәселелерінің көпшілігі зерттелмеген. Зерт-
телгендерінің өздері де әрі қарай талдай түсуді қажет етеді. Се-
масиологиялық зерттеулердің қиындық туғызатын екінші бір
жағы да бар. Ол — түркі тілдерінде семантика терминдерінің әлі
де анықтала қоймағандығында. Мысалы, семасиология сөз мағы-
3
насын зерттейді дедік. Бірақ сөз мағынасының да күрделі түсінік
беретіні, оның лексикалық және грамматикалық мағыналарының
бар екені анық. Шындығында да, лексикалық мағына мен грам-
матикалық мағынаның арақатынасын оқулықтарда салыстырып,
айырмашылықтарын санап көрсетумен ғана шектеліп жүрміз. Не-
гізінде олардың айырмашылықтары болғанымен, бастарын бірік-
тіріп, тілдік категория ретінде қолданылуына себепші болатын
белгілері де аз емес. Ең басты ортақ белгісі — олардын. екеуі де
объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға қатысты, оларды
өздерінде белгілі дәрежеде сәулелендіріп, адам ойын абстракция-
лау қызметімен байланысты болады. Сонымен бірге олардың
айырмашылықтары да бар. Лексикалық мағына мен грамматика-
лык мағынаның ең басты айырмашылығы — олардың абстрак-
циялану дәрежесі мен берілу формаларында.
Сөз мағынасы объективті өмір сүреді деген пікір бар. Шынды-
ғында сөз мағынасының жеке адамға тәуелді болмайтыны анық.
Бірақ бұл — сөз мағынасы адамзат қоғамына байланысы жок,
айналамыздағы заттар (тау, тас, ағаш, өзен, т. б.) сияқты адам-
дарға мүлде тәуелсіз болады деген сөз емес. Егер сөз мағынасы
адамдарға мүлде тәуелсіз болады дейтін болсақ, онда оның адам
ойымен (психологиялық қүбылыс ретінде), коллективтің әлеумет-
тік санасымен байланысын жоққа шығарған болар едік. Сондай-
ақ, сөз мағынасы тек субъективтік, индивидуалдық сипатка ие
дейтін болсақ, онда сөз мағынасы жеке адамға тәуелді деген ка-
ғиданы
қолданған
боламыз.
Шындығында сөз мағынасының
құрамында әрі объективтік, әрі субъективтік сипатқа ие болатын
мағыналық элементтер бар. Сондықтан да сөз мағынасын көп
қатпарлы категория деп атаймыз. Сонымен бірге, сөз мағынасын-
да әрі жалпы универсалдық қасиеттермен бірге жеке адамдарға,
индивидке байланысты болған мағыналық элементтердің де бар
екенін мойындаған жөн. Соңғы тезисті былай түсінуге болады. Сөз
мағынасындағы жалпы универсалды қасиет олардың объективтік
сипатынан туады да, жеке тілге, адамға тәуелді болмайды. Нәти-
жесінде ол мағыналы элемент дыбыстық қабыққа ие болғанда,
сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне түсінікті болады; түрлі
тілдерде сөйлеуші
адамдардың өзара түсінісуі, бір мағынаны
аудару жолы арқылы екінші бір тілге жеткізу мүмкіндігі туады.
Ал жеке-даралық қасиет белгілі бір тілде ғана бар мағынанын
болуын, тіпті сол мағынаны қолданғанда сөйлеуші не жазушы
адамға тән индивидуалдық сипаттың бар екенін
мойындахдан
туады. Демек сөз мағынасын 1) түрлі тілдерге тән универсалды,
2) жеке бір тілдің өкілдеріне (не туыстас тілдер өкілдеріне) тән,
3) жеке адамдарға тән мағына деп бөлуге болады. Эрине жеке
адамдарға тән болған мағына сөздерді қолдану кезінде ғана, бел-
гілі бір контекстерде ғана байқалады.
Егер сөз мағынасын әлем тілдеріндегі мағыналармен байла-
ныстыра қарайтын болсақ, онда мағынаның үш түрлі типі бар
екеніне көз жеткізуге болады. Біріншісі — дүннедегі тілдердің бә-
ріне де тән, ортақ болып келетін мағыналар. Мысалы, конкретті
4
зат атаулары, кейбір сан есімдер, сын есімдер, т. б. Кей тілдерде
бұл сөздердің де мағыналық шеңбері аз болуы, кен, не тар мағы-
нада болуы мүмкін, бірақ түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың
өзара түсінісуіне осы мағына негіз болады да, бір тілден екінші
тілге аударылатыны да осы мағына болады. Салыстырыңыз:
қаз. адам, өзб. инсон, орыс. человек, нем. der Mann, т. б. Сөздер-
дің барлығында да осы типтес мағына бола бермейді. Екінші бір
топ сөздер сол тілде сөйлеуші халықтардың әлеуметтік жағдайы,
ұлттық ерекшелігіне байланысты мағынаға ие болады. Бұл түрлі
құрылымдағы тілдер арасында ғана емес, туыстас тілдер арасын-
да да байқалатын, сол тілде сөйлеуші адамдар ғана түсіне алатын
мағына болып саналады. Сол үшін де ондай сөздерді басқа тілге
аударғанда сөзбе-сөз беру мүмкіндігі болмайды, тек түсіндіру,
суреттеу жолы арқылы ғана беруге мүмкіндік туады. Салыстыры-
ңыз: қазақ тілінде арқан сөзі қолданылады. Орыс тілінде осы
сөзге мағынасы жақын веревка сөзі қолданылады, бірақ екі сөз-
дің мағынасы тең болмағандықтан, арқан сөзінің мағынасын бере
алмайды. Сондай-ақ, сыбаға, қүда табак,, жая, қазы-қарта, қүрт
сияқты сөздер — тек түркі тілдерінде ғана сөйлейтін халықтарда
қолданылатын тағам атаулары. Оны басқа тілге аударғанда тү-
сіндіру жолымен ғана береміз. Домбыра музыкалық аспап ретінде
қазақтарға тән болса, қомуз қырғыздарға тән, шертер өзбектерге
тән музыкалық аспап. Бұл музыкалық аспаптың атаулары баска
түркі халықтарында да қолданылуы мүмкін, бірақ мағыналарын-
да не қолданылуында ерекшелік бар. Тілдерде кездесетін үшінші
бір мағына сөздерді қолдануға байланысты туады да, ол жеке
ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың ең-
бектерінде, тілінде кездеседі. Үшінші мағынаны көпшілік ғалым-
дар жеке мағына ретінде санамайды.
Сөз мағынасының басқа бір қиын жағы да бар. Совет тіл
білімінде сөз мағынасы туралы әңгіме болғанда оның объектив
дүниедегі заттар мен құбылыстарға байланысы барлығы негіз етіп
алынады. Егер сөз мағынасын құрылымдық элементтерімен бай-
ланыстыра сөз ететін болсақ, онда, ең алдымен, тілдік мағына
мен экстролингвистикалық мағынаны ажырату қажет болады.
Экстролингвистикалық мағына элементі ретінде денотаттық (ре-
ференттік), сигнификаттық, эмоциялық-экспрессивтік мағыналар
түсініледі. Бірақ экстролингвистикалық
элементтерге тілдерде
кездесетін халықтың әлеуметтік, мәдени даму дәрежесімен, ұлт-
тық психологиясымен байланысты болған мағыналық элементтер
енсе де, оларға арнайы талдау жасалынбады. Тілдік мағыналық
элемент тілдің ішкі құрылымымен қатысты болады да, ол пара-
дигмамен, синтагмамен байланысып жатады.
Жоғарыда санамаланған мәселелер ұсынылып отырылған кі-
тапта қолымыздағы бар материалдардың негізінде сөз болады.
Тіл біліміне тиісті еңбектерде бұл мәселелер бұрын да азын-аулақ
сөз болғаны анық. Біз ол еңбектерге арнайы талдау жасауды жөн
көрмедік. Себебі, біріншіден, сөз және сөз мағынасы туралы жа-
зылған еңбектер тізімінің өзі кіші-гірім кітаптың көлемін алған
5
болар еді. Екіншіден, семасиология мәселелеріне байланысты
жазылған еңбектер методологиялық жағынан да ала-құла, бір-
біріне қарама-карсы көзқарастарға негізделген қайшы пікірлерге
толы. Сондықтан да оларға философиялық тұрғыдан қайта қарап,
тиісті баға беру керек. Бірақ мүның өзі басқа жоспардағы күрделі
зерттеуді талап етеді. Үшіншіден, түркологиялық зерттеулерде
семасиология толық арнаулы зерттеу объектісі болған жоқ. Осы
жағдайларды ескере отырып, қажетті деген жерлерде ғана ға-
лымдардың пікірлеріне өз көзқарасымызды білдіріп, тиісті жер
лерде сынымызды да айттық. Оқулық соңында әдебиеттердің тізі-
мін толық беруге тырыстық. Ондағы мақсатымыз, біріншіден,
оқырман қауымның өз бетімен әрі қарай жұмыс істеуіне жағдай
жасау болса, екіншіден, автордың пікірін басқалардың пікірлері-
мен салыстыруға мүмкіндік туғызу еді.
Тіл білімінің сөз мағыналарына байланысты болатын біраз
мәселелерін сөз етпедік. Мысалы, сөз бен ойдың арақатынасы,
тілдің таңбалық сипаты мен мағынасының арақатынасы, т. б. Бу
ран себеп болған жағдайлар бар. Біріншіден, сөздің оймен не ой
әлементтерімен байланысы бар екенін тілші, философ ғалымдар-
дың көпшілігі мойындағанымен, арасында айырмашылық бар деп
ескерту жасайды. Дегенмен де бұл даусыз мәселе емес. Б. А. Се
ребренников сөзсіз ой, ойсыз сөз жоқ деген тезисті мойындамайды
(Серебренников 83; Серебренников 88) *. Демек бұл екі көзқарас-
тың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін, гнесиологиялық, пси-
хологиялық мәселелерді анықтау керек. Тілдің таңбалық сипаты
да нақ осындай даулы. Оларды анықтау басқа жоспардағы зерт
теу жұмысын талап етіп, бізді тақырыптан ауытқуға мәжбүр
етеді. Екіншіден, тілдік ой, ой элементтеріне байланысты мәселе-
лерді тіл материалы негізінде де, философиялық категория негі-
зінде де зерттеуге болады. Мұндай жұмыстар істелініп те жүр. Бі*
рақ оны методологиялық астар беріп зерттеу бар да, үстіртін сөз
ету бар. Мұның алғашқысын жүзеге асыру үшін жұмыстың
көлемін кеңейту керек те, жалпы тіл біліміне байланысты мәселе-
лерді талқылау қажет. Екінші жолы да ғылымға пәлендей жаңа-
лық әкелмейді. Сондай-ақ, лексико-семантикалық топ мүшелерінің
арақатынасы, сөздердің жүйелілік байланыстары (парадигмалық,
синтагмалық)
автордың басқа еңбектерінде сөз болғандықтан,
оған біз тек үлгі ретінде ғана талдау жасадық.
Еңбекті оқығанда ескеретін тағы бір жайт — мұнда талданған
мысалдар, негізінен түсіндірме сөздіктерден алынды. Автордың
қолында қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, ноғай
тілдерінен жиналған қыруар материалдар болса да, сөздіктермен
шектелуді жөн көрді, тек қажетті деп есептеген жағдайда ғана
көркем әдебиеттерден мысалдар келтірді. Мұндай шешімге келуі-
мізге себеп, біріншіден, сөз мағынасын талдаудағы мағыналық
ауытқулардан, екіұштылықтан құтылу көзделді. Екіншіден, көр-
кем әдебиеттерден жиналған мысалдар арқылы мағынаға талдау
жасалса, мағыналық реңктердің саны көбейіп, жұмыстың көлемін
ұлғайтып жіберетін болды. Үшіншіден, сөздіктерде берілген сөз-
6
дердің мағынасы басқа бір лексикограф ғалымдардың (маман
ретінде) ой елегінен өткендігін де ескердік.
Сөз мағынасы тіл білімінің барлық саласының өзекті мәселеле-
рінің бірі болып саналады. Қазіргі тіл білімінің қол жеткен та-
быстарына сүйене отырып, кітапта сөз мағынасын лексикалық,
грамматикалық деп екіге бөлдік. Лексикалық мағына құрамын-
дағы элементтер ретінде денотаттық, сигнификаттық, эмоциялық
және тіл жүйесі негізінде пайда болатын парадигмалық, синтаг-
малық мағына элементтеріне талдау жасадық.
Қітап институттар мен университеттердің филология, филосо
фия факультеттерінің студенттеріне, аспиранттар мен семантика,
семиотика мәселелерімен шұғылданатын ғылыми қызметкерлерге,
сөздік жасаушыларға (лексикограф) және тіл біліміне қызыққан
көпшілік оқырман қауымға арналған.
1 Жүлдызшалармен белгіленген сілтемелерді кітап соңынан караңыз. Автор-
дан кейінгі цифрлар — еңбектің жарық көрген жылы. Одан кейінгі цифрлар —
Достарыңызбен бөлісу: |